ІІ. Тарау. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру.
2.1. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары.
1. Мотивацияны қалыптастыруда мұғалім дәл сол жастағы оқу мотивациясы дамуының тиімділігін, қорларын, мәселелерін басшылыққа алғаны жөн. Сондықтан мотиваңияны қалыптастыру оның шынайы деңгейіне, осы жаста қалыптасқап дәрежесіне сүйенуді қажет етеді, оның жақын күнде дамуын және оның алыс болашақтағы дамуын шамалайды.
Мотивацияның қорларын жедел іске қосу үшін әрбір жаста балаларды белсенді қызмет түрлеріне (оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, қоғамдық-саяси жұмыстар және т.б.) баулу қажет, сондай-ақ олардың өзге балалармен (ұстаздары, құрдастарымен) қоғамдық өзара әрекеттестікте болғаны лазым.
Мектеп балаларының осындай түрлі іс-әрекеттерді орындауы мен әлеуметтік байланыстарға араласуынан психикалық дамудың жаңа қасиеттері — псикикалық жаңа түзілістер пайда болады. Бұл психологиялық жаңа түзілістер, зерттеулер бойынша, баланың бойында: 1) зерттелінетін объектіге (математикалық, лингвистикалық және т.б.); 2) басқа адамға; 3) өзіне және өзінің іс-әрекеттеріне жаңа, әрекеттік қатынастың жаңа ұстанымның пайда болуынан көрінеді.
Оқуға деген жалпы жағымды қатынастың өрбуі емес, оның жеке жақтарының сапалы өзгерістері, олардың қатынастарының және осыдан мотивациялық аумақтың құрылымының күрделене түсуі, ерікті, яғни ерік-күшпен реттелетін оның ұйымдастырылуы мотивациялық аумақтағы жаңа түзілістердің бар болуыньің көрсеткіштері болып табылады.
Мотивацияны қалыптастырудың ең жалпы, қағидалы жолдарын: талқылайық.
Бірінші жолы — "жоғарыдан төмепге қарай" деп аталатын жол. Бүұл жол оқу мотивтерінің қандай болуы тиіс екендігіне сәйкес, мектеп балаларын идеалдар мен үлгілерге қарай баулудан тұрады. Мектепте де, қоғамда да барлық тәрбиелеу жүйесі осы мақсатқа бағытталған. Мұнда бала "таныс" мотивтерін өзінің мінез-құлқымен салыстырып, өзі құрметтейтін мотивтерін қоғам ұстанатын мотивтермен ұштастырады. Бұл жолдың жеткіліксіздігі оның талаптарынан туған мақсаттарыпың тым ресми игерілуінде. Екінші жолы — "төменнен жоғарыға қарай" — бала шынайы өмірде түрлі іс-әрекеттерге ересектердей кірісіп, осылайша, адамгершілік мінез-құлыққа үйренеді. Мұнда мектеп балаларының бойында шынайы әрекет етуші мотивтер қалыптасады.
6. Мотивацияға оқыту қызметі арқылы тәрбиелеу өте пәрмепді болып табылғанымен, мектептерде жеткілікті пайдаланылмайды. Көптеген психологиялық зерттеулерден мотивация сипатын оқыту түрі арқылы бағдарламалауға болатынын көреміз. Осылай, егер оқыту мазмұны дайын білім ретінде емес, балаларға арналған тапсырмалар жүйесі ретінде жасалатын болса, егер балалар оқу курсыныц теориялық ережелерін өз беттерінше таба алатын болса, олардың бойында оқу қызметі оның бөлшектерімен бірдей қабылданатын болса, мектеп балаларының бойында ішкі, анағұрлым тұрақты, оқуға деген жалпылама мотивация қалыптасады.
Психологтар мектеп балаларының танымдық мотивтері әлеуметтік мотивтерге қарағанда жеңіл және жылдам өзгеріске ұшырайтынын көрсеткен. Мысалы, оқу іс-әрекетін, оның компоненттерін жүйелі меңгерудің бірнеше айлары ішінде мектеп оқушыларының тек жұмыстың нәтижелеріне ғана емес, сонымен бірге жұмыс істеу әдістеріне де айқын бағдарын қалыптастыруға, яғни оқу-танымдық мотивтерін дамытуға қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |