Мектеп басшыларына! 19. 04. 2012 жыл Республикалық «Бір ел- бір кітап»



Дата17.07.2016
өлшемі53 Kb.
#205596
Мектеп басшыларына!
19.04.2012 жыл
Республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясына таңдап алынған Оралхан Бөкейдің шығармаларын насихаттауға арналған «Алтайдың ақиық қаламгері» атты акцияның салтанатты ашылуын 23 сәуір Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай өткізгелі отыр.

Сіздерден, осы аталмыш шараға қала мектептерінің кітапхана меңгерушілерінің қатысуын сұраймыз.



Өткізілетін жері: Облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы.

Күні, уақыты: 23 сәуір, сағат 11-00 де.

Мекен – жайы: Бейбітшілік даңғылы ,17 үй.
А. Куржикова

Мектеп басшыларына!
19. 04. 2012 жыл
Ақтөбе қаласының «Қалалық ғылыми -әдістемелік орталығы»

2011-2012 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, тарих пәні мұғалімдері үшін 2012 жылдың 24-ші сәуірі күні № 48 орта мектебінде «Жаңа технологиялар- заман талабы» тақырыбында қалалық семинар өтеді. Семинарға қазақ мектептерінің тарих пәні мұғалімдері шақырылады.


Семинардың басталу уақыты: 8.00 – 8.30 тіркеу

Басталуы: 8.35


А.Куржикова



Білім мекеме басшыларына!

(Мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекеме басшыларына)

Шұғыл түрде!

19.04.2012 ж. сағат 15.00-ге дейін білім мекеме басшылығының қызметіне резерв тізімін қалыптастыру үшін төмендегі кесте бойынша мәлімет беруіңіз сұралады.

Дайын мәліметті Excel-де толтырып, sandy.18@mail.ru электронды жәшігіне салуларыңыз сұралады.



Мекеме атауы

АТӘ

Туған күні, а й ы, жылы

Атқаратын

қызметі


Санаты

Пед.еңбек өтілі























Д.Е.Избанова

тел: 21-47-98

18.04.2012ж.

Білім мекеме басшыларына!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің 03.11.2011 жылғы №4-06-3/2792 хаты негізінде Республикалық қоғамдық бірлестік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына үшінші толқын оқушылардың қабылдануын өткізу бойынша іс-шаралар атқарылуда. Іс-шаралар жоспарына сәйкес республикалық балалар ұйымына біздің облысымыздан 50 000 бала қабылдануы тиіс.

Республика көлемінде 2012 жылғы 28 сәуір күні «1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлестігі күніне» орай, мектеп оқушыларын «Жас қыран» және «Жас Ұлан» ұйымдарына салтанатты қабылдау рәсімі өткізіледі. Осыған байланысты білім басқармасы Сіздерге «Жас қыран» және «Жас Ұлан» ұйымдарына қабылдау кестесін ұсынады.




Аудан, қала атауы

«Жас қыран» ұйымына қабылданатын бала саны

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын бала саны

Жалпы ұйымға қабылданатын бала саны

1

Ақтөбе қаласы

2000

10 700

12 700


Ескерту: «Жас Ұлан» қатарына қабылданатын оқушылар санына 2011 жылғы 24 қыркүйекте Ақтөбе қаласында өткен Балалар ұйымдары мен көшбасшыларының І облыстық слетінде ұйымға қабылданған оқушылар енгізілуі және салтанатты жиынға шақырылуы тиіс.

«Жас Ұлан» қатарына қабылдауды өткізу Ақтөбе қаласы және аудан орталықтарында бір уақытта аудан, қала әкімдерінің, сонымен қатар өңірлердің танымал адамдары, құрметті азаматтары, жастар ұйымының көшбасшыларының қатысуымен жүзеге асады.

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға қойылатын талаптар:

1. Облыстық, қалалық және аудандық олимпиадада орын алған жеңімпаздар.

2. Облыстық, қалалық және аудандық ғылыми – практикалық конференцияда орын алған жеңімпаздар.

3. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстарының жеңімпаздары.

4. Республикалық, облыстық және қалалық шығармашылық байқаулардан орын алған жеңімпаздар.

5. Мектептегі өзін-өзі басқару органдарының көшбасшылары.

Салтанатты рәсімнің өткізілу жоспары мен ұйымдарға қабылданатын оқушылар туралы мәліметтерді төмендегі үлгіде қалалық білім бөліміне 20 сәуірге дейін түсіру сұралады.



Оқушының аты-жөні

Оқитын мектебі, класы

Туған күні, айы, жылы, жасы

Жетістіктері

Байланыс телефоны, электрондық поштасы





































Республикалық қоғамдық бірлестік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімін өткізу салтанатының тұжырымдамалық негіздемесі, сценарий үлгісі және басқа да басшылыққа алынатын құжаттар электрондық пошталарыңызға жіберілді.

Бақытжанова Г.Ш.



19.04.2012ж.

Білім мекеме басшыларына!

Маңызды!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Министрліктің 2012 жылға арналған жұмыс жоспарының 260 тармағын және Комитеттің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 12-5-03/659 санды тапсырмасын орындау мақсатында Халықаралық отбасы күніне арналған «Мөлдір бұлақтан...» атты өңірлік отбасылық шығармашылық фестиваль өткізілетіндігін хабарлайды.

Фестиваль отбасы мәртебесін арттыруға ықпал ететін шығармашылық, білім беру, әлеуметтік қызмет арқылы әртүрлі қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын отбасылық, мәдени, адамгершілік құндылықтарға бірегей көзқарасты көрсетуге бағытталған.

Осы орайда, «Мөлдір бұлақтан...» атты өңірлік отбасылық шығармашылық фестиваль ережесінің жобасы қоса беріледі.

Ендігі кезекте, жоғарыда аталғандарға байланысты Сізге аталмыш іс-шараны ақпараттық сүйемелден аудан (қала) көлемінде өткізу қажет.

Сондай – ақ, жүргізілген жұмыстар тұрғысындағы ақпаратты және фестивальдан үздік танылған отбасы туралы мәліметті (мекен-жайын, байланыс телефондарын көрсете отыра) қалалық білім бөлімі № 36 кабинетке жіберіңіздер!


Бақытжанова Г.Ш.




«Мөлдір бұлақтан...» атты тақырыпта өткізілетін

отбасылық шығармашылық фестивалдің

ережесі

І. Жалпы ережелер

Осы Ереже Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) орай өткізілетін өңірлік отбасы шығармашылығының тәртібі мен шарттарын анықтайды.



1.1. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері

- Отбасын белсенді қоғамдық және мәдени қызметке тарту;

- Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір салтын бекіту;

- Отбасылық көркем шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, отбасылық шығармашылық байланыстарды ынталандыру;

- Отбасылық –шығармашылық қарым-қатынастың сабақтастығын сақтау және дамыту;

- Өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру;

- Өзіндік отбасылық ұжымға қолдау көрсету;

- Отбасылық шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу, отбасында бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту және тарату.



ІІ. Фестиваль қатысушылары

1. Фестивальге барлық ниет білдіруші отбасылар, өнерпаздық шығармашылықпен, кәсіби өнермен айналысатын отбасылар мен отбасылық құрылымдар қатыса алады.



ІІІ. Фестивальді өткізу шарттары

3.1. Фестивальдің негізгі басым – бағыттары (номинациялары)

Отбасылық шығармашылық фестивальға қойылатын талаптар:

Дәстүрлі халық өнері, оның ішінде, ұлттық (фольклорлық ұжымдар, әртүрлі құрамда халықтық ән-би ансамбльдері, этнографиялық театрлар, т.б.). «Дәстүрлі халық өнері» бағыты бойынша отбасылық мерекенің бағдарламасы ұлттық дәстүрлерге негізделіп көпшілік ойын-сауық, ұлттық киім, салт-дәстүр, халықтық шығармашылық элементтерін көрсету түрінде ұсынылады.

- Хореография (би: ұлттық, классикалық, қазіргі заман, эстрадалық, бал кештері биі)



- Вокалды ұжым (академиялық, эстрадалық вокал)

- Цирк, эстрада, өзіндік жанр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет