Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін



бет1/2
Дата13.06.2016
өлшемі369.31 Kb.
#131678
  1   2
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 28.11.2011 10:45:03
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 Қаулысы

 

«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған:

1) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы;

2) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі;

3) техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 17 мамырдағы

523 қаулысымен



бекітілген

 

 

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Осы Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) көліктік бақылау органы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау органдары;

2) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі - механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негізде иеленетін жеке немесе заңды түлға;

3) міндетті техникалық байқау жүргізу - міндетті техникалық байқауға қатысушы ретінде өз құқықтарына және міндеттеріне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау орталығы жүзеге асыратын іс-қимылдар;

4) міндетті техникалық байқаудан өту - міндетті техникалық байқауға қатысушы ретінде өз құқықтарына және міндеттеріне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иесі жүзеге асыратын іс-қимылдар;

5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;

6) техникалық байқау орталығының маманы - механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүргізуді жүзеге асыратын техникалық байқау орталығының қызметкері;

7) бақылау-диагностикалық жабдық - механикалық көлік қүралдарын және олардың тіркемелерін техникалық жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін қолданылатын сынау жабдықтары және өлшеу құралдары.

4. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі - көлік құралдары) міндетті техникалық байқауды жүргізудің негізгі міндеттері:



1) жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының техникалық жай- күйінің сәйкестігін бағалау;

2) көлік құралдарының техникалық жай-күйінің осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкессіздігі салдарынан туындаған жол-көлік оқиғаларының алдын алу;

3) көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету;

4) көлік құралдарының техникалық жай-күйі бойынша статистикалық талдау болып табылады.

5. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпусқа және олардың дипломатиялық иммунитеті бар қызметкерлеріне, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындарға тиесілі көлік құралдарыы міндетті техникалық байқау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі ұйымдар арқылы жүргізіледі.

6. Әскери жағдай немесе жұмылдыру жариялаған, әскерлерді ұрысқа әзірліктің жоғарғы дәрежесіне көшірген кезде көлік құралдарының техникалық жай-күйін тексеру жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен техникалық байқау орталықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

 

 

2. Міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру тәртібі



 

7. Міндетті техникалық байқауды көлік құралының тіркелген жеріне және көлік құралы иесінің тұрғылықты жеріне қарамастан, бірақ көлік құралының санатына сәйкес техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілерін пайдалана отырып, техникалық байқау орталықтары жүргізеді.

8. Көлік құралдарының міндетті техникалық байқауын өткізу техникалық байқау орталықтарының тізіліміне қосылған күнінен бастап техникалық байқау орталықтары жүзеге асырады.

9. Техникалық байқау орталықтары жария шарт негізінде қызмет көрсетеді.

10. Көлік құралдарының иелері:



1) көлік құралының тіркелген жеріне және өзінің тұрғылықты жеріне (тұрғылықты орнына) қарамастан, міндетті техникалық байқаудан өту үшін техникалық байқау орталығын дербес таңдайды;

2) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігімен бекітілген міндетті техникалық байқауды өткізу мерзімінің шегінде міндетті техникалық байқаудан өту уақытын дербес анықтайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті техникалық байқаудан өтуді жеке немесе өздерінің өкілдері арқылы жүзеге асырады;

4) техникалық байқау орталықтарына техникалық байқау орталықтары белгілеген тариф шегінде міндетті техникалық байқау өткізу қызметтері үшін төлем жүргізеді;

5) міндетті техникалық байқаудан өту үшін осы Қағиданың 11 -тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11. Міндетті техникалық байқаудан өту үшін көлік құралының иесі техникалық байқау орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:



1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар;



3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарт.

12. Техникалық байқау орталықтары көлік құралдарының барлық иелері үшін міндетті техникалық байқау қызметтерін алудың тең жағдайын қамтамасыз етеді.

13. Техникалық байқау орталығы көлік құралдары иесінің өтініші бойынша көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу кезінде орындалатын жұмыстарға қатысты мәліметтерді хабарлайды.

14. Техникалық байқау орталығы:



1) міндетті техникалық байқауды өткізу жөніндегі жұмыстарды орындау үдерісінде осы Қағидада және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтайды;

2) пайдаланатын өндірістік үй-жайлар, жабдықтар, материалдық ресурстар жай-күйінің және оларды пайдалану шарттарының белгіленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;

3) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін есепке алу және беру журналында міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер бланкілерін жұмсауды есепке алуды жүзеге асырады;



4) міндетті техникалық байқауды өткізу құны және мерзімі туралы көліктік бақылау органына мәлімет ұсынады;

5) жеке тұлғалар ұсынған ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар негізінде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

15. Техникалық байқау орталықтарына:



1) көлік құралының иесіне міндетті техникалық байқау өткізуден немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын жасамай міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті беруден бас тартуға;

2) міндетті техникалық байқаудан өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық байқауды өткізу шарттарын өзгертуге;

3) көлік құралының иесінен міндетті техникалық байқауды өткізуге байланысты қосымша сыйақыны талап етуге тыйым салынады.

16. Көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу уақыты 30 минуттан аспайды.

17. Көлік құралдарына міндетті техникалық байқауды жүргізу мамандығы бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес, жоғары техникалық немесе орта-арнаулы техникалық білімі бар көлік құралдарының техникалық жай-күйінің технологиясын және диагностикалау эдісін білетін техникалық байқау орталығының маманы жүзеге асырады.

18. Техникалық байқау орталықтары қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуді қамтамасыз етеді.

19. Техникалық байқау орталығы елді мекендердің атауы, көлік құралдарына міндетті техникалық байқау жүргізу кезеңі (күні) және орны туралы мәліметтерді қамтитын, қызмет өңірі шегінде көлік құралдарының міндетті техникалық байқауды өткізу кестесін (бұдан әрі - Кесте) әзірлейді.

20. Кесте техникалық байқау орталығының тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде техникалық байқау орталығының тіркелген орны бойынша көліктік бақылау органына келісуге ұсынылады.

21. Көліктік бақылау органы келісуге ұсынылған Кестені ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

22. Кестені көліктік бақылау органымен келіскеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде техникалық байқау орталығы халықты Кесте туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдары арқылы хабарлайды.

23. Тізілімге енгізілген техникалық байқау орталығы санын көрсете отырып, міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерін (бұдан әрі - куэлік бланкілері) беру туралы өтінішпен көліктік бақылау органына жүгінеді.

24. Куәлік бланкілерін беру туралы өтінішті көліктік бақылау органы екі жұмыс күні ішінде қарайды.

25. Куәлік бланкілерін беру бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін бланктік өнімді өткізу қызметі үшін төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүргізіледі.

26. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес көліктік бақылау органы куәлік бланкілерін тіркеу, есепке алу және беру журналын жүргізеді.

27. Техникалық байқау орталықтарының міндетті техникалық байқауды өткізуден бас тартуға негізі:

1) көлік құралы иесінің осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;



2) жол қозғалысы саласындағы орталық уәкілетті органның келісімінсіз, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге ұсыну;

3) мемлекеттік нөмір белгілерінсіз не көлік құралының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін көлік құралдарын міндетті техникалық байқауға ұсыну болып табылады.

28. 27-тармақта көрсетілген міндетті техникалық байқауды өткізуден бас тарту негіздерінің бірі анықталған жағдайында техникалық байқау орталығы көлік құралы иесіне ол туралы тез арада хабарлайды.



 

 

3. Міндетті техникалық байқауды өткізу тәртібі



 

29. Көлік құралдарының міндетті техникалық байқауы техникалық байқау орталықтарының стационарлық және ұтқыр желілерінде жүзеге асырылады.

30. Міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.

31. Бақылау-диагностикалық жабдық кедергіден қорғау желісі арқылы жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректерді автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлі хаттама жөнінде міндетті техникалық байқау желілерінің бірыңғай басқару жүйесіне біріктіріледі.

32. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кіреді:



1) роликтік тежеуіш стендісі;

2) ілгішті тексеру стендісі;

3) люфт-детектор немесе люфтомер;

4) газ анализатор және түтін өлшегіш;

5) жарық фарын тексерудің электрондық аспабы.

33. Роликтік тежеуіш стендісі көлік құралының санатына байланысты:



1) М2, М3, N2, N3, 03, О4 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 16 тоннадан кем емес;

2) М1 N1, О1 02 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 2 тоннадан кем емес;

3) L3, L4, L5 санаттары үшін 1 доңғалаққа түсетін барынша салмақ 0,6 тонна.

34. Барлық тежеуіш стенділерінің санаттарына мыналар кіреді:



1) орнатылған өлшеу жүйесі;

2) тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру мүмкіндігі;

3) автомобильдің барлық түрлері үшін педальды күшейту өлшегіш датчигі;

4) көлік құралдарының тежеуіш жүйесіндегі қысымның түсуін пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкіндігі;

5) автомобиль тежеуіш жүйесінің іске қосылған уақытын тежеуіш жүйесінің пневматикалық жетегімен өлшеу мүмкіндігі;

6) тежеуіш стендінде тексеру кезінде жүк көлік құралы ролигінің секциясын көтеру мүмкіндігін немесе білігіне жүктемені имитациялауды қамтиды.

35. Газ анализатор және түтін өлшегіштер мыналарды қамтиды:



1) СО және СН газ анализатор;

2) Lambda коэффициентін өлшеу;

3) дизельді қозғалтқыштың түтін деңгейін өлшеу.

36. Жарық фарын тексерудің электрондық аспабы мыналарды қамтиды:



1) фарлардың барлық түрін тексеру;

2) жарық күшін тексеру.

37. Ақаулы және (немесе) белгіленген мерзімде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға тыйым салынады.

38. Көлік құралдары иелерінің құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетілген ақпараттық стенділері бар көлік құралдары иелері үшін қол жетімді жерде жабдықталады:

1) техникалық байқау орталығының жұмыс режимі;

2) техникалық байқау орталығының қызмет өңірі;

3) қызмет өңірінде міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесі;

4) көліктік бақылау органының байланыс телефондары;

5) техникалық байқау орталығының тарифтері.

39. Міндетті техникалық байқау өткізу екі кезеңді қамтиды: дайындық және негізгі.

40. Міндетті техникалық байқауды өткізудің дайындық кезеңінде:

1) көлік құралының маркасы, моделі және модификациясы белгіленеді;

2) көлік құралының түсі белгіленеді;

3) тіркеу белгілерінің бар болуы тексеріледі;

4) көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістердің болуы белгіленеді;

5) алынған қорытындылар көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерімен салыстырылады (салыстырылып тексеріледі).

41. Міндетті техникалық байқаудың негізгі кезеңі жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндерін, жекелеген құрамдас бөліктердің тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етілген шектеулерді, жұмыс қабілеттілігі көрсеткіштерінің шекті ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлік құралдарының конструкцияларын өзгертудің рұқсат етілген шегін шектеуді, оның ішінде:



1) тежеуді басқаруды:

жұмыс тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;

қосалқы тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;

тұрақта тұру тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;

қосалқы тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын;

блоктауға қарсы тежеу жүйесінің жұмыс істеуін.

2) рульді басқаруды:

руль тетігінің және оны бекітетін картердің, руль жетегінің, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуін;

жалпы люфті;

дөңгелектерді орнату бұрыштарын реттеу.

3) көру:

көру аясы;

әйнектердің жай-күйі;

артқы көру айнасы және аспаптар; әйнек тазалағыштар; әйнек жуғыштар.

4) сыртқы жарық аспаптарының, көзді шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстері, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары:

фаралар;

алдыңғы және артқы габариттік (бүйір) оттары, бүйір сигналдық шамдары;

тежеу сигналдары;

бұрылу көрсеткіштері;

алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;

артқа жүру шамдары;

артқы нөмірлік белгіні жарықтандыру кіші лампалары;

жарық көзге шағыстырғыштар, бүйірлік көзге шағыстырғыштар, артқы тану белгілері;

бақылау сигналдары;

сүйреуіш пен тіркеменің немесе жартылай тіркеменің арасындағы электр қосылғыштар;

электр сымдары; міндетті емес оттар; аккумуляторлар.

5) біліктер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар:

біліктердің механикалық жай-күйі;

дөңгелектер мен шиналардың өлшемі, сипаттамалары және тозуы;

аспа элементтерінің және оларды бекіткіштердің (рессорлар, амортизаторлар, құбырлар, беруші айналмалы моменттің, итергіш штангалар мен аспа иінтірегішінің, сондай-ақ шарнирлік элементтердің) механикалық жай-күйі.

6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекіту элементтерінің:

түтін түтіктері мен тұншықтырғыштардың;

автокөлік құралының салоны мен кабинасында зиянды заттар құрамының;

отын багы мен құбыр жолдардың (жылытуға және құбыр жолдарға арналған отын багын қоса алғанда);

бамперлердің, бүйірлік қорғану және артқы сырғанауға қарсы құрылғының;

қосалқы дөңгелек кронштейндерінің;

тіркеу құрылғысының;

трансмиссиялардың;

қуат агрегатын бекіткіштің;

аудару механизмінің;

кабина немесе шанақ қондырғыларының;

есіктер және есік құлыптарының;

еденнің;

жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының;

басқару органдарының;

кабина мен шанақ басқыштарының;

басқа да ішкі және сыртқы фитингілердің;

шашыратқыштардың (қанаттардың), шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйі мен жұмыс істеуі.

7) басқа да жабдықтың:

қауіпсіздік белдіктерінің, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекіту орындарының;

өрт сөндіру құралдарының;

құлыптар мен айдап әкетуге қарсы құрылғылардың;

авариялық тоқтау белгілерінің;

алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының;

дөңгелектердің астына салынатын сырғанауға қарсы тіреуіштердің;

дыбыстық сигнал беру жүйесінің;

спидометрдің;

оларға міндетті жабдықтауға жататын көлік құрылдарына арналған тахографтың;

жылдамдықты шектеуге арналған құрылғының бар-жоғы, жай-күйі және жұмыс істеуі.

8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:

шу;

пайдаланылған газдар;

радиокедергілер деңгейі;

сұйықтықтардың ағуы.

42. Міндетті техникалық байқауды өткізудің негізгі кезеңінде көлік құралының қандай да бір бөлігін ажыратусыз немесе алып тастаусыз орындалады.

43. Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің техникалық жай-күйі автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйінде де (тартым-тіркеме құрылғысы мен тежегіш блоктауының дұрыстығын бақылау үшін) тексеріледі.

44. Жүк автомобильдерінің, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің техникалық жай-күйін тексеру толық жүктеме кезінде жүргізіледі.

45. Көлік құралын міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері бойынша техникалық байқау орталығы техникалық байқаудың диагностикалық картасын (бұдан әрі - диагностикалық карта) жасайды, оның негізінде міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәлік оның қолданылу мерзімі көрсетіле отырып беріледі.

46. Диагностикалық картаға техникалық байқау орталығының маманы қол қояды және көлік құралының иесіне беріледі.

47. Міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы куәлікке техникалық байқау орталығының басшысы немесе оның орнын басатын тұлға қол қояды.

48. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық байқау орталығы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде қағаз және электрондық түрде жүргізеді.

49. Стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желілері міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты қалыптастыру, сақтау және беру үшін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақталады.

50. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай басқару жүйесі орталықтандырылған, бірыңғай цифрлық хаттама бойынша біріктірілген және мынадай талаптарға жауап береді:



1) бақылау-диагностикалық жабдықты басқару үшін белгіленген бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы;

2) цифрлық хаттама негізінде жұмыс істеу;

3) ресми және (немесе) мемлекеттік тілдердегі интерфейсі болады.

51. Бағдарламалық-аппараттық кешен компьютерлік жабдықты және көлік құралының фото немесе бейне белгілеу құралдарын қамтиды.

52. Міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне көлік құралының иесі, көлік құралы, міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері, куәліктердің берілген бланктері туралы ақпарат беріледі.

53. Егер міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері бойынша көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталмаса, міндетті техникалық байқау өткізілді деп саналады.



Бұл жағдайда көлік құралының иесіне диагностикалық картаның негізінде міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы куәлік келесі міндетті техникалық байқауды жүргізу күнін көрсетіле отырып беріледі.

54. Егер міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері бойынша көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталса, міндетті техникалық байқау өткізілген жоқ деп танылады.



Бұл жағдайда көлік құралының иесіне ақаулары көрсетілген диагностикалық карта беріледі.

55. Көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейін көлік құралының иесі оны міндетті техникалық байқауды қайта жүргізу үшін ұсынады.

56. Көлік құралын қайта міндетті техникалық байқау бірінші міндетті техникалық байқау жүргізілген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргізіледі.

57. Көлік құралын қайта міндетті техникалық байқау кезінде бірінші міндетті техникалық байқау жүргізілген техникалық байқау орталығында міндетті техникалық байқау белгіленген критерийлерге сай келмеген және бұл туралы диагностикалық картада көрсетілген көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі.



Бұл жағдайда техникалық байқау орталығы жаңадан қаралатын позицияларды тексеру үшін ғана төлемақы алады.

58. Техникалық байқау орталықтарына көлік құралының иесіне қайта міндетті техникалық байқауды жүргізуден бас тартуға рүқсат етілмейді.

59. Көлік құралы иесінің міндетті техникалық байқауды жүргізу кезінде ақауларды анықтағаннан кейін қайта міндетті техникалық байқауға ұсынуының ең ұзақ мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды.

60. Күнтізбелік он күн өткеннен кейін көлік құралының жай-күйін осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

61. Егер қайта міндетті техникалық байқау жүргізу кезінде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетілген, көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгіленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта міндетті техникалық байқау нәтижелері көрсетіледі.

62. Техникалық байқау орталығы көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері туралы дерекқорды күнделікті (өсу нәтижесімен) резервті көшіруді, сондай-ақ міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері туралы ақпараты бар дерекқор көшірмелерін мұрағатты сақтауды (өсу нәтижесімен) ұйымдастырады. Дерекқор көшірмелері үш жыл бойы сақталады.

63. Техникалық байқау орталығының техникалық байқаудың стационарлық желілерінің көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды жүргізулері бойынша ақпарат күн сайын онлайн режимінде көліктік бақылау органына ұсынылады.

64. Техникалық байқау орталығының техникалық байқаудың ұтқыр желілерінің көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды жүргізулері бойынша ақпарат күнтізбелік екі күнде бір рет көліктік бақылау органына ұсынылады.

65. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өтулерін есепке алу, көлік құралдарының техникалық жай-күйі бойынша статистикалық талдау және жеке тұлғалар ағымдағы жыл үшін көлік құралдары салығын төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау туралы ақпаратты салық қызметі органдарына беруге және есебін жүргізу үшін арналған.

66. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер бланкілерінің және халықаралық техникалық тексеру сертификаттары бланкілерінің нөмірлік есебі жүргізіледі.

67. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін толтыру талаптарын уәкілетті орган бекітеді.

68. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйені жаңартуды көліктік бақылау органдары күн сайын техникалық байқау орталықтары ұсынған ақпараттар мен құжаттардың негізінде жүзеге асырады.

69. Көліктік бақылау органы техникалық байқау орталықтары ұсынған көлік құралы туралы деректерді міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректерімен салыстыруды жүргізеді.

 

Механикалық көлік құралдарын



және олардың тіркемелерін міндетті

техникалық байқауды ұйымдастыру

және жүргізу

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет