Мектептегі қорлау (буллинг): көрінісі, құқықтық қорғалуы, алдын алу және болдырмаудың тиімді жолдары



бет1/2
Дата25.02.2023
өлшемі28.84 Kb.
#470025
  1   2
Мәрсәлі Раушан Өмірбекқызы


Мектептегі қорлау (буллинг): көрінісі, құқықтық қорғалуы, алдын алу және болдырмаудың тиімді жолдары


Мәрсәлі Раушан Өмірбекқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ұлттық тренер
ҚазақстанРеспубликасы, Қызылорда қаласы

Мектептегі қорлау немесе буллинг мәселесі бүгінгі таңда өзекті әрі шешімін табуды көздейтін өткір мәселе. Егер сіз, мектептегі қорқыту, қорлау проблемасының қаншалықты маңызды екенін білмесеңіз, төмендегі статистика мен мектептегі қорлау фактілерін тексере аласыз:


- 4-8 сынып оқушыларының 90% -ы мектепте қорлауға ұшырайды;
- күн сайын 160000-нан астам бала қорлаудан қорқып, мектепке барудан бас тартады;
- ай сайын АҚШ-тағы орта мектептерде 282000 оқушы қандай да бір түрде физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайды - бұл сан өсуде;
- мектептегі атыстардың шамамен 75%-ы қудалау мен қорлаумен байланысты. Бұл әлемдік статистика. [1]
Мектептегі қорлау (буллинг) - білім беру процесінің қатысушылары болып табылатын адамдар тобының бір немесе бірнеше адамға қатысты жүйелі түрдегі психологиялық немесе физикалық агрессивті мінез-құлқы.
Қазақстанда әрбір үшінші жасөспірім қорлық көріп, буллингтің құрбанына айналады. Көп жағдайда кәмелетке толмағандар, әсіресе кибербуллингтің салдарынан өз өзіне қол жұмсайды. Ал өз баласын мұндай келеңсіздіктерден қорғау әрбір ата-ананың басты мақсаты. Ал, мектептегі буллинг мәселесі мемлекеттік деңгейде қандай қолдауға ие, буллингпен күрестің еліміздегі нормативтік-құқықтық қамтамасы жайлы айта кетсек.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығымен «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу қағидаларын» бекітті. [2] Қағидаға сай баланы жәбірлеуге (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып, жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг) жатады.
Баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу қағидалары ҚР «Білім туралы» Заңының 5-бабының 46-26 тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі қызметтің тәртібін айқындайды.
ҚР «Білім туралы» Заңына (2007) сәйкес, «Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелерінде және білім беру ұйымдарының жарғысында белгіленген шектерде оқу процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеуде және орналастыруда, ғылыми, қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметтерді жүзеге асыруда тәуелсіздігін; білім беру ұйымдарының құзыретіне ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекіту кіретіндігін (43-б.), ал «білім алушылар мен тәрбиеленушілер ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымдарының жарғысы мен білім беру қызметін көрсету туралы келісім шартта көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті (47-б.).[3]
ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына (2019) сәйкес педагог өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқылы екендігін мойындай отырып, білім беру процесі барлық қатысушылардың өзара құрметіне негізделуі керектігіне; білім беру ұйымдарында білім алушылар мен оқытушылар үшін жайлы және қауіпсіз орта құру білім сапасын арттырудың, азаматтық қоғамның жауапкершілігі жоғары мүшесі, тәуелсіз толыққанды жеке тұлғаны қалыптастырудың кепілі болатындығына; білім беру процесіне қатысушылардың әрқайсысының артықшылықтары мен ерекшеліктерін құрметтеу, білім беру ұйымдарында әр адамға құрмет көрсету және достық қарым-қатынас жағдайын жасау тәрбие мен білім берудің міндетті шарттары болып табылатындығына сенім білдіреді. [4]
Оқу-тәрбие процесі кезеңінде білім беру ұйымдары педагогтерінің тарапынан балаға (балаларға) қатысты жәбірлеу (буллинг) ҚР БжҒ министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына» сәйкес қаралады. [5]
Қаралып отырған мәселедегі айтарлықтай жаңалық, үстіміздегі жылдың 8 ақпанында «Inform.kz» хабарлағандай, Нью-Йоркте ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі А. Рахметуллин Қазақстан атынан «Бала құқықтары туралы» Конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды. Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылғы желтоқсанда қабылдаған осы адам құқықтары саласындағы маңызды халықаралық шартқа қол қойған 53-ші мемлекет болды. 3-ші Факультативтік хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет, өз кезегінде, әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстар баяндалған шешімдер қабылдайды. Құжат Қазақстан Республикасы үшін оны Парламент ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.
Мектептегі буллингтің алдын алу немесе болдырмаудың қандай тиімді жолдары бар? Буллинг сыныпта, мектеп автобусында, мектеп асханасында, мектеп дәліздерінде және т.б. жерлерде орын алуы мүмкін. Сондықтан мектеп директорлары осы орындарды бақылау үшін қолдануға оңай бірнеше PoЕ қауіпсіздік камераларын орната алады. Мектепте қорлауды болдырмаудың қатаң саясатын енгізу керек, қабырға газеттері, тақырыптық плакаттар, мектепішілік ережелер енгізу, т.б.
Мектептердегі буллингті болдырмаудың келесі жолы – орын алған келеңсіз жайтты байыппен қабылдаңыз. Буллингке, қорлауға төзбеушілік акциясын іске қосу керек. Әрбір оқушы мектеп әкімшілігі, мұғалімдер өздерінің қорғай алатындығына, қорғағысы келетіндігіне сенімді болуы керек.
Мұғалім болсаңыз, сіздің әрекетіңіз қандай болу керек? Сіз, мектеп- тегі қорқытудың бастапқы белгілеріне назар аударуыңыз керек, оның ішінде оқушыда байқалған түсініксіз дене жарақаттары, мазасыздық, мектепке барудан қорқуы және т.б. Оқушылар қорқыту жәйттері туралы фактілерді жасыруға бейім. Сондықтан, мұғалім мен оқушы арасындағы сенімді, ашық қарым-қатынас, сұхбат – міне, төте жол осы.
Айта кету керек, бұл проблемамен мектептің, мұғалімнің ғана айналысуы жеткіліксіз, мұнда ата-аналардың қатысуы міндетті. Ата-ана немесе баланың заңды өкілі ретінде, атааналар да мектептегі буллингті тоқтатуға күш салулары керек. Кез келген буллинг белгілерін назардан тыс қалдырмай, баласымен ашық сөйлесуі, жағдаят орын алса, мектеппен жедел хабарласуы, ынтымақтаса орын алған проблеманы шешуге тырсуы тиіс.
Мектептегі қорлауды тоқтату оңай шаруа емес. Бұл әркімнің қатысуын талап етеді. Сіздің кім екеніңіз маңызды емес: мұғалім, ата-ана, оқушы, қорқыту құрбаны, кездейсоқ өтіп бара жатқан адам, мектеп тазалаушысы және т.б., сіз қорқытуға қарсы командаға қосылуыңыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет