«Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін



Дата07.07.2016
өлшемі112.57 Kb.
#183199


«Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына

салыстырма кесте


р/с№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Енгізілетін түзетулерді

негіздеу

«Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысы

1.

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасының (бұдан әрі - Қағида)

20-тармағы

мынадай редакцияда жазылсын


20. Кесте техникалық байқау операторының тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде техникалық байқау операторының тiркелген орны бойынша көлiктiк бақылау органына келiсуге ұсынылады.

20. Кесте техникалық байқау операторының тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде техникалық байқау орталығының орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органына келiсуге ұсынылады.

Техникалық байқау орталықтары, Астана мен Алматы қалаларының әкімшілік шекараларында орналасқан техникалық байқау орталықтары Ақмола және Алматы облыстарының жергілікті атқарушы органдарына тиісінше келісуге Кестені ұсынады.

Жергілікті атқарушы органға келісуге Кестені кейін ұсынуды техникалық байқау операторы жыл сайын қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында.

2.

Қағиданың

21-тармағы

мынадай редакцияда жазылсын



21. Көлiктiк бақылау органы келiсуге ұсынылған кестенi ол келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.

21. Жергілікті атқарушы органы келiсуге ұсынылған Кестенi ол келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында.


3.

Қағиданың

22-тармағы

мынадай редакцияда жазылсын


22. Кестенi көлiктiк бақылау органымен келiскеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде техникалық байқау операторы халықты кесте туралы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдары арқылы хабарлайды.



22. Кестенi жергілікті атқарушы органымен келiскеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде техникалық байқау операторы халықты кесте туралы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдары арқылы хабарландырады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында.


4.

Қағиданың

41-тармағының

6) тармақшасының

3-абзацы



алынып тасталсын

41. Мiндеттi техникалық байқаудың негiзгi кезеңi жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн, жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi, жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлiк құралдарының  конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi, оның iшiнде:

...


6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң:
   түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың;
   көлiк құралының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты) салоны мен кабинасында зиянды заттардың болуы;
   тiркеу құрылғыларының;

еденнiң (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);

жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
   бамперлердің, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi;

...


41. Мiндеттi техникалық байқаудың негiзгi кезеңi жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн, жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi, жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлiк құралдарының  конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi, оның iшiнде:

...


6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң:
   түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың;
    алынып тасталсын;

тiркеу құрылғыларының;

еденнiң (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);

жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);


   бамперлердің, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi;

...


Қағида нормаларында қайшылықтарды болдырмау мақсатында.

Атап айтқанда Қағиданың 41-тармағының 6) тармақшасында көлік құралдарының (тек автобустарға, шағын автобустар мен таксиге қатысты) салонында және кабинетінде зиянды заттардың болуын тексеру көзделген.

Өз кезегінде осы норма Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын көлік құралдарының сәйкестігін растау кезінде қолданылады.

Бұл ретте техникалық байқау процесінде көлік құралының салонында және кабинетінде зиянды заттардың болуына объективті тексеру жүргізу өндірісте тиісті жабдықтың болмау себебінен мүмкін емес.





5.

Қағиданың

47-тармағы

мынадай редакцияда жазылсын


47. Мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiкке техникалық байқау операторының басшысы немесе оның орнын басатын адам қол қояды.


47. Мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiкке техникалық байқау операторының басшысы немесе бұған уәкілеттік берілген тұлға қол қояды.

Техникалық байқау өткізу рәсімін оңайлату міндетті техникалық байқауды өткені туралы куәлікті ресімдеуге және оған қол қоюға уақытты қысқарту мақсатында.


6.

Қағиданың

63-тармағы

мынадай редакцияда жазылсын


63. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпарат күн сайын онлайн режимiнде көлiктiк бақылау органына ұсынылады.

63. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпараты күн сайын онлайн режимiнде мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.

Қазіргі уақытта барлық техникалық байқау орталықтарында «Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілген және жұмыс істейді, ол деректер жинау рәсімін оңайлатуға мүмкіндік берді.

Осыған байланысты техникалық байқаудан өту нәтижелері туралы барлық ақпарат стационарлық желіден онлайн режимінде осы жүйеге түседі.




7.

Қағиданың

64-тармағы

мынадай редакцияда жазылсын


64. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпарат күнтiзбелiк екi күнде бiр рет көлiктiк бақылау органына ұсынылады.



64. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпараты күнтiзбелiк екi күнде бiр рет мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.

Қазіргі уақытта барлық техникалық байқау орталықтарында «Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілген және жұмыс істейді, ол деректер жинау рәсімін оңайлатуға мүмкіндік берді.

Осыған байланысты техникалық байқаудан өту нәтижелері туралы барлық ақпарат ұтқыр желіден осы жүйеге түседі.




8.

Қағиданың

66-тармағы

мынадай редакцияда жазылсын


66. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiктер бланкiлерiнiң және халықаралық техникалық тексеру сертификаттары бланкiлерiнiң нөмiрлiк есебi жүргiзiледi.



66. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiктер бланкiлерiнiң нөмiрлiк есебi жүргiзiледi.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында.


9.

Қағиданың

68-тармағы



алынып тасталсын

68. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйенi жаңартуды көлiктiк бақылау органдары күн сайын техникалық байқау операторлары ұсынған ақпараттар мен құжаттардың негiзiнде жүзеге асырады.



алынып тасталсын;

Қазіргі уақытта барлық техникалық байқау орталықтарында «Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілген және жұмыс істейді, ол деректер жинау рәсімін оңайлатуға мүмкіндік берді.

Осыған байланысты техникалық байқаудан өту нәтижелері туралы барлық ақпарат стационарлық желіден онлайн режимінде осы жүйеге түседі.




10.

Қағиданың

69-тармағы



алынып тасталсын

69. Көлiктiк бақылау органы техникалық байқау операторлары ұсынған көлiк құралы туралы деректердi мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң деректерiмен салыстыруды жүргiзедi.

алынып тасталсын;

Қазіргі уақытта барлық техникалық байқау орталықтарында «Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілген және жұмыс істейді, ол деректер жинау рәсімін оңайлатуға мүмкіндік берді.

Осыған байланысты техникалық байқаудан өту нәтижелері туралы барлық ақпарат стационарлық желіден онлайн режимінде осы жүйеге түседі.




11.

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін  міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі

мынадай редакцияда жазылсын




1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу техникалық байқау орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
     1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын;
     2) әрбір 24 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін;

3) әрбір 36 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылға дейін.


     2. Адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ жүк автомобильдері меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
     3. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.
     Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы мамыр - қыркүйек аралығында мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын, таксиді қоспағанда, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген M1 санатты механикалық көлік құралдарына қолданылмайды.
      Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген механикалық көлік құралдары:
     1) мемлекеттік техникалық байқаудан:
     2011 жылғы мамырда өткендер 2012 жылғы қарашада міндетті техникалық байқаудан өтеді;
     2011 жылғы маусымда өткендер 2012 жылғы желтоқсанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
     2) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан:
     2011 жылғы шілдеде өткендер 2013 жылғы қаңтарда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
     2011 жылғы тамызда өткендер 2013 жылғы ақпанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
     2011 жылғы қыркүйекте өткендер 2013 жылғы наурызда міндетті техникалық байқаудан өтеді.

1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу техникалық байқау орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:

1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан асатын;

2) әрбір 24 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін;

3) әрбір 36 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылға дейін.

2. Адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ жүк автомобильдері меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық
байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.

3. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.

4. Жүк автомобильдері және оларға тіркемелер меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір он екі ай сайын өтеді

5. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі 1, 2, 3 және 4-тармақтарда көрсетілген кезеңділікке сәйкес бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.



Редакцияны нақтылау және көлік құралдарының жекелеген санаттарына техникалық байқау өткізу кезеңділігін белгілеу мақсатында.




Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация

министрі А. Жұмағалиев



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет