Закон сингармонизма. Ударение. 2 сабақ. Ел Конституциясы



Дата17.07.2016
өлшемі115 Kb.
#205586
түріУрок


  1. Класс

I модуль. Қазақстан Республикасы.Фонетика. Үндестік заңы. Екпін.

I модуль. Республика Казахстан. Фонетика. Закон сингармонизма. Ударение.

2 – сабақ. Ел Конституциясы.

Урок 2. Конституция страны.

Сөздік

қоғам – общество

пәрменді – мощный, сильный

саяси-құқықтық – политико-правовой

мүлтіксіз – безошибочно

орнықты – установленный

қағида – правило

шешім – решение

қорғалады – защищается

дауыс беру – проголосовать




1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Задание 1. Прочитайте текст.

Ел Конституциясы

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Ата Заң екі рет кабылданды. (С тех пор, как наша страна стала суверенной, Главный Закон принимался два раза). Парламентте қабылданған негізгі заңымыз қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі саяси-құқықтық табысымыз болғанмен, онда бірқатар маңызды мәселелер орнықты шешім таппады, сондықтан 1995 жылы 30 тамызда жаңа Ата Заң қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. (Хотя принятый парламентом основной закон стал в определенный период политико-правовым достижением в развитии общества, в нем ряд важных вопросов не нашли установленного решения, поэтому 30 августа 1995 года был проведен всенародный референдум о принятии новой Конституции). Оған азаматтардың 90,51 пайызы қатысып, олардың 89 пайызы Конституцияны қабылдауды жақтап дауыс берді. (В нем участвовал 90,51 процент, из них 89 процентов проголосовали за принятие новой Конституции). Бүкіл Қазақстан халқы талқылап, қабылданған Ата Заңымыз өзінің гуманистік ізгілігімен, демократиялық сипатымен және тәуелсіз мемлекетімізді нығайтуға деген пәрменді бағыттылығымен ерекшеленеді. (Наша Коституция, в обсуждении и принятии которой участвовал весь казахстанский народ, отличается своими гуманистическими ценностями, демократичностью и сильной направленностью на укрепление нашего независимого государства). Ата Заңды құрметтеу, жақсы білу және мүлтіксіз орындау әрбір азаматтың міндетіне жатады. (Уважать, хорошо знать и безошибочно исполнять Конституцию страны является обязанностью каждого гражданина). Оның қағидалары мемлекеттің барлық мүмкіндіктері пайдаланыла отырып, заңды түрде қорғалады. (Ее положения защищаются законным образом с применением всех возможностей государства).



(«Менің Қазақстаным – саяси әліппе»)

(«Мой Казахстан – политический букварь»)

2-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

Задание 2. Выполните упражнения в трех уровнях.

III деңгей:

(III уровень)

  1. Мәтіннен Ата Заңның қай жылдары қабылданғаны туралы сөйлемді теріп жазып, ондағы үндестік заңына бағынатын сөздердің жасалу жолдарын анықтаңдар.

Выпишите из текста предложения, содержащие год принятия Конституции, выберите оттуда слова, подчиняющиеся закону сингармонизма и проведите разбор словообразования.

Үлгі: маңыз + ды (сөздің түбірі ұяңға аяқталып, жұрнақ ұяңнан басталады).



Пример: маңыз + ды (корень слова оканчивается на звонкую согласную и суффикс начинается со звонкой согласной)

Пример выполнения задания:

Парламентте қабылданған негізгі заңымыз қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі саяси-құқықтық табысымыз болғанмен, онда бірқатар маңызды мәселелер орнықты шешім таппады, сондықтан 1995 жылы 30 тамызда жаңа Ата Заң қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді.

  1. Жалғау сөздің жуандығына /жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады. (Окончание подбирается согласно твердости / мягкости звучания слова).

  2. Сөздің түбірі ұяң (б, в, г, ғ, д, ж, з) я үнді (й, л, м, н, ң, р, у) дауыссызға аяқталса, жұрнақ та ұяңнан / үндіден басталады. (Если корень слова оканчивается на звонкую (б, в, г, ғ, д, ж, з) или сонорную (й, л, м, н, ң, р, у) согласную, тогда и суффикс начинается со звонкой /сонорной согласной).

  3. Сөздің түбірі қатаң (к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ) дауыссызға аяқталса, жұрнақ та қатаң дауыссыздан басталады. (Если корень слова оканчивается на глухую (к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ) согласную, то и суффикс начинается с глухой согласной).

Жуан




Жіңішке

қабыл + дан + ған




негіз + гі

қабыл + дау




белгі + лі

заң + ы + мыз




кезең + ін + де + гі

қоғам




мәселе + лер

даму + ы + ның




шешім

құқықтық




жөн + ін + де

табыс + ы + мыз




өткіз + іл + ді

онда







орн + ық + ты







тап + па + ды







сондықтан







жыл + ы







(30) отыз + ыншы







тамыз + да







жаңа







Ата







Келтірілген сөздердің арасында буын үндестігіне бағынбайтын сөздер:

Из приведенных выше слов не подчиняются закону сингармонизма следующие слова:

  1. көмектес септік жалғауы (-мен, -пен) бар сөздер. Мысалы: парламентпен,

слова в творительном падеже (көмектес септік) с окончанием (-мен, -пен). Например, парламентпен,

  1. араб-иран тілдерінен, басқа тілдерден де енген сөздер (саяси, референдум),

слова из арабско-иранской группы слов и других языков (саяси, референдум),

  1. кейбір біріккен сөздер (бірқатар, бірыңғай, бүкілхалықтық).

некоторые слова, образованные объединением (двух и более) слов (бірқатар, бірыңғай, бүкілхалықтық).

  1. Берілген сөз тіркестерінің екпінін анықтаңдар:

Расставьте ударения в данных словосочетаниях:

Гуманисті᷾к ізгілігіме᷾н, демокра᷾тиялық сипатыме᷾н, пәрменді᷾ бағыттылығыме᷾н, Заңды᷾ құрметте᷾у, мүлтіксі᷾з орында᷾у.



II деңгей:

(II уровень)

  1. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

Ответьте письменно на вопросы.

  1. Ата Заңымыз несімен ерекшеленеді?

Чем отличается наша Конституция?

Жауап: Ата Заңымыз өзінің гуманистік ізгілігімен, демократиялық сипатымен және тәуелсіз мемлекетімізді нығайтуға деген пәрменді бағыттылығымен ерекшеленеді.

Ответ: Наша Коституция отличается своими гуманистическими ценностями, демократичностью и сильной направленностью на укрепление нашего независимого государства.

  1. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті не?

Что является обязанностью каждого гражданина Республики Казахстан?

Жауап: Ата Заңды құрметтеу, жақсы білу және мүлтіксіз орындау – әрбір азаматтың міндеті.

Ответ: Уважать, хорошо знать и безошибочно исполнять Конституцию – обязанность каждого гражданина.

  1. Ата Заңымыз соңғы рет қай жылы қабылданды?

Когда в последний раз была принята Конституция?

Жауап: Соңғы рет Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізу арқылы қабылданды.

Ответ: В последний раз Конституция была принята 30 августа 1995 года путем проведения всенародного референдума.

Жауаптарыңдағы қойылған тыныс белгілірін түсініңдер.



Обратите внимание на знаки препинания в Ваших ответах.

  1. Ізгілік  ізгілігімен

Бағыттылық  бағыттылығымен

Осы сөздердегі қарамен жазылған дыбыстардың не себепті өзгергенін анықтаңдар.



Объясните причину изменения выделенных жирным шрифтом звуков в написанных словах.

Жауап: Сөздің жіңішкелігіне қарай к г болып үндесіп жалғау жалғанады, ал сөз жуан болса, онда қ ғ болып үндесіп жалғау жалғанады.

Ответ: Для слов с мягким звучанием при присоединении окончания к корню происходит замена последней буквы корня к г, а для слов с твердым звучанием происходит замена қ ғ).

I деңгей:

(I уровень)

Ата Заң туралы қосымша әдебиетті пайдалана отырып, реферат дайындаңдар.



Подготовьте реферат про Конституцию, используя дополнительную литературу.

3-тапсырма. Төмендегі берілген сөздерді үлгі бойынша сөз құрамына талдаңдар. Бұл сөздер қандай сөз табына жататынын анықтаңдар.

Задание 3. Проведите разбор нижеприведенных слов согласно образцу. Определите к какой части речи относятся эти слова.

Үлгі: тәуелсіздік – тәуел + сіз + дік



Выполнение задания:

Талдау

Разбор

Түбір сөз

Коренное слово

Жұрнақтар

Суффиксы

Сөз табы

Часть речи

белгі + лі

известный

белгі (зат есім)

знак, отметина (имя существительное)

-лі

сын есім

имя прилагательное

маңыз + ды

важный

маңыз (зат есім)

смысл, содержание (имя существительное)

-ды

сын есім

имя прилагательное

орн + ық + ты

устойчивый, прочный, установленный

орын (зат есім) (ы дыбысы түсіп қалды)

место (имя существительное) (выпал звук ы)

-ық, -ты

сын есім

имя прилагательное

бүкіл + халық + тық

всенародный

бүкіл (үстеу) + халық (зат есім) – біріккен сөз

весь (наречие)+ народ (имя существительное) – сложный корень

-тық

сын есім

имя прилагательное

гуманис + тік

гуманистический

гуманист (зат есім) (т әріпі түсіп қалды)

(имя существительное) буква т выпадает (два раза вместе с суфиксом не пишется)

-тік

сын есім

имя прилагательное

пәрмен + ді

мощный

пәрмен (зат есім)

сила, мощь (имя существительное)

-ді

сын есім

имя прилагательное

мүлтік + сіз

безошибочно, точно

мүлтік (зат есім)

недостаток, изъян (имя существительное)

-сіз

үстеу

наречие

мүмкін + дік + тер + і

возможности

мүмкін (үстеу); -теркөптік жалғау; – ІІІ жақ, тәуелдік жалғау

возможно (наречие); -терокончание множ. числа; – спряжение ІІІ лица

-дік

зат есім

имя существительное

мемлекет + тің

государства (чего? родительный падеж)

мемлекет (зат есім); -тің – ілік септік жалғауы

государство (имя существительное); -тіңокончание родительного падежа



зат есім

имя существительное


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет