Ұлы Жібек жолының басталуы
Халықаралық сауда жолының тарихы
б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр,
Қытай мен
Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы Қытайдан
император У-дидің Батыстың беймəлім елдеріне (күн қайда батса, сол жаққа)
жіберген елшілік керуені жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға
тіке жол тартты. Сапар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл
жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады. Тарих ғылымында б.з.б. II ғасырды
Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған.
Қытай елшісінен кейін іле-шала бұл жолмен Батысқа жібек керуендері жүрді. Рим
мен
Византия, Үндістан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде өндірілетін
тауарлар тасылды. Ұлы Жібек жолының маңызы — халықтар мен мəдениеттерді
жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын XIX
ғасырда ғана алды. Оны неміс ғалымы, Азияның физикалық географиясы туралы
еңбектердің авторы фон Рихтгофен ұсынды.
Тауарлар.
Жібек
сауданың басты
түрі болды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта міндетін атқарды. Оны
патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы əскерге жалақы жəне мемлекеттік
қарыздардың өтеуі ретінде төледі. Жібек өзінің жұқа, əсемдігінің арқасында алыс
жерлерге тасымалданатын негізгі тауар саналды. Сонымен қатар иіссу, тəтті
тағамдар, женьшень мен маталар, бояу,
бағалы тастар, аң терісі, алтын, күміс
құймалары сияқты бұйымдар да тасылды. Жібек жолымен араб арғымақтары,
қаршыға, тотықұстар мен түйеқұстар т.б. сатуға əкелінді. Жібек жолымен ежелгі
мəдениет пен өнер туындылары таратылды.
Орта Азия, Түркістаннан келген
музыкант, биші, акробаттар Қытай императоры мен Византия сарайларында өз
өнерлерін көрсетті. Жібек жолымен қытайлықтар
өз елінде жоғары бағаланатын
асыл тұқымды жылқы мен түйелерді Орталық Азиядан алдырды. Қытайлықтар
керуен саудасы арқылы əкелінген ауыл шаруашылығы дақылдарын — бұршақ,
пияз, қияр, сəбіз, анар, грек жаңғағы т.б. өз елдерінде өсіруді үйренді. Орталық
Азиядан Қытайға жүннен тоқылған əртүрлі бұйымдар — кілем, жапқыш,
төсеніштер əкелінді. Жүн өңдеу мен кілем тоқу əдісімен
таныс емес
қытайлықтарға бұл бұйымдар ерекше əсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: