Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар



Дата23.02.2016
өлшемі159.31 Kb.
#4267
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар

ҚР БҒМ Білім және ғылым


саласындағы бақылау комитеті
төрағасы міндетін атқарушының
2009 жылғы «6» тамыздағы
№ 1125 бұйрығымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi — Бағдарлама), «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi — Заң), «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (бұдан әрi — Ереже), Бiлiм және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi нұсқаулыққа (бұдан әрi — Нұсқаулық) және басқа да білім беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзiрленген.
2. Бағдарлама меншiк түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды (бұдан әрi — ұйымдар) мемлекеттiк аттестаттаудан (бұдан әрi — аттестаттау) және өзіндік бағалаудан өткiзу кезінде бірыңғай тәсіл мен мөлдірлікті қамтамасыз етуге арналған.
3. Аттестаттау толықтай білім беру ұйымы бойынша жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс істейтін халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда басқаша белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына қойылатын тәртiп және шарттар көлемiнде өткізіледі.
5. Аттестаттау барысында білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі анықталады.

2. Дайындық жұмыстары


6. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудың алдында уәкілетті орган жүргiзетiн дайындық жұмыстары атқарылады.
7. Дайындық жұмыстары мынадай кезеңдерден тұрады:
1) алдағы күнтізбелік жылға білім беру мекемелерін аттестаттау кестесін жасау;

2) нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес кестеге енгізілген аттестатталатын бiлiм беру ұйымдарының ұсынған өзіндік бағалау материалдарын зерделеу;

3) аттестаттау комиссиясының (бұдан әрi — Комиссия) құрамын құру бiлiм беру ұйымдары мен қарамағына аттестатталатын бiлiм беру ұйымдары кіретін уәкілеттi органдардың ресми ұсыныстары бойынша құрылған «Сарапшылар жөнiндегi деректер базасындағы» кандидатураларды енгізу жолымен жүргізіледі.
Комиссияның құрамына еңбегі сіңген ардагер педагогтер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізілуі мүмкін.
Комиссияның төрағасы болып уәкілеттi органның өкiлi тағайындалады.

3. Аттестаттауды өткiзу


8. Комиссия өз қызметiнде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін құжаттарды басшылыққа алады.
9. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау мынадай тәртiпте жүзеге асырылады:
Комиссия төрағасы:
1) комиссия мүшелерімен және аттестаттау жүргізу рәсімімен таныстырады;

2) комиссия мүшелерінің арасында бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң бағыттарын бағалау жөнiндегi нақты тапсырмаларды бөледi;

3) комиссия мүшелерін осы Бағдарламамен, мектепке дейінгі білім беру саласындағы қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен, басқа да құжаттармен қамтамасыз етедi;

4) комиссияның жұмысын жалпы жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;

5) аттестаттау өткізу мәселелері жөніндегі бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық кеңесiнiң кеңейтiлген отырыстарында Комиссия жұмысының жоспар-кестесiн және аттестаттаудың нәтижелерін ұжымға жеткiзедi.
10. Комиссия мүшелерi:
1) аттестаттау өткiзу мәселелерi жөнiндегi бiлiм беру ұйымдары педагогикалық кеңесiнiң кеңейтілген отырыстарының жұмыстарына қатысады;

2) білім беру ұйымының оқу, материалдық-техникалық, әлеуметтiк базасының (топтардың, музыкалық және спорт залдарының, спорт ғимараттардың және т.б.), әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiнің (медициналық пункт, асхана), әдістемелік кабинеттерінің/кiтапханаларының, компьютерлiк сыныптарының ҚР МЖБС талаптарына, санитарлық және өртке қарсы күрес талаптарына сәйкестiгiн қарауды және тексерудi жүзеге асырады;

3) бөлiнген тапсырмаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қызметінің бағдарларына бағалау және талдау жүргiзедi;

4) сабақтарға қатысуды жүзеге асырады; тәрбиеленушілермен және педагогикалық құраммен пікір алысуды жүргізеді;

5) бiлiм беру ұйымында тәрбиеленушілердің ата-аналарының, оқытушылар мен қызметкерлердің арасында ішінара сауалнама жүргiзедi;

6) тәрбиеленушілердің білімдері мен дағдыларын тексеру нәтижелерін талдауды жүзеге асырады.

4. Білім беру қызметінің нәтижелілігі
Білім беру қызметінің нәтижелілігін мынадай көрсеткіштер сипаттайды:
1) тәрбиеленушілердің білім беру стандарттарын (білім беру мазмұнының ең кем көлемін) меңгеруі балалардың мектепке дайындығының нәтижесі негізінде анықталады (мектепке дейінгі білім беру мекемелерін өзіндік талдау нәтижелері; педагог-психологтың, логопед-мұғалімнің, дефектолог-мұғалімнің тұжырымдары);

2) стандарттан жоғары бағдарламаны орындауды көрсету;

3) білім беру ұйымының басқа ұйымдармен (ғылыми, оқу-әдістемелік, медициналық, жергілікті басқару органдарымен және т.б.) өзара қарым-қатынасы;
4) конкурстарда, жарыстарда, көрмелерде қатысудың нәтижелілігі және т.б. Конкурстарда, жарыстарда, көрмелерде қатысудың нәтижелілігі және т.б.деп кейінгі 3 оқу жылындағы әртүрлі деңгейдегі (аймақтық, қалалық, республикалық, халықаралық) көрмелерде, конкурстарда, жарыстарда қатысушылар мен жүлдегерлердің санын айтады;

5) қосымша қызметтердің түрі;

6) қосымша білім беру бойынша тәрбиеленушілерді педагогтармен қамту. Қосымша білім беру бойынша тәрбиеленушілерді педагогтармен қамту деп соңғы үш оқу жылындағы балалардың бюджеттік және бюджеттен тыс негізде үйірмелер мен секцияларға қатысу пайызын айтады.
7) оқу-тәрбие үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын іске асырудың нәтижелілігі. Оқу-тәрбие үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын іске асырудың нәтижелілігі деп оқу-тәрбие үдерісінде тәрбиеленушілердің денсаулықтарының динамикасын, оның тиімділігін, медициналық-педагогикалық бақылау және оның диагностикалық көрсеткіштері, көрсеткіш «Жұмыс істеу күндерінің саны» (балакүнге шаққандағы науқастану, денсаулық тобы — пайызға шаққанда); соңғы үш оқу жылындағы жиі ауыратын балалар (пайызбен көрсеткенде).

5. «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдаманың» құрылымы мен мазмұны


5.1 Бiлiм беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы
Бөлiмде білім беру ұйымының тарихы және құрылу уақыты туралы ақпарат беріледі.
Білім беруді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша білім беру ұйымында қабылданып жатқан шараларға талдау жасалады.
Комиссияға мынадай материалдарды ұсынады:
құрылтайшылық құжаттары және білім беру ұйымының iшкi тәртiптерін регламенттейтін құжаттар, басқару құжаттары, оның iшiнде:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы куәлiк (бiлiм беру ұйымдарының толық атауы, құрылған жылы, заңды мекен-жайы, электрондық адресi, телефоны, факсi);

2) статистикалық картасы;

3) құрылтайшылар келісімі, бiлiм беру ұйымының жарғысы;

4) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берілген лицензиясы (лицензияның нөмiрi, берiлген күні) және оның қосымшалары;

5) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін жекеменшiк немесе шаруашылықты жүргізетін құқығын немесе жылжымайтын мүлiктi жедел/сенiмдi басқару құқығын растайтын материалдық және материалдық емес активтер;
6) бiлiм беру үрдісі үшiн жайды пайдалануға берiлген мемлекеттiк өртке қарсы және санитарлық эпидемиологиялық қызметтердiң қорытындылары мен анықтамалары;

7) медициналық қызмет көрсету және тамақтандыру пунктерімен қамтамасыз етілуін растайтын құжаттар;

8) бiлiм беру ұйымын дамытудың жоспарлары;

9) соңғы үш жылдағы сабақ кестелерi;

10) iстер номенклатурасы;

11) педагогтар мен қызметкерлердiң штаттық кестесi мен лауазымдық нұсқаулықтары;

12) оқу үдерісiн ұйымдастыру жөнiндегi iшкi басқару құжаттары, ережелер, регламенттер;

13) педагогикалық кеңестiң, оқу-әдiстемелiк кеңестің, педагогикалық сағаттың жұмыс жоспарлары мен мәжілістерінің хаттамалары, басқа да құрылымдық жоспар лаушы құжаттамалар;

14) білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің контингентi туралы (соңғы үш жылдағы тәрбиеленушілердің жалпы саны (әр жыл бойынша көрсетілсін) соңғы үш жылдағы мәлiметтер;

15) лицензиялық норматив бойынша топтардың жасақталуы (жоспардан аса жасақталу пайызы);


16) тәрбиеленуші отбасының әлеуметтік статусы;
17) балаларды тіркеу кітапшасы;

18) басқа да құжаттар.


5.2. Кадрлар құрамын талдау
Бөлімде соңғы 3 жылғы мәлiметтер және мыналар бойынша талдау келтіріледі:
1) штаттық кестеге сәйкес білім беру ұйымының педагогтармен қамтамасыз етілуі, вакансияның бар екендігін көрсету;

2) берілетін пәндерге сәйкес базалық білімі бар тәрбиешілер мен педагогтардың саны;

3) базалық білімі жоқ тәрбиешілер мен педагогтардың саны;
4) мемлекеттік тілде сабақ беретін (мемлекеттік тілде тәрбиелеу мен оқыту топтарында жұмыс істейтін) тәрбиешілердің саны;
5) жас құрамы бойынша;

6) кадрлардың жаңалануы, өсу перспективасы;

7) штаттық негізде жұмыс істейтін педагогтардың үлесі;
8) біліктілік категориясы бойынша педагогтар құрамы;

9) соңғы үш жылда біліктілігін арттырған педагогтардың үлесі;


10) марапатталған, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы бар педагогтардың үлесі;
11) педагогикалық кадрларды қайта даярлау жоспарының барлығы және орындалуы.
Педагогикалық кадрларды iрiктеу және орналастыру, оларды даярлау және қайта даярлау, әкiмшiлiк басқару қызметкерлерiн және құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларын, қосалқы қызметкерлердi iрiктеу және орналастыру жүйесiнiң ұтымдылығына және тиiмдiлiгiне талдау жасалады.
Соңғы үш жылда жұмыстан кеткендердiң саны және себебi, алған қызметтiк марапаттаулары мен ескертпелерi, моральдық және материалдық ынталандыру iс-шаралары, кадрлардың тұрақтамауы мен ауыстырылуы жөнiндегі мәлiметтердi талдау. Ұйымдастыру, бақылау және орындауды тексеруді жетілдіру, еңбек және орындаушылық тәртіпті, салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қолдау жөнінде білім беру ұйымының қызметiне сипаттама берiледi. Соңғы үш жылдағы штаттағы педагогтардың сапалық және сандық көрсеткіштерінің динамикасы сарапталады.
Комиссия мынадай материалдар ұсынылады:
1) штаттық кесте;

2) білімі, стажы, біліктілік категориясы, қайта даярлау курсынан өткендігі көрсетілген педагогикалық кадрлардың тізімі;

3) педагогикалық кадрлардың және қосалқы қызметкерлердiң жеке iстерi (кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парағы, жеке параққа қосымша, арызы, жеке еңбек шарты (келiсiм-шарты), бiлiмi туралы, ғылыми дәрежесi және/немесе ғылыми (құрметтi) атағын беру туралы дипломның расталған көшiрмелерi, жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың көшiрмесi, өмiрбаяны, аттестаттау парағы, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан (тағылымдамадан, семинардан) өткендiгi туралы сертификаттың (куәлiктiң) көшiрмесi, еңбек кiтапшасы немесе нотариалды расталған еңбек кiтапшасының көшiрмесi, қажет болған жағдайда басқа да құжаттардың көшiрмелерi; құжаттардың тiзбесi);

4) ағымдағы қызметi жөнінде, жеке құрам бойынша бұйрықтар;

5) педагогикалық кеңес пен педагогикалық сағаттары мәжiлiстерiнiң жұмыс жоспарлары мен хаттамалары;
5.3. Тәрбиеленушілер контингенті
Бұл бөлімде мынадай көрсеткіштер келтіріледі: тәрбиеленушілердің соңғы үш жылдағы жалпы саны (әр жыл бойынша көрсету), контингенттің қозғалысы.
Мынадай материалдар сарапталады:
1) тәрбиеленушілердің ата-аналарымен келісімдердің бар болуы және олардың мазмұны;

2) тәрбиеленушілер контингентінің сандық құрамы, тәрбиеленушілер контингентінің бір тәрбиеленушіге шаққандағы оқу ауданының санитарлық нормаға сәйкестігі.


5.4. Оқу-әдістемелік жұмыстар
Бөлімде соңғы 3 оқу жылы бойынша сараптама және мыналар бойынша ұсыныстар жасалады:
1) оқу-әдістемелік құжаттардың: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, оқу бағдарламаларының, мектепке дейінгі білім беруді дамытудың концепциясы, жұмыс оқу бағдарламалары, жылдық жоспарлар және даму бағдарламасы;

2) тәрбиеленушілермен жұмыста қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар және оқытудың түрлерінің бар болуы; олардың жеке бастарының ерекшіліктерін, мүмкіндіктерін ескеру; олардың оқуға деген ынталандыру әдістері; жорамалданған педагогикалық нәтиже;


3) жылдық жоспарды жасау принциптері;

4) педагогтардың сабақ кестесін жасау принциптері; сабақ кестесі және СанЕмН-ге сәйкестігі. Тәрбиеленушілер қызметінің түрін өзгертуін қамтамасыз ету үшін сабақ кестелерінің тұрақты тепе-теңдігі;

5) белгіленген тәртіппен бекітілген авторлық, эксперименттік, коррекцияланған және интеграцияланған бағдарламалар;

6) тәрбиеленушілерді психологиялық және коррекциялық қолдауды қамтамасыз ету (психологиялық қызметтің, логопунктың бар болуы; оның мақсаты және жұмыс істеу әдісі, балаларға, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық және коррекциялық көмек беру мәселелерін шешу);

7) оқу-әдістемелік және әдеби кітаптармен қамтамасыз ету;

8) мектепке дейінгі білім берудің жаңа түрлерін ұйымдастыру және бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша практикалық материалдармен қамтамасыз ету;

9) жас педагогтармен жұмыс.
Бөлімде комиссия мүшелерінің сабаққа және сабақтың режимдік кезеңдеріне қатысуын талдау енгізіледі. Комиссияға келесідей материалдар ұсынылады:
1) ағымдағы оқу жылына бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары, үлгілік және оқу жұмыс бағдарламалары;

2) оқу үдерісінің графигі және сабақтардың кестесі (оқыту нысандары бойынша);


3) оқытушылар баспадан шығарған әдістемелік нұсқаулар, әзірлемелер, оқу әдістемелік және оқу құралдары, сондай-ақ, мемлекеттік тілде;
4) жұмыс жоспарлары, жылдық есептері, педагогикалық кеңес отырысының хаттамалары, педагогикалық сағаттың, педагогтардың перспективалық және календарлық жоспарлары.
5.5. Оқу-тәрбиелік жұмыс
Бөлімде мынадай мәліметтер келтіріледі:
1) тәрбиеленушілерді құқықтық тәрбиелеу, білім беру ұйымында тәрбие жұмысын құқықтық әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

2) педагогикалық кеңесте тәрбиелік жұмыстарды, олардың нәтижелілігін, мазмұнын, формаларын және әдістерін қарастыру;

3) әртүрлі салаларда тәрбиеленушілердің өзін-өзі жетілдіруіне жағдайлар жасау;

4) тәрбиеленушілердің қалалық және аудандық көрініс-конкурстарға қатысуы;

5) спорттық-сауықтыру және шығармашылық іс-шараларды жоспарлау және өткізу;

6) білім беру ұйымында кеңістік-пәндік ортаны дайындау (мемлекеттік белгілер, тематикалық стендтер).


Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:
1) педагогикалық кеңес туралы ереже;

2) білім беру ұйымы және оның құрылымдық бөлімдері бойынша жоспарлар және есептер; педагогикалық кеңес отырыстарының хаттамалары;

3) үйірмелер жұмысының жоспарлары;

4) өткізілген іс-шаралар бағдарламалары, материалдары.


Бөлімде комиссия мүшелері қатысқан сабақтар және режимдік сәттерге талдау көрсетілуі керек.
5.6. Оқу-материалдық активтер
Бөлімде келесідей мағлұматтар келтірілген:
1) білім беру қызметінің ұйымы үшін аумақты қолдану құқығына құжаттардың болуы және ғимарат туралы мәліметтердің бар болуы.

2) мемлекеттік жалпы міндетті стандарттар талаптарына өрт қауіпсіздік талаптарына, санитарлық нормативтер негізінде қызмет атқаратын, оперативті басқару немесе шаруашылық жүргізу, меншік құқығындағы пайдалы оқу аумағының сәйкестік дәрежесі.

3) жалпы аумақ, соның ішінде келтірілген контингенттің бір бала есебіндегі оқу аумағы; топтардың ұйқы бөлмелерінің саны, коррекциондық және тәрбиелік сабақтардың өткізілуі үшін қосымша бµлмелердің саны, әкімшілік және қызметкерлер бөлмелерінің саны, студиялардың, компьютерлік сыныптардың саны.

4) қазіргі ақпараттық-техникалық базаларының бар болуы (локальды жүйелер, Интернет жүйесі, электронды пошта, ТСҚК және т.б.)

5) соңғы 3 оқу жылындағы білім беру ұйымының материалдық-техникалық жағдайының динамикасының өзгеруі.
Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:
1) қозғалмайтын мүлік құқығын бекітетін құжаттар;

2) ғимараттарды іске қосу туралы санитарлы-эпидемиялық қызметтің, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, төтенше жағдай бойынша агенттіктің анықтамасы;

3) негізгі қорлардың баланстық құны (бас кітап, журнал-ордер, негізгі құралдар бойынша айналым);

4) спортзалдың, медициналық қызмет көрсету пунктердің және қоғамдық тамақтану орындарының жарақтануы;

5) білім беру ұйымын кітап қорларымен, компьютерлік техникамен,ТСҚ алу, оқу құралдары мен жабдықтарымен, жиһазбен, көрнекті құралдармен, басқа да жабдықтармен толықтыру үшін бөлінетін қаражаттардың жылдық көлемі.
5.7. Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор
Бөлімде келесідей ақпараттар келтірілген:
1) Веб-сайт және білім беру порталының бар болуы;

2) компьютерлік техниканы қолданудың саны, сапасы және тиімділігі, Интернет жүйесіне қол жетімділігі;

3) кітапхана қорларын, ақпараттық мәліметтер базасының болуы, компьютерлік базаны және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту бойынша жыл сайын бағытталатын қаражаттар көлемі;
4) қосымша әдебиеттер қорының сапасы (ресми, анықтамалық-библиографиялық және кезеңдік басылымдар);
5) мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандартымен анықталған нормативтерге сәйкес тәрбиеленушінің физикалық, интеллектуалдық және жеке дамуы үшін әдістемелік және балалар әдебиеттерінің, ойын материалдары мен жабдықтарының болуы.
6) видеотеканың, фонотеканың, медиатеканың болуы; оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорларымен қамтамасыз етілуі.
Комиссияға келесідей материалдар ұсынылады:
1) компьютерлік техниканың саны мен сапасы туралы ақпарат, локальдық жүйеге қосылған және Интернет-ке қосылған компьютерлер саны; жаңа Веб-технологияларды қолдану;

2) инвентарлық кітаптар;


3) соңғы 3 жылда білім беру ұйымдағы ұстаздармен басылып шығарылған әдістемелік нұсқаулар, сондай-ақ, мемлекеттік тілде.
5.8. Оқушылардың білімін бағалау
Бөлімде келесідей мәліметтер келтіріледі:
1) білім беру сапасы үшін бақшаішілік бақылау туралы ереженің болуы, тәрбиеленушінің білім сапасын арттыруға бағытталған әр түрлі шаралардың жүйесі;
2) білім беру ұйымы бойынша педагогтарға және ата-аналарға сұрақ жауап жүргізудің жылдық нәтижелері;
3) мектепке дейінгі балалардың оқуы және білім сапасы, оның нәтижелілігі мен тиімділігі үшін бақша ішіндегі бақылауды ұйымдастыру;
4) тәрбиеленушінің білім деңгейі өлшеуіштерінің болуы;
5) тәрбиеленушінің білімдерінің өлшеу құралдарының болуы

6) тәрбиеленушінің білімдерін бағалау тәртібі;


7) тәрбиеленушінің білімдерін бағалау критерилерінің болуы және қолданылуы;
8) ашық сабақтарға қатысу, өзара сабаққа қатысу, оларды талдау жүйесі.
Комиссияға келесі материалдар ұсынылады:
1) білім беру сапасында ішкі бақылау формасын жүзеге асыру бойынша жоспарланатын есептік және әдістемелік құжаттар;
2) ата-аналарды және педагогтарды сұрақ жауап жүргізу нәтижесі бойынша материалдар; мектепке дейінгі мекемелермен бекітілген анкеталар формасы;
3) ашық сабақтар, бақшаішіндегі тбақылаудың журнал формалары;
4) мектепке дейінгі білім беру мониторингінің ұйымдық сапасы.
5.9. Ғылыми-зерттеу жұмысы
1) Білім беру бағдарламасымен анықталған, әдістемелік біріккен мақсаттар мен міндеттер қызметіне бағытталған басымдықтардың сәйкестігі. Білім беру мекемелеріндегі экспериментальды аумақтардың болуы. Соңғы 3 жылдағы инновациялық қызметтің бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асырудың толықтығы.

2) Жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстың тиімділігі (әдістемелік нұсқаулар, оқу үдерісіне енгізілетін әдістемелік сипаттағы мақалалардың болуы).

3) Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің облыстық және қалалық әдістемелік семинарларға және конференцияларға қатысуы.

4) Оқу үрдісіндегі ҒЗЖ нәтижелерін қолдану.


Комиссияға келесі материалдар ұсынылады:
1) болашақ, жылдық жоспарлар;
2) конференциялар, конкурстар, жәрмеңкелер бағдарламаларын жасау;

3) монографиялар, ғылыми мақалалардың жинағы.



6. Мемлекеттік аттестация нәтижелерін қорытындылау
1. Комиссия мүшелерінің әрқайсысының аттестация нәтижесі бойынша берген материалдар мен анықтамаларын талқылағаннан кейін қорытынды жасалады.
2. Мемлекеттік аттестацияның соңғы күні комиссия педагогикалық кеңесті аттестация нәтижелері туралы ақпараттандырады. Педагогикалық кеңес отырысында комиссия қабылдаған шешімді талқылауға рұқсат етілмейді.
3. Аттестаттау нәтижесі бойынша қорытынды типографиялық түрде түптеледі және білім беру ұйымының таңбалы мөрімен бекітіледі.
4. Аттестаттау нәтижесі бойынша қорытынды өкілетті органға беріледі.
5. Білім беру ұйымымен ұсынылған өзіндік бағалау материалдар негізінде, комиссияның қорытындысы бойынша өкілетті орган он күн ішінде білім беру ұйымының аттестатталғаны немесе аттестатталмағаны туралы шешім қабылдайды, бұл шешім өкілетті органның бұйрығымен рәсімделеді.
6. Білім беру ұйымын аттестаттау туралы шешім білім беру қызметі МЖБС-ке сәйкес болса ғана қабылданады.
7. Бұйрық бекітілгеннен кейін білім беру ұйымына жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет