Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде



бет3/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Культ Билеты-ответы

Рухани мәдениет” деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды қамтиды. Рухани мәдениет материалдық өмір жағдайының бейнесі болып табылады, оның мазмұны мен сипатын қоғамның экономикалық құрылысы белгілейді. Ұлттардың тууы мен дамуына сәйкес мәдениет ұлттық формада дамиды.
Адамзат дамуының қазіргі кезеңнің ең жоғарғы сатысы болып табылатын өркениет мәдениеті өткен заманның озық мәдениетінің табыстарын қорытады және дамытады. Бұл мәдениеттің идеялық мазмұны және негізі – дүниеге ғылыми көзқарас. Бұл мәдениет қоғам мүшелерін адамгершілік рухында тәрбиелейді.
3.Өркениет пен мәдениеттің арақатынасы
Ғылыми әдебиеттерде бұл сұрақтың үш ұстанымы бар: теңдестіру, қарама-қарсы қою және өзара себептілі ретінде. Алғашқыда бұл ұғымдар мәндес сөздер сияқты көрінді, ешқандай да қарама-қарсы қойылған емес. Ағартушылық дәуірінің философтары тек қана дамыған мәдениеттен өркениеттілік туады деуден табжылмады. Ал осыған сәйкес, өркениет мәдениеттіліктің кемелдігінің және халділігінің көрсеткіші болып саналды. Дәл осындай ұстанымдарды біз А. Гумбольдтың және Э.Тайлордың еңбектерінен көреміз, олар «мәдениет» ұғымымен қатар «өркениет» ұғымын бір-бірімен жиі ауыстырып пайдаланды. Ал Фрейд болса мәдениет және өркениет адамдарды жануарлардан айырады деп табандылық танытты. Бұндай ұстанымдардың негізі бар, өйткені мәдениет және өркениет өзара көптеген көрсеткіштері арқылы үйлесімді. Мәдениеттің, дәл солайша өркениеттің әлеуметтік табиғатты бар, тек қана адами қарекеттің нәтижесінде болып, адамның табиғат әлеміне қарсы тұратын жасанды мекені «екінші табиғатты» жасайды.
XVIII ғ. соңына таман неміс философтары және ағартушылары арасында мәдениет және өркениетті қарама-қарсы қою дәстүрі көріне бастайды. Сайып келгенде, мәдениет адамның ішкі дәулеті болып келеді, оның рухани дамуы, бостандығының өлшемі. Ал өркениет болса адамның өзіне арналмаған заттарды түрлендіру арқылы оның өзгертілген әлемі сияқты, сонымен қатар оларға сол қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың қол жетерлік дәрежесі. Мәдениет жетілген тұлғаны, жасампаз-адамды қалыптастыруға бағытталған. Өркениет идеалды заң бұзбайтын азаматты тәрбиелеуге бағытталған, өйткені ол жалпы қабылданған ақиқаттың абсолютті дұрыстығына дәл келетін стандартты ойлаумен байланысты. Дәл осылайша «өркениет» ұғымы урбанизациямен, тығыздықпен, машина тираниясымен синонимдес болып келеді.
О.Шпенглердің, Н.Бердяевтің, Г.Маркузенің және басқаларының әйгілі мәдениеттанымдық теориялары осы рухта жасалған. Мысалы, Шпенглерде, мәдениет тірі организмдермен салыстырылады. Сол себептен де, олар өздерінің дамуында туу, гүлдеу және өлім сатыларынан өтеді. Мәдениеттің дамуының соңғы қорытынды даму фазасы — құлдырауды және опат болуды Шпенглер өркениет деп атайды. Сондықтан ол үшін өркениеттің негізгі сипаттарына мыналар жатады: діни сенімнің құлдырауы, өнердің азуы, материализмнің және құрғақ рационализмнің таралуы, шығармашылықтың нәтижесіздікке ауысуы, рухсыз техникалық.
Бердяев өз жұмысында мәдениет пен өркениеттің, ерекше сипаттарын айшықтайды бірақ ол, сонымен қатар оларды синхронды дамиды деп есептейді. Оның ойынша, мәдениетте руханилықтың, жеке адамдылықтың, ақсүйектіліктің басталымы дамиды. Сонымен қатар мәдениетке сапалылық, мәнерлілік, эстетикалық, тұрақгылыққа деген ұмтылыс және консерватизм сияқты сипаттар тән. Ал өркениеттілік материалдылықтың, әлеуметтік-ұжымдықтың, демократиялықтың дамуымен байланысты. Сонысымен өркениет тираждауға, жалпы қол жетімділікке, пайдалылыққа ұмтылады. Сондықтан, Бердяев өркениеттің пайда болуы тіршіліктіктен, ол адамның табиғатпен күресінде храмдардан және діни дәстүрлерден тысқарылықтан келді. Егер мәдениеттің жаны болса, ал өркениетте — тек әдістер мен құрал-саймандар — дейді.
Мәдениет пен өркениеттің арақатынасы туралы бұдан да ашырақ айтқан философ және социолог Г.Маркузе (1898-1979) болды. Ол үшін өркениет — бұл қатал, салқын, күнделікті нақтылық, ал мәдениет — мәңгі мейрам. Ол мәдениеттің рухани еңбегін өркениеттің материалдық еңбегіне қарама-қарсы қойды, қалайша жай күндер мейрам күндеріне қарама-қарсы тұрса, қажеттіліктің патшалығы — бостандық патшалығына, табиғат — рухқа.
Алайда, мәдениет пен өркениетті қарама-қарсы қойғанмен, философтар және мәдениетті танушылар олардың бір-бірімен өзара байланысты екендігін, тіпті бірі біріне себеп екендігі жайлы білді. Сол себептен, бүл проблема жайлы парасатты және өлшемді көзқарастар пайда болады, енді оның жақтаушылары мәдениет пен өркениеттердің айырмасына селқос қарамайды, бірақ, олар өзара әрекеттестікте және бір-біріне сіңсіп кетуі де мүмкін екендігі жайлы көзқарастар қалыптасты.
Мәселенің осындай түсінігін біз Л.Морганан таба аламыз, ол адамзат тарихын үш сатыға бөлді — жабайылық, тағылық және өркениеттер. Бұл тұрғыны марксизмнің негізін салушылар бөлісті. Бұл тұрғыдағы «мәдениет» ұғымы «өркениет» ұғымынан кеңірек, өйткені мәдениет адамзат қаншалықты болса соншалықты бар болады
Сонымен қатар мәдениет өзіне тән айрықша коды арқылы өркениеттің тұқым қуалаушылық механизмімен есепке жатқызылады, онда оның ұрпақтан ұрпаққа берілетін барлық өмірінің негізгі кезеңдері жазылған. Басқаша айтқанда, өркениет материалдық дене болып табылады және адамдар өмірінің әлеуметтік ұйымы, ал мәдениет әлемдегі өмір үшін құндылықтық бағдарларды береді. Сонымен қатар, мәдениет сақтайды және белгілі бір қоғамның өзіне тән ерекшелікті тапсырады. Ол мәдениеттің түйінін құрастырушы ерекше құндылықтар жүйесінде нықталып бекиді. Мәдениет әлеуметтік организмнің тұрақтылығын, сонымен қатар бейімделуін және өркениеттің динамикасын қамсыздандырады. Сол себептен, мәдениет пен өркениет тек бірлікте ғана бола алады.
Дегенмен, мәдениет немесе өркениеттің қайсысы маңыздырақ екендігін түсінуді — қоғамның құндылықтарының парадигмасы анықтайды. Егер өркениет мәдениетке қызмет етіп және оны одан әрі қарай дамуына жағдай жасаса, онда қоғамда материалдық және рухани құндылықтардың арасында үйлесім байқалады, бұл әрине тап осы қоғамның нақты алға басуын қамсыздандырады.
Егер мәдениет өркениетке бағынса және оған қызмет етсе, онда материалдық қажеттіліктер және құндылықтар басым болып келеді, прагматизм және пайдакүнемділік қожалық етеді, рухани таяздыққа әкеледі. Өкінішке орай, соңғы кезде өркениет өзінің прагматизмімен мәдениетті дағдарысқа жиірек ұшыратуда.
Сонымен, өркениет пен мәдениеттің арасында не абсолютті үйлесімдік, не толыққанды сыйымсыздық жоқ. Олардың арасында нақты үш түрлі байланыс бар. Олардың біріншісіне — генетикалық, өйткені дәл сол мәдениет өркениетті туындатады, сонда өзін объективтендіреді. Мәдениеттің генетикалық коды өркениеттің материалдық денесінде іске асады. Олардың байланыстарының екінші түрі — құрылымды-функционалдық, өйткені мәдениет және өркениет адам қарекеттерінің бірінсіз бірі болмайтын рухани және материалдық жақтарын іске асыруға қызмет етеді. Ал, үшінші түрі, өркениет өзіне мәдениетті бағындыруға ұмтылдыратын дисфункциональды байланыс. Бұл жағдайда мәдениет құндылықтары ұмытылады және оның жаны жоғалады. Бұл жаңа мәдениеттің фундаментіне жатқызылатын жаңа кұндылықтардың көрінуі тиісті екендігін білдіреді, бұлар осы құндылықтардың объективтелінетін жаңа өркениет көрінуіне тиісті болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет