"Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Заманбек Батталханов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Қысқа мерзімді жоспарларды тексеру жағдайында
Анықтама
Тексерудің мақсаты: Мектептің мектепалды даярлық, МАД, 1-11 сыныптардағы оқу процесіне ұсынылған бағдарламаға сәйкес дұрыс ұйымдастырылуын, күнтізбелік жоспарлардың талапқа, эстетикалық талғамға сәйкестігін тексеру.
Жауапты: Директордың ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Мукаев Аян Сагатулы
Тексеру мерзімі: наурыз айы 2023 жылТексеру нәтижесінде мектеп мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарлары 2022-2023 оқу жылында ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарда ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып құрғаны анықталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 382 бұйрығы Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде құрылған. Төмендегідей құжаттармен жұмыс жасалып, басшылыққа алынған:- Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 5-9-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылған.
-10-сыныпта оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылған;
-Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен, ҚР БҒМ 2017 жылғы «27» шілдедегі 207-қосымша № 352 бұйрығымен бекітілген бағдарлама негізінде құрылған.
-11-сыныпта оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) бағдарламалары негізге ала отырып жасалғандығы, мектептің жұмыстық оқу жоспарына сәйкес орындалғаны анықталды.Мектепалды даярлық сыныбында 33 аптаға, бастауыш сыныпта 1-сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсандағы қосымша апталық жүктемені ескере отырып 33 аптаға жоспарланған, 2-11-сыныптарда 34 аптаға құрылған.Оқу күндері мен демалыс күндері ескерілген. Бекітілген кестеге сәйкес құрылған.
2019-2020 оқу жылының басталуы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі. Оқу жылының аяқталуы - 2020 жылдың 25 мамыры. 1-11(12)-сыныптарда: күзгі каникул –7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда); 1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
Мектепалды сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2019 жылғы 27 желтоқсан – 2020 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға қойылатын талаптар туралы пән мұғалімдеріне нұсқау берілді. Пән мұғалімдері әдістеме бірлестік отырысына қатысып, нұсқаулықтар алды. Әдістеме бірлестік жетекшілерінің ұйымдастыруыменен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жоспарлауда әдістемелік бірлестік отырыстары өткізіліп, бағдарламалар мен жоспарлары қаралып, талқыланды.
11-сыныптарда күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құруда сабақ номері, сабақ тақырыбы, сағат саны, мерзімі, үй тапсырмасы, көрнекілік пен әдебеттер, ескерулер мен енгізулер бөлімдеріне бөлген. Жаңартылған бағдарлама бойынша 1-10-сыныптардың жоспарлары бөлімдер, тақырыптар, оқу мақсаттары, сағат саны, мерзімі, енгізулер бөлімінен тұрады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар түсінік хатымен жасалған.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Бірақ, кейбір жоспарларда кемшіліктер де кездесті. (сабақ мерзімінің қате немесе уақытылы қойылмауы). Ауызша айтылған ескерулерден кейін кемшіліктер түзетілді.
Тексеру нәтижесіндегі қорытынды:
1. Барлық мұғалімдер уақытылы жоспарларын өткізді.
2. Жалпы мұғалімдердің жоспарлары белгіленген бөлімдерге сәйкес жасалған. Бөлімдері анықталып, бөлінген. Сағат саны сәйкесінше бөлінген.
3. Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған жоспарлар бір жылға әр сыныпқа жеке-жеке жоспарланған (Параллель сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерде екі сыныпқа бір жоспар құрылған)
4. Үй тапсырмаларын жоспарлауда, тоқсанның соңғы сабағында, бақылау жұмыстарынан кейін үй тапсырмалары берілмеуі ескерілген.
5. Жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылатын сыныптарда әр бөлімнен кейін жиынтық бағалау жоспарланған. Тоқсан соңында тоқсандық жиынтық бағалау жоспарланған.
Ұсыныс:
1. Қателік жіберген мұғалімдер жіберілген кемшіліктерімен жұмыс жүргізіп, 02. 09 күнге дейін түзетілу енгізсін.
2. Іс-тәжірибе бөлісу мақсатында жыл бойында өткізетін ашық сабақтар мерзімін анықтасын.
3. Түсінік хатқа міндетті түрде күтілетін нәтижесі енгізілсін.
4. Оқу мақсаты бөлімінде мақсаттардың қойылуын назарға алсын.
5. Белгіленген үлгі бойынша берілген бөлімдердің жоспарлануына назар аудару.
6. Сынып журналдарының, «Күнделік кз»-тің жоспарланған күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша толтырылуы қадағалансын.
7. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың енгізу бөліміне қажет болған жағдайда өзгеріс енгізілсін.
Достарыңызбен бөлісу: |