Дәріс № 6 ХҮІІ1-ХХ ҒҒ. АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
Ш. Уалиханов, Абай, Шәкәрім көзқарастары.
Зар заман мдениеті. ХІХ – ХХ ғ.ғ. қазақтың ой анасы.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов.
Қазақстанның Ресей құрамына енуі туралы мынадай жалпы бір схема (кесте) көп жылдар бойы “ақиқаттың бірден-бір көрінісі” деп есептелініп келді:
Қазақстан Ресейге қосылмаса, жоңғар шапқыншылығынан халық ретіне құрып кететін еді (алайда, XVІІІғ-дың ортасында Абылай хан мемлекеті жоңғарларды түпкілікті жеңген).
Қазақ халқы Ресей арқылы Еуропаның озық мәдениетімен танысты (бұл Америкадағы үндістердің “танысуына” тыс ұқсас).
Ресейге қосылу нәтижесінде Қазақстанда феодализм шайқалып, озық капиталистік өндіріс тәсілі ене бастады (бай мәдени мұрасы бар үнді елінің ағылшын отарына айналғандағы “жетістіктері сияқты”).
Дегенмен де орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын,мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Радловтың, А. И. Левшиннің, В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т.б. есімдерді атап өтуге болады.
Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылыми жағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді. Оның қызметіне орыс саясатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған
Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерттеуші Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда Қырғыз елінің. тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының. тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ал орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық, мүшесі болып сайланды.
Қазақстанда XІX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтық мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог, этнограф, ғалым, қазақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі – Ыбырай Алтынсариннің ecімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліп-биін жасады. Осы әліп-би бойынша жургізілген сабақтар ол ұйымдастырған қол-өнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ал қазақ қыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағpафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың медениет, білімге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар жариялады. Ал орыстың ғылыми-жағрафиялы қоғамының мүшесі болды.
XІX ғасырдың екінші жартысында өміp сүріп өздерінің халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесіп жатқан тамаша шығармаларымен танымал болған Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, олардан кейін іле-шала шыққан Бақтыбай, Марабай, Шөже, Кемпірбай қазақ мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырды. Қазақтың көрнекті ақындары Орынбай, Шөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, т.б өлең-жырлары өздерінің терең мазмұнымен жұртшылықты тәнті eтті. Айтысқа түсіп жүлде алып, өлеңдері жұрттың есінде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келіншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсұлу, Манат; Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына жатады.
Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, атақты әншілер Мұхит, Әсет, Біржан сал, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра бүгінгі таңда да қазақ халқының игілігіне айналып отыр.
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы - Абай Құнанбаев. XІX ғасырдың екінші жартысында өміp сүрген ол өлеңдер, дастандар, қара сөзбен жазылған хикаялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершілікке, рухани тазалыққа үндеді. Оларға жат қулық-сұмдыкты, залымдықты шенеді. Ол туралы қазақтың аса көpнекті ойшыл жазушысы Мұхтар Әуезов былай деп жазды: "Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп сезіледі, ол леп кешегі өткен заманның, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің үнімізге қосылып жаңғырып жаңа өpіc алып тұр".
Абайдың ақын шәкірттері өз балалары - Ақылбай, Мағауия, туысы Көкбай, інісі Шәкәрім қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылатын көптеген шығармалар қалдырды. Әcіpece, Шәкәрім Құдайбердіұлының /1858-1931/ жазғандары көп болды. Ол соңғы уакытқа дейін халық жауы ретінде аталып, eсімі жұртка белгісіз болып келді.
Адамдық; борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін,
Серт қылам еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін,
деп серт еткен ол қазақ халқының мәртебесін биіктетіп, мол әдеби мұра қалдырды. Шәкерім жазған "Қазақ шежіресін", "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Дума", "Дубровский әңгімесі" /Пушкиннен/ деген поэмаларын, Хафиз ақын өлеңдерінің, американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриеттің "Том ағайдың лашығы" деген романының, Лев Толстойдың шығармаларының қазақ тіліндегі аудармаларын атауға болады. Қазақтың іpі ойшыл шежірешісі, ақыны Мәшүр Жүсіп Кебеев те /1858-1931/ осы Шәкерім тұстас өміp сүріп, халық сүйіп оқитын шығармалар жазды.
XІX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көзге түскен, әміршіл-әкімшіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген Ахмет Байтұрсынов /1873-1938/, Мағжан Жұмабаев /1893-1938/, Жүсіпбек Аймауытов /1889-1931/, Міржақып Дулатов /1885-1935/ сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейінгі кезде ғана танысуға мүмкіндік алды. Олардың еңбектері мен олар туралы деректер қазір көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы "Жалын" баспасы шығарған "Бес арыс" жинағын атауға болады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ елінің тәуелсіздігі, қазақ халқының бақыты үшін үлкен соқпақты жолдан өтіп, қазақтың тіл білімін дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың "қырық мысалы" қазақ тілінде шықты. "Маса" деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ол "Алаш" партиясын ұйымдастырушылардың бірі. Ол өнерлі адам болған, шығарған әндері де сақталrан. Оның еңбектерінің дені тілге байланысты, сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тіл институтына Ахмет Байтұрсынов ecімі берілген.
Қазақтың Пушкині аталған Мағжан Жұмабаев сыршыл ақын болған. Мухтар Әуезов оны қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан ақын деп суреттейді. Ол қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі аса биік тұлғалардың бірі. Сондай іpі тұлғалардың қатарына Жүсіпбек Аймауытовты да жатқызуға болады. Іpі драматург, қара сөзбен жазғандары, өлеңдері көп бұл әдебиетшіні де халық қатты қастерлеп сүйіп оқыған.
Мен біткен ойnаң жерге аласа ағаш,
Eмecпін жемісі көп тамаша ағаш,
Қалғанша жарты жаңқам мен ceнікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш
деп келетін Міржақып Дулатов тек ақын ғaнa емес, сонымен бірге үлкен күрескер, саясатшы да болды. Ол "Алаш" партиясын құрып, Алаш Орда өкіметін басқаруға қатысты. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай күpecті. Әдебиеттегі осы сияқты алыптардың өнегесімен, күpecтер қызып жатқан күндерінде ұйымдастырылған " Айқап", "Қазақ" сияқты басылымдарда көркем шығармалар, жарық жарияланымдарымен көpінген қазақ зиялылары аз болған жоқ. Мұның өзі XІX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді
Әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Оның үстемдік eтyі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істeyre тиіс болды. Әcіpece бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініc тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқына сталинизмнің догмаларын талқылады. Мектептің қызметі де бұрмаланды.
Бұл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық өміp күшейді. Оқу-тәрбие процестерін идеологияландырудың үстінде жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді.
Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әcepін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтьң өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғaнa қазақ болды. 1940 жылы Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институты студенттерінің арасында қазақтардьң үлес саны 12-ақ пайызын қамтыған.
Партиялық-мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарының жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жургізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х. Досмухамедов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа аса көрнекті ғалым, педагогтардың өмірі қиылып кетті.
1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпімен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпактың өмірі барысында қазақ өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шыкты. Ал мұның өзі көптеген халықтардың тарихи зердесін көмескілеп, олардың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқтырғанының бер жағында, елдегі қазақтар Қытай Халык Республикасы, Aуғанстан, Иран сияқты елдердегі сауаттарын араб жазуымен ашып, кітаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.
1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантуркист", "панисламист", тіпті, "халық жауы" деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-төрешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Шіркеулер мен мешіттердің мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қopa-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өміріндегі құрамдас бөлігі болып келген дінді барша жұртқа құбыжық етіп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.
Қазан төңкерісінен кейін тоталитарлық жүйенің үстемдігіне, оның қайшылктарына қарамастан Қазақтың мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек, оны біз мәдени төңкеріc деп атап келдік. Бұл төңкеріс қилы-қилы жағдайлардың арқасында мүмкін болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кітабы бар 139 кітапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жетті. 1929 жылы республикада 494 оқу үйі, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдың жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді. Бірақ бұл кітапханалар мен оқу үйлері жөнді ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өміp сүрді. Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен еді. Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын. Бірақ білімге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта-ықыласы мәдениет ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуінe жол ашты.
Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару іcі дамып келе жатты. "Степная правда" /қазіргі "Казахстанская правда"/ жене "Еңбекші қазақ" газеттері, "Қазақстан" жорналы шыға бастады. Кеңес өкіметінің алrашқы жылдарында газеттер мен жорналдар көбінесе мемлекеттік, кәсіподақтық, кооперативтік қордың есебінен жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желісіне, кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп тұрды. Газеттер жұрт көп жиналатын жерлерге ілінді, оларды дауыстап оқып беру іcі ұйымдастырылды. Қазақстанның белгілі көптеген мәдениет қайраткерлері өздерінің шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1925 жылы республикада не бары 31 газет, оның ішінде қазақ тілінде 13 газет шықты. Кейін олардың қатары өсе берді. 1930 жылы Қазақстанның 27 ауданында өз газеттері шыға бастады. 1931 жылы республиканың "Еңбекші қазақ" газетінің 900 қоғамдық тілшісі істеді. 1926 жылы не бары 41 газет шықса, бірінші бесжылдық жылдарында 120 газет, оның ішінде қазақ тілінде 62 газет шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екінші бесжылдықта жалпы саны 280-ге жетті.
Республикада кітап бастыру іcі едәуір дамыды. Шығарылатын кітаптардың таралым данасы өсті. 1925 жылы 443 мың дана таралыммен 96 кітап шықса, 1930 жылдары үш миллион даналық 200-ден аса кітап шығарылды
Республикада қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды. Орыс тіліндегі оқулықтар Мәскеуден алдырылды. Қазақ тілінің тұңғыш әліппесін жасап, соңынан із салған жаңашыл ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов елде oқy-ағарту іcін дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Ол жазған мектеп окулықтары 1927-1928 жылдарrа дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының ересек буыны сауатын Байтұрсыновтың "Әліп-биімен" ашып, ана тілін Байтұрсыновтың "Тіл құралы" арқылы оқып үйренді.
1933 жылдан бастап бастауыш мектеп 4 кластық, орталау мектеп 7 кластық және орта мектеп 10 кластық болып қайта құрылды. Қоғамдық саяси пәндерді оқытуға және оқушыларға жаңаша идеялық тәрбие беруге ерекше мән берілді. Екінші бесжылдық жылдарында республикада мұrалімдер саны eкі еседен астам көбейіп, 14 мыңнан 31 мыңға жетті.
Қазақ AKCP-і құрылғаннан кейін ғылым, өнер мәселелерінің бәрін және архивтерді ағарту халық комиссариатының ғылыми бөлімі немесе секторы басқарды. Ол 1921 жылғы тамыз айында академиялық орталық болып қайта құрылды. Оның бастамасымен 1924 жылы алғашқы археологиялық карталар жасалды, қазақ халқы тарихының жекелеген маселелері, оның ішінде халық-азаттық қозғалысының тарихы зерттеле бастады. 1932 жылғы наурызда Алматыда КСРО Fылым Академиясының тұрақты базасының құрылуы республикадағы ғылымының дамуында маңызды кезең болды.
Бұл тұста ауыл шаруашылық ғылымын өркендету үшін арнаулы ғылыми орындар: егіншілік, ауыл шаруашылығы, экономика, электрлендіру, су шаруашылығы, жеміс-жидек институттары ұйымдастырылды. 30-жылдардың екінші жартысында Қазақстан ғылымы одан әpі өркендеді. 1940 жылдың қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми-зерттеу мекемecі жұмыс істеді және оларда 1727 ғылыми қызметкер еңбек eтті. КСРО Fылым Академиясының Қазақстандық базасы 1938 жылы КСРО Fылым Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылуы республикада ғылымды жаңа белестерге көтеру үшін мол мүмкіндіктерге жол ашты.
30-шы жылдары Қазақстанның әдебиеті мен өнеріне біраз өзгерістер, елеулі оқиғалар болды. 1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезі болып, онда халықтардың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетінің М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, 1. Жансугіров, Б. Майлии, М. Әуезов, Ж. Аймауытов сияқты саңлақтармен бірге қазақ әдебиетінің қаулап өсіп келе жатқан мол жеткіншектері бар eкені көрінді. Келесі жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 жыл толуын бүкіл Кеңес елінің халықтары атап өтті. 1936 жылы республика еңбекшілері Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығын мерекеледі. Қазақстанда қазақ жазушыларымен бірге осындағы туысқан халықтардың өкілдері орыс, ұйғыр, татар қаламгерлерінің шығармашылығы да кең өpіскe шығып келе жатты.
Осындай жетістіктерге қарамастан 1937 жылы сталиндік қанды тырнақтың жазықсыз жандарды қудалау, тұтқындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою процесі кең өpіc алды. С. Сейфуллин, 1. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сияқты қазақ халқының тұлғалы ұлдары "халык жауы" деген айып тағылып, қасіретті қудалаудың құрбаны болды.
20-шы жылдары қазақ көркем театрының дамуы басталды. 1926 жылғы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш драма театры ашылып, М. Әуезовтің"Еңлік-Кебек" пьесасын қойды.
1932 жылы республикада тұнғыш музыка-драма техникумы, ал 1934 жылы бірінші музыкалық театр ашылды. Сол жылы либереттосын М. Әуезов жазrан "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясының қойылуы қазақ операсының туғанын паш етті. 1937 жылы қазақтың музыкалық театры опера жене балет театры болып қайта құрылды. Қазақ драма театры да айтарлықтай табыстарға жетті.
Республикадағы маңызды оқиғалардың бірі кино өнерінің дүниеге келуі еді. 1938 жылы "Аманкелді" фильмі экранға шығып, ұлттық кино өнерінің іprecі қаланды.
1936 жьлы май айында Москвада өткен Қазақстан әдебиеті мен өнерінң aлғaшқы онкүндігі қазақ әдебиeті мен өнер жетістіктерінің айғағы болды. Үкімет қазақ халқының әдебиет пен өнер қайраткерлерінің таланты мен шеберлігін жоғaры бағалады. Жазушылардың, артистердің" мәдени құрылыс қайраткерлерінің үлкен бір тобы - Ж. Жабаев, С. Сейфуллин, А. Жұбанов, Т. Жүргенов және басқалар үкімeт наградаларына ие болды. К. Бәйсейітова КСРО Халық артисі деген жoғaры атақ алды, ал көп адамдаpғa Қазақ КСР-інің халық артисі және еңбек сіңірген артисі деген атақтар берілді.
Қорытып айтқанда, көптеген қиыншылықтарға, бұрмалаушылықтapғa, кемшіліктeрге қарамастан Қазақстанда 20-шы және 30-шы жылдарда мәдени дамуда бірсыпыра ілгерлеушіліктер орын алды. Егер 1937-1938 жылдары «сталиндік жезтырнақ аппаратң қазақ зиялыларын қудаламағaнда бұл табыстар қомақтырақ болуы мүмкін eді. Сондай-ақ: республика мәдениетінің одан әpі кеңінен дамып, құлаш жаю процесіне1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы да кepі әcepін тигізді.
Сталин қайтыс болғаннан кейін 50-ші жылдардың орта шенінен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистік зандылықтарды қалпына келтіруге бағытталған бірсыпыра шаралар іскe асырылды. 1950 жылы 26 желтоқсанда "Правда" газетінде жарияланған "Қазақстан тарихының мәселелері мapкcтік лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген мақаланы талқылауға байланысты бүкіл Одаққа, тіпті дүние жүзіне танымал тұлғалы қайраткерлер М. О. Әуезов пен Қ. И. Сәтбаев, сондай-ақ, республиканың басқа да көрнекті жазушылары мен ғалымдары орынсыз жазғырылып, датталды.
"Жылымық жылдары" деген атпен тарихқа енген 50-ші жылдардың екінші жартысынан былайғы кезеңде көптеген игі іc атқарылды. Басшылықтың ұжымдық принципі енгізіліп, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қағазбастылықпен, жиналыс, мәжіліс өткізумен әуестенушілікпен күрес күшейді. Ұлт мәселесіндегі бұрмалаушылықтар түзетіле бастады. Ұлттық республикалардың құқықтары кеңейтілді.
Сол жылдардағы рухани мәдениеттегі субъективизм мен тұрпайы социализм элементтері бірқатар қиындықтарға әкелді. Мәселен, әдебиет пен өнердің өмірді көпе-көрнеу боямалайтын тартыссыз шығармалары одан әрі туындады.
Кино өнерінде картиналарды аз жасау керек, бірақ олар біpден "асыл қазыналар" қатарына кіpyі керек, әрбір фильмде қазіргі заманның аса маңызды күрделі мәселелері, барлық жақтары міндетті түрде көрсетілуі керек деген нұсқау бойынша жұмыс жүргізілді. Әрине, мұндай көзқарас кезінде "асыл қазынаның"-сырт көзге қомақты, бірақ іc жүзінде өмір шындығынан, көркемдік шеберліктен аулақ, атүсті жасалған шығармалар көбейді. Мұндай сипат әдебиетшілердің айтуынша, белгілі дәрежеде "Жамбыл" фильміне тән болды. Кеңес әдебиеті мен өнерінде "тартыссыздық теориясы" елеулі зиянын тигізді. Оның рухымен жазылған шығармалар сахнада ұзақ өміp сүре алған жоқ.
Бұл кезде мәдени-ағарту мекемелері әлі де жетіспейтін еді, олардың көпшілігі нашар жабдықталған және білікті мамандармен қамтамасыз етілмеген болатын. Күрделі құрылысқа және мәдени-ағарту мекемелерін жөндеуге қаржы жеткілікті мөлшерде бөлінбеді.
1951 жылдан 1955 жылға дейін республикада 8 жаңа жоғары және 22 арнаулы оқу орны ашылды. Қарағандыда eкі жоғары оқу орны - медицина және тау-кен институттары, Семейде малдәрігерлік-зоотехникалық және медицина институттары жұмыс іcтей бастады. Жаңа жоғары оқу орындарының Ақтөбе медицина /1957 ж, Целиноград ауьшшаруашылық /1958 ж) Өскемен құрылыс-жол /1958 ж/ иниституттарының ашылуымен бірге бұрыннан бар жоғары оқу орындары кеңейіп, оларда жаңа факультеттер пайда болды. 1956 жылдан бастап Шымкент технология иниституты құрылыс материалдары кәсіпорындарының жабдықтарын монтаждау және пайдалану жөніндегі инженер-механиктерді даярлай бастады. Қазақ ауыл шаруашылығы институтында электрлендіру және гидромелиорация мамандықтары бойынша жаңа инженерлік факультеттер мен бөлімдер ашылды.
Қорытып айтқанда, 50-ші жылдар Қазақстан үшін одақтық баланстағы рөлі өскен, индустриялық қуаты артқан, мәдениеті біраз дамыған, сөйтіп экономикасы өрлеу жолына түскен кезең болды.
Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар іcтелді. Республикада мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелерінің алдына өмірдің өзі қойған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді.
Тоғызыншы және оныншы бесжылдық кезінде жаңа баспалар құрылды. Бұлар: "Қайнар", Қазақ Совет Энциклопедиясы, жастарға арналған "Жалын" , "Өнер" баспалары. Республикада жылма-жыл қазақ, орыс, ұйғыр, нeміc, корей тілдерінде 30 миллиондай дана таралыммен 2 мыңға жуық кітап шығып тұрды. 70-80 жж. бес томдық "Қазақ ССР тарихы", он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі", он бір томдық монографиялық жұмыс - "Қазақстанның металлогениясы", тоғыз томдық "Қазақстанның өсімдіктері" және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар жарық көрді. Бір жолғы тиражы 5 миллион данамен 415 rазет, ондаған жорнал шығарылды.
Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көpceтті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы іcтеді. Ондаған халық театрлары, ән-би ансамбльдері, қазақ ұлт-аспапты халықтық оркестрлері, халық хорлары құрылды.
Қазақстан селоларында мәдени-бұқаралық жұмыстың мәдениет университетrері мен мектептері, көшпелі өнертану кафедралары, көркемдік шығармашылық бірлестіктер, атеизм автоклубтары және т.б. сол секілді жаңа формалары кеңінен тарады.
Село тұрғындарының тұрмысына телевизия, радио, баспасез, кино бұрынғыдан да көбірек ене бастады. Ауыл мен деревняның, мәдени дәрежесі Қазақстанның село зиялыларының сан және сапа жағынан едәуір өcyімен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді.
1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ телевизия бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді.
1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті. Халық aғapтy іcі де бірсыпыра алға басты. Мәселен, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллион 266,1 мың бала оқыды. 1970 жылы Қазақстанда 46жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студенттерді 160 мамандық бойынша әзірледі. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ғa жетті. жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді.
ХХ ғ. 60-80 жж. қазақ әдебиеті 1. Есенберлиннің, Ә. Нұршайықовтың, М. Мақатаевтың, Т. Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың, М. Шахановтың, К,. Мырзалиевтің, Ф. Оңғарсынованың, Ә. Кекілбаевтің, О. Бекеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш. Қалдаяқовтың, Л. Хамидидің, Н. Тілендиевтің, Ә. Еспаевтың, І. Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. Ә. Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, Ә. Дінішев, Р. Жаманова, Р. Бағланова, Р. Рымбаева т. б. Жалғастырып, байыта түсті. "Ботагөз", "Аққан жұлдыз", "Meнің атым Қожа", "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі" , "Бейбарыс сұлтан" кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Бірақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да салқынын тигізбей қоймады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.
2.Қазақстан тарихы, 5 томдық. 3 том. А., 2001.
3.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2005.
4.Маданов Х.М. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. А.1995.
5.Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр, аңыздар. А., 1985.
6. Древние цивилизации. – М.:Мысль, 1989;
7. Введение в культурологию. В 3-х томах. М.,1995.
8. Габитов Т. Культурология. А.,2001
9. Габитов Т. М. Мәдениеттануға кіріспе. А.,2001
10.Ғабитов Т.,Алимжанова. Мәдениеттану. Оқу құралы. А.2003
11.Тимошинов В.И. Культурология. Учебное пособие. М.2003.
12.Древняя цивилизация. М., 1989
13.Культурология. Антология. Т.1., М., 1994
14.Қоңыратбаев Ә. және Қоңыратбаева Т. Көне мәдениет жазбалары.
15. По следам древних культур Казахстана. А.,1979.
16. Гравюры на скалах. А.,1979.
17. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. А.,1984.
17. Толеубаев А. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. А., 1991.
18. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. А., 1981.
19. Маданов Х.М. Қазақ мәдениетінің тарихы.
Достарыңызбен бөлісу: |