Қорытынды.
Бастауыш сыныптарда мәтін құрастыруды дағдыландырудың негізгі әдіс-тәсілдері және нәтижесі
Қорыта айтқанда, оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек. Бастауыш сыныта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі -оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбашасөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолджана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп, сөйлеуіне зор көңіл бөлуде. Осыған орай, өз сабақтарымызды оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, тіл білімінде: сөз сөздің тіркеске түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығы, қайырым, қайырымнан мәтін құралатындығы. Жазушы мәтіннің негізгі бөлімінде жоғарыдағы келтірілген сөйлемдерді пайдалана отырып, субъет пен предикаттың қатынасы баяндайды, хабарлайды, суреттейді. Бұл әрекеттің арқасында адам түрлі-түрлі пікірлерді салыстыра, талдай отырып жеке не жалпы ой қорытындысына келеді.
Мәтіннің соңғы бөлімінде үш түрлі ой қорытныдысының бірін жасауы мүмкін. Олар: индуктивті, дедуктивті және аналогиялық. Индуктивті ой қорытындысы деп жеке фактілер мен құбылыстарды зерттеп, тексеруге сүиене отырып жалпы заңдылықтар мен ережелер жасау жолын айтады.
Мысалы:
Түйе мен түлкі.
Түйе өзен суына салқындап түрған-ды. Өзен жағасында түлкі келіп: - Уа түйе, су терең бе екен? Мен де шомылып алсам қайтеді?
- деді.
-
Терең-ақ, жүзе білмесең, судан рахат табамын деп ойлама.
-
Сақалды басыңмен неге жалған сөйлейсің? Терең емес, сенің
тізеңнен ғана келіп түрған жоқ па?
-
Әркімнің өз биігі, өз төбесі бар. Сенің бойың менің тіземнен де
төмен. Қолың жетпегенге кеңірдегіңді озып қайтесің?
-
Мен сенің өтірігіңді шығарайын, - деп түлкі жарқабақтан суға
қойып кетті.
Түлкі суға батып, су жүтып, түншығып бара жатқан соң шыңғырып:
-
Түйе, түйежан, бауырым қүтқара гөр, суға кеттім, - деді.
-
Менің айтқанымның шындық, жан ашыр сөз екеніне көзің
жеттіме? - деп сүрады түйе саспай.
-
Көзімнің жеткенін-жетпегенін жағағағ шыққан соң айтайын,
тезірек қүтқара гөр» - деп жалында түлкі шашалып-қақалып.
-
Бұл ақымаққа не дерсің, - деп түйе түлкіге ренжіді, су түбіне
кетіп бара жатып та қулық істейді, қателігін мойындағысы
келмейді. Түлкі суға батып та кетті, - өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын саған сол керек, - деп шағалар шу-шу етті. (М.Төреханов)
Бұл мәтінде жазушы түлкінің (субъектінің) іс-әрекеттерін баяндай отырып, жекеден (түлкіні мысалға ала отырып, жалпыға қарай) өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын ой қорытындысын шығарған.
Дедукция дегеніміз - жалпыдан жекеге қарай жасалынатын ой қорытындысы. Мысалы: Бір уыс мақта.
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
Балам дүниедегі жаратылған жанды жануарлардың
ешқайсысының да керексіз болып жерде қалатыны болмайды. Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып тастады.
- Әже осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қомас, - деді. Әжесі: -
Балам, ол да жерде қалмайды, - деді.
Осылайша сөйлесіп отырғанда, манғы мақтаны бір кішкентай торғай алып кетті. Қыз әжесін:
- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны не
қылады? - деді. Әжесі:
Көрдің бе балам, күн айналмай манағы сөздің келгені. Қажетсіз деген мақта қиқымының да кәдеге жарағанын. Оны торғай үясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді, - деді. (Ы.Алтынсарин)
Бұл мәтінде соңғы қайырым индуктивтік ой қорытындысы, өйткені «Дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардыңешқайсысы да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды» деген жалпы ой қорытындысынан «Мақта қиқымы кәдеге жарады» деген жеке ой қорытындысы туындайды.
Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
Мәтіннің түрлері:
1. Хабар - негізінен, бастан кешкен (көрген, естіген) оқиғаларды еске түсіріп айтып шығу. Мұндағы баяндай, негізінен, оқиғаның өту тәртібі мен уақытын, орнын көрсету жолымен іске асады.
Мәтін құрылыс:
а) Оқиғаның басталуы; ә) Оқиғаның дамуы; б) Оқиғаның аяқталуы болып үшке бөлінеді.
Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақытта болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Жапбаров А., Тілеубердиев Б. «Оқушыларға мәтін құрастыру
мен шығарма жаздыру әдістемесі» Ш.2002 ж., 16-бет
-
Әбдікаримов Т.М. «Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл
дамыту» А.1993ж, 20-бет
-
Арғынов Х.К. «Қазақ тілі синтаксисі методикасының
негіздері» А., 1987 ж, 205 бет
-
Айғабылов А. «Тіл ұстарту» Қазақстан мектебі 1995, №8
-
Ысқақов Б. «Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері»
А.1996ж
-
Жапбаров А. «Тіл дамыту». А. 1989, 85-бет
-
Базарбекова Г. «Сөздік жұмысы». А. 1999, ЗОбет
-
Жолдашқызы Р. «Мәтінмен жұмыс істеу», «Бастауыш мектеп»
2001ж,45-бет
-
«Сөздік қорды дамыту ерекшеліктері», «Қазақстан мектебі»
2002, №5, 47-бет
-
Отар Әлі Бүркіт. «Көркем мәтіннің семантикасы» Қазақ тілі мен әдебиеті, 2001, №8, 25-бет
-
Аманжолов С, Әбілқаев А., Ұйықбаев М. «Қазақ тілінің гр амматикасы» А. 1977. 236-бет
-
Аханов А., Катембаева Г. «Қазақ тілі» А. 1982. 23-бет
-
Исаев К., Бектұров С. «Сөйлемдегі грамматикалық
талдаудьщ тәсілдері» А. 1985
-
Г.Абхунов «Қазақ тілі синтаксисі» А. 1990.
-
Қ.Жұбанов «Қазақ тілі» А. 1996
-
«Бастауыш мектеп» журналы. «Сөздік қорды дамыту».
2000№3.4-бет
-
«Бастауыш мектеп» 2001 № 17 40-бет
-
Қазақ тіл мен әдебиеті. 2001 ж. №8. 25-бет
-
«Бастауыш мектеп» 2001. № 1 -2 45 –бет
-
«Балдырған» журналы. №6. 2000 ж.
-
«Бастауыш мектеп» 2001 ж №245-бет
-
«Бастауыш мектеп». 2001 ж. №1-27 43-бет
-
Қазақстан мектебі 2002ж. №5 47-бет
-
Хасенов Ә. Тіл білімі А. 199ІЖ
-
Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі А. 1999, А.
-
Болғанбаев Қазіргі қазақ тілі. 1999, М.
-
Байтүрсынұлы А. Тіл ғылымы А. «Ана тілі» 1992,448бет
-
Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі А.,1987
-
Бектүрғанов Ш., Серғалиев М., Қазақ тілі А,-1994
-
Оразбаева Ф. «Тілдік қатынас теориясы мен әдістемесі А.2000
-
Әбілақов Ә., Исаев С, Агманов Е.,«Қазақ тіліндегі барыс жалғаулы сөз тіркестері» А., 1973ж
-
Балақаев М.Б. «Қазақ тілі грамматикасы» А., 1949ж
-
Сайрамбаев Т. «Етістіктердің сөз тіркесін құраудағы рөлі.
Қазақ тілінің мәселелері» ҚазМҮУ, М. 1983ж
-
Сайрамбаев Т., «Сөз тіркесінің арнайы курсының
бағдарламасы». Университеттер мен пединституттар үшін
арналған. А., 1987ж
Достарыңызбен бөлісу: |