Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған


Фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП)негізгі міндеттері



бет11/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
пмсп экзамен 3

17. Фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП)негізгі міндеттері
Фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт № 796 бұйрыққа сәйкес дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін қалалық және аудандық емханалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт мамандары халыққа амбулаториялық жағдайларда, үйде: мыналардан тұратын МСАК (дәрігерге дейінгі) көмекті көрсетеді:
1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуді; 2) шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсетуді; 3) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді; 4) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді; 5) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту 6) халықты гигиеналық, оның ішінде отбасы мен ана, әке болу мен балалық шақты қорғау мәселелері бойынша оқытуды; 7) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді; 8) иммундық профилактиканы ұйымдастыру және жүргізуді; 9) дәрігер тағайындауларын орындау, оның ішінде туберкулезбен сырқат науқастарға химиотерапия жүргізуді; 10) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді; 11) № 685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етуді; 12) қызмет көрсетілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скринингілік тексеріп-қарауға жататын тіркелген халық арасынан адамдар тізімін әзірлеуді; 13) жүргізілген профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зертетулер нәтижелері бойынша аурулардың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы топтарын қалыптастыруды және мониторингілеуді; 14) аурулардың қауіп факторлары бар адамдарды және науқастарды профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне үйретуді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет