Ресе́й гр. Ρωσία — Русь[6]; ресми түрде — Ресе́й Федера́циясы



Дата28.06.2016
өлшемі366.94 Kb.
#163496
Ресе́й (гр. ΡωσίαРусь[6]; ресми түрде — Ресе́й Федера́циясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесе Ресе́й орыс. Россия[7], қысқартылған атауы — РФ орыс. РФ [8]) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресейдің мәдениеті дүниедегі ең ұлы мәдениеттердің бірі, жетістіктері орасан көп. Саяси жағынан Ресей — ықпалы зор мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі[9]. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде[10], бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі. Орасан зор табиғи байлықтары, қуатты қарулы күштері мен білім деңгейі өте жоғары халқы — Ресей қуатының кепілі.[11]

Мазмұны


 [жасыр

  • 1 Экономикалық-географиялық жағдайы

  • 2 Мемлекеттің қалыптасу тарихы

  • 3 Геосаяси жағдайы

  • 4 Әкімшілік-аумақтық құрылымы

  • 5 Табиғат жағдайлары

  • 6 Табиғат ресурстары

    • 6.1 Минералдық ресурстары

    • 6.2 Жер ресурстары

    • 6.3 Агроклиматтық ресурстары

    • 6.4 Орман ресурстары

    • 6.5 Су ресурстары

    • 6.6 Биологиялық ресурстары

    • 6.7 Рекреациялық ресурстары

  • 7 Халқы

    • 7.1 Демографиялық көрсеткіштер

    • 7.2 Еңбек ресурстары

    • 7.3 Халқының ұлттық құрамы

    • 7.4 Орналасуы

  • 8 Мәдениеті

    • 8.1 Ежелгі Русь мәдениеті

  • 9 Ірі қалалары

    • 9.1 Ірі қалаларының тізімі

  • 10 Шаруашылығы және өнеркәсібі

  • 11 Ауыл шаруашылығы

    • 11.1 Өсімдік шаруашылығы

    • 11.2 Мал шаруашылығы

  • 12 Көлік географиясы

  • 13 Байланыс

  • 14 Экономикалық аудандары

  • 15 Cыртқы экономикалық байланыстары

    • 15.1 Сыртқы сауда

    • 15.2 Туризм

  • 16 Дереккөздер

  • 17 Сыртқы сілтемелер

Экономикалық-географиялық жағдайы


Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен , оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен , Монғолиямен , Қазақстанмен , Әзірбайжанмен , оңтүстік-батыста – Украинамен , батыста – Финляндиямен , Беларусьпен , Эстониямен , Латвиямен , Норвегиямен шектеседі.

Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:



  • Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.

  • Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.

  • Қиыр Шығыс Ресейі.

Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды[12].

Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.

Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.[11]


Мемлекеттің қалыптасу тарихы






Петр І, Ресейдің бірінші императоры

Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.

Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.

XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.



1721 жылдан бастап Орыс мемлекеті империя деп атала бастады. 1722 жылы елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында I Петр Кавказ бен Иранға жорығын бастады. Нәтижесінде Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауы Ресей құрамына енгізілді. XIX ғасырдың басында өзінің құрамына Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша мен Бессарабияны, Кавказ сыртын қосу арқылы өз аумағын одан әрі кеңейте түсті. Бірақ 18531856 жылдары болған Қырым соғысынан соң Ресейдің геосаяси жағдайы күрт нашарлап кетті. Осы кезеңде Ресей Бессарабияның оңтүстігінен айырылып қалды және АҚШ-қа Алясканы сатуға мәжбүр болды. Ендігі жерде Ресейдің назары Орта Азияға ауды. Ресей империясының басқыншылық саясаты нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстан жері толығымен дерлік тәуелді аумақтарға айналды.

Ресейдін, XX ғасырдағы жаңа тарихы 1917 жылы Қазан революциясынан бастау алды. Құлаған империя орнында пайда болған Кеңестер Одағы тарихи қалыптасқан геосаяси кеңістікті қалпына келтірумен бірге, оны көршілес аумақтар есебінен кеңейте түсті. Жаңа үлгідегі аса күшті алып мемлекет әлемдік экономика мен саясатта өзіндік орын алды. Өзінің аумақтық тұтастығын сақтаумен қатар, көршілес мемлекеттердегі саяси жүйенің өзгеруін қамтамасыз еткен бұл мемлекет одақтастары есебінен Еуразиядағы ғана емес, әлемдегі саяси күштердің арасалмағын анықтаушы факторға айналды.



1991 жылы ішкі қайшылықтар мен сыртқы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Ресей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Біртұтастығы бұзылған кеңістікте экономикалық, байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайлы емес геосаяси жағдай қалыптасты.[11]

Геосаяси жағдайы




Орыс ғарыш стансасы, Мир.

Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы аралық орны екі дүние бөлігін байланыстырып тұратын өзіндік көпір қызметін атқаруына себепші болады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындаумен қатар, оның саяси жағдайына да ықпал етеді. Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің ыдырауы, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс елдің геосаяси жағдайын өзгертті.

НАТО елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, "қырғиқабақ соғыс" саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.

Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.

Ресей геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші.[11]

Әкімшілік-аумақтық құрылымы


Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер[13]:






21 республика




өлке




46 облыс




2 федерадиялық деңгейдегі қала
(Мәскеу және Санкт-Петербург)




1 дербес облыс




4 дербес округ

Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.[11]

Табиғат жағдайлары






Байкөл, ғарыштық түсірім.





Васюган өзені.





Балтық теңізі.

Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.

Сонымен қатар Ресей жерінің жазық бөлігінің, негізінен, жоғары және орта ендіктерде орналасуы да табиғат жағдайына өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Солтүстіктегі арктикалық климаттан оңтүстікке Қара теңіз жағалауындағы субтропиктік климаттық белдеуге дейін созыла орналасқанына қарамастан, Ресей жерінде жыл мезгілдері айқын ажыратылатын қоңыржай белдеудің континенттік климаты басым тараған. Батыстан шығысқа қарай өте енді (9 мың км-ге жуық) болуы климат континенттілігін арттырады. Сондықтан Ресейдің батысында, яғни еуропалық бөлікте климат қоңыржай континенттік болса, ал азиялық бөлікте шұғыл континенттік сипатқа ауысады. Азиялық бөлікке жыл мезгілдері арасындағы және тәуліктік температуралық айырмашылықтың үлкен болуы, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, қатал климаттық жағдай (әсіресе қыс кезінде) тән болады. Сондықтан Ресей жерінде көпжылдық тоң басқан аудандардың үлесі жоғары, олардың жалпы ауданы 9 млн км2-ге жуық. Көпжылдық тоң қалыңдығы климат қаталдығына байланысты оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 метрден жүздеген метрге дейін жетеді. Мұндай табиғат жағдайы осы аймақтарды игеру мүмкіндігін тежейді.

Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.[11]


Табиғат ресурстары


Ресей жері табиғат ресурстарының барлық түріне бай, әсіресе минералдық ресурстар құрамы өте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса маңызды кен орындары барланған, оның 40%-дан астамы өндірісте игерілуде. Ресей дүниежүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің су-энергетикалық қоры жөнінен 1-орынды, ал өңделетін жер үлесі жөнінен 3-орынды иеленеді.

Минералдық ресурстары


Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1 %-ын алмас пен бағалы металдар (алтын, күміс, платина) құрайды. Минералдық, шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖЮ мөлшерінің 33%-дан астамы тиесілі.

Жер ресурстары


Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалпы жер қоры — 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі — 11,5 га, бұл дүниежүзілік көрсеткіштен (3 га) әлдеқайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де осы үлеске кіреді. Ресейге дүниежүзіндегі аса құнарлы қара топырақтың 1/3 белігі тиесілі.

Алайда соңғы жылдары жер ресурстарының сапасы нашарлап, жер эрозиясы белең алуда. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 80%-ы, жыртылған жерлердің 60%-дан астамы жоспарлы түрде қорғау мен қайта калпына келтіруді қажет етеді. Сонымен қатар 7%-дан астам жер әртүрлі деңгейдегі шөлейттену процесіне ұшырауда.[11]


Агроклиматтық ресурстары


Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінде ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын) жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Ресейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады.

Мұндай агроклиматтық жағдайда бидай, қарабидай, арпа, бұршақ, зығыр, қарақұмық, картоп, кейбір көкөніс түрлерін, малазықтық дақылдарды өсіруге мүмкіндік бар. Ресейдің ең жылы бөлігі Қара теңіз жағалауы мен Солтүстік Кавказ жерлерінде жылуды көбірек қажет ететін көкөністер мен жемістер, тіпті кейбір субтропиктік дақылдар да өсіріледі.[11]


Орман ресурстары


Ресей жері орман ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі — 5,3 га, бұл көрсеткіш бойынша Ресей көшбасшы болып тұр. Ең көп таралғаны қылқан-жапырақты ағаштар, олар бүкіл орман қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының көп бөлігі балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және самырсын ағаштары да басым. Ормандардың көпшілігі елдің шығысында, яғни Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыста, одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған. Ормандар аумағының қысқаруына өрттің шығуы жиі себепші болуда. Әсіресе орман өрттері Ресейдің азиялық бөлігінде климат континенттілігіне байланысты жиі байқалады.

Су ресурстары


Ресей жері су ресурстарына да өте бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м3-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төмен. Ресейдің ең ұзын өзені — Лена (4 400 км), ең мол сулы езені — Енисей. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында Ресейде 40-тан астам ірі су бөгендері салынған. Ең үлкені — Братск (дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда шоғырланған.

Ресей жерасты суларының қорына да бай, негізгі пайдаланылатын ресурс Еуропалық бөліктегі артезиан алаптарына тән.

Суды пайдалануда өндіріс қажетіне 59%, тұрмыс қажеті мен ауыз су үшін 20%, суландыру мақсатында 13%, ауып шаруашылығы үшін 2%, ал қалған 6% басқа қажеттіліктер үшін жұмсалады.

Ресей өзендерінің 500-ден астамы кеме жүруге қолайлы. Олардың кеме жүзуге жарамды жалпы ұзындығы 300 мың км-ден асады.

Ресей өзендерінің энергетикалық әлеуеті де жоғары, онда дүниежүзіндегі су-энергетикалық қордың 12%-ы шоғырланған. Оның Еуропалық бөліктегі үлесі 20%, ал Азиялық бөлікте 80%-дан асады.[11]

Биологиялық ресурстары


Ресейдің ормандары, өзендері мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.[11]

Рекреациялық ресурстары


Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.

Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық бөлігінде көбірек шоғырланған. Олардың болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі және Ресей тарихын туристерге таныстырудағы танымдық маңызы өте жоғары.

Ресейде табиғат ресурстарына тән мынадай ортақ белгілер бар:


  1. ресурстар қоры өте мол және алуан түрлі;

  2. ресурстар өз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген;

  3. ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған және олардың басым көпшілігі нашар игерілген, табиғат жағдайы қолайсыз аудандарда шоғырланған;

  4. жақсы игерілген аудандардағы ресурс қоры сарқылуға жакын.

Халқы




Ресей халқының тығыздығы.


Ресей халқының демографиялық пирамидасы, 2011 жыл.

Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.[11]

Демографиялық көрсеткіштер


Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.

Демографиялық керсеткіштерге халықтың жас және жыныстық кұрылымы, көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының 53%-дан астамын әйелдер құрайды. Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда (Ханты-Манси, Ямал- Ненец, Таймыр автономиялық округтері, Саха республикасы) туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз. Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.[11]


Еңбек ресурстары


Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды. Олардың басым көпшілігі (71 млн адам) экономикалық белсенді халық болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ, бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды. Ингушетия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның керсеткіші кей жылдары 50%-ға жеткен. Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында, сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың деңгейі 4—5 %-дан аспайды. Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.[11]

Халқының ұлттық құрамы


Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы — Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.

Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық (халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады. Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың, соның ішінде шағын ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген. Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады. Солтүстіктің басқа халықтары, негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса, якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы өсіруден әлі қол үзген жоқ. Елдің солтүстігін, Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді.[11]


] Орналасуы


Елдің әртүрлі бөліктерінде халық әркелкі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа көрсеткіші 1 км2-ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа керсеткіштен 4 есе төмен. Ресей аумағының 1/4 бөлігін ғана алып жатқан еуропалық бөлікте халықтық 79%-ы тұрады. Мұнда 1 км2 аумақка 30 адамнан келеді. Ал елдің басым бөлігін (3/4) камтитын азиялық бөліктің үлесіне барлық халықтың 21 %-ы ғана тиесілі. Халық тығыздығы мұнда 1 км2-ге бар болғаны 2,5 адамды құрайды.

Ресейдегі халық тығыздығы

Экономикалық аудан

Халық тығыздығы,
адам/км2


Солтүстік

4

Солтүстік-Батыс

39

Орталық

60

Волга-Вятка

31

Орталық қара топырақты

46

Волга бойы

31

Солтүстік Кавказ

49

Орал

24,5

Батыс Сібір

6

Шығыс Сібір

2

Қиыр Шығыс

1

Калининград облысы

62,5

Ресей, орта есеппен

8,5

Экономикалық аудандар бойынша да халықтың тығыздығы әртүрлі. Халық Орталық аудан мен Калининград облысында тығыз орналасқан, ал Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған.

Халық тығыздығы табиғат жағдайларының қолайлы болуына тікелей байланысты. Ресейдің халық тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып келеді. Мысалы, Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км2-ге шаққанда 80 адамды құраса, табиғаты қолайсыз Таймырда бұл көрсеткіш 1 адамға тең. Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік-экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады. Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км2-ге 320 адамға жетеді. Еуропалық бөліктің солтүстігінен басқа аумағын және азиялық бөліктегі Транссібір теміржолы бойындағы аудандарды қамтитын жолақта Ресей халқының 93%-ы тұрады. Елдегі ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік осында орналасқан.

Солтүстікке және шығысқа қарай халық тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%-ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай, Тува республикалары) де халық сирек қоныстанған, мұнда ел халқының 1 %-ы ғана тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары. Халықтың әркелкі орналасуы және көптттілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.

Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым. Жалпы алғанда, Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар. Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы өркендеген аудандарда көбірек. Көлік қатынасы және рекреациямен (емдеу-сауықтыру және демалыс орындары), сондай-ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдың елді мекендер де бар. Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55%-ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала халқының үлесі, әсіресе Солтүстік-Батыс (87%) және Орталық (80%) аудандарда жоғары. Алтай, Тува, Қалмақ республикаларында, солтүстіктегі ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50%-дан төмен. Ал ауыл шаруашылығы дамыған Солтүстік Кавказ бен Краснодар өлкесінде қала халқының үлесі 54%-ды құрайды.[11]

Мәдениеті


Толық мақаласы: Ресей мәдениеті




Ресей мәдениеті адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді.

Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар:


  • көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру;

  • уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу;

  • жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.

Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.[14]

Ежелгі Русь мәдениеті


Толық мақаласы: Ежелгі Русь мәдениеті

Ежелгі Русь мәдениеті — шекарасы Тамань түбегіне, сондай-ақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.


Ірі қалалары


Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50—100 мың адам), ірі (100—500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды. Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсіресе миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бөлігі шоғырланған.

Ресейдегі миллионер қалалар, 2008 ж.
(Ресей статистикалық анықтамалығының деректері бойынша)

    Қала    

Халық саны, млн адам

    Қала    

Халық саны, млн адам

Мәскеу

10,4

Самара

1,13

Санкт-Петербург

4,6

Омбы

1,13

Новосибирск

1,4

Қазан

1,1

Төменгі Новгород

1,3

Үфі

1,1

Екатеринбург

1,3

Челябинск

1,1

Елдегі ең ірі агломерациялар Мәскеу (13 млн тұрғыны бар) және Санкт- Петербург (6,5 млн адам) маңында қалыптасқан.

Мәскеу халық саны жөнінен Еуропадағы ең ірі қала болып табылады. Қала шамамен 1000 км² аумақты қамтып жатыр. Қала туралы алғашқы мәліметтер жылнамаларда 1147 жылы жарық көрген. XV ғасырдан бастап біртұтас Ресей мемлекетінің астанасы болып жарияланған. 1922—1991 жылдардың аралығында КСРО астанасы қызметін атқарған Мәскеу елдегі аса ірі әкімшілік, экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Қалада 4 ірі әуежай, аса ірі метрополитен, жүздеген кәсіпорындар, 80-нен астам жоғары оқу орны шоғырланған. Қалада 1000- нан астам ғылыми мекемелер жұмыс істейді.

Мәскеу — әлемдегі ірі мәдениет орталықтарының бірі. Мұнда сәулет өнерінің інжу-маржандары болып саналатын діни ғимараттар, Мәскеу Кремлі мен Қызыл алаң, патша иеліктерінің әсем сәулет ансамбльдері, Үлкен театр мен Мәскеу университетінің ескі ғимараты сақталып қалған. Қалада 60 кәсіби театр, 74 мұражай жұмыс істейді. 1980 жылы қалада XXII Олимпиадалық ойындар өткізілді.

Орал мен Поволжьеде басқа аудандармен салыстырғанда миллионер қалалар саны көп (оны немен түсіндіруге болады?). Ал солтүстіктегі ең ірі қала болып саналатын Мурманскіде халық саны 400 мың адамға да жетпейді. Ірі қалалардың көпшілігі әкімшілік бірліктердің орталығы болып табылады.[11]


Ірі қалаларының тізімі


қарау • талқылау • өңдеу


Мәскеу

Санкт-Петербург

Новосибирск

Екатеринбург

Реті

Қала

Орысша атауы

Облысы

Халқы

қарау • талқылау • өңдеу


Төменгі Новгород

Самара

Қазан (қала)

Омбы





1

Мәскеу

Москва

Мәскеу

11,800,992




2

Санкт-Петербург

Санкт-Петербург

Санкт-Петербург

4,900,520




3

Новосибирск

Новосибирск

Новосибирск облысы

1,397,191




4

Екатеринбург

Екатеринбург

Свердлов облысы

1,332,264




5

Төменгі Новгород

Нижний Новгород

Төменгі Новгород облысы

1,272,527




6

Самара

Самара

Самара облысы

1 164 900




7

Қазан (қала)

Казань

Татарстан

1 143 600




8

Омбы

Омск

Омбы облысы

1,129,120




9

Челябi

Челябинск

Челябi

1,093,699




10

Дондағы Ростов

Ростов-на-Дону

Ростов облысы

1,048,991




11

Үфі

Уфа

Башқұртстан

1,024,842




12

Волгоград

Волгоград

Волгоград облысы

1,021,200




13

Пермь

Пермь

Пермь облысы

985,794




14

Красноярск

Красноярск

Красноярск

947,801




15

Воронеж

Воронеж

Воронеж облысы

843,496




16

Саратов

Саратов

Саратов облысы

830,953




17

Тольятти

Тольятти

Самара облысы

720,346




18

Краснодар

Краснодар

Краснодар

710,686




19

Ижевск

Ижевск

Udmurtia

611,043




20

Ярославль

Ярославль

Ярославль

606,336






[Шаруашылығы және өнеркәсібі


Толық мақаласы: Ресей шаруашылығы және өнеркәсібі

Ресей Федерациясы — өтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді.

1990 жылдардан бастап жүргізілген нарықтық қайта құруларға қарамастан, шаруашылықтың салалық құрылымында ала-құлалық сақталуда. Қазіргі кезге дейін ел экономикасында ресурстық салалар басым, өндірістің шоғырлану және монополиялану деңгейі жоғары. Ресей экономикасы басым түрде шикізат пен материалдарды шетке сатуға негізделіп отыр. Шаруашылық дамуында Ресей өз аумағындағы табиғи, материалдық және еңбек ресурстарына сүйенеді. Шетел инвестициясы, негізінен, қаржы саласы мен сауданы дамытуға бағытталған, өндіріс салаларын дамытуға әлдеқайда аз жұмсалады. Қазіргі кезде мемлекет аса маңызды шаруашылық салаларын бақылауды өз қолына алу үшін бірқатар жұмыс жүргізуде.


Ауыл шаруашылығы


Толық мақаласы: Ресейдің ауыл шаруашылығы және көлік географиясы

Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өңдеп, дәл уақытында халыққа жеткізу де қажет. Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады

Ресейдің агроөнеркәсіптік кешендері әлі де даму, өркендеу жағдайында тұр, олардың түрлі буындары арасындағы байланыстар өз дәрежесінде емес. Әсіресе өнімді өңдеу мен қызмет көрсету салалары жетілдіруді қажет етеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші әрі негізгі саласы — ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының басқа салалардан басты айырмашылығы — оның өркен жаюы табиғат жағдайына, агроклиматтық ресурстар жиынтығына, сондай-ақ жер қорына тікелей тәуелді болуында. Ал Ресей жерінің табиғат жағдайы және оның мүмкіндігі сендерге жақсы таныс. Ресейдің ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры 222 млн га, оның 126 млн га-сы егістік жерлер. Бұл көрсеткіштер бойынша Ресей дүниежүзіндегі дамыған елдер арасында өте жоғары орынды иеленеді. Алайда ауыл шаруашылығының даму дәрежесі мен өндірілген өнім көрсеткіштері жөнінен әлдеқайда төмен деңгейде.

Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығын сендер білесіндер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше мал шаруашылығының өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттердің бірі — мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.


Өсімдік шаруашылығы






Бидай жинауы

Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.


Мал шаруашылығы


Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12-кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.

Көлік географиясы


Ресей аумағында көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге болады. Алайда олардың орналасу жиілігі, жүк және жолаушы тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді. Көлік түрлерінің көлік жүйесіндегі орны атқарылған жұмыс нәтижесімен анықталады. Оның көрсеткіштері тасымалданған жүк (млн т) пен жолаушының (млн адам) санымен және жүк пен жолаушы айналымымен бағаланады. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік күн, көліктің жылдамдығы, жүк көтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі.

Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Теміржол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары деңгейде. Оның бейнесі алып шеңберге ұқсайды, негізгі білігі Мәскеу қаласы болып табылады. Одан жан-жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады. Еуропалық шеңберден шығысқа карай ендік бағыттағы бірнеше жол тораптары тармақталады. Тораптар жиілігі шығысқа жүрген сайын біртіндеп сирейді. Олардың ең ірілері: Транссібір, Ортасібір және Оңтүстіксібір тораптары. Бұл тораптардың барлығы дерлік Қазақстан жері арқылы өтетіні сендерге жақсы таныс.


Байланыс


Шаруашылық салалары арасындағы ақпарат алмасу, ең алдымен, байланыс жуйелері аркылы жүзеге асады. Ресейдің байланыс жүйелері екі негізгі саладан құралады: пошта және электр байланысы. Пошта байланысының даму дәрежесі жөнінен Ресей Еуропаның жоғары дамыған елдерімен деңгейлес. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 3 байланыс орны сәйкес келеді.

Электр байланысының телефон, бейнетелефон, ұялы телефон, телеграф, ғарыштық байланыс, радио және телехабар тарату, электрондық пошта, интернет жүйесі сияқты түрлері сендерге жақсы таныс. Ресейде бұл байланыс түрлерінің барлығы дерлік кездескенімен, олардың басым көпшілігі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Телефон желісімен қамтамасыз етілуі барлық жерде біркелкі емес, ең жоғары көрсеткіш Орталық экономикалық ауданға тән.

Ресей жері арқылы Біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ол электр тербелістері арқылы берілетін ақпараттарды бір жүйеге топтастырады. Әлемдік байланыс жүйесіне енуде ұзындығы 18 мын км-ге жететін Трансресейлік талшықты оптика желісінің салынуының маңызы өте зор. Ол Ресейдің Еуропамен және Жапониямен байланысын жаңа сатыға көтеруде.

Соңғы жылдары интернет жүйесінің жедел дамуы байқалуда. Ол үшін арнаулы талшықты оптика жүйесі салынуда. Байланыс жүйесінің аса ірі орталықтарыМәскеу мен Санкт-Петербург қалалары болып табылады.[15]


Экономикалық аудандары


Толық мақаласы: Ресейдің экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары

Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай 11 экономикалық аудан мен бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән маманданған шаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың күрделі жиынтығынан құралады:



  • Орталық экономикалық аудан;

  • Волга-Вятка экономикалық ауданы;

  • Орталық қара топырақты аудан;

  • Солтустік-Батыс экономикалық ауданды;

  • Солтүстік экономикалық аудан;

  • Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы;

  • Волга бойы экономикалық ауданы;

  • Орал экономикалық ауданы;

  • Батыс Сібір экономикалық ауданы;

  • Шығыс Сібір экономикалық ауданы;

  • Қиыр Шығыс экономикалық ауданы;

  • Калининград облысы

Cыртқы экономикалық байланыстары

Сыртқы сауда


Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.

1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достастық келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз экспортының үлесін 40%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған мемлекеттерімен арадағы байланысты күшейтіп, оның үлесін 50—60%-ға дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерін көруге болады. Мұндай сауда- экономикалық байланыстар ТМД елдерімен де жаңа деңгейге көтерілді. 2007 жылғы сыртқы сауда айналымы 578,9 миллиард АҚШ долларын құрайды, оның 355,5 миллиард АҚШ доллары экспортқа, ал 233,4 миллиард АҚШ доллары импорт үлесіне тиесілі. Олардың арақатынасы мен басты бағыттарына мәтіндегі картадан да айқын көз жеткізуге болады.

Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы қорытынды бойынша осы тауарлардың Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Украинадағы үлесі 24%-дан 60%-ға дейін ауытқыған. Сонымен қатар осы жылғы қорытынды бойынша Ресейдің ең басты сауда серіктестері ТМД елдерінен басқа Германия, Италия, Қытай және Нидерланд болып отыр. Елде сыртқы саудамен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың басқа да нысандары дамуда. Жоғары дамыған елдермен, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің көптеген компанияларымен бірлескен кәсіпорындар қатары көбеюде. Ал шетелдерде Ресей компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпкерліктің дамуы жедел қарқынмен жүруде. Елдегі сыртқы экономикалық байланыс түрлерінің бірі — туризм болып табылады.] Туризм

Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай және Саян тауларының баурайларындағы таулық туристік базалар жатады.



Сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштері, мұражайлар, өркениет мұралары сақталып қалған ежелгі қалалар мен қазіргі ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерін жинақтаған әсем де асқақ қалалар Ресейдің аса құнды ұлттық байлықтары болып саналады. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап әрі туристерге барлық қырынан толықтай таныстыруда түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылуда. Ресейдің аса ірі қалалары мен туристік-рекреациялық мүмкін- діктері жоғары аудандарда инфрақұрылымдар жаңартылып, заман талабына сәйкестендірілуде. Ол шараларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қордан өте қомақты қаржы бөлінуде.

Осы шаралар нәтижесінде соңғы жылдары халықаралық туризм жылдам дамуда. Анықтамалық мәліметтер бойынша Ресейге келетін туристердің ішінде алыс шетелден келетіндер саны XX ғасырдың 90-жылдарындағы 13%-дан соңғы жылдары 29%-ға дейін

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет