ҚАЗІРГІ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері
«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:
аристократиялық котерийлер (үйірмелер);
саяси клубтар;
көпшілік партиялар.
Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Бұл партиялардың идеяларында, бағдарламаларында ерекшеліктері көрсетілген.
Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады.
Партиялардың негізгі қызметтері:
мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;
қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.
Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық партиялар әлі қалыптасу үстінде деп айтуға болады.
Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері
Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер ететіні сөзсіз.
Сайлау жүйесі дегеніміз — өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Оның негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:
берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді;
сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастрыу жағын көрсетеді.
Сайлаушылардың берген даусын санау тәсілі мен депутаттық мандат беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Франция), аралас жүйе түрінде қолданылады.
Енді осы сайлау жүйелеріне байланысты қолданылатын сайлау кампаниялары, жарнама, ПР, сайлау үлгілеріне тоқталып, олардың Қазақстанда қолдану ерекшеліктеріне мән беруге тырысамын. Демократия көшіне бет алған тәуелсіз мемлекетіміздің кәсіби тұрпатта кемелденуін саралаудың мақсатты жолында төл сайлау жүйесін жетілдіру үшін әлемдік өркениет тәжірибесіне де назарымызда аударуымыз қажет деп ойлаймын.
Жоғарыда айтылғандарды қарасақ, алыс және жақын шет елдердегі саяси технологиялар тәжірибелерін және либералдық демократиялық дамуын зерттеудегі әдіснамалық негіздің пайда болуы мен даму тарихына деген қызығушылық заңды және негізі бар құбылыс болып табылады. Соңғы жылдары қазақстандық қоғам терең, сапалы өзгерістерді басынан өткеруде, ол әлеуметтік-саяси жүйенің фундаменталды параметрлерін радикалды құрастыруымен байланысты. Мемлекеттің саяси іс-әрекетке монополиясынан бас тартуы, плюралистік және полисубъекті ретінде қазақстандық саяси өмірдің қалыптасуы жаңа парадигмаларды қажет етеді және практикалық қайта құру саласында, саяси нақтылықты теориялық ұғыну жағынан да осындай талаптар бар.