Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері



бет1/6
Дата19.06.2022
өлшемі114.71 Kb.
#459353
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері


Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері

Мазмұны


Кіріспе 3
1. Проблемалық оқыту туралы ұғым. 5
2.Проблемалық оқытудың ғылыми негіздері 10
2.1 ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘРЕЖЕС1. 17
2.2 Проблемалық сабақтарды әзірлеу және жоспарлау 27
Қорытынды 50
Пайдаланылған әдебиеттер 51


Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі: Жалпы білім беретін мектеп әрқашан да қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі елеулі өзгерістерді нәзік сезініп келді. Оқыту теориясы оның әрбір кезеңіне өзінің даму дәрежесін қалайда сәйкестендіріп отырады. Бұл теорияда, әдетте, оқу процесін ұйымдастырудың мектептің өзгерген мақсаттарын ескерген белгілі бір идеясы басым орын алады. Сондықтан да педагоки тарихы оқудың әртүрлі типтері мен түрлерін біледі, олардың әрқайсысында әрқашан бұрыңғы және кейінгі типтердің элементтері болған. Олар программалардың мазмұны, тәрбиелецу принциптері, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың формалары мен методтары, оқытудыфң мерзімі ж»әне т.б. жағынан ерекшеленеді.
Біз оқытудың типін анықтауға мұғалім мен оқушылардың өзара әсері, принципі тұрғысынан: мұғалім оқушыларға білімді айтып жеткізе ме немеесе олаврдың білім алу жөніндегі іс-әрекетін ұйымдастыра ма, білімді айтып жеткізсе, қалай айтып жеткізеді және т.б. деген принцип тұрғысынан қараймыз. Осы белгімі жағынан, мәселен, революцияға дейінгі мектеп алғашында жете түсінбеген текстер мен ережелерді мағынасына түсінбей судыратып жаттап алатын оқытудың догмалық типін білетін еді. Одан кейін машиналы өндірісі бар капитализмнің дамуы біртіндеп оқытудың сөздік-көрнекілік типіне алып келеді. Мұнда, догмалық жаттап алудың едәуір бөлігі сақталып қалғанмен, мұғалімнің түсіндіру және білімді оқушылардың саналы түрде меңгеру элементтері, білімді практикада қолдану дағдылары пайда болды. Зерттеудің көкейкестілігі: Оқушылардың танымдық қызметіндегі жаңа, дидактикада ескерілмей келген элемент – қызығушылықпен және эмоциялық әсермен байланысты қиындық ситуациясын саналы түсінік, өздігінен (мұғалімнің басшылығымен) жеңу болып табылады. Проблемалық ситуацияның ролі мен мәнін айқындау оқу процесін оқушының белсенді ойлау қызметінің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын дәйектілікпен есепке алу негізінде қайта құру идеясына алып келді. Жаңа педагогикалық фактілерді теориялық ой елегінен өткізу барысында проблемалық оқытудың негізгі идеясы анықталды: білімдердің елеулі бөлігі оқушыларға даяр күйінде берілмейді, оларды оқушылар проблемалық ситуация жағдайларындағы дербес танымдық іс-әрекет процесінде алады.
Зерттеу мақсаты: Ұсынылып отырған курстық жұмыстың ең негізгі мақсаты – қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, 12 жылдық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау және мұғалімнің проблемалық оқыту процесін ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету.
Зерттеудің міндеттері: Дәстүрлік дидактика барлық назарды мұғалімнің қызметіне аударды және оқыту процесі дегенді негізінен сабақ өту процесі деп білді. Оқу процесі жеткіліксіз зерттелді, негізінен оқушының репродуктивтік іс-әрекеті сипатталып отырды. Қазіргі дидактика оқушының өздігінен оқу-таным қызметіне көңіл бөлуді күшейтті. Проблемалық оқыту теориясы оқушының интелектуалдық күшін дамытады. Оқытуды ұйымдастырудың писихологиялық-педагогикалық жолдары мен тәсілдерін оқушыларға түсіндіру.
Зерттеудің практикалық қолданылымы: Бұл жұмысты жоғары және арнаулы кәсіби білім беру педагогикалық олұу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне қолдануға болады.
Зерттеу пәні: Педагогика



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет