Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған



бет4/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
пмсп экзамен 3

Екінші кезеңге аудан орталықтарында ұйымдастырылған емдеу мекемелері кіреді.Бұл деңгейдегі негізгі мекеме мамандандырылған медициналық көмектің негізгі түрлерін көрсетуге болатын орталық аудандық аурухана болып табылады.Үшінші кезең – облыстық (аумақтық, республикалық) емдеу-профилактикалық мекемелерде мамандандырылған көмектің кез келген түрін көрсету. Ауылдық жердегі халықтың белгілі бір бөлігінің жақын маңдағы қалалардың емдеу мекемелерінде медициналық көмек (соның ішінде стационарлық көмек) алу мүмкіндігі бар.
8.Тұрғындардың ҚР медициналық мекемелеріне тіркелуі туралы түсінік (№194 ҚР ДСМ 13.11.2020 бұйрық) 
Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.
Бекіту науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі.
Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын емхананы таңдау ұсынылады.
3. МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:
1) қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты;
2) МСАК аумақтық қолжетімділігі;
3) аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
4) пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы;
5) меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, тең құқықтылық және адал бәсекелестік қағидаттарымен жүзеге асырылады.

3-1. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, босқындарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде медициналық көмек алуға құқығын іске асыру үшін жүзеге асырылады.


6. МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған жеке тұлға бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.
Бұрынғы МСАК ұйымында келесі жылға қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты болмаған жағдайда бекіту жыл сайын қорға 20 қарашадан кешіктірмей ұсынылатын бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылданған МСАК ұйымдарына нақты тұру орны бойынша аумақтық қолжетімділікті ескере отырып жүзеге асырылады.
МСАК ұйымына жеке тұлғаны бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет