Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің



Дата05.07.2016
өлшемі55.5 Kb.
#179197


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің



2013 жылғы «29» мамырдағы

206 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің

үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрi — Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері қызметінің тәртібін анықтайды.

2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

мектепке дейінгі ұйым - бұл бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, қарауды, бағуды және сауықтыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымы.

3. Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi:

1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;

2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;

4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау;

6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

4. Мектепке дейінгі ұйымдарға мыналар кіреді:

1) бөбекжай;

2) балабақша;

3) отбасылық бөбекжай;

4) санаторлық бөбекжай;

5) «мектеп-балабақша» кешені;



6) мектепке дейінгі шағын орталық.

5. Мектепке дейінгі ұйымдар мынадай үлгілерге бөлінеді:

жалпы дамытушы;

түзеу;


құрама.

6. Жалпы дамытушы, түзеу, құрама үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдарда топтардың толымдылығы балалардың санаты мен олардың жасына қарай сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жүзеге асады.



2. Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің тәртібi
7. Бөбекжай қызметі бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Балабақша қызметі үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Отбасылық бөбекжай қызметі отбасылық тәрбие принципінде құрылады және баланы тәрбиелеу мен оқытудың дербес тәсілдерін практикада іске асыру арқылы мектепке дейінгі білім берудің жаңа түрлерін дамыту ретінде құрылады;

10. Отбасылық бөбекжайлар:

1) бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды кеңейту;

2) отбасының тікелей қатысуымен балаларды дамыту және мектепке даярлау және дамыту жағдайларын жасау;

3) тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда ата-аналарды консультативтік-әдістемелік қолдауды жан-жақты дамыту;

4) балалардың әлеуметтік бейімделуі үшін құрылады.

11. Отбасылық бөбекжайлар:

1) бейімделуші:

бір жастан бес жасқа дейінгі балалар үшін;

2) жалпы дамытушы:

үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар үшін;

3) балаларды үйде қарау, күту және дамыту бойынша:

бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар үшін болып бөлінеді.

12. Отбасылық бөбекжайды ұйымдастыру үшін жеке меншік сонымен қатар, жалға алынған пәтерлер (үйлер) пайдаланылады. Онда Санитариялық қағидаларға сәйкес шаршы көлемін сақтай отырып ойын және ұйықтайтын бөлмелер, ас үй орнастырылады.

13. Отбасылық бөбекжай балалардың болу уақыты бойынша 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасының режимінде қызмет етеді:

1) толық күн;

2) қысқа мерзімді болу;

3) тәулік бойы болатын.

Ата-аналардың сұрауы бойынша (заңды өкілдерінің немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) демалыс және мереке күндері жұмыс ұйымдастырылуы мүмкін.

14. Санаторлық бөбекжай қызметі әлсіреген, жиі және ұзақ ауыратын мектеп жасына дейінгі бір жастан алты (жеті) жастағы балаларға арналған емдеу-алдын алу, сауықтыру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Санаторлық бөбекжайларда дәрімен және физиотерапиялық емдеу, шынықтыру, емдік шынықтыру және аурудың диагнозына байланысты уқалап емдеу жүргізіледі.

16. Санаторлық бөбекжайлар жұмыс режимі бойынша күндізгі және тәулік бойы болып бөлінеді.

17. Медициналық қызметкерлер балалардың денсаулығы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтер мен ата-аналарға жеке және сараланған әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруда көмек көрсетеді, аурулардың алдын алу мақсатында балабақшада және үй жағдайында режимді сақтау қажеттіліктері туралы ұсынымдар береді.

18. «Мектеп-балабақша» кешен (бұдан әрі - Кешен) қызметі дара басшылық және өзін-өзі басқару принципінде және үш жастан он жеті жасқа дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын тәрбиелеу-білім беру ұйымы ретінде құрылады.

19. Кешен бір және де бірнеше бөлек тұрған ғимараттарда Санитариялық қағидалары сақталған жағдайда орналастырылады.



20. Кешеннің мектепке дейінгі топтарына үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар күнтізбелік жыл бойы тұрақты немесе қысқа мерзімге қабылданады. Мектепалды сыныптарға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде 5-6 (7) жасқа толған балалар қабылданады.

21. Балалардың сабақтан бос уақытындағы іс-әрекеті олардың денсаулық жағдайының, қызығушылығының және қажеттіліктерінің, оның ішінде қарым-қатынастағы физиологиялық (ұйқы, тамақтану, демалу, таза ауада болу), танымдық, шығармашылық, қажеттіліктерін қанағаттандыру ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады.

22. Мектепке дейінгі шағын орталық (бұдан әрі - Шағын орталық) қызметі – бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың кешенді қарастыру негізінде іске асырылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

23. Үйдегі Шағын орталықтарды ұйымдастыру үшін Санитариялық қағидаларға сәйкес шаршы көлемі қолданылады.

24. Шағын орталық аптасына 2 реттен 7 ретке дейін, күніне 2 сағаттан 10 сағатқа дейін, таңертеңгі сағаттарда, сондай-ақ, күннің екінші жартысында да, икемді күн тәртібі бойынша қызмет атқарады. Мектепке дейінгі Шағын орталықтың топтары жинақталуына қарай оқу жылының барысында ашылады.

25. Түзеу үлгісіндегі бөбекжай мен балабақша қызметі дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға арналған (сөйлеу, көру, есту, интеллект, тірек-қозғалыс функцияларының күрделі және жеңілірек бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген жиі және ұзақ ауыратын балалар, бастапқы туберкулез инфекциясы білінген, кішігірім және басылып келе жатқан туберкулездің нысандарымен ауыратын) түзеу-дамытушы бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.

Ескерту: Түзеу үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау кезінде психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысы, ал бастапқы туберкулез инфекциясы білінген, кішігірім және басылып келе жатқан туберкулездің нысандарымен ауыратын, жиі және ұзақ ауыратын балаларға арналған санаторлық ұйымдарының қорытындысы қосымша ұсынылады.

26. Аралас бөбекжайлар мен балабақшаларда жалпы дамыту және түзеу үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтері қатар атқарылады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет