Мейірбике ісі негіздері



Дата05.12.2023
өлшемі54.38 Kb.
#485464
тест мейіргер ісі


Мейірбике ісі негіздері
1.Медбикелік ісінің философиялық негізгі принциптерін атаңыз:.
| өмірге деген, адам құқықына, жетістіктеріне құрмет+
| мамандыққа адалдық, тәуелсіздік
| тәуелсіздік, науқастың құқығын қорғау
| адалдық, парыз
| мейірімділік, мамандыққа адалдық
2. Ятрогения дегеніміз ... .
| мед.қызметкерлерінің іс-әрекеттері қателіктерінен дамитын ауру+
| операциядан кейiнгi кезең ауруы
| дәрi – дәрмек қабылдағаннан кейiнгi ауру
| емдiк тәртіпті сақтамаудан кейінгi ауру
| аурудан кейiнгi асқыну
~3.Медициналық деонтология дегеніміз ... туралы iлiм.
| кәсіби мiндет, адамгершілік, мораль+
| дәрiгерлiк құпия
| адамды рухани тұрғыдан тәрбиелеу
| қоршаған ортаның көркемдігі
| халық арасындағы адамгершілік
~ Харди бойынша медбикелердiң ... түрлерi кездеседі.
| аналық, рутинерлі, жүйкесі жұқарған, еркек шора, артист тәрiздi+
| жүйкесі жұқарған, кекшiл, құбылмалы, аналық
| еркек шора, тынымсыз, мылжың, бәдік, жалқау
| психо-эмоционалды жан-жақты тұрақсыз
| тар мамандандырылған, еркек шора, мұқиятсыз, дөрекi
~ Сестрогения бұл ... .
| мейірбикенің науқасқа жағымсыз әсер етуі+
| науқастың бір-біріне жағымсыз әсер етуі
| науқастың өзі туралы кері ойда болуы
| дәрігердің науқасқа жағымсыз әсер етуі
| қоршаған ортаның науқасқа жағымсыз әсер етуі
~ Медбике iсi философиясының негiзгi түсiнiктерi:
| науқастың, медбикенің, қоршаған ортаның, денсаулықтың бір-біріне әсер етуі+
| денсаулық, экология, жақсылық жасау, күту
| күтiм, кәсiптiлiк, медбике, қоршаған орта
| парыз, этика, деонтология, мораль
| деонтология, этика, медбике, науқас
~ Медбике iсiнiң негiзiн қалаушы:
| Флоренс Найтингейл+
| Даша Севастопольская
| Екатерина Бакунина
| Варвара Щедрина
| Наташа Дробина
~ Медбикенің негізгі міндеттері:
| медбикелік күтім жасау +
| өзін- өзі тану
| науқасқа рухани қолдау көрсету
| өзара келісу
| кәсіптік биіктеу
~ Медбикенің оқу үрдісіне кіреді:
| науқастарды өзін – өзі күтуге үйрету+
| кәсіптік әдебиеттерді танып білу
| қоғамдық мекемелердегі жұмыстарға қатысу
| кәсіптік стандарттарды іріктеу
| екінші мамандық алу
~ Медбикелік процестердің жасалу шарттары:
| медбике ісі процесстерінің барлық этаптары құжатталуы міндетті+
| науқасқа қатысты ақпараттар тек емдеуші дәрігерден беріледі
| күтім жасау және жоспарлауға қатысты шешімде дәрігердің қатысуы
| медбике ісі процестерінің этаптары ауруханалық науқастың медициналық картасында құжатталады
| медбике қатысуының нәтижесін бағалауда медбикенің кәсіптік деңгейі есептеледі
~ Емдік алдын-алу мекемесінің амбулаторлық типіне жатады:
| емхана және медсан бөлім+
| госпиталь және перзентхана
| стационар және профилактория
| хоспис және перзентхана
| жедел жәрдем станциясы және клиника
~ Емдік алдын-алу мекемесінің стационарлық типіне жатады:
| аурухана және хоспис+
| диспансер және амбулатория
| госпиталь және емхана
| жедел жәрдем станциясы және медсанбөлім
| клиника және фельдшер-акушерлік пункт
~ Тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді:
| стационар және хоспис+
| әйелдер кеңесі және перзентхана
| госпиталь және емхана
| жедел жәрдем станциясы және профилактория
| отбасылық дәрігерлік амбулатория және диагностикалық орталықтар
~ Жүкті әйелдерге медициналық көмекті көрсетеді.
| әйелдер кеңесі және перзентхана+
| госпиталь және перинатальдық орталық
| диспансер және хоспис
| профилактория және хоспис
| емхана және медпункт
~ Стационардағы бөлімшенің құрылымына кіреді:
| қабылдау және емдік бөлімшелер+
| тіркеу болімі және дені сау бала бөлмесі
| профилактикалық бөлімше және егу бөлмесі
| дені сау бала бөлмесі және диагностикалық бөлімше
| қабылдау бөлімі және жасөспірім бөлмесі
~ Емдік бөлімшенің құрылымына кірмейді.
| дәріхана және зертхана+
| егу бөлмесі және асхана
| клизма және таңу бөлмесі
| манипуляция және жуыну бөлмесі
| палаталар және әжетхана
~ Посттағы медбикенің атқару қызметі.
| науқастың жалпы жағдайын бақылау+
| жеке мамандардың кеңесі
| емдік дене шынықтыруды жүргізу
| зертханалық тексерулерді жүргізу
| фармакотерапия
~ Инфекцияның таралу жолдарына жатпайды.
| жалпы +
| аэрогенді
| трансмиссивті
| контактты
| фекальды-оральды
~ Заманауи сатыдағы ауруханаішілік инфекцияның көбею жолдарының себептері:
| дәрілік тұрақты микроорганизмдердің пайда болуы+
| халықтың санитарлы мәдениетінің жоғарлауы
| медициналық қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылауда
| медициналық қызметкерлердің вакцинация жасауы
| мекеменің науқасқа күтім жүйесіндегі дұрыстығы
~ Патогенді, шартты – патогенді микроорганизмдердің және тасымалдаушы инфекциялық ауруларды жою тәсілі бұл - ... .
| дезинсекция+
| дегазация
| демеркуризация
| антисептика
| асептика
~ Дезинфекция түрлері:
| ошақты+
| медициналық
| тұрмыстық
| индивидуальды
| санитарлы
~ Науқастың киімін, төсек орнын дезинфекциялау ... жүргізіледі.
| 2% хлорамин ерітіндісіне салып+
| формалин буы және ауа буы камерасына салып қою әдісімен
| жуғыш ерітіндісіне салып
| кварцтандыру
| қайнату әдісімен
~ Дезинсекция бұл … .
| зиянды шыбын-шіркейлерді жою+
| инфекцияларды жою
| науқасты санитарлық өңдеу
| гигиенаны сақтау шаралары
| микробтарды жою
~ Медбике iсi философиясының негiзгi түсiнiктерi:
| науқастың, медбикенің, қоршаған ортаның, денсаулықтың бір-біріне әсер етуі+
| денсаулық, экология, жақсылық жасау, күту
| күтiм, кәсiптiлiк, медбике, қоршаған орта
| парыз, этика, деонтология, мораль
| деонтология, этика, медбике, науқас
~ Құрғақ ауалы шкафта стерилизация ... температурада жүргізіледі.
| 180 градуста-60 минут+
| 160 градуста-15 минут
| 132 градуста-20 минут
| 120 градуста-25 минут
~ Құрал- саймандарды стерилизациялау үшін қолданылатын химиялық ерітінді:
| 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі+
| 70% спирт
| 1:5000 фурацилин ерітіндісі
| 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі
| калия перманганат ерітіндісі
~ Құрал-саймандарды дезинфекциялау үшін... сутегінің асқын тотығы қолданылады.
| 6 %+
| 33 %

| 4 %
| 3 %

| 2 %
~ Дезинфекциялау үшін ерітіндіні сақтау уақыты:
| 1 күн+
| 7 күн

| 1 рет пайдалану


| ерітіндінің түсі өзгергенше
| 2 күн
~ Кейбір стерильді биксте заттар өзінің стерильділігін ... сақтайды.
| 3 күн+
| 1 күн

| 12 сағат


| 7 күн

| 2 күн
~ Дезинфекция тәсілдері:


| механикалық, физикалық, химиялық+
| ошақты,термикалық,аралас
| профилактикалық, қорытынды, ағымды
| ауа-тамшысы,радияциялық, механикалық
| химиялық,термиялық,радияциялық.
~ Дезинфекцияның физикалық түріне кіреді:
| қайнау, күйдіру,ултракүлгін сауле+
| қолды сумен жуу,ылғалды тазалау,желдету
| дезинфектантты батыру,қайнау
| қолды антисептикалық өңдеу,күйдіру
| ултракүлгін сауле, ылғалды тазалау
~ Аптасына 1 рет қорытынды тазалау жүргізілетін медицина мекемесінің бөлмелері:
| еу бөлмесі+
| терапиялық бөлімшенің палаталары
| гигиеналық бөлме
| әжетхана
| неврологиялық бөлімшенің палаталары
~ Әр тазалаудан кейін 30 минут ағымында квартцтау жүргізіледі:
| инфекционды бокста+
| терапиялық палаталарда
| босану алды палаталарда
| рентген кабинетте
| функциональды диагностика кабинетінде
~ Медициналық құралдарда стерилизация жүргізіледі:
| қанмен немесе егу заттарымен контактіде+
| зақымдалмаған терімен жақындасқанда
| дәрілік заттардың сыртқы беткейімен контактіде
| ауыр науқастарды тамақтандыруда
| науқастарды жуындырарда
~ Стерилизация тәсілдері:
| химиялық,термиялық,радияциялық+
| механикалық, физикалық, химиялық
| аралас ,термикалық, биологиялық
| механикалық , радияциялық, физикалық
| термикалық, биологиялық, механикалық
~ Стерилизацияның термикалық түріне кіреді:
| булы, ауалы+
| газды, ультрадыбысты
| гласперленді, инфрақызыл сәуле
| химиялық, биологиялық
| дез.ерітінді қайнау
~ Қабылдау бөлімінің міндетіне кіреді:
| науқастарды қабылдау және тіркеу+
| халықты профилактикалық қарау
| иммунды профилактика
| халықты санитарлы қарау
| науқастарды емдеу
~ Қабылдау бөлімінің құрамына кіреді:
| қарау бөлмелері , изоляторлар+
| ота жасау және рентген бөлмесі
| науқастар асханасы, клиникалық зертхана
| физ. кабинет, егу бөлмесі
| реанимациялық, тексеруден өткізу
~ Қабылдау бөліміндегі медбикенің қызметіне кірмейді:
| емдік тексеруді тағайындау+
| паспорттық бөлімді толтыру “стационардағы науқастың едициналық картасы”
| науқасты педикулезге тексеру
| науқасты санитарлы өңдеуді бақылау және ұйымдастыру
| науқастарды тіркеу журналында “науқастарды қабылдау және жатудан бас тарту”
~ Қабылдау бөлімінің құжаттары:
| науқастарды қабылдау және жатудан бас тарту журналы+
| дәрігерлік тағайындау журналы
| кезекшілікті тапсыру журналы
| амбулаторлы карта
| егу журналы
~ Қабылдау бөлімінде науқастың толық санитарлы өңдеуден өтуі:
| гигиеналық душ, ванна, дезинсекция+
| сурту, дезинфекциялық құралдардың күтімі
| бас жуу, жеке заттардың дезинфекциясы
| төсек жабындысын жуу, қолын деконтаминациялау
| ауруханалық таза киімдерін кию
~ Қабылдау бөліміне қайта түскен науқастан педикулез табылды. Медбикенің іс-әрекеті:
| қабылдау бөліміндегі санөткізуде педикулезге қарсы өңдеу жүргізу+
| науқасты дезинфекциялық станцияға педикулезге қарсы өңдеуге жіберу
| педикулезге қарсы өңдеуді емдік бөлімшеде жүргізу
| педикулез табылғанын бас дәрігерге хабарлау
| науқасты боксталған палатаға жатқызу
~ Науқас мәжбүрлі қалыпта болады:
| бронх астмасы ұстамасында+
| бронхитте
| гипертониялық ауруларда
| гастритте
| пиелонефритте
~ Науқастың жеке гигиенасына кіреді:
| ауыз қуысының күтімі+
| көкірек өлшемін анықтау
| бой өлшемін анықтау
| салмағын анықтау
| науқасты тамақтандыру
~ Ауыр науқастың гигиеналық күтіміне кіреді:
| басын жуу, тері күтімі+
| тамақтандыру, тыныс алуын бақылау
| диурезді анықтау, термометрия
| жуындыру, АҚҚ өлшеу
| пульсті және үлкен дәретін бақылау
~ Ауыз қуысының санациясы ... ерітіндімен жүргізіледі:
| фурациллин ерітіндісі 1:5000+
| 0,5% гипохлорид кальций ерітіндісі
| 3 % сутегінің асқын тотығы
| хлоргексидин ерітіндісі
| 5% глюкоза ерітіндісі
~ Ауыр науқас күтімі кезінде ауыз қуысын өңдеуге ... қолданылмайды.
| бор қышқылы ерітіндісі+
| натрий гидрокарбонат ерітіндісі
| фурациллин ерітіндісі
| йод ерітіндісі
| калий перманганат ерітіндісі
~ Көз күтімі ... мақсатында жүргізілмейді.
| дезинфекция жасау+
| дәрілік заттарды орау
| емдік процедураны орындау
| ауыр науқастарға таңғы жуыну
| көздің өткірлігін тексеру
~ Еріннің құрғауымен жарылуын алдын алу мақсатында ... жағылмайды.
| 2% бор қышқылы ерітіндісі+
| гигиеналық далап
| вазелин майы
| глицерин
| cары май
~ Ауыз қуысын шаю ... көмегімен жүргізілмейді.
| Эсмарх кружкасы+
| Жане шприці
| резиналық груша
| пипеткалар
| туфер
~ Екі медбике көмегімен науқасты тасымалдау түрі ... .
| «науқасты шынтағынан көтеру» әдісі+
| «науқасты қолтығынан көтеру» әдісі
| науқасты жүрген кезінде сүйеу
| Фаулер қалпында науқасты қозғалту
| Симс қалпында науқасты қозғалту
~ 54.Аурухана бөлімшесіндегі палаталар мен медициналық құралдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою ... деп аталады.
| дезинфекция+
| стерилизация
| асептика
| антисептика
| кварцтау
~ Науқастың төсек жаймаларын (матрац, жастық, корпе) дезинфекциялау ... жүргізіледі.
| формалин буы және ауа буы бар камерададезинфекция+
| қайнатып жуу
| 2% хлорамин ерітіндісі
| кварцтау
| қағып желдету
~ Науқастың киімін, төсек орнын дезинфекциялау ... жүргізіледі.
| 2% хлорамин ерітіндісіне салып+
| формалин буы және ауа буы камерасына салып қою әдісімен
| жуғыш ерітіндісіне салып
| кварцтандыру
| қайнату әдісімен
~ Аурухана бөлмесін ылғалды жинау реті:
| 3 рет+
| 1рет

| 2 рет
| 4 рет

5 рет
~ Егу бөлмесінде жалпылымы тазалау жиілігі:
| аптасына 1 рет+
| айына 1 рет
| аптасына 2 рет
| аптасына 3 рет
| күнделікті
~ Қазақстанда емдеу мекемелерінде санитарлық – эпидемиологиялық тәртіпті сақтау үшін қолданылатын бұйрық:
| № 1050, 476 бұйрық+
| № 330, 241 бұйрық
| № 702 бұйрық
| № 218, 150 бұйрық
| № 630, 780 бұйрық
~ Палатадағы максималды төсек орын саны:
| 6+
| 4

| 2
| 10



| 20
~ Емдеу палатасында ( 1төсек орын есебімен) аудан нормативі:
| 7 кв.м.+
| 3 кв.м.
| 5 кв.м.
| 10 кв.м.
| 12 кв. м
~ Науқастың дәрет алуы үшін қолданылатын ерітінді:
| фурациллин, жылы су+
| этил спирті
| сутегінің асқын тотығы
| хлорамин
| лидекаин
~ Жыныс мүшелерін өңдеу реттілігін анықта:
| қасаға аймағын, сыртқы жыныс мүшелерін, шат, аналь тесігінің аймағы+
| сыртқы жыныс мүшесі,шат,қасаға аймағы,аналь тесігінің аймағы
| аналь тесігінің аймағы,шат,сыртқы жыныс мүшесі,қасаға аймағы
| қасаға аймағы, сыртқы жыныс мүшелерi, қасаға аймағы
| аналь тесігі аймағы.
~ Қолданылғаннан кейін қайшыны дезинфекциялайды:
| 70% этил спирті ертіндісімен+
| 0,5% хлорамин ерітіндісі
| ағын сумен жуу
| сутегі асқын тотығы
| 0,5% новокаин ерітіндісі
~ Басты жуу,тырнақтардың алынуы жүргізіледі:
| жеті күнде бір рет+
| ластанғанына байланысты
| аптасына екі рет
| он күнде бір рет
| айына бір рет
~ Педикулезбен күрес үшiн қолданылмайды:
| сутегі асқын тотығы+
| 0,15% карбофос ерітіндісі, ниттифор
| 10% сабын-керосин эмульсиясының сулы ертіндісі
| 10% сірке қышқылы ерітіндісі
| 70 % этил спирті
~ Сіркені жою үшін қолданылады:
| жылы асханалық сірке су+
| сутегі асқын тотығы
| сабынды су
| сынапты май
| қожалық сабыны
~ Ойықтардың пайда болуының бастапқы кезеңінде ... жүргізуге болмайды.
| хирургиялық емдеуді+
| мамандандырылған шараларды күшейтуді (төсектің құрамы науқастың қалпын ауыстыру, теріні мұқият күту)
| зақымдалған аймаққа физиопроцедураны тағайындауды (УВЧ, УКС)
| зақымдалғын аймақты 1% бриллиант көгі ерітіндісімен өңдеу
| қою калий перманганат ерітіндісімен, 5-10% йод ерітінідісімен.
~ Төсектік тәртіптегі науқастың беті мен мойнын жуу жиілігі:
| 2-3 рет тәулігіне+
| 1 рет екі тәулікте
| 2 рет аптасына
| 1 рет аптасына
| кунделікті тәулігіне 1 рет
~ Ойық жараның алдын – алуына ... жатады.
| әр 2 сағат сайын қалпын ауыстыру+
| күніне 2 рет қалпын ауыстыру
| теріні бириллиант көгімен өңдеу
| термометрия
| сұйықтықты шектеу
~ Құлақ күтімі үшін қолданылады:
| шприц Жане+
| корнцанг
| пинцет
| шприц 5,0 мл
| күрекше
~ Ойық жараның негізгі түзілу факторына жатады:
| трение,тіндердің басылуы+
| анемия,ауырсыну
| күйзелу, семіздік
| ауырсынуды басатын дәрілер
| палаталық тәртіп, ортопноэ
~ Ойық жараның түзілу факторы:
| науқастың мүгедек болуы+
| психикалық тербіліс
| рухани тербеліс
| жеке гигиенаны сақтау
| жоғары ақуызды тамақтану
~ Ойық жараның бірінші сатысына жатады:
| тері қабаты бұзылмаған, тұрақты гиперемия+
| баздану, барлық жұмсақ тіндердіңің зақымдануы
| эпидермистің ажырауы, қанағыштық
| көпіршіктердің түзілуі, іріңдеуі
| тері қабатының бұлшықетке дейін зақымдануы
~ Ойық жараның екінші сатысына жатады:
| эпидермистің ажырау, көпіршіктердің түзілуі+
| баздану, тұрақты гиперемия
| тері қабаты зақымданбаған, бозару
| тері қабатының бұлшықетке дейін зақымдануы
| барлық жұмсақ тіндердің зақымдануы
~ Ойық жараның үшінші сатысына жатады:
| жағымсыз иіс, тері қабатының бұлшықетке дейін зақымдануы+
| эпидермистің ажырау, көпіршіктердің түзілуі
| тері қабаты зақымданбаған
| тұрақты гиперемия, сұйық бөліністер
| барлық жұмсақ тіндердің зақымдануы
~ Ойық жараның төртінші сатысына жатады:
| барлық жұмсақ тіндердің сүйекке дейін зақымдануы, ауырсыну+
| эпидермистің ажырауы, көпіршіктердің түзілуі
| тұрақты гиперемия, қызыл-көк дақтар
| тері қабатының бұлшықетке дейін зақымдануы
| жағымсыз иіс, тері қабатының бұлшықетке дейін зақымдануы
~ Ойық жараның бірінші сатысында мейірбикенің іс-әрекеті:
| қысым, діріл, ауытқу факторларын жою+
| теріні калий перманганаты ерітіндісімен өңдеу
| жараны жазылдыру таңғыштарын қою
| науқастың белсенді қимыл әрекеттерін шектеу
| сұйықтық қабылдауын 1 л дейін азайту
~ Ойық жараның екінші сатысында мейірбикенің іс-әрекеті:
| терінің жара аймақтарын бриллиант көгімен өңдеу+
| теріні калий перманганаты ерітіндісімен өңдеу
| гиперемираланған тері аймақтарына массаж жасау
| некроздалған аймақтарды кесіп алып тастау
| науқастың белсенді қимыл әрекеттерін шектеу
~ Дұрыс тамақтану рационына кіреді:
| тамақтан кейін қимылдау+
| тәулігіне 3 рет тамақтану
| рафинатталған май тағамдарын қабылдау
| тамақты тойғанша қабылдау
| ұйықтаудан 1сағат алдын тамақтану
~ Диет медбикенің міндетіне кіреді:
| асханадағы және буфеттегі тағамдардың санитарлық жағдайын бақылау+
| диеталық тамақтану тағайындауларын бақылау
| тамақ азықтардың науқастарда сақталуын бақылау
| тамақ азықтарын сатып алу
| мейірбикелердің медициналық тексеруден өтуін бақылау
~ Порциондық талаптарды көрсетеді:
| бөлімшедегі науқастардың жалпы саны, диеталық үстелдердің нөмері+
| бөлімшедегі ауыр науқастардың саны
| үй тағамдарымен тамақтанатын науқастар саны
| берілген бөлімдердегі диеталық үстелдердің ерекшеліктері
| шығуға дайындалған науқастардың саны
~ Жасанды тамақтану түрлері:
| парентральді, зондты+
| пероральді, орын басушы
| гатростома және қасық арқылы
| аралас, құйылған
| өздігінен, клизма арқылы
~ Зонд арқылы тамақтану көрсеткіші:
| жұту қызметінің бұзылуы+
| дисфагия
| өңештің өткізгіштігінің бұзылуы
| өңеш және жұтқыншақ күйіктері
| асқазан-ішек трактысының операциядан кейінгі жағдайы
~ Науқастарды зонд арқылы тамақтануын қамтамасыз ету:
| мұрын асқазандық зонд, Жане шприці+
| қалың асқазандық зонд, шприц көлемі 5,0-10,0 мл
| оливалы зонд, 40% глюкоза ерітіндісі
| сұлы кашасы, дуоденальді зонд
| эсмарх кружкасы, 1 л қайнаған су
~ Ауыр науқастарды тамақтандыру үшін қажет:
| науқастың кеуде бөлімін салфеткамен немесе сүлгімен жабу+
| науқасқа Симс қалпында беру
| қолды гигиеналық тәсілмен өңдеу
| науқастың кеуде бөлімін стерильді бір реттік салфеткамен жабу
| тамақтанғаннан кейін науқастың ауызын калий перманганыатымен шаю
~ Диеталық тамақтану бұл:
| тәртібін анықтау+
| жынысын ескеру
| кәсіби қызметін ескеру
| табиғи факторын ескеру
| жасанды
~ Тыныс алуды анықтайтын орын:
| ұйқы, білек артериясы+
| бұғана, мықын артериясы
| көк ет қолқасы
| тізе асты, иық артериясы
| шынтақ, кіндік артериясы
~ Тыныс алудың түрлері:
| кеуделік, ішкі+
| патологиялық, сирек
| физиологиялық, ішкі
| ішкі, жиі
| жоғары, аралас
~ Қан қысымының қысқа мерзімді көтерілуі болуы мүмкін:
| физикалық жүктеме кезінде+
| тамақа ішкен кезде
| ұйықтаған кезде
| қан жоғалтқан кезде
| қызуы көтерілген кезде
~ Қалыпты жағдайдағы артериялық қан қысымы:
| 120/80 мм.рт.ст.+
| 80/40 мм.рт.ст.
| 180/110 мм.рт.ст.
| 140/90 мм.от.ст.
| 150/100 мм.рт.ст.
~ Қан қысымын өлшегеннен соң науқасқа ұсынылады:
| өлшеу алдын 5 минут көлемінде демалу қажет+
| өлшеу алдын 30 минут көлемінде демалу қажет
| кофе ішу керек
| тұзды тамақты қолданбау қажет
| дәрілік заттарды қолданбау керек
~ Стационарда дене қызуын өлшеу жүргізіледі:
| кешкі 16 және 18 сағат аралығында, азанда 6 және 8 сағат аралығында+
| кешкі ас алдын, азанда таңғы астан соң
| науқас қалауы бойынша
| кешкі ұйқы алдында, азанда серуендеуден соң
| жеңіл тамақтан соң, түскі үзіліс кезінде
~ Дене қызуына әсер етеді:
| ыстық бөлмеде болу+
| тахикардия
| демікпе
| гипертензия
| гиподинамия
~ Қызбаның бірінші кезеңінде науқас шағымданады:
| қалтырау, бұлшықет ауырсынуы+
| тердің көп бөлінуі
| шөлдеу, ыстықты сезіну
| сандырақтау, ауыз құрғауы
| брадикардия, олигоурия
~ Қызбаның бірінші кезеңіндегі мейірбикелік күтім:
| ыстық шай беру, жылы жамылғымен орау+
| сірке суымен теріні сүрту
| маңдайға суық комперсс қою
| спиртпен теріні сүрту
| бөлме ішін салқындату
~ Қызбаның екінші сатысында науқастың басым мәселесі:
| ауыздың құрғауы, бастың қатты ауырсынуы+
| гипотензия, анурия
| сандырақтау, тердің көп бөлінуі
| брадикардия, қалтырау
| тахикардия, гипертония
~ Қызбаның екінші кезеңіндегі мейірбикелік күтім:
| жартылай спиртті сұйықтықпен теріні сүрту+
| жылы жамылғымен орау
| аяқтың қыша ваннасы
| ыстық шай беру
| жылытпа қою
~ Қызудың критикалық төмендеуіне тән:
| көрінбейтін әлсіз пульс, суық тер+
| АҚ төмендеуі, гипотония
| АҚ көтерілуі, тырысу
| ауыздың құрғауы, брадикардия
| тахикардия, коллапс
~ Қызбаның критикалық төмендеуі кезіндегі мейірбикелік күтім:
| көлденең жатқызу, науқасты жылыту+
| бас жағын көтеріп жатқызу
| маңдайға суық компресс қою
| жартылай спирттік сұйықтықпен сүрту
| ыстық шай беру, мұзды мұйықты қою
~ Қызба деңгейіндегі қызудың көтеліру түрі:
| субфебрильді+
| қалыпты
| қалыптан тыс
| толқын тәрізді
| ауыспалы
~ Қызбаның түрлеріне қарай дене қызуының тәуліктік тербелісіне тән:
| гектикалық+
| фебрильді
| пиретикалық
| гиперпиретикалық
| пирогенді
~ Қан тамырдың ауамен бітелуі ол:
| ауа эмболиясы+
| венепункция
| тромбоэмболия
| дәрілік эмболия
| майлы эмболия
~ Майлы дәрілік заттарды бұлшықетке және тері астына енгізгенде болатын асқыну:
| майлы эмболия+
| дәрілік эмболия
| тромбоэмболия
| некроз
| ауа эмболиясы
~ Қан тамырдың жарылуынан тері астына қанның жиналуын ... дейміз.
| гематома+
| венесекция
| венепункция
| абсцесс
| сепсис
104~ Дәрілік затқа бүкіл ағзаның тез арада дамитын аллергиялық реакциясы ... деп аталады.
| анафилактикалық шок+
| некроз

| тромбофлебит


| абсцесс
| ешекжем
~ Наркотикалық препараттар ... сақталады.
| сейфте+
| шкаф сөресінде
| тоңазытқышта
| тумбада
| столдың тартпасында
~ Тез бұзылатын дәрілік заттарды ... сақтайды.
| тоңазытқышта+
| қараңғы жерде
| сейфте
| шкаф сөресінде
| тумбада
~ Наркотикалық препараттарды тіркеу журналында көрсету қажет:
| науқастың аты – жөні, ауру тарихының №+
| дәріні енгізу мақсаты
| науқастың диагнозы
| палата нөмірі
| дәріні енгізу жолы
~ Дәрілік заттарды энтеральді енгізу жолы:
| тіл астына+
| көзге

| тыныс жолдарына


| тері астына
| бұлшықетке
~ Асқазан –ішек жолын айналып өтіп, дәріні қолдану әдісі:
| парентеральді+
| пероральді
| энтеральді
| сублингвальді
| ректальді
~ Парентеральді енгізудің артықшылығы:
| дәріні мөлшерлеу оңай және енгізу тез+
| әдістің қарапайымдылығы
| асқынулар аз кездеседі
| науқасқа ыңғайлы
| дәрінің кері әсері аз болады
~ Дәріні қуысқа, тамырға, бұлшықетке енгізуді ... дейді.
| инъекция+
| тесу

| пункция


| блокада
| экстракция
~ Дәріні аш қарынға , қабылдау уақыты:
| таңғы астан 20 – 60 минут бұрын+
| жеңіл таңғы астан соң
| ұйқы алдында
| түскі астан 30 минут бұрын
| түскі астан 30 минут кейін
~ Спирттік тұнбалар мен экстракттарды ... қабылдайды.
| тамшы түрінде+
| шай қасықпен
| ас қасықпен
| суда еритін капсулада
| капсулада
~ Инъекция орнында тығыздалу, қызару, ауырсыну, ... деп аталады.
| инфильтрат+
| венестаз
| абсцесс
| некроз

| флегмона


~ Айналадағы ұлпадан пиогенді мембранамен қоршалған, ішінде іріңі бар қуыс бұл:
| абсцесс+
| инфильтрат
| гематома
| липодистрофия
| некроз
~ Микстура және қайнатпаларды ... қабылдайды.
| қасықпен+
| стаканмен
| ампуламен
| тамшы түрінде
| флаконмен
~ А тізіміндегі дәрілерді ... сақтайды.
| сейфте+
| қаранғы жерде
| терезеде
| шкафта
| тоңазытқышта
~ Б тізімдегі дәрілерге кіреді(күшті әсер етуші заттар):
| адреналин+
| мырыш
| кофеин
| морфин
| новокаин
~ Қатты дәрілік заттарға ... жатады.
| капсула, таблетка, драже+
| шамдар,майлар
| тұнба,қайнатпа
| суппозитория
| гель
~ Дәрілерді ауыз арқылы қабылдаудың артықшылығы:
| оңай және қолжетімді+
| тез арада әсер етеді
| бауырдың барьерінен өтпейді
| толық сіңеді
| патологиялық аймақтың өзіне әсер етеді
~ Ректальді енгізіледі:
| суппозитория+
| ұнтақ

| аэрозоль


| тұнба
| драже
~ Науқаста анафилактикалық шок ... болуы мүмкін.
| сезімталдыққа сынама жасалмаған жағдайда+
| күшті әсер етуші дәріден
| сұйық дәріден
| мерімі өткен дәріні қабылдағанда
| дәрінің үлкен дозасын қабылдағанда
~ Анафилактикалық шоктың симптомдары:
| терінің қызаруы, мазасыздық, тыныс алу бұзылыстары, артериялық қан қысымның бірден төмендеуі, аритмия+
| әлсіздік, бірден бас айналуы, құлақтағы шулар, тыныс алу ырғағының бұзылысы
| артериялық қан қысымы көтерілуі,бас ауыруы,терінің қызаруы, жүректің қатты соғуы, дененің бөртуі, қышыма
| ентігу, артериалдық қан қысым қалыпты, қызба
| ағзалар мен жүйелерде ешқандай өзгеріс болмайды
~ Майлы эмболиясы ... инъекциясын енгізгенде туындайды.
| венеішілік+
| тері асты
| бұлшықетке
| сүйек ішіне
| тері ішіне
~ Венепункция кезінде тері астында көкшіл дақтың пайда болуы… белгісі :
| венаның жарылу+
| венаның бітелу
| иненің бітелу
| венаның қабыну
| асептика, антисептика ережесінің бұзылу
~ Пульсті анықтау үшін артерияны ... кәрі жілік сүйегіне басады.
| үш саусақпен+
| екі саусақпен
| бір саусақпен
| барлық саусақтармен
| алақанмен
Тыныс алу жиілігі ересектерде 1 минутына ... рет
| 16 – 18+
| 12 – 14
| 22 – 24
| 26 – 28
| 30 – 32
~ Жгут дұрыс қойылғанда ... анықталады.
| жгуттан төменгі жерде терінің бозаруы+
| жгуттан төменгі жерде тері қызарады
| пульс анықталмайды
| жгуттан төменгі жерде тері көгереді
| тері жансызданады
~ Оксигенотерапия бұл – ... .
| оттегімен емдеу+
| асқазан сөлін алу
| буынға оттегі енгізу
| жүрек – қантамыр жетіспеушілігі кезіндегі жіті көмек
| плеврадан сұйықтық алу
~ Оксигенотерапия кезінде оттегіні ылғалдатудың мақсаты:
| шырышты қабаттың тітіркенуі мен құрғап кетуін болдырмау+
| артықша шығынды болдырмау
| қауіпсіздік техникасын сақтау
| организмді улы әсерден сақтау
| дезинфекция
~ Оксигенотерапияға көрсеткіш:
| гипоксия+
| жөтел
| пульстің жиілеуі
| температураның көтерілуі
| қан кетулер
~ Талмадағы алғашқы көмек:
| науқасты жатқызып, оттегімен қамтамасыздандыру, бетіне су шашу+
| кофеин енгізу
| нитроглицерин беру, отырғызу
| аяғына грелка қою, жүрек тұсына қыша қағазын қою
| науқасты отырғызып оттегі беру
~ Егер құсық тыныс жолдарына түссе ... дамиды.
| аспирация+
| ентігу

| құсу
| тахикардия


| апноэ
~ Зерттеуге кан алу тәртібі:

| таңғы, ашқарынға+


| таңғы, тамақтан кейін
| таңғы,гигиеналықжуынудан кейін
| физикалық жүктемені шектеу
| ерекше дайындықты қажет етпейді
~ Жалпы анализге зәр алу тәртібі:
| сыртқы жыныс ағзасының әжетханасы, ортаңғы зәр порциясын жинау+
| сыртқы жыныс ағзаларының әжетханасы жүргізілмейді, ортаңғы зәр порциясын жинау
| таңғы астан кейін,таңғы 10-20мл зәрін жинау
| стерилді шыны ыдысқа бір тәулік ішіндегі зәрін жинау
| зәрді зертханаға жіберу уақыты шектелмейді
~ Зимницкий бойынша зәр жинау тәртібі:
| 24 сағат ішінде әр 3сағатта 8 порция+
| 12 сағат ішінде әр 3сағатта 4 порция
| 18 сағат ішінде әр 3сағатта 6 порция
| таңғы және кешкі тәулігіне 2 рет
| таңғы ашқарынға 50-100мл стерилді шыны ыдысқа
~ Қақырық жинаудың жалпы тәртібі:
| ауыз қуысының санациясы қарастырылмайды+
| ауыз қуысының санациясы
| стерильді Петри шыны ыдысына
| қоректік ортамен стерильді пробиркаға
| шыны, таза, кең тамақты ыдысқа
~ Қақырықты бактериологиялық зерттеуге жинау тәртібі:
| стерильді Петри шыны ыдысына+
| ауыз қуысының санациясы қарастырылмайды
| шыны, таза, кең тамақты ыдысқа
| қоректік ортамен стерильді пробиркаға
| 100мл жоғары қақырық жинау
~ Тәулігіне ... рет зәр шығарылады.
| 4 – 7+
| 1 – 3

| 2 – 4
| 7 – 10


| 6 – 10
~ Тәулігіне ... зәр бөлінеді.
| 1000 – 2000 мл+
| 3000 – 3500 мл
| 500 – 1000 мл
| 500 мл/ге дейін
| 2000 мл/ден астам
~ Қуыққа катетер қоюдың керi көрсеткіші:
| зәр шығару жолдарының жарақаты+
| зәрдің шықпауы
| зәр шығарудың бұзылысы
| зәрде қан болуы
| цистит
~ Зәрді ұстай алмау симптомына ... тән.
| зәрдің еріксіз шығуы+
| зәрдің жиі бөлінуі
| зәрдің көп мөлшерде бөлінуі
| зәрдің бөлінбеуі
| ешқандай клиникалық белгілері жоқ
~ Несептің жіті шығарылмауын жою үшін ... қолданылады.
| зәр шығару жолдарына катетер енгізу+
| цистостомия
| прозеринді тері астына енгізу
| промедолды тері астына енгізу
| спазмолитиктерді қабылдау (но-шпа, баралгин)
~ Несеп шығару каналы жарақатында несептің шықпауында қуықты катетеризациялау ... .
| болмайды+
| алдын-ала жансыздандырудан кейін жүргізіледі
| жасау қажет
| тек дәрігер жасайды
| тек арнайы мамандандырылған мейірбике жүргізеді
~ Қуықты жууға көрсеткіш:
| қабыну аурулары+
| жедел простатит
| уретраның зақымдануы
| зәрдің жедел тоқтауы
| созылмалы пиелонефрит
~ Қуыққа катетеризацияны ... жасайды.
| зәрдiң жіті тоқтауына 6-12 сағат болғанда+
| жiтi уретритте
| жiтi простатитте
| уретраның зақымдалуында
| уретра саңылауының таспен бiтелуiнде
147~ Қуыққа катетеризация жасау алдында катетерге ... жағады.
| стерилдi вазелин майын+
| стерилдi камфора майын
| 5% перменганат калий ерiтiндiсiн
| 0,02% фурациллин ерiтiндiсiмен
| сары маймен
148~ Қуықты катетеризациялау алдында несеп ағар каналының сыртқы саңлауын ... өңдейдi.
| 0,02% фурациллин ерiтiндiсiмен+
| стерилдi глицеринмен вазелин майымен
| 5% перманганат калий ерiтiндiсiмен
| вазелин майымен
| 3% сутегінің асқын тотығы ерiтiндiсiмен
149~ Егу бөлмесінде күрделі тазалау ... жүргізіледі.
| күнделікті+
| айына 1 рет
| 2 аптада 1 рет
| аптасына 2 рет
| аптасына 1 рет
150~ Тазалау клизмасына қарсы көрсеткіш:
| асқазан-ішектен қан кету+
| іш қату
| метеоризм
| тік ішектің созылмалы аурулары
| егде жас

1.~ Сифонды клизмаға арналған зондтың диаметрi ... .


| 10-15мм+
| 5-7 мм

| 3-5 мм
| 15-20 мм


| 12-18 мм
~ Сифонды клизма жасауға қарсы көрсеткіш:
| асқорыту мүшелерiне жасалған операциядан кейiнгi алғашқы күндер+
| тазалау клизмасынан нәтиже болмағанда
| iшекке операция жасау үшiн науқасты дайындау кезiнде
| iшек өтiмсiздiгiне күмәнданғанда
| iшекке токсиндердiң, кiлегей және улардың жиналуы кезiнде
~ Тазалау клизмасында ұштық ... см тереңдікке енгізіледі.
| 8 – 10+
| 10 – 12
| 20 – 30
| 15 – 18
| 35 – 38
~ Тазалау клизмасын жасауға ... қарсы көрсеткіш болып табылмайды.
| науқастың жасы+
| асқорыту мүшелерiне жасалған операциядан кейiнгi алғашқы күндер
| геморройдан қан ағу
| асқазан -iшектен қан кету
| коллапс
~ Тазалау клизмасынының көрсеткіштері ... .
| іш қату, операцияға дайындау, iшек өтiмсiздiгi+
| босануға дайындау, асқазан-ішектен қан кету, іш қату
| геморройдан қан ағу, тоқ iшектi эндоскопиялық зерттеуге дайындау
| дәрі, қоректендіру және тамшылы клизмасының алдында, босануға, абортқа дайындау
| асқорыту мүшелерiне жасалған операциядан кейiнгi алғашқы күндерi, іш қату
~ Тазалау клизмасын ересек адамға қою үшін ... литр су керек.
| 1,5 – 2,0+
| 0,5

| 1,5
| 2,5

| 3,5
~ Тік ішекке тазалау клизмасын қоюда ұштықты дұрыс бағыттаймыз:
| алғаш кіндікке қарай 3 – 4 см, кейін құйымшаққа қарай 8–10 см+
| алғаш кіндікке қарай 8 – 10 см, кейін құйымшаққа қарай 3 – 4 см
| алғаш құйымшаққа қарай 8 – 10 см, кейін кіндікке қарай 3 – 4 см
| алғаш құйымшаққа қарай 5 – 6 см, кейін кіндікке қарай 10 см
| алғаш кіндікке қарай 10 см, кейін құйымшаққа қарай 15 см
~ Сифонды клизма кезінде ұштықты ... см-ге енгізу керек.
| 30 – 40+
| 5 – 8

| 10 – 12


| 20 – 30
| 40 – 50
~ Майлы клизма қоюға ең қолайлы уақыт:
| кешке+
| күндіз

| түнде
| азанда, аш қарынға


| түскі уақыт
~ Көпсалалы аурухананың қабылдау бөлімінің құрамына ... жатады
| дәрігердің қарау бөлмесі+
| функцияналдық диагностика бөлмесі
| ас блогы
| әжетхана
| физиотерапиялық кабинет
~ Қабылдау бөлімшесінде ... медициналық құжатнамасы болмайды.
| «А және Б тізімі дәрілерді тіркеу журналы» +
| «науқастарды қабылдауды тіркеу журналы»
| «ауруханадан бас тартуды тіркеу журналы»
| «әліпби журналы»
| «амбулаториялық науқастарды тіркеу журналы»
~ Рентгенологиялық зерттеулерде ережелерді сақтамағанда... дамуы мүмкін.
| сәуледен зақымдану+
| менингит
| бронхиальді астма
| плеврит
| күйік
~ Рентгенокрастты заттар... енгізілмейді.
| зондт арқылы он екі елі ішекке+
| тік ішекке клизма көмегімен
| артерияішілік
| венаішілік
| ретробульбарлы
~ Флюрография- бұл ... .
| 7x7 см немесе 10x10 см пленкада кеуде клеткасының рентген суретін фотографиялау әдісі+
| үлкен пленкада кеуде клеткасын рентгенографиялық шолу
| жүректің тәж артериясын контрастты зерттеу
| өкпе қан тамырларына контрастты рентгенологиялық зерттеу
| өкпеге контрастты зерттеу
~ Асқазан зондтын тез арада алып тастауға көрсеткіш:
| жөтел, цианоз+
| лоқсу
| беттің қызаруы

| сілекейдің ағуы


| жастың ағуы
~ Асқазанды жууға көрсеткіш:
| тамақпен улану+
| асқазан ойық жарасы
| асқазан- ішек жолдарынан қан кету
| бронх демікпесі
| стенокардия
~ Зонд арқылы асқазанды жуу үшін қолданылатын судың мөлшері:
| 10-12 литр+
| 3-5 литр
| 1-2 литр
| 12-15 литр
| 20-25 литр
~ Асқазанды жуу үшін қолданылатын судын температурасы...болады.
| 18-20°С+
| 30-40°С
| 5-10°С

| 42-45°С


| 50-60°С
~ Сумен емдеудің кері көрсеткішіне жатады:
| барлық аурулардың жедел кезеңі+
| бүйрек шаншуы
| буын ауырсынуы
| өт жолдарының дискинезиясы
| радикулит
~ Физиотерапия бұл ... факторлардың әсері.
| физикалық+
| химиялық
| психологиялық
| дәрі-дәрмектік
| сыртқы

~ Физиотерапияны жүргізеді:


| физиотерапевт+
| орта медицина қызметкері
| кіші медицина қызметкері
| науқасты күтуші
| хирург

~ Бұлшық етке ине егуде ... тереңдікте енгізіледі.


| 5-6 см+
| 2-3 см

| 3-4 см
| 8-10 см


| 10-12 см
~ Бұлшық етке ине егу теріге ... бұрышпен жасалады.
| 45°+
| 5°

| 30°
| 60°



| 90°
~ Аурухана ішілік инфекцияның қоздырғышы ... болып табылады.
| іріңді-септикалық инфекция+
| ЖРИ, туберкулез, дифтерия
| ішек инфекциясы
| вирусты гепатит, АИВ-инфекциясы
| қырым геморрагиялық қызбасы
~ Инфекцияға қожайынының қабылдағыштығына ықпал етпейтiн фактор:
| сапасыз тағамдар +
| адам жасы
| ағзаның қорғаныш қызметінің жетіспеушілігі
| ағзаның созылмалы аурулары
| асептика және антисептика ережелерін сақтамау
~ АІИ-ның адам ағзасындағы тұрықты мекені:
| тері және жұмсақ ұлпа, несеп шығару жолы, ауыз қуысы, мұрын- жұтқытшақ, ішек+
| буын және бұлшықет, бас миы
| паренхиматозды мүшелер және сүйектер
| қантамыр, жүйке, сіңір, байламдар
| жүрек, іш және плевра қуысы
~ Қан тамырдың зақымдалуынан тері астына қанның ағуын ... дейміз.
| гематома+
| венесекция
| венепункция
| абсцесс
| сепсис
~ Ступорозды жағдайдағы науқас:
| тежелгіш, ұйқылы ояу+
| назар аударуы нашар
| айналасындағы жағдайға тепе-тең қалыпта
| жамбас аймақ қозғалыстар бақылауының жоғалуы
| ішкі тітіркенуге әсері жоқ
~ Комалық жағдайға тән:
| естің толық жоғалуы+
| қозғалыстағы дезориентация
| «патологиялық ұйқы» жағдайы
| тежелгіш, ұйқылы ояу
| ауырсыну тітіркендіргіштеріне әсердің сақталуы
~ Фаулер жағдайына тән:
| керуетте басты 45-60 бұрышта қою +
| керуетте басты көлденең қою
| басты қисайта бұру
| арқамен және ішпен жату аралығындағы жағдай
| науқастың отырған қалпы
~ Дәрілік заттар қолдану керек, егер:
| арнайы қаптама сақталған+
| жарамдылық мерзімі өткен
| түсі өзгерген
| қабыршық пайда болған
| құрылымы өзгерген
~ Медикаментозды терапияның түрлері:
| симптоматикалық+
| қабынуға қарсы
| жалпыбекіткіш
| гормональды
| ауруды басатын
~ Дәрілік заттарды енгізудің жолдары:
| парентеральды, энтеральды+
| сыртқы, ішкі
| ингаляциялық, ректальды
| қынаптық, интраназальды
| сублингвальды, трансбукальды
~ Дәрілерді ингаляциялық жолмен енгізгенде дәрілік заттардың келесі түрлері қолданылады:
| аэрозолдар+
| тұндырмалар
| сұйықтықтар
| болтушкалар
| микстуралар
~Дәрілерді ингаляциялық енгізудің түрлері:
| нбулайзер+
| спирометр
| респиратор
| пикфлоуметр
| бүріккіш
~ Дәрілерді сыртқы енгізу тәсілі – ... .
| интраназальді+
| сублингвальді
| ректальді
| тері ішіне
| пероральді
~ Енгізілетін дәрінің жергілікті әсер етуі:
| көзге+
| тіл астына
| ауыз арқылы
| қан тамырларға
| бұлшықетке
~ Дәрілерді жергілікті енгізу мақсатына жатады:
| шырышты қабықты немесе тері арқылы дәрілерді жіберуді жақсарту+
| жүйелік әсер етуді қамтамасыз ету
| дәріге аллергиялық әсерін білу
| дәріге әсерін білу
| қанға дәрінің тез енуін қамтамасыз ету
~ Дәрілік заттарды сыртқа енгізудің дәрілік формасы:
| линименттер+
| сұйықтықтар
| микстуралар
| капсулалар
| қайнатпалар
~ Тері астына дәрілік заттарды енгізгенде қажет:
| бөртпелердің, қызарулардың жоқтығына мән беру+
| шашты қабыршықтарды қыру
| калий перманганат сұйықтығымен өңдеу
| 90% спиртпен өңдеу
| дәрілік заттарды жылыту
~ Теріге жақпаларды, гельді қолданудың әдістері:
| таңғыш ретінде+
| сулы ретінде
| сүрту арқылы
| дәрі жіберу арқылы
| кептіру арқылы
арналған контейнер
~ Егу бөлмесіндегі мейірбикенің қауіпсіздік мақсатына жатады:
| барлық манипуляциларды маскамен, қолғаппен орындау+
| егу бөлмесін әр 2 сағат сайын ауамен кварцтау
| қолданылған инелермен шприцтерді дезинфекциялау
| үйде күнделікті медициналық халаттарды жуу
| 5 сағат ішінде 1 рет масканы ауыстырып отыру керек
~ Дәрілік заттарды парентеральды енгізудің артықшылығы:
| дозаның дәлдігі+
| дәрілердің әртүрлілігі
| қарапайым түрде қолдану
| қауіпсіздік
| ыңғайлылық
~ Егу бөлмесін жұмысқа дайындау:
| сұйық дезинфектанттармен жұмыс орнын жоғарғы бөлігін өңдеу+
| жоғарғы бөлігін антисептиктермен сүрту
| қолғап, ине, шприцтерді дезинфекциялап дайындау
| жоғарғы бөлікті және еденді сабын-содалы сұйықтықпен жуу
| 60 минут сайын бактерицидті сәулелендіруді қосу
~ Бір реттік қолданылатын шприцтерді дайындау:
| шприц қорабының жарамдылық мерзімін және герметикасын тексеру+
| хирургиялық деңгейде қолды өңдеу
| әлеуметтік деңгейде қолды өңдеу
| қорабын лақтырып тастау, қораптан инені және шприцті алып тастау
| жұмыс үстеліне инемен шприцті қою
~ Спиртті шарикпен өңдейді:
| дәрі флаконындағы резеңкелі сынаманы+
| дәрі флаконы металды қақпақтан болуы тиіс
| инеде қорғаныс қақпағы болуы тиіс
| ампулаға арналаған кескіш
| ине егу орны бірдей болуы тиіс
~ Дәрілік заттарды енгізер алдында медбике істемеуі тиіс:
| дәрі мөлшерін өзгертуге+
| манипуляцияға науқастың келісімін алу
| жеке тағайындаудағы дәрілік заттар атын салыстыру
| тағайындалған дәрі туралы науқасқа ақпарат беру
| жарамдылық мерзімін тексеру
~ Тері ішіне ине егудің ерекшеліктері:
| диагностикалық мақсатта қолданылады+
| емдік мақсатта қолданылады
| иықтың сыртқы жоғарғы бөлігіне жасалады
| иненің төмен жағын кесу
| инені 30˚ бұрышта енгізу
~ Көктамырға ине егу орны:
| білектің иілген жеріндегі көктамырға+
| самай бөлігіндегі көктамырға
| мойын көктамырға
| бөксе көктамырға
| байлам көктамырына
~ Көктамырға тамшылы инфузияның артықшылығы:
| науқастың жақсы қабылдауы+
| қауіпсіздігін сақтау
| кез-келген дәрілік заттарды енгізуге болады
| инфекциялық қабынулар болмайды
| аллергиялық реакциялардың тумауы
~ Асқазан шаюдың көрсеткіштері:
| сапасыз тағамдардан қатты улану+
| асқазанды эндоскопиялық тексеруге дайындау
| науқасты ота алды дайындау
| асқазанды рентгенологиялық тексеруге дайындау
| асқөазаннан қатты қан кету
~ Асқазанды жуудың қарсы көрсетілімдер:
| жедел асқазаннан қан кету+
| созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
| жедел гастрит
| ссозылмалы гастрит
| дәрілерден улану
~ Асқазанды жууды жүргізуде дайындау қажет:
| 20-25°С температурадағы 8-10 литр су дайындау+
| 37-38°С температурадағы 8-10 литр су дайындау
| жіңішке асқазан зонды
| құрылғы штативі
| магний сульфат ерітіндісі
~ Асқазанды жууға науқасты дайындау:
| ауыздан жасанды тісті алып тастау+
| жылы сумен ауызды шаю
| тексеруден бұрын 15-20 минут премедикация жасау
| кушеткаға жатқызу
| тістерін тазалау
~ Іш катқан науқастарға тағайындау:
| тамақтану тәртібі мен түрін сақтау+
| өт айдағыштарды қабылдау
| қозғалыс белсенділігін шектеу
| жеміс-жидектерді шектеу
| іш аймағын жылыту
~ Клизма түрлері:
| тазалағыш+
| жалпы
| жергілікті
| мұздай
| жылы
~ Стационарлық емдеу – сауықтыру мекемесіне жатады:
| хоспис+
| медсан бөлімше
| диспансер
| амбулатория
| жедел жәрдем орталығы
~ Химиялық дезинфекция түріне жатады:
| сутегінің асқын тотығы+
| калий перманганаты
| дистильденген су
| ультра күлгін сәулеленуі
| 40% спирт
~ Тәуліктік дене температурасының ауытқу сипатына байланысты қызба түрлері бөлінеді:
| қалыптан тыс+
| үздікті
| гипер үздікті
| субфебрильді
| фебрильді
~ Дәрілік заттардың сыртқы қолдану тәсілінің түрлері:
| линименттер+
| қайнатпалар
| микстуралар
| сұйықтықтар
| капсулалар
~ Егу орнының дұрыс емес таңдалуына байланысты егудің асқынуы:
| жүйке бағандарының зақымдалуы+
| гематома
| инфильтрат
| гепатит
| некроз
~ Диспансер түрлері:
| психоневрологиялық+
| гинекологиялық
| урологиялық
| проктологиялық
| офтальмологиялық
~ Дәрілік заттарды ректальді енгізу түрінің ерекшелігі:
| жергілікті әсер етуі+
| жай сіңірілуі
| арнайы білім қажеттілігі
| әртүрлі дәрілік заттардың пайдалану мүмкіндігі
| асқорыту ферменттерімен бұзылуы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет