6
Күнделікті сергіту сәтін, тыныс алу гимнастикасын, шынықтыру
шараларын, психогимнастика, саусақ ойындар, спорттық және қимылды
ойындар мен жаттығуларды жүргізу бала ағзасының қарсы тұру деңгейін
арттырады және эмоционалды жағдайын жақсартып,
жазғы сауықтыру
кезеңінде балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын тиімді
арттырады. Жазғы сауықтыру мезгінің соңында антропометрлік өлшеу
жүргізеді.
«Қатынас» білім беру саласы ересектермен және балалармен еркін
сөйлесу дағдыларын дамытуға; көркем әдебиетке, ауыз әдебиетіне; көркем
шығармалар кейіпкерлеріне жанашырлыққа ынталандыруға; балалардың
дербес шығармашылық іс-әрекетін іске асыруға бағытталған.
Балалар мен ересектер қатысатын театраландырылған
іс-әрекеттер
ұйымдастырылады. Театрландырылған іс-әрекеттер өнімі (сахналау, драмалау,
концерттер) мерекелер мен ойын-сауықтар мазмұнына енгізіледі. Сүйікті
мультфильмдер көрсету ұйымдастырылады.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортада еркін таңдау жасалады: кітаптарға
арналған сөрелер, бағдарлама бойынша кітаптар, «сөйлейтін кітаптар», ақын-
жазушылардың портреттері, ертегілер тізімі және т.б.
«
Таным» білім беру саласы балалардың өсімдік және жануарлар әлемі,
табиғат құбылыстары, табиғаттағы адамдардың еңбегі туралы ұғымдарын
кеңейту арқылы экологиялық ойлауын дамытуды қарастырады.
Балалар туристік іс-әрекетінің элементі баланың өзінің өлкесін
зерделеу бойынша серуендеуге, саяхаттауға мүмкіндік береді.
Бақылау жасау, табиғаттағы еңбек, мақсатты серуендер жоспарланады,
танымдық әңгіме жүргізіледі, тәжірибелік эксперименттік жұмыстар
ұйымдастырылады.
«Шығармашылық» білім беру саласы балалар мен ересектердің,
олардың қызығушылықтарын ескере отырып бірлескен өнімді іс-әрекеттері;
қоршаған ортаға эстетикалық қатынасының қалыптасуын; би қимылдарын
қолдана отырып музыканы қабылдау қарастырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда іс-әрекеттердің өнімді түрлерін
ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлері белсенді қолданылады:
-
музыка терапиясы (саусақ гимнастикасы,
театрландырылған іс-
әрекет);
-
арттерапия;
-
құм терапиясы;
-
скрапбукинг, квилинг;
-
кляксография және т.б.
Апта сайын шағын топтық бөлмеде, ойын алаңында және балабақша
залында көрмелер ұйымдастырылады.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы қоғамда адамгершілік
ережелерін меңгеруді, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас
жасау білігін; адамгершілік қасиетін дамытуды; еңбектің түрлі түрлеріне
қызығушылықтарын және Қазақстан ортақ үйіміз екендігі туралы түсініктерін
қалыптастыруды қарастырады.
7
Жаз мезгілінде балалардың барлық іс-әрекеті ойын арқылы өтеді. Ойын
әрекетінің түрлерінде балалар әлеуметтік ортада өмірлік тәжірибе алады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы-сауықтыру кезеңіне дайындық
балабақшада ұжым арасында жете талқыланады.
Педагогикалық қорытынды кеңесте барлық педагогтар жаз мезгіліндегі
жұмыс жоспарымен танысады. Әрбір қызметкердің (меңгеруші, әдіскер,
тәрбиеші, медициналық қызметкер, тәрбиешінің көмекшісі және т.б.)
жұмыстары анықталады.
Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі жазғы-сауықтыру кезеңіне
дайындық жоспарын құрады, ауланы көгалдандыру (жас көшеттер, гүл бақша
отырғызу, құмды ауыстыру, көлеңкелі бастырманы және жер телімдегі
кішігірім жөндеу жұмыстары, оларды сырлау, ағаштар мен бұтақтарды кесу )
бойынша ұжымның іс-әрекетін ұйымдастырады, жазғы сауықтыру кезеңінің
барысына бақылау жасауды жоспарлап, жаз мезгіліндегі балабақша
қызметкерлерінің жұмыс жоспарын бекітеді.
Әдіскер балалармен бірге ұжымдық іс-шараларды жоспарлайды, жазғы
сауықтыру кезеңін жоспарлауда ұсынымдар даярлайды, ата-аналарға арналған
көрнекі ақпараттар әзірлейді, жазғы сауықтыру кезеңінің басына дайындық
бойынша бақылауды және топтарда білім беру үдерісінің барысын іске
асырады.
Тәрбиеші өз тобындағы балалардың белсенді қимылдарын жоспарлап,
күн
тәртібін құрады, ата-аналарға арналған кеңестер әзірлейді, балалармен
жұмыс жасау үшін материалдар, көрнекіліктер таңдайды.
Тәрбиешінің көмекшісі тәрбиешімен бірге жаз мезгіліндегі іс-
шараларды тиімді ұйымдастырып, өткізу үшін жұмыс уақытының кесесін
құрады, ауыз сумен қамтамасыз етеді, шынықтыруға, ауланы тазалауға,
ойыншықтарды жууға арналған құрал-жабдықтарды даярлайды.
Музыка жетекшісі жазғы-сауықтыру мезгіліндегі
міндеттерді және
балалардың таза ауада болуын ескере отырып өз іс-әрекеттерін жоспарлайды.
Жаз мезгіліне арналған түрлі музыкалық шығармаларды жинақтайды.
Дене шынықтыру нұсқаушысы тәрбиешімен бірге белсенді
қимылдарды қамтамасыз ету жұмысын, спорттық ойындарға қатыстыруды
жоспарлайды. Жаз мезгіліндегі сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады.
Медициналық қызметкер жарақаттанудың алдын-алу жұмыстарын
жоспарлайды, балалардың өмірін қорғау мен сақтау жұмыстарын жүргізеді,
аурудың алдын алады, алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қорапшасын
әзірлейді, балалардың дене дамуын ескере отырып шынықтырудың кешенін
құрады, емдеу-профилактикалық шараларды жоспарлайды. Балалардың дене
тәрбиесі
мен тамақтану, шынығу жұмыстарына бақылау жасап, күн тәртібін
бекітеді.
Жаз мезгілінде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды:
-
үйде, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау шараларын сақтау;
-
жануарлар, өсімдіктер және жәндіктермен байланысқан жағдайда
қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету;
-
жолда жүру ережелерін сақтау;