Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Негізгі мақсаты



бет7/10
Дата24.11.2023
өлшемі51.73 Kb.
#484339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
00071d2b-7b1af236

Күтілетін нәтиже:
Театр, оның түрлері туралы түсініктері болады;
Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды;
Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді.

Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.


Театрландырылған ойынның жіктелуі.




Драматизация Режиссерлық


Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.


Драматизация түрлері: 

жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;

мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;

шығармашылық көрсетілім;

бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.

Ал , драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.

Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.

Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет