АЙМАН-ШОЛПАН
Қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған
жырдың бірі – «Айман-Шолпан». Жырдың ел арасынан
жазып алынған нұсқасы, 1896 жылы Қазан қаласында
басылып шықты. Бірақ оны жырлаған ақынның аты-жөні
күні бүгінге дейін мәлім емес. Жырдың қысқаша мазмұны
1901 жылы «Торғай газетінде» (№17) басылды. Ал 1902
жылы «Торғай облыстық ведомосы» (№62) жырды қазақ
тілінде жариялады. Бұлардың бәрі 1896 жылғы
басылғанын қайталады. Бұл жыр 1939 жылы Хажым
Жұмалиев құрастырған «Халық поэмалары» деген жинаққа
енді. Жазушы М.Әуезов жырда айтылатын әңгімелерді
негізге ала отырып, «Айман-Шолпан» атты пьеса (1934 ж.)
жазды, ол алғашқы кезде қазақтың Абай атындағы опера
театрында қойылды, кейіннен облыстық театрлардың
репертуарынан орын алды.
«Айман-Шолпан»
жырының оқиғасы реалистік
өмірден алынған. Жырдың басты кейіпкерлері – Көтібар
мен Арыстан – тарихта болған адамдар. Тарихи
деректердің айтуынша, Көтібар Берсеннен, Арыстан
Тінәліден туған. Берсен мен Тінәлі бір кісінің баласы.
Бұлардың руы – Шекті, оның ішінде Тілеуқабақ, мекені –
қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. Көтібар мен
Арыстан өткен ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген
221
.
Т.Шойғарин:
«Көтібар
Ақтөбе
облысы,
Шалқар
ауданының он бірінші аулында туған, ұрпақтары осы
күнде де бар», – десе, Тыным Бірманов: «Ақтөбе
облысының Ключевой ауданында Көтібардың моласы бар.
Көтібарды бай-сұлтандар, хан тұқымдары Жанқасқа
дегенге ақша беріп өлтіреді. Оның сүйегін Арыстан мен
Есет сауын айтып, әзер тауып алады», – деп жазады
222
. Ал
жырдағы Айман, Шолпан, Әлібектер жайында тарихи
мәліметтер жоқ.
Х.Жұмалиев «Айман-Шолпан» жырының оқиғасы
Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісінен кейін
туған
223
, – дейді. Ал филология ғылымдарының кандидаты
Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихына» (І том, 1948
ж., 207-бет) жазған еңбегінде бұл жырдың ХІХ ғасырдың
орта шенінде туғандығын айтады. М.Ақынжановтың
айтуына қарағанда, бұл жыр өткен ғасырдың екінші
жартысының бас шенінде, яғни Қазақстанның Россияға
қосылуы аяқталған кезде, туған
224
. Бұлардың қайсысы
болса да жырдың нақтылы шыққан мезгілін дәлдеп
айтпағанымен де, оқиғасы шындық өмірден алынғандығын
анықтайды.
221
Қазақ әдебиетінің тарихы, 1948ж., І том, 207-бет.
222
Бұл екі адамның мақаласы «Социалистік Қазақстан»
газетінде 1939 жылы 6-апрельде №79 (5085) басылды.
223
«Халық поэмалары», 1939 ж., 134-бет.
224
М.Ақынжанов, жоғарыда аталған еңбегі, 27-бет.
«Айман-Шолпан» жырына талдау берместен бұрын,
оның мазмұнымен қысқаша таныса кетелік. Онда былай
делінеді: Кіші жүз ішінде шөмекейдің өлген бір кісісіне
үлкен ас беріледі. Оған таманың бай адамы Маман келеді,
ол сән-салтанатымен, өңшең нарға артқан тоғыз саба
қымызымен келеді. Шөмекейліктер Маман байды
құрметпен қарсы алып, алтындаған ақ үйге енгізеді. Бұл
асқа қант-шай алып және тоғыз нарға тоқаш артып
шектінің батыры Көтібар да келеді. Оның жадағай үйге
көңілі толмайды да, маман бай отырған үйді бер деп
шіренеді. Шөмекейліктер сасады да, Көтібарға жауапты
өзің бер деп Маман байға барады. Маман бай Көтібардың
кедейлігін және өзінің байлығын айтады. Осыдан кейін бай
мен батыр ерегіседі, Көтібар күш көрсетеді: «Еліңді шауып
аламын», – дейді. Көтібар өзінің інісі Арыстанның:
«Арындама», - деген ақылына құлақ аспайды.
Аста ат шабысы болады. Бәйгіден Көтібардың күрең
аты озып келеді. Бұған масаттанған Көтібар, Маманға
алғашқы айтқан сөзін қайталайды да: «Еліңді шауып
алам», – деп аттанып кетеді. Айтқанындай-ақ, Көтібар жеті
жүз жігіт алып Үрпекбас деген жерде отырған Маманды
шауып алады, Маманның Айман, Шолпан атты екі қызын
жайдақ нарға мінгізіп әкетеді. Жолшыбай Айман өзіне
Көтібардан бір жорға сұрап алады да, оны Шолпанға
береді. Екінші тұлпарды Арыстаннан алады. Айман
Көтібардың жігіттерінен: «Шолпан екеуіміздің бірімізді
елге қайырыңыздар», – деп өтінеді. Бұған Көтібар
үндемейді, Арыстан келісім білдіреді, Шолпанды еліне
қайырады. Оны Арыстан бастаған жігіттер еліне шығарып
салады. Және де Айман еліне қайтып бара жатқан Шолпан
арқылы өзінің атастырған күйеуі Әлібекке сәлем
жолдайды: «Алпыс күннен қалмай, келіп жетсін», – дейді.
Көтібар еліне келеді. Оның Теңге деген тоқалы бар
екен. Оны жігіттер әзіл араластырып ашуландырып: «Сені
Айманның көрімдігіне береміз», – дейді. Бұған
намыстанған Теңге Айманмен қақтығысады және
Айманның алдынан ешбір адамды шығармаймын деп үйіне
қайтады. Айтқандай–ақ Айманды қарсы алған адам
болмайды, сонан соң ол Арыстанның аулына барып түседі.
Айман Көтібардың ұлы Есетпен танысып, оны бауырына
тартады, балаға жақсы киім-кешек тігіп береді Ол Есетке
ақыл үйретеді: «Әкеңе бар, киімдеріңе байғазы сұра.
Алпыс күнге дейін Айманға үйленбе, берер байғазың осы
болсын де», – дейді. Есеттің тілегін Көтібар орындамайды,
сонда бұған Арыстан араласып, баланың тілегін
қабылдаттырады. Айман Есеттен Көтібардың күші күрең
тұлпарында екенін біледі және айламен тұлпарды қолына
түсіреді.
Осы кезде бір мың төрт жүз жігіт алып Әлібек келеді.
Оның алдынан күрең тұлпармен Айман шығады. Әлібек
Айманды танымай қалып найза салады, Айман өзін
танытады. Әлібек шекті елін шабуылдайды. Бірақ
арашашы Айман болады, ол екі жақты татуластырады.
Көтібар өкіл ата болып, Айманды Әлібекке аттандырады.
Шолпанды Айман Арыстанға қосады. Екі жақтың
шабуылға түскен малы қайтарылады, ел арасында татулық
орнайды. Жыр осымен аяқталады.
«Айман-Шолпан» халықтық жыр және ол өткен
ғасырдың 70 жылдарында шығарылған секілді. Жырдың
оқиғасы осы кездегі қазақ елінің тұрмысында, әлеуметтік-
қоғамдық өмірінде болған жаңалықтарды суреттеу
идеясынан туған деуге болады. Бұлай деудің бірнеше
себептері бар.
Қазақстанның Россияға қосылуы өткен ғасырдың 70
жылдарында аяқталған еді. Бірақ бұл қосылу бүкіл қазақ
елінде бір мезгілде басталған емес-ті. Әуелі Россия
мемлекетіне кіші жүз (1731 ж.), содан кейін орта жүз (1740
ж.), өткен ғасырдың бас кезінде ұлы жүз қосылды. Мұның
нәтижесінде қазақ елінің тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық
өміріне көптеген жаңалықтар ене бастады, ел басқару, ел
билеу істерін бірсыпыра өзгерістер енді. 1822 жылы патша
үкіметі орта жүз қазақтары жайында арнаулы устав
шығарды да, бұрынғыдай хандық жолымен ел билеу
тәртібін өзгертті. Орта жүз округтерге бөлінді. 50-70 үйден
бір әкімшілік ауыл, 10-12 ауылдан бір болыс (волость), 15-
20 болыстан округ құрылды. Әрбір ауылды үш жылдық
мерзімге сайланған старшиндар басқаратын болды,
округтерді болыстар сайлаған аға сұлтандар басқарды
225
.
Бертін келе бұл устав та өзгерді. Патша үкіметі 1865
жылы арнаулы комиссия құрып, оған қазақ елін билеу,
басқару жайында «Уақытша жоба» (мұны қазақтар «Жаңа
низам» дейді) жасауды тапсырды. Комиссия жасаған жоба
1868 жылы 21 октябрьде қабылданды.
«Уақытша жоба» бойынша қазақ елі облыстарға
бөлінді. Орал мен Торғай облысы Орынбор генерал-
губернаторлығына, Ақмола мен Семей Батыс-Сибирь
генерал-губернаторлығына қарайтын болды. Ал Жетісу
мен
Сырдария
облыстары
Түркістан
генерал-
губернаторлығына бағынды. Әрбір облысты губернатор
басқарды. Облыстар уездерге бөлінді, уезд бастықтары
болып патша үкіметінің офицерлері, ал олардың
көмекшісіне қазақ байлары тағайындалды. Уездер
болысқа, болыстар ауылға бөлінді. Болыстар да,
ауылдарды билейтін старшиндар да сайлау арқылы
сайланатын болды. Бірақ «сайлау» деген аты болмаса, оған
қатысатын да, сайланатын да байлар еді. Олар патша
әкімдеріне көптеген пара бере отырып сайланатын болды.
Сөйтіп, ел басқару жөнінде ескі тәртіп жойылады да,
оның орнына «сайлау», жоғарыдан «тағайындау» тәртібі
қолданылады. Бұл ретте патша әкімдері қазақтың
225
История Казахской ССР, 1957 г., том І, стр. 303-304.
байларымен, пысықтарымен санасып, бірлесіп отырады.
Кімде-кім ұлықтарға жаға білсе, параны көп берсе, бай
болса, оларды патша әкімдері дәрежеге жеткізетін болады.
Және де мұндай «сайлау» тәртібі ел арасының ала
ауыздығын, бақастығы мен тартысын күшейте түседі, елді
жікке бөлу, араздастырып атыстыру көбейеді. Мұның арты
әкеліп
дау-жанжалға,
ұрыс-қағысқа
соғады.
Осы
жағдайларды өз көзімен көрген және терең түсінген Абай
«Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың» дейтін
өлеңдерінде тамаша етіп суреттеген болатын. Мұны қазақ
халқының ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов те «Абай»
романында
жан-жақты
алып,
реалистік
тұрғыдан
«сайлаудың» таптық сырын ашып көрсетті.
Қазақтың әлеуметтік тұрмысына, қоғамдық өміріне
енген үлкен жаңалық ел билеу, ел басқару ісі ғана емес еді.
Мұндай өзгеріс, жаңалықтар қазақтың экономикалық және
мәдени өміріне де енген еді. Қазақ даласына қалалар
салына бастайды, өндіріс орындары және мектептер
ашылады, сауда-саттық қарым-қатынастар күшейеді.
Бұлардың қазақ халқы үшін аса көп прогрестік мәні болды,
халқымыздың экономикасы мен мәдениетінің дамуына,
алға баса өрлеуіне жағдай жасады, әсер етті.
Қазақ еліне капиталистік қарым-қатынастардың ене
бастауының
да
ескі
феодалдық,
құрылыспен
салыстырғанда анағұрлым прогрестік мәні болды.
В.И.Ленин «Россияда капитализмнің дамуы» атты
еңбегінде: «Реформадан кейінгі дәуірдің ішінде кеңінен
және тереңінен дамып келген, дамып отырған бұл
процестердің бәрі капиталистік дамудың қажетті бір
саласы болып табылады, әрі тұрмыстың ескі түрлеріне
қарағанда, оның терең прогресшілдік маңызы бар», –
дейді
226
.
226
В.И.Ленин, Шығармалары, 3-том, 509 бет.
Капитализм элементтерінің қазақ еліне ене бастауы,
әлеуметтік тұрмыс пен қоғам өміріне бірсыпыра
өзгерістердің кіруі ескі әдет-ғұрып, салтқа да әсерін
тигізді. Бұл жөнінде де көптеген жаңалықтар туды. Осыдан
өзгеріс, жаңалықтарды жүзеге асыру, дамыта беру үшін
патша үкіметі, оның жергілікті әкімдері ескіні көксейтін
адамдарды жақтаған жоқ, жаңа заманның мән-жайын
түсінген және соған қызмет ететін жаңа адамдарды қолдай
бастады, соларға арқа сүйеді. Бұл жайды қазақ халқы да
түсінді, ел басқару, ел билеу ісіне экономика мен
мәдениеттің жаңа бағытта дамуы жолында жаңаша қызмет
ететін адамдар болу керектігін ұғынды. Осындай
адамдарды ардақтады және оларды ескілік өмірді,
кертартпа дүниені көздейтін, сол үшін күресу ойынан
қайтпаған адамдарға қарсы қоя бастады. Және де мұндай
жаңа адамдар ерлермен қатар әйелдер арасынан да шығады
деп ұғынды. Халықтың осы ұғымы оның әдебиетінен де
орын алды. Соның бірі «Айман-Шолпан» жыры деуге
болады.
