Медиатор: медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға



бет1/2
Дата16.05.2023
өлшемі11.01 Kb.
#473729
  1   2
МЕДИАТОР

85-бап. Медиатор

1. Тараптар заң талаптарына сәйкес медиацияны жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады.

2. Медиатор:

1) медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;

2) медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;

3) қылмыстық-процестік заңға сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей, медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен оңаша және құпия кездесуге;

4) тараптарға медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасуға жәрдемдесуге құқылы.

3. Медиатор:

1) медиация жүргізген кезінде медиация тараптарының келісуімен ғана әрекет жасауға;

2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

3) медиация рәсімін өткізуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

4. Медиатор тараптардың келісуімен медиация рәсімін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз бен хабар тіркелген кезден бастап және қылмыстық процестің үкім заңды күшіне енгенге дейінгі кейінгі сатыларында жүзеге асыруға құқылы.

Медиатор дегеніміз кім?


Медиатор судьяны алмастырмайды. Ол жеке және заңды тұлғалар үшін дауларды шешудің балама неғұрлым аз шығынды тәсілін ұсынады. Медиатор — бұл сот жүйесіне жатпайтын және сот көмекшісі болып табылмайтын кәсіби делдал. Медиаторға жанжалдарды реттеуге азаматтардың өздері жүгінеді. Ол өз кезегінде олардың дауларын талқылау барысында тараптарды өз кезегінде шешім табуға көмектеседі.
Медиатор – Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптармен қатыстырылатын тәуелсіз жеке тұлға. Медиатор қызметтері тараптардың келісім бойынша медиатордың жұмыс төлемі ақылы негізде жүргізіледі.
Медиатор миссиясы

  • Келіссөздер процесін ұйымдастырады (тараптардың мақсаттарын, құқықтарын және міндеттерін түсіндіреді);

  • Әр тарапты тыңдайды (кездесулер: жеке/бірлескен);

  • жағдайды иландырмен емес, сұрақтар жолымен зерттейді;

  • басқа тараптың ақпаратын бермейді және кеңес бермейді;

  • медиация процесін бақылайды (фрейм, рефреймингті қолданады);·

  • жанжалды шешудің балама нұсқасын табуға тараптарға көмектеседі;

  • шешімдердің ұсынылатын нұсқаларынм шындыққа талдайды (тексереді)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет