2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
Нарықтық құрылым (нарық моделі, үлгісі) – фирмалардың өзара әрекеттестігінің ерекшеліктерін, бағалар мен өндіріс көлемін белгілеу әдістерін анықтайтын нарықтық ұйымдастырудың белгілер жиынтығы. Нарықтық құрылымдар жіктеуінің басты өлшемдері: сатушылар мен сатып алушылар саны, нарықтық жекешелендіру дәрежесі, кіру кедергілердің бары (жоғы), фирманың бағдары. Осы тұрғыдан алғанда нарықтық құрылымдардың 4 негізгі тұрпатын (түрін) айырады:
1. Таза бәсекелестік нарығы – бұл нарық үлгісіне келесі сипаттар тән: баға бәсекелестігі, сатушылар жағынан (тарапынан) бағаларға бақылаудың жоғы, сатушылар мен сатып алушылар санының көптігі, стандартталған (бір түсті) өнім, нарықтық ақпараттың толық мөлдірлігі мен қажеттілігі, шығу және кіру кедергілердің жоғы, фирмалардың тәуелсіздігі.
2. Таза монополия нарығы – бұл тұрпатты нарықтың сипаты – нарық ұсынысының жалғыз ғана өндіруші – монополистің қолында толық шоғырлануы, бірегей (ешқандай сәйкестігі мен ауыстырушысы жоқ) өнім, кіру кедергілері (экономикалық, ауқым әсерімен себептелген, заң – патенттер, лицензиялар және басқалар), монополистің бағаларды толық бақылауы.
3. Олигополиялық нарық – оның сипаттамалары: нарықтағы фирмалардың шектеулі саны (әсер, ықпал аяларын бөліп алған), өндіріс шоғырлануының жоғары деңгейі, кіру кедергілердің бары, бір түсті (таза олигополия) немесе бөлінетін олигополия, фирмалардың стратегиялық бағыттылығы.
4. Монополиялық бәсекелестік нарығы – бір жағынан нағыз бәсекелестікпен, екінші жағынан – монополиямен бірдей сипаттары бар нарық құрылымының түрі (тұрпаты). Оның негізгі белгілері: сатушылардың көптеген саны, олар жағынан бақылаудың аздығы, кіру кедергілердің жоғы, өнімдердің әр түрлілігі, стратегиялық бағыттың жоқтығы. Олигополия мен монополистік бәсекелестікті нарықтың жалпы атауын жетілмеген бәсекелестік деп айтуға болады. Нағыз бәсекелестік пен монополия кейде кездеседі (мысалы, бағалы қағаздар нарығы мен ауыл шаруашылық өнімдер нарығын бәсекелес деп айтуға болады, ал монополия ретінде қоғамдық пайдалану кәсіпорындары саналады). Әр нарық жағдайларындағы фирмалардың қызметі мен тәртібі әр түрлі. Осыған байланысты жетілген бәсекелестік монополия, монополистік бәсекелестік және олигополия жағдайларындағы фирмалардың қызметін, нарықтық тәртібін талдауының мәні бар.
Достарыңызбен бөлісу: |