Медициналық информатика және биофизика кафедрасы



Дата04.03.2016
өлшемі103.5 Kb.
#41446


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Медициналық информатика және биофизика кафедрасы

CӨЖ

Тақырыбы: «Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны»


Орындады:Төребеков А.Б

Қабылдады:Тажина А.М

Қарағанды 2014ж.


Жоспар:

Кіріспе 1

Кіріспе 1

1. Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы. 1

Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы. 1

2. Компьютер басында жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (бөлмеде орналасуы, қолдану ыңғайлылығы). 1

Дәрігерге қажетті компьютердің ішкі құрылғылары. 1

Дәрігерге қажетті компьютердің ішкі құрылғылары. 1

1-кесте. 1

Дәрігерге қажетті компьютердің сыртқы құрылғылары 3

2-кесте. 3

Қорытынды 1

Қорытынды 1

Қолданылған әдебиеттер 1

Қорытынды 1




Кіріспе
Қазір «Ақпараттық технологиялар дәуірі» компьютермен таныс болмасаңыз, күнделікті жұмыста оның көмегіне жүгінуге үйренбесеңіз, онда өмірге бейімделмеуіңіз мүмкін. Компьютер ғылыми және инженерлік есептеулерде, жаңа ғарыштық станцияларды модельдеуде, күрделі процесті автоматтандыруда, адамға ауа-райын немесе табиғи апатты алдын ала болжауда, кітаптар мен журналдарды даярлау және басып шығаруда, фильмдерді түсіруде және тағы басқа көптеген жағдайларда көмектеседі.

Медициналық информатиканың негізгі мақсаты тұрғындардың денсаулығын сақтау, сапасын көтеруді қамтамасыз ететін компьютерлік технологияны қолдану есебінен медицинада ақпараттық үрдістердің тиімділігі болып табылады.

Қазіргі таңда компьютерлер арқылы жетістіктерге жетуге болады. Мысалы үшін, биология саласына келетін болсақ мөлдір емес денелердің ішкі бөлшектерінің кескінін алудың жаңа әдісін жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл әдісті томография деп атайды. Ол әдетте рентгенскопия беретін кескіннен әлдеқайда сапалы кескін алуға мүмкіндік жасайды. Томография сандарға жүздеген миллион арифметикалық амалдарды шапшаң орындай алу үшін, қабілетіне негізделген.


1. Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы.

Медицина мен денсаулық сақтау үшін компьютер өндіріс құралы. Қазіргі кезде барлық мекемелерді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Әрбір келген емделушінің аты – жөнін, қай палатада жататындығы, қандай диагноз қойылғандығын компьютерге тіркеп тез табуға болады. Компьютермен интернетке қосылып, шет мемлекеттермен тәжірибе алмастыруға және түрлі мәліметтер алуға болады.

Компьютердің медицина саласындағы көптеген есептерді айырып білу, емдеу, алдын-ала сақтандыру, ағза мүшелерімен ұлпаның қызметін сүйемелдеу, жасанды мүшелер жасау және оларды басқару міндеттерін орындауға тиімді қолданады.

Медицинада алғаш рет компьютерлік желілер пайда бола бастады. Қазіргі кезде медицина ақпараттардың негізгі бағыттарының бірі болып, жаппай медицина ақпараты компьютер негізгі болып табылады. Дәрігер көпшілік адамы, сондықтан оған ауру, сырқат адамдар келеді.

1970 ж клиникада пайдалану үшін арнайы автаматтандырылған жүйелі компьютерлер қолдана бастады.

Медициналық сипаттық компьютерлік жүйелердің классификациясы:



  1. Маманданған түрі.

  2. Көп функциялы түрі.

  3. Комплексті түрі.

Олардың көмегімен:

    • Қанайналым жүйесі.

    • Тыныс алу жүйесі.

    • Ультрадиагностика.

    • Рентген сәуле зеттеулері.

    • Компьютерлік томографияны анықтайды.

Болашақ дәрігер, өз қызметі саласында компьютерлік техникаларды пайдалана отырып, ақпаратты тиімді жұмыс істейді.

Компьютер дәрігерге:



    • Кең тараған қолданбалы программаларды іс жүзінде қолданады.

    • Жергілікті есептеу желісі құрамында жұмыс жасауға.

    • Медициналық анықтаушы жүйелерді қолданып, кәсіптік, статистикалық ақпаратты өңдеу әдістерін жүргізуге мүмкіндік береді.

    • Заман талабы бойынша, дәрігер компьютерді білуі керек.

Заманға сай құрылған компьютер, яғни бүкіл функциялары бар компьютер қандай салада да қолданылады.

Қазіргі кезде компьютер қуатты есептеуіш құрал түрінен ақпараттың кез-келген түрін өңдеп, оны сақтауға арналған құрал. Ал медицина үшін оның маңызы, көмегі орасан зор.



2. Компьютер басында жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (бөлмеде орналасуы, қолдану ыңғайлылығы).

  • Компьютерді орналасатын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстау керек.

  • Маниторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастыр.

  • Монитор бейне бетін арнайы шүберекпен сүртіңіз.

  • Компьютер болмесін күн сайын жинаңыз.

  • Жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға

  • Қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қан тигізуге

  • Манитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап т.б. заттарды қоюға

  • Дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тиым салынады.

  1. Сырт киімі дұрыс болуы керек, сырт киімі ақ халат, ақ қалпақ, ақ аяқ киім. өйткені ақ түс радиацияға қарсы тұрады.

  2. Компьютер қасында кактус болуы қажет.

  3. Компьютер алдында көп отырмау керек. Компьютер мен пайдаланушы ара қашықтығы шамамен 60-70см болуы қажет.

  4. Адам отыратын столы өзіне ыңғайлы орналасуы шарт

  5. Компьютер алдында тамақ немесе сусын ішуге болмайды. Себебі, тамақты не сусынды төгіп алса, компьютер құрылғылары істен шғуы мүмкін.

  6. Жарық жанып тұруы керек. Жарық болмаса көзге әсер етеді.

  7. Жұмысты аяқтап болған соң, алдын тазалап, уақытында сүрту керек. Шаң басса әртүрлі аурулар жұғады.

Пернетақтаны еңкеймей пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты оңай қабылдауға ыңғайлы етіп орналастыр. Монитор мен пернетақтаны биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зорМонитор ыңғайсыз тұрса, арқа мен мойын бұлшықеттеріне салмақ түсіп, бас ауруы пайда болады

Дәрігерге қажетті компьютердің ішкі құрылғылары.



1-кесте.

Қызмет түрі

Құрылғы түрі

Сипаттамалары

Процессор (өңдеуші-барлық есептеулерді, көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема. Бұл компьютедің «миы», ол компьютер жадысында орналасқан мәліметтерді өңдейді.

Процессор

  • Процессор разрядтылығы, бір ретте (бір тактіде) өзінің регисторларында мәліметтердің қанша битін қабылдай алатынын және өңдей алатынын көрсетеді. Intel Pentium процессорлары 32-разрядты болып табылады.

  • Жұмыс тактілі жиілігі процессорда операциялар қандай жылдамдықпен орындалатынын анықтайды. Мегагерцпен өлшенеді.

  • Кэш-жады көлемі. Кэш-жады — бұл процессордың ішінде орналасқан «аса жылдам» жады, ол жылдамдығы төмендеу жедел жадыға процессордың қатынау санын азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі процессорлардың кэш-жадысының көлемі бірнеше ондаған Кбайт.



Компьютер қосылып тұрғанда мәліметтерді уақытша сақтауға арналған

Жедел жады

Бұл жады тікелей процессормен жұмыс істейді, оған мәліметтер жібереді және өңдеу нәтижелерін алады. Жедел жадыда әрі мәліметтер, әрі компьютер дәл осы уақытта жұмыс істейтін программалар сақталады. Көлемі жағынан аздау болғанмен (ондаған мегабайт), әрекет ету жылдамдығы жоғары.

Мәліметтер мен программалардың ұлкен көлемдерін ұзақ уақытқа сақтауға арналған құрылғы

Ұзақ уақытты (сыртқы) жады


Оның әрекет ету жылдамдығы аз, бірақ көлемі өте үлкен (мыңдаған мегабайт), онда сақталатын ақпарат компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Ұзақ уақытты жады дискілерде магнитті немесе оптикалық жазбасы бар электромеханикалық құрылғыларда жүзеге асырылады. Дисководтар және сәйкесінше иілгіш магнитті дискілерде (дискеттер), қатты магнитті дискілерде (винчестерлер), ауыстырмалы ақпаратты тасымалдағыштар және компакт-дискілерге арналған дисководтар (CD-ROM) болады.

Қатты диск — жұмыс істегенде үнемі қолданылатын программалар мен мәліметтерді сақтауға арналған негізгі ұзақ уақытты сақтау құрылғысы

Қатты диск

Металлдық немесе керамикалық пластинадан орындалға диск үлкен жылдамдықпен айналады. Ақпаратты жазу және оқуды магнитті ине орындайды.

Компакт-дискілер дисководы CD-ROM — компакт-диск негізіндегі тұрақты есте сақтау құрылғысы.

CD-ROM

Сақталған ақпаратты оқу.. Жазбаны оқу оптикалық тәсілмен жүзеге асырылады. Стандартты компакт-дискінің көлемі 650 мегабайт.


Ішкі және сыртқы (перифериялық) құрылғылары қосылады

Аналық тақша

(жүйклік тақша)



Ол жеке құрылғыларды қосуға арналған бірнеше разъемдардан және шинадан (олардың барлығын байланыстыратын ақпараттық магистраль), сонымен қатар микросхемалар, чипсеттердің базалық жиынтығынан (олардың көмегімен аналық тақша жүйелік блок ішінде болып жатқанның барлығын бақылайды) тұрады.

Компьютерге түрлі құрылғылар қосу үшін кеңею разъемдары немесе слоттар (жүйелік блок ішінде орналасады) және порттар деп аталатын арнайы разъемдар (жүйелік блоктың артқы қабырғасында орналасады) қолданылады. Ақырғыларға тышқан, принтер, сонымен қатар модем және басқа да сыртқы құрылғылар қосылады.



Дәрігерге қажетті компьютердің сыртқы құрылғылары

2-кесте.



Қызмет түрі

Құрылғы түрі

Сипаттамалары

Пернетақта алфавитті-цифрлік мәліметтерді енгізуге және компьютерді басқару командаларын енгізуге арналған

Пернетақта

  • Алфавитті-цифрлік пернелер тобы таңбалық ақпаратты және әріппен терілетін командаларды енгізуге арналған.

  • Функционалдық пернелер тобы пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі пернеден (F1-F12) тұрады.

  • Қызметті кпернелер алфавитті-цифрлік пернелер тобының қасында орналасқан. Оларға Enter пернесі, Shift, Alt және Ctrl регистрлік пернелер, Tab пернесі, Esc пернесі, Backspace пернесі, Print Screen, Scroll Lock және Pause/Break пернелері жатады.



Тышқан – манипулятор типті компьютерді басқару құрылғысы

Тышқан

Тышқан екі-үш батырмасы бар сопақша келген қорапша. Тышқанды жазық бетпен қозғалтқан кезде монитор экранында синхронды түрде белгі (тышқан нұсқағышы) қозғалады. Батырмаларды қықса (шертпе) немесе ұзақ басу және нұсқағышты орын ауыстыру арқылы компьютер басқарылады

Сканерлер қағазға басылған графикалық және мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған.

Сканер

компьютер датчиктерден түскен ақпараттарды қабылдай алады — аналогтық-цифрлік түрлендіргіш (АЦТ) деп аталатын арнайы құрылғыдан түскен электр сигналдары түрінде.


Шығару құрылғылары пайдаланушыларға мәліметтерді өңдеу нәтижелерін көрсетуге арналған.

Шығару құрылғылары:

Монитор


Ең таралған шығару құрылғыларына монитор және принтер жатады. Графиктер мен сызбалар алуға арналған құрылғылар бар - графоқұрастырушылар, немесе плоттерлер, акустикалық жүйелер және басқа да құрылғылар. Компьютер де ақпаратты электр сигналдары түрінде қандай да бір цифрлік-аналогтық түрлендіргіштер (ЦАТ) арқылы орындаушы құрылғыларға жібере алады.


құжаттардың қағаз бетінде көшірмесін алуға арналған

Лазерлік принтер

Лазерлік принтерлер ең қымбаты, бірақ олардың өнімділігі ең жоғары (минутына ондаған бет) және айыру қабілеттігі де жоғары (до 4800 dpi). Оттиск бағасы бір бетке 2-6 цент.


4. Жүйелік және қолдаңбалы программалар қажеттілігі, сипаттамасы

3-кесте.



Ақпараттық қажеттілік

Платформаға қажетті программалар

Сипаттамалары

1

Мәтіндік ақпаратты өңдеу және даярлау

Microsoft

Word


Мәтіндік және графикалық информацияны енгізу

2

Кесте құру

Microsoft Office

Excel


Кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелер

3

Сурет салу (слайд)

Power Paint

Графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа

4

Алфавитті символдар жиынтығы

QBasic

Математикалықтан ерекшелігі ондық бөлшектен кейін үтір емес нүкте қойылады

6

Файлды архивтеу

Win RAR

Қолайлы әрі ыңғайлы

7

Компакт дискті жазу

Nero Express

Кең ауқымды жоғары

8

Дыбыс өңдеу, шығару

Windows Media

Көп форматты әрі қолдаңбалы

10

Жаңа архив

WinZip

Архивтер құрастырылған және ол да терезелік интерфейс

11

Ең танымал вирусқа қарсы бағдарлама

Касперский антивирус

Касперский антивирусының көмегімен жергілікті, амалы ықшам дисклерде вирустардың бар жоғын тексеруге болады

Қорытынды

Компьютермен жұмыс жасау денсаулық сақтау мекемелері және оның жеке бөлімдері арасындағы ақпараттық қатынасты құжатсыз түрінде ұйымдастыруға және дәрігердің автоматты жұмыс орнын пайдаланып, жылдам жұмыс арқауына зор ықпал етеді.

Медициналық есептерді жасау барысында ақпараттық статистикалық жүйелер қолданылады. Медицинада әлемдік мәдениеттің байлықтарынан құр қалмауы керек. Дамыған технология мен толып жатқан ақпаратты пайдалана алу медицинаға да тән.

Қорыта айтсам, ғаламдық жахандану дәуірінде «Ақпараттық технологиялар» заманында дәрігердің және кез келген басқада мамандық иесінің компьютерсіз жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрбір салаға өзінің қызметін ұсынған компьютерді орынды пайдалана білсек жұмысымыз жеңілдеп уақытымыз аз жұмсалады.

Қолданылған әдебиеттер



Жаңа информациялық техналогиялар. Инфарматикадан 30сабақ. Е.Қ.Балапанов, Н.В.Бөрібаев. Алматы 2004ж.

  • Медициналық информатика. Л.Гельман.

Санкт-Петербург 2002 ж.

  • Информатика. Ізтілеуов. Ақтөбе 2003ж

  • Информатика. Камардинов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет