Мектепішілік бақылау жұмысы Қазақ тілі 4 «А» сынып



Дата05.02.2024
өлшемі16.65 Kb.
#490773
4 сынып бакылау жумыстары


Мектепішілік бақылау жұмысы
Қазақ тілі 4 «А» сынып
Диктант
«Менің қарлығашым»
Жазғытұрым біздің босағаға бір қарлығаш ұя салды. Ол ұядан он алты балапан ұшырды. Күзге қарай құстар жылы жаққа ұшып кете бастады. Менің қарлығашым да дайындалды. Келесі жылы ол қайтып келер ме екен деп ойладым. Кешке қарлығашты ұстап алып, аяғына мықты жіп байладым.
Қыс өтіп, көктем келді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Олардың ішінде қарлығаштар да болды. Оларды көрген сайын мен қарлығашымды ойладым.
Бір күні біздің қораға екі қарлығаш келіп қонды. Біреуі менің қарлығашым екен. Оған қатты қуандым.

Мектепішілік бақылау жұмысы
Математика 4 «А» сынып
Бақылау жұмысы


1 нұсқа

  1. Амалдардың ретін анықтап, есептеулерді орында:

(7176·11:6+20427)·6+21586

  1. Теңдеулерді құр және шеш

Еге р 360 санына х пен 3 – тің бөліндісін қосса, онда 440 шығады.

  1. Есептеп шығар:

Асханда 39 оқушы түскі ас ішіп отыр. 7 оқушы үлкен үстелдің басында отыр, ал қалғандары 8 кішкентай үстелдің айналасына жайғасқан. Әрбір кішкентай үстелдің айналасында неше адамнан отыр?

  1. Есепті шығар:

Тіктөртбұрыштың периметрі 2 м 4 дм, ал ұзындығы - 90 см. Осы тіктөртбұрыштың ауданын тап.

  1. нұсқа

  1. Амалдардың ретін анықтап, есептеулерді орында:

(10116:6·160-92+33139)·6

  1. Теңдеулерді құр және шеш

Егер х пен 8 – дің бөліндісін 140 – қа арттырса, онда 212 шығады.

  1. Есептеп шығар:

Үй иесі әйел 70 килограмм көкөніс тұздады: 43 килограмы – орамжапырақ, қалғандары – қияр. Егер әр шелекке 9 килограмм қияр салса, онда үй иесі әйел неше шелек қияр тұздаған?

  1. Есепті шығар:

Тіктөртбұрыштың периметрі 20 дм 8 см, ал ұзындығы - 80 см. Осы тіктөртбұрыштың ауданын тап.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет