Туберкулез эпидемиологиясы



Дата02.06.2023
өлшемі15.18 Kb.
#474627
Бағым 6-033 эссе


Туберкулез эпидемиологиясы
Адам үшін ең құнды нәрсе - оның өмірі. Сол өмірді жоғары деңгейде сүру үшін деніміздің сау болғаны қаншалықты маңызды екенін бізге дейін қанша ақындар жырлаған болса, сонша дәрігерлер күрескен. Сондықтан, салауатты өмір салтын сақтай отырып, оны дұрыс жүргізуге тырысу- бұл өзімізге деген сыйластықтың нәтижесінде өрбитін әрекет. «Өмірді дұрыс жүргізу» тіркесін қалай түсінуге болады? Демек, физикалық саулықтан басқа, психикалық денсаулықты күту қоса айтылады. Бүгінгі таңда көптеген аурулар өмір салтын дұрыс таңдамау салдарынан туындайды. Көбінесе осы себепті «көрінбейтін өлтірушілер» пайда болады. Сол «көрінбейтін өлтірушілер» қатарында туберкулез ауруы бар екенін бала кезден бері аз естімедік. Бұл қандай ауру? Туберкулез - бұл туберкулез микобактериясының қоздырғышы арқылы шақырылған инфекциялық ауру.
Адам коғаммен тығыз қарым- қатынаста үйлесімді өмір сүретін болғандықтан, қоғамдағы әрбір адам қоршаған ортада осындай инфекциялық аурулардың белең алмай, эпидемиялогиялық тұрғыда асқынбауына жауапты. Бұл жауапкершілік алдымен қоғамнан емес адамның өзінен басталады. Туберкулез ауруы мемлекетімізде эпидемиялогиялық өзектілігі бар ауру. Әрине, кез келген инфекциялық ауру қоғам үшін аса қауіпті. Ұғынғаным бойынша, қоғамға залал келтірмес үшін туберкулез эпидемиологиясының пайда болу механизмін, яғни эпидемиялогиялық үдерісін білу қажет. Демек, инфекция көзін, жұғу жолын, жаңа жағдайын. Инфекцияның негізгі көзі туберкулез микобактериясын бөлетін, инфицирленген науқас адамдар, оған қоса жануарлар, құстар да жатады. Алиментарды, қатынаста, плацентарлы соның ішінде ауа тамшылы жолмен жұғады. Білгенімше, қандайда бір ортада жаңа жағдай орын алуына инфекцияның массифтілігі, науқаспен болған қатынастың ұзақтығы, адам ағзасының сезімталдығы әсер береді.
Ұғынғаным, 4 эпидемиялогиялық көрсеткіштің: инфекциялану, сырқаттылық, дерттілік, өлім-жітім арасынан бізге неғұрлым ақпаратты сырқаттылық көрсеткіші. Отанымызда сырқаттылық көрсеткішінің жоғары деңгейі мемлекеттік дағдарыс салдарынан, әлеуметтік тұрмыстың төмендеуіне байланысты 2002-ші жылы тіркеліпті. Артынша 2015 жылдарға қарай көрсеткіш деңгейі төмендеген. Өлім-жітім көрсеткішіне келер болсам, 90- жылдарда жоғары болып, қазіргі жылға дейін жыл сайын төмендей түскен. Елімізде экономикалық деңгейдің жаңа деңгейлерге ақырындап болсын көтерілуінен соңғы жылдары аурушаңдылық та неғұрлым азайған. Әрине, бұл статистикалардың барлығы дәлме дәл нақты емес. Халық арасында бақылауға алынбай, симптомсыз түрде ауырып жүрген науқастар да болады.
Мәліметтерге сүйенсем, жалпы жер ғаламшарында қызыл аймақа оңтүстік Африка аймағы кірсе, Америка, Австралия құрлықтарында, Еуропада сырқаттанушылық өте төмен деңгейде. Отанымыз жасыл түстегі аймаққа кіреді. Бәрімізге белгілі, экономикасы өте жоғары деңгейде дамыған мемлекеттерде сырқаттанушылық жоқтың қасы. Бұл жағдайдан бір ой түзе аламыз, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсы бол үшін, экономикамызды көтеруге ат салысқан өзіміз үшін де қоғам үшінде аса тиімді.
Фтизиатр дәрігерлердің науқасты емдеп-жазу мақсатында кездесетін қиындықтары науқастардың дәрілік препараттарға төзімділігінің болуы және де қосымша созылмалы аурулары мен АИВ нозологиясы болуы. Бұл өз кезегінде науқастардың жылдам әрі эффективті сауығуына кері ықпалын тигізеді.
Қорытындылай келе айтарым,әр адам өзінің байлығы денсаулығына, саналы деңгейде күтім жасап, қамқор болса, қаламаған сырқаттардан сақтана алады. Иммунитеті мықты адам кез келген дертті жеңіп шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет