Тақырыптың негізгі сұрақтары: Туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша тәуекел тобына жататын адамдардың тізімін атаңыз



бет1/8
Дата07.09.2022
өлшемі36.88 Kb.
#460407
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қуатбай Айгерим №1


Тақырыптың негізгі сұрақтары:


1. Туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша тәуекел тобына жататын адамдардың тізімін атаңыз.
-Өкпе туберкулезінің жұқпалы түрімен / қақырық жағындысы бойынша оң науқастармен тығыз байланыс: бір үйде/пәтерде тұратын адамдар, туыстар және науқаспен көп уақыт өткізетін басқа адамдар (әріптестер, достар). Кішкентай балаларда туберкулездің даму қаупі жоғары.
-Қарт адамдар
-Есірткі мен алкогольді тұтынатын адамдар және әлеуметтік жағдайы нашар адамдар
-Туберкулез жиі кездесетін елдерден келген иммигранттар
-Туберкулез кең таралған елдерде ұзақ уақыт өткізген немесе жиі (жұмыс, оқу немесе тұру бойынша) адамдар
-Иммундық жүйені, әсіресе АИТВ-инфекциясын әлсірететін жағдайы, ауруы немесе дәрі-дәрмектік емі бар адамдар
-Жұмыста туберкулезбен ауыру қаупі бар адамдар
2. Тыныс алу туберкулезінің негізгі клиникалық белгілері қандай?
Туберкулез белгілері бірден байқалмайды. Әдетте, ол ұзақ уақыт бойы ағзада дамып, көбіне өкпе тіндерін зақымдайды. Оның белгілерінің жүре келе пайда болатыны да сондықтан. Бірақ көп ұзамай: тоқтаусыз жөтелу, кейде қан аралас қақырық түсу, кеуде қуысының ауыруы, өз-өзін жайсыз сезіну, салмақ жоғалту, қалшылдау сынды белгілер байқалады. Мұндай жағдайда міндетті түрде емханаға барып тексеруден өту қажет.


3.Міндетті диагностикалық зерттеуге қандай зерттеу әдістері кіреді
1. Тері туберкулин сынамасы (Манту) адамның жұқтырғанын көрсетеді.

2. Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымданғанын көрсетеді.


3. Қақырықты зерттеу жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.


3. Қосымша зерттеу әдістерін атаңыз.
Рентген,КТ,томография,бронхиальді артериография,бронхография,плеврография,фистулография
4. Қосымша зерттеу әдістеріне қандай зерттеу әдістері кіреді?
Рентген,КТ,томография,бронхиальді артериография,бронхография,плеврография
5. Тыныс алу мүшелерінің туберкулезбен ауырғанын клиникалық тексерудің міндетті элементтерін атаңыз.
Флюрография,қақырықты зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет