«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет9/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

БАТЫС ӨҢІР
Күсəн елі қағлының солтүстік-батысында, Ақтаудың оңтүстігінен 170 
ли қашықтықта, астанасы Янкент, Хəн əулеті тұсындағы байырғы ел. 
Дəйдан 10280 ли шалғай... Шығысында Хəн əулеті тұсында нейс сеңүні 
Ли Гуаңли тарапынан қырғындалған Лүнтəй бар. Оның оңтүстігінен 
300 лидей қашықта шығысқа қарай ағатын Жишышұй деп аталатын 
Сары өзен бар. Шығысынан Агниға дейін 900 ли, оңтүстігінен Ұдұнға 
дейін 1400 ли, батысынан Шəлікке дейін 1500 ли, солтүстігінен Түрік 
ордасына дейін 600 неше ли, оңтүстік-шығысынан Гуажоуға дейін 300 
ли.
Үйсін елі. Ордасы Чекүк қаласында. Орны Күсəннің солтүстік-
батысына тура келеді. Дəйдан 10800 ли шалғай. Бұл ел нөнелердің 
шапқыншылығына көп ұшырады да, батысқа – Көгарттың терең 
қойнауларына қоныс аударды. Сонан былайғы жерде қала ұстамай, 
малдың жағдайына қарай судың тұнығын, шөптің шүйгінін қуып көшіп 
жүрді. Тəйянның 3 жылы бұл елге елші ретінде Дұң Уандар жіберілді. 
Сонан бастап сарайға елшілерін үнемі жіберіп, бағалы тартулар ұсынып 
тұрды
Шəлік елі Гамуктың батысында, Ақтаудың оңтүстігінен жүздеген 
ли қашықтықта, Хəн əулеті тұсындағы байырғы ел. Дəйдан 11250 ли 
шалғай. Гаузұң заманының соңында бұл елдің ханы елшісінен Шакья 
Мунидың касаясынан біреуін жіберіп берді... Ханы арыстан пішінді 
алтын тəж киеді. Жерінде күріш, қонақ, күнжіт, арпа өседі, мыс, қалайы, 
күшала кендері бар, қамқа, мақпал өндіріледі. Бұларды жыл сайын 
түріктерге беріп тұрады. Астанасының аумағы 5 шаршы ли. Елінде 
12 үлкен қаласы, ондаған шағын қалалары бар. Адамдары түгелдей 
алты саусақты болады. Жаңа туған нəресте алты саусақты болмаса 
өсірілмейді. Соғысқа жарамды адамы 2000. Оңтүстігінде Сары өзен 
бар, батысы Көгартпен шектеседі. Шығысынан Күсəнға дейін 1500 
ли, батысынан Перғанаға дейін 1000 ли, оңтүстігінен Чұғұпанға дейін 
8-9 жүз лидей қашық, солтүстік-шығысынан Түрік ордасына дейін 
мыңдаған ли қашық, оңтүстік-шығысынан Гуажоуға дейін 4600 ли.
Йұрпан елі – Үйсіннің солтүстік-батысында, Дəйдан 10930 ли қашық. 


 58
59
Олардың арғы аталары асылында ғұндардың Теріскей Ғұн тəңірқұтына 
қарасты ұлыстан еді. Хəн əулетінің арбалы-аттылар сеңүні Доу Шян 
қуа соққылап Теріскей Ғұн тəңірқұтын Жин-уей тауынан батысқа 
Каңгуға қарай асырғанда олардың үріккен еліне ілесе алмаған аш-арық 
адамдары Күсəннің солтүстік аймақтарын мекендеп қалды. Бұлар 200 
мыңдай адам еді. Иелігіндегі жері мыңдаған ли келетін. Ляңжоулықтар 
оларды бұрынғысынша тəңірқұт ханы деп атады. Бұлардың тұрмыс 
салты жəне тілі қаңғалардікімен бірдей болды. Ал олардың адамдары 
өздерін хулардың қай-қайсысынан таза ұстайтын еді. Олар шаштарының 
ұзындығын қас сызығына дейін теңестіріп қиып, оның үстіне тортасы 
айырылған сармай жағу арқылы жылтыратады. Əр күні үш мəрте
жуынып, ауыз шайқайды. Сосын тамақтанады. Олардың күнгей 
шекарасында жанартау бар. Бұл таудың тастары балқып, ондаған ли 
жерге ағып барып қатады. Жергілікті халық одан даруға күкірт алады.
Шаш елі. Бұл бұрынғы Каңгу елі. Перғананың солтүстік-батысында, 
Дəйдан 15450 ли шалғай. (Тəй Уди заманы) тəйянның 3 жылы (437) 
сарайға тарту-таралғымен елшісін жіберді. Сонан кейін қарым-
қатынасын үзбеді.
Абдал елі. Бұл ел Ұлы нүкіспен нəсілдес. Оны Қаңғаның өзге 
тармағынан деп те айтады. Арғы тегі Ұлы Қорғанның солтүстігінен. 
Жері Алтынтаудың оңтүстігінен Ұдұнның батысындағы, Уакса су-
дың оңтүстігіндегі 200 лиден астам алқапқа дейінгі жерді алып 
жатыр. Чаң-əнға дейін 10100 ли қашық. Ордасы – Падиян қаласында, 
Ражагрха (Уаңшэ чың, Rajagrha) осы болар. Қала аумағы 10 шақты ли, 
ғибадатханалары көбіне алтынмен зерленген мұнаралы болып келеді. 
Салты түріктермен қарайлас. Бұлардың əдет-ғұрпында ағайынды 
адамдар бір əйел алады. Күйеуі жалқы жігіт болса, əйелі басына бір 
мүйізшелі бөрік киеді. Егер ағайынды бірнешеу болса, əйелі бөркіндегі 
мүйізшені солардың санына туралайды. Киіміне шашақ-баулар тағады. 
Шашын қайшымен алдырады. Тілі нөнендердікіне, қаңғалардікіне 
жəне басқа хулардікіне ұқсамайды. 100 мыңдай жасағы бар.
Каң елі – Каңгудың кейінгі аты. Бұлар тұрақты мекен тұтпай 
үнемі көшіп жүреді. Хəн əулетінен бері олармен арадағы қарым-
қатынас үзілмей, жалғасып келеді. Оның ханы нүкістерден шыққан 
Уын науғылы адам. Бұлар бұрын Келентаудың солтүстігіндегі Жау-у 
қаласын мекендеген. Ғұндар талқандалғанда, олар батысқа ауып, 
Көгарттан асып, өз алдына мемлекет құрыпты. Оның бəйбішеден
туған тұңғышынан өзге балалары алды-алдына хан болып, Каң елінің 
атырабындағы хандықтар деп аталған екен. Олар ұмытпау үшін əулет 
есімін Жау-у деп қолданыпты. Ханының жанама аты – Шарбуби. Ол 
халыққа жағымды, пейілі кең адам еді. Оның бəйбішесі Түрік Тарду 
қағанның қызы еді. Астанасы – Сарбу судың бойындағы халқы тығыз 
Алодок қаласы. Ел тізгінін уəзірлер үштігі ұстайды. Ханы айдар 
қойып, басына інжу-маржандармен əшекейлеген алтын тəж, үстіне 
мəулім, бүлде, қымқап, құлпы жəне ақ дабы сияқты асыл кездемеден 
киім киеді. Əйелдері шашын түйіп, бетіне қара жаулық салады. Ерлері 
шашын қырқып, қаптал шапан киеді. Мемлекеті белді ел ретінде Батыс 
өңірдегі ұсақ елдердің денін билейді. Алайық, Маймарғ, Кеш, Кебұт, 
Қай, Бұхара, Кіші Бұхара, Нақсаб, Анағат, Мургаш елдері түгел соған 
қарайды. Хулардың өз жарғылары бар. Ол ғибадатханаларда сақталады 
да, біреуді жазалауға тура келгенде, соны алып шығып кесік кеседі. 
Қылмысы ауырлар үрім-бұтағымен құртылады. Қылмысы онан біраз 
жеңілдері өлімге бұйырылады. Ұры-қарылардың аяғы шабылады. 
Адамдары көбіне шүңірек көз, қаңсарлы сақалды жəне сауда жолына 
жүйрік келеді. Рейлер көбіне осы елге барып сауда жасайды. Бұларда 
дабыл-барабан, пипа, бес ішекті құңқау сияқты əуез аспаптар бар. 
Некелену, өлім ұзату жосыны түріктермен бірдей. Əруақтарға арналған 
ғибадатханаларда маусым айында мемлекеттік тасаттық беріледі де, 
барша хандық оған міндетті түрде ат салысады. Буддаға сиынады. Ху 
дестірін уағыздайды. Климаты жылы, дəнді дақыл өсіруге қолайлы. 
Бау-бақша өндірісі дамыған. Жерінде ағаш мəуелеп жақсы өседі. Халқы 
жылқы, түйе, есек, сиыр түліктерін малданады. Жерінен алтын, мүсəтір, 
ғам жұпары, асатна жұпары, меруерт жəне т.б. кендер мен күдері, 
кілем-кілше, қамқа, берен сияқты өнімдер шығады. Жүзім шарабы 
мол өндіріледі, бай-бардам адамдар мың-мың дəндап сақтайды. Ол 
ұзақ жылдарға бұзылмайды. (Тəй Уди заманы) тəйян жылдарында олар 
сарайға елші жіберіп, жергілікті өнімдерін сыйға тартты. Кейінірек 
арадағы қатынас үзілді.


 60
61
ÑÎËÒ×ÑҲʠ
×ÈÍÀÌÀ


 62
63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет