A.іштің ақ сызығының жарығы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарицийі, табан флегмонасы
B.қолдың 1 саусағының панарицийі, іштің ақ сызығының жарығы, асқазан жарасы, табан флегмонасы
C.табан флегмонасы, іштің ақ сызығының жарығы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарицийі
D.асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарицийі, іштің ақ сызығының жарығы, табан флегмонасы
E.таңғыштарды ауыстырудың кезегі маңызды емес
345. Науқас С., 45 жаста, шынтақтың іріңді бурситін ашу жасалды. Жара антисептикпен жуылған, турундамен дренирленген, стерильді дәкелі салфеткамен жабылған. Таңғыш материалды қандай таңғыш турімен бекітіп байлау керек?
A.Тасбақа тәрізді таңғыш
B.Дезо таңғышы
C.Масақ тәрізді таңғыш
D.Спираль тәрізді таңғыш
E.Крест тәрізді таңғыш
346.Іріңді хирургия бөлімшесінде санның абсцессі бар науқастың таңғышын ауыстыру барысында, медбикенің қолғаптары жыртылып қалды. Медбикенің келесі тактикасын анықтаңыз:
A.Емшараны тоқтатып, қолғапты ауыстыру
B.Жұмысты әрі қарай қолғапсыз жалғастыру
C.Қолғаптарды антисептикпен өңдеп, емшараны әрі қарай жалғастыру
D.Үстіне жаңа қолғапты кию
E.Ағынды сумен жуып, емшараны әрі қарай жалғастыру
347.Емханадағы таңу кабинетіне 34 жасар ер адам оң жақ тобығындағы қышу сезіміне шағымданып келді. 3 күн бурын 1 -2 дәрежелі термиялық күйікті алды (қайнаған сумен). Көмекке жүгінбеді, өз бетінше асептикалықтаңғышты салды. Қарау барысында таңғыштың сарылау-сур бөліңдімен суланып, кейін қатып, жараға жабысып қалғаны байқалды. Қатып қалған таңғышты алып тастау үшін медбикенің такгикасын анықтаңыз:
A.3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен сулап, таңғышты абайлап алу
B.Спирттің 90% ерітіндісімен сулап, таңғышты абайлап алу
C.Сабынды ерітіндімен сулап, таңғышты абайлап алу
D.Ыстық сумен сулап таңғышты алу
E.Таңғышты суламай, күшпен алып тастау
348.Травматологиялық пунктке автокөлік апатынан кейінгі ер адам жеткізілді. Қарау барысында иегіндегі кішкентай жара анықталды. Жараны өңдегеннен кейін, медбике науқастың иегіне дәкелі салфетканы бекіту үшін таңғышты салды. Медбике қандай таңғышты салды?
Достарыңызбен бөлісу: |