1. Мембранада ақуыздардың функциясын жүзеге асыратын:белсенді тасымал 2. Мембранада иондарды өткізетін мембрана бөлігі: арна 3. Кардиомиоциттегі деполяризация фазасы......ион ағынымен анықталады: Jna ішке қарай 4. Кардиомиоциттегі реполяризация фазасы......ион ағынымен анықталады:JK сыртқа қарай 5.Жасушаның ішіндегі органеллаларды және тіндерді қорғап тұратын жұқа қабықша ол: биологиялық мембрана 6.Мембрананың негізгі қызметтері: матрицалық, барьерлік, механикалық 7.Мембрананың сұйықтық – мозаикалық моделі: ақуыздар мен билипидтерден тұратын құрылым 8.Молекуланың бір липидтік қабаттан басқа липидтік қабатқа өтуі:флип-флоп 9.Липосома дегеніміз: Ақуыздарынан ажыратылған билипидті тұйықталған құрылым 10.Биологиялық мембрананың түрлерін көрсетіңіз: жасушалық, жасушаішілік, базальды 11.Диффузияланатын заттың молекулалары мембрана арқылы басқа молекулалармен кешен түзбей қозғалса, онда диффузия: қарапайым 12.Егер мембрана арқылы диффузияланатын заттың молекуласы тасымалдаушылармен бірігіп кешен тудырса, бұл диффузия: жеңілдетілген 13.Биологиялық мембрана моделін мына түрде қарастырамыз: жазық конденсатор 14.Биологиялық мембрананың беткі бөлігінде орналасқан ақуыздар: перифериялық 15.Липидтік қабатқа енгізілген ақуыздар: интегральдық 16.Биологиялық мембрана құрамындағы липидтер келесі күйде болады: сұйық кристалл күйде болады 17.Жасуша ішіне заттардың тасымалдану үрдісі: эндоцитоз 18.Мембрана арқылы тек жеке молекулалар ғана емес, қатты денелер де тасымалданса, бұл тасымал: фагоцитоз 19.Мембрана арқылы тек жеке молекулалар ғана емес, ерітінділер де тасымалданса, бұл тасымал: пиноцитоз 20.Концентрациясы жоғары алабтан аз концентрациялы алабқа концентрация градиентіне қарсы бағытта заттарды тасымалдауды:Белсенді емес 21.Белсенді емес тасымалдың түрлері: Диффузия, осмос, фильтрация 22.Энергия метаболизмінің шығындалуымен өтетін мембранадағы заттың тасымалдануы: Заттың белсенді тасымалдануы 23.Мембранада зат тасымалы үшін АТФ энергиясы пайдаланылса, онда бұл тасымал:Бірінші реттік белсенді 24.Мембраналық липидтердің түрлері:Фосфолипидтер,гликолипидтер,стероидтер 25.Иондардың екінші реттік белсенді тасымалдануының түрлері: унипорт,симпорт,антипорт 26. Әр типтегі бірдей зарядталған иондардың әр түрлі жаққа қарай тасымалдану үрдісіі: Антипорт 27. Зарядталған бөлшектердің потенциалдың аз мәніне қарай тек бір бағытта тасымалдануы:Унипорт 28. Қарама қарсы зарядталған иондардың бір бағытқа қарай тасмалдану үрдісі:Симпорт 29. Мембрана биқабатының бетiне келетiн жылулық қозғалыс қарқындылығының атауы: латеральды диффузия 30. Жасуша өмір сүруінің негізгі жағдайын көрсетіңіз :автономдығы, қоршаған ортамензат және энергия алмасу 31. Мембрананың жасуша ішіндегі АТФ синтездеу функциясы: Энергетикалық 32. Мембраналық ақуыздардың әрекеттесуін және нақты орналасуын қамтамасыз ететін мембрана функциясы:Матрицалық 33. Жасуша ішілік құрылымын және жасуша ішілік үрдістерді қамтамасыз ететін мембрана функциясы: :механикалық 34. Жасушаның барьерлік функциясын көрсетіңіз:селективтілік, активті және пассивті зат алмасу 35. Жасуша мембранасы құрылымын зерттеу әдістері:ЯМР, ЭПР, рентгендік- құрылымдық анализ 36. Мембрана құрылысын зерттеуде қолданылатын, тұрақты магнит өрісіндегі парамагниттерде, белгілі жиіліктегі электромагниттік сәулені жұтатын әдіс қалай аталады:электрондық- парамагниттік резонанс 37. Мембрананы зерттеу үшін тұрақты магнит өрісінде, парамагниттік ядролармен электромагниттік толқындардың резонансты жұтылу әдістері қолданылады. Бұл әдіс:ядролық-магниттік резонанс