Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған



бет1/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
пмсп экзамен 3


  1. Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (МСАК) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының қағидаттары:
1) отбасылық қызмет принципі;
2) Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің аумақтық қолжетімділігі;
3) аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдауға құқығы бар;
4) пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы;
5) меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан тең құқықтық және адал бәсекелестік болып табылады;
6) орналасқан жеріне қарамастан, барлық пациенттерге қолжетімді, профилактиканы, диагностиканы және емдеуді қамтитын бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету.


  1. Қазақстан үшін Oxford Policy Management ұсынған Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (МСАК) қызметтерінің тізбесі




3.Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (МСАК) көрсету ережелері.
МСАК ұйымы медициналық көмек көрсетуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің негізінде эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып, уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. МСАК ұйымы "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес медициналық құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді.МСАК-ты учаскелік терапевттер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық мейіргерлер: 1) МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымында немесе оның бөлімшелерінде;2) шығу орны бойынша, оның ішінде үйдегі стационар жағдайында 3) медициналық ұйымнан едәуір алыста орналасқан және (немесе) климаттық-географиялық жағдайларды ескере отырып, көлік қолжетімділігі нашар елді мекендердегі жергілікті жерге шыға отырып, жылжымалы медициналық кешендерде, медициналық пойыздарда 4) білім беру ұйымдарында;5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып дистанционды көрсетеді.МСАК ұйымының қызметі халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың тұрғылықты жері және (немесе) бекітілген жері бойынша МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аумақтық қағидат бойынша құрылады. Аумақтық қағидаттың негізінде учаскеге мамандарды бекіте отырып, МСАК учаскесі құрылады. Бекітілген тұрғындар саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас тұрғындар, учаскелік терапевт 2200 адам, учаскелік педиатр 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан аспайды. МСАК: 1) шұғыл тәртіпте – шұғыл медициналық көмек көрсеткен жағдайда бекіту фактісіне қарамастан;2) жоспарлы тәртіпте – алдын ала жазылуы немесе жүгінуі бойынша бекіту орны бойынша көрсетіледі.


4.Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (МСАК) диагностика мен емдеуді ұйымдастыру тәртібі
МСАК ұйымына алғашқы жүгінген кезде тіркеу орнында электрондық форматта ақпараттық жүйелерде № 907 бұйрықпен бекітілген амбулаториялық пациенттің медициналық картасы № 052/е нысан бойынша ресімделеді. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда амбулаториялық пациенттің медициналық картасы қағаз түрінде ресімделеді, кейін ақпараттық жүйеге енгізіледі МСАК ұйымы бастапқы есепке алу медициналық құжаттың, оның ішінде электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді. Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты жүгінген жағдайда МСАК ұйымдарының мамандары клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностика және емдеу әдістерін айқындайды. Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты МСАК ұйымдарына жүгінген жағдайда регистратура маманы немесе медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті дәрігерге дейінгі кабинетке (сүзгі) жібереді. Дәрігерге дейінгі кабинетте (сүзгі-фильтр) медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті қарап болған соң қажетті дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайларында медицина қызметкері кезекші дәрігерді немесе учаскелік дәрігерді шақыртады. Көрсетілімі болған жағдайда медицина қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақыруды және шұғыл түрде бейін бойынша тәуліктік стационарға жіберуді қамтамасыз етеді. Шұғыл емдеуге жатқызуды талап етпейтін жағдайларда пациентті одан әрі байқау амбулаториялық деңгейде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жүкті және босанған әйелдердің патронажы әмбебап-прогрессивті модель негізінде жүргізіледі. Учаскелік мейірбикенің жүкті әйелдерді патронаждау нәтижелерін 111/е нысаны бойынша жүкті және босанған әйелдің жеке картасына енгізеді, ал жаңа туған және 5 жасқа дейінгі балаларды 907 бұйрықпен бекітілген 052/е нысаны бойынша пациенттің амбулаториялық картасына енгізеді Патронаж ұйымдастыру мониторингін МСАК ұйымының аға мейірбикесі немесе ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) жүргізеді. МСАК ұйымдары маманының пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы; 1) стационардан шығару немесе жедел медициналық көмек станциясынан активтерді берген ауыр жағдайдағы пациенттердің қозғалуы шектелген кезде; 2) жүкті әйелдер белгіленген күннен кейін 3 күннің ішінде қабылдауға келмеген кезде;3) босанған әйел көрсетілген мерзімде қабылдауға келмегенде; 4) босанған әйел бекіту мәртебесіне қарамастан акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен мәліметтер бойынша қызмет көрсету аумағына келген жағдайда жүзеге асырылады.Пациенттің үйіне белсенді баруды учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер басымдықпен жүзеге асырады.МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері үйге шақыртуға қызмет көрсетуді учаскелік (жалпы медициналық) қызметтің бөлім меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика, терапевт (педиатр) дәрігер) үйлестіреді. Үйге шақыруды қабылдауды МСАК ұйымының тіркеу орны және (немесе) учаскелік мейіргер немесе фельдшер жүзеге асырады. Дәрігерді үйге шақыру үшін МСАК ұйымдары көрсететін "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске асырылған.МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде телефон байланысы арқылы немесе Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметті ұсынады. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК көрсететін ұйым Электронды үкімет порталы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Пациент МСАК ұйымына өз бетінше немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Шақыруларды тіркеу журналына" жазба жасайды және ауызша түрде дәрігердің келу күні мен уақыты көрсетілген жауапты береді. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі. Пациент Электронды үкімет порталы арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі. МСАК көрсететін ұйым ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

5.Амбулаториялық-емханалық көмек ерекшеліктерін атаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет