Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Медицина» факультеті
«Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасы
«Гематология» бөлімі
Ситуациялық есеп
Тақырыбы: Жүкті әйелдердегі теміртапшылықты анемия
Орындаған:Әбдінәсірқызы Гауһар
Тобы: ЖМ-011
Қабылдаған:Азимханова Г.
Түркістан – 2023 ж.
31 жастағы жүкті әйел әлсіздік,тез шаршағыштық,шашының көп түсетіндігі жайлы шағымданды және терапевтпен кеңесуге келді.Айтуынша,аяқ-қолдары үнемі тоңуына,түнде ұйқысыздыққа шағымданады.Кесек,борға ерекше әуестігі пайда бола бастаған.
Анамнезінде: Бір жыл бұрын асқынусыз шұғыл босану бар.
Тексеру кезінде: Терісі бозғылт,тырнақ пластинкаларында ақ дақтар кездеседі. Өкпесінде везикулалық тыныс,ешқандай патологиялық сырылдар естілмейді.Жүрек тондары ырғақты.Пульс минутына 82 соққы. АҚ 120/80 мм сын.бағ. Жүктіліктің 32 аптасы.Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, минутына 140 соққы.
Перифериялық қанды зерттеу кезінде гемоглобин-92 г/л, түсті көрсеткіш/индикатор-0,8;ретикулоциттер-12 %.
Сұрақтары:
Диагнозды құрастырыңыз
Синдромдарды анықтаңыз.
Ең қажетті зерттеу әдістерінін анықтаңыз.
Емі.
Жауаптары:
Диагноз:Жүктіліктің 32-аптасы.Теміртапшылықты анемия I-сатысы
Синдромдары:
Пикация/Пика синдром-тағамдық емес өнімдерге тәбеттік әуестік
Лейконихия синдромы-тырнақ пластинкаларындағы ақ дақтар
Ұйқысыздық/Бессонница синдромы
Вегетотамырлық дистония/ синдром ВСД-қанайналым бұзылысынан,аяқ-қолдың мұздауы
Зерттеу әдістері:
Жалпы қан анализі
Қанның сарысуындағы темірдің мөлшерін анықтау
Плазманың темірді жалпы байланыстыру қасиеті
Ферритиннің мөлшері
Емі:
Медикаментті емес ем:
Аскорбин қышқылы жоғары көкөністер мен жемістерді тұтыну ұсынылады, бұл темірдің өсімдік тектес тағамдардан сіңуіне ықпал етеді. Диетада ішекте гемдік емес темірдің сіңуіне ықпал ететін сүт қышқылы бар сүт өнімдері болуы керек. Науқасқа өсімдік тектес тағамдардан гемдік емес темірдің сіңуіне жол бермейтін күшті шай, кофе және құрамында полифенолдар (бұршақ, жаңғақтар) бар басқа да тағамдардың тамақтануын шектеу туралы ескерту керек.
Медикаментті ем:
Ферлатум Фол тәулігіне 1флакон
Тардиферон күніне 1 таблетка 1 рет
Мальтофер Фол күніне 1 таблеткадан 2-3рет
Тотема тәулігіне 50мг/1ампула
Достарыңызбен бөлісу: |