Географиядан білім сапасын қамтамассыз ету жолдары
«Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында » орта білім берудің мақсатталған білімнің , кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын , өзінің білімін дамытуға , сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс , жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген .
Ұлттық деңгейде қойылған мақсатты жүзеге асыруға географиялық білімнің алатын рөлі зор . Қазіргі мектептердегі географияны оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар . Географиядан білім берудің мазмұндық негізін анықтауда баланы оқу материалдарын дайын күйінде алуға емес , өз бетімен ізденуге , өзіне қажетті білімді іздестіруге үйрету керек . Ол үшін білім беруді жетілдірудің негізгі тәсілі компетенттілік тәсілін алуға болады .
Енді компетенттілік тәсілдің білім сапасын арттырудағы маңызына тоқталсам .
Компетенттілік ұғымына мынандай анықтама беруге болады : компетенттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде , күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтады . Демек компетенттілік ұғымы «білім » , «біліктілік » , «дағды» , сияқты ұғымдарды қамтиды .
Ал енді « география » пәні бойынша оқу жетістіктері түріндегі пәндік компетенцияларды атап өтейін .
Мұнда :
1.Картографиялық сауаттылық
2. Құбылыстар мен процесстерді сипаттау / бақылау нәтижелерін мазмұндау , табиғат объектілері мен құбылыстарын салыстыру , кесте, диаграмма , сызбалар және т.б. құрастыру . /
3.Табиғи процестер мен құбылыстар заңдылықтарының себеп-салдары , байланыстарын орнату үшін басқа пәндерден алған білімдерін пайдалану .
4.Алған білімдерін нақтылы бір практикалық мәселелерді шешуге қолдана алу.
Әр қайсыына жеке тоқталсақ :
Картографиялық сауаттылық :
-Картаның , атластың түрлері мен типтерін ажырата білу .
- Картаның тілін меңгеруді .
- Картамен жұмыс істей білуді / картаны оқи , салыстыра , талдай алу , картадан ақпарат алу дағдыларын меңгеру және қарапайым карта құрастыру / қамтиды .
Картографиялық сауаттылықтың бірінші деңгейінде оқушылар топографиялық , жалпы географиялық , түрлі физикалық және экономикалық карталардың түрлерімен танысады . Ал екінші деңгейде оқушылар тақырыптық карта және оқушыларға арналған атластағы әр түрлі шартты белгілермен және олардың картада бейнелену тәсілдерімен / түрлі бояулар , изосызықтар , нүктелер , картографиялар және т.б. / танысады .
Осылайша бірінші және екінші деңгейде оқушыларды қарапайым картографиялық сауаттылық қалыптасады .
География пәнінде карта бойынша / географиялық координаталарды , географиялық орнын , биіктік пен тереңдік , қашықтықтарын , температура қозғалысын , атмосфералық қысым мен уақыт белдеулері айырмашылықтарын , елдер мен олардың астаналарын анықтау , халықтық орналасуымен тығыздығы туралы т.б. / сұрақтар мен тапсырмалар көп болады . Бұның бәрі географияны оқытуда компетенттілік тәсілін жүзеге асыруға мүмкіндік береді , өйткені картаны оқи , түсіне білу , онымен жұмыс істеу ол географиялық компетенттіліктің негізі .
Осы тәсілді жүйелі түрде іске асыру , ұлттық деңгейде қойылған мақтатты жүзеге асыруда оқушының географиялық білімін жаңа сапаға көтерері сөзсіз .
Сонымен қорытып айтсам : география пәнәнәң жаратылыстану саласында орны ерекше . Ол оқушыларға дүниетанымдық сабақ берумен қатар , олардың алған білімін есіне сақтау , ойлау қабілетін , тіл байлықтарын , ой - өрісін кеңейтіп , зеректік , іскерлік және табиғат құбылыстарын жете бақылағыштық , қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарайтын сезімдерін жетілдіреді . Сондықтан географиядан білім сапасын қамтамасыз ету жолдары немесе жаңа педогогикалық технологияларды сабақтарға сай келетін ете қолдану керек .
Достарыңызбен бөлісу: |