«Айман-Шолпан» – реформа дәуірінен кейінгі қазақ
аулындағы
әлеуметтік
қарым-қатынастарды,
қоғам
өміріне, тұрмыс-салтқа енген өзгеріс, жаңалықтарды
суреттеу идеясынан туған жыр. Ол өзінің осындай негізгі
идеясын жырдағы басты кейіпкерлердің мінезін, іс-
әркеттерін суреттеу арқылы көрсетеді. Бұл ретте жырдың
кейіпкерлері екі топқа бөлінеді. Біріншісі – ескілік өмірді,
бұрынғы тұрмыс-салтты жақтайтындар. Ол – әлеумет
сахнасынан кетіп бара жатқан феодалдық құрылыстың
өкілдері Көтібар мен Маман. Екіншісі – жаңа туып келе
жатқан капиталистік қарым-қатынасты, қоғам өмірінде
соған негізделген жаңалықты жақтаушы жастар. Олар:
Айман, Арыстан, Әлібек, Шолпан. Бұлар қазақ қоғамына
ене бастаған жаңа дәуірдің өкілдері ретінде жырға
қосылады, олар бұрынғы заманда кездеспеген жаңашыл іс-
әрекеті, мінез-қылығымен алынады. Сондықтан да олар
бұрынғы қазақ әдебиетінде болмаған, жаңа заманда туған
жаңа кейіпкерлер болып табылады. Сөйтіп жырда ескі мен
жаңаның тартысы бейнеленеді, жыр оқиғасы сол
тартыстарды суреттеуге құрылады.
Жыр оқиғасы Маман мен Көтібардың үйге таласып
қақтығысуынан басталады. Бұл таласу, бір-біріне күш
көрсетіп мықтылық білдіру кездейсоқ нәрсе емес. Бұдан
олардың өздері үстемдік етіп, әкімдік жүргізген заманы
сол қалпында деп түсінушілігі көрінеді, ол заманның өтіп
бара жатқандығын, қоғамдық қарым-қатынастардың өзгере
бастағанын мойындамаушылықты аңғартады.
Қазақ қоғамында көп заман бойына ел билеу, ел
басқару ісі хандар мен феодалдардың, батырлардың
қолында болып келді. Елдің әміршісі де, әкімі де солар еді.
Бірақ ХІХ ғасырдың бас кезінде-ақ олар бұл дәуренінен
айрыла бастаған болатын. Дегенмен олар мұны
мойындамай: «Заман әлі де біздікі, барлық билік
қолымызда, айдасақ – жүресің, ақырсақ – көнесің», – дейді.
Маман мен Көтібар да сондай, бұрынғы дәрежесі
бұзылмаған, өзгермеген, баяғы бір қалпында деп түсінеді.
Сондықтан да олар үйге таласуды сылтау ете, өздерінің
құдіреті қолында, бұрынғыдай күшті екендіктерін жұртқа
танытпақ болады. Маман байлығын айтып күш білдіреді,
Көтібарды кекей сөйлейді. Ол Көтібарға:
Маман айтты: дәулеті бар немедей,
Жүр еді осы шекті кезі келмей,
Үй таңдап біздің елден не қылады,
Су артқан Қаратаудан қума кедей
227
, –
дейді. Ол Көтібардың байлығын біле тұрса да, одан өзін
мықтылау етіп көрсету үшін әдейі кедей деп кемітеді.
227
Қазақ эпосы, 1958 ж. 661-бет.
Маманның бұл сөзіне ыза болған және оның
алтындаған ақ үйге түсуіне, ондай үй өзіне тимегеніне
намыстанған Көтібар елге қамшы үйіріп қалған әдетіне
басады; ашу-жанжал шығарады, Маманды шауып
алатындығын білдіреді. Ол Маман байға:
Аулыңа жеті жүз қол жүргізбесем,
Шектіні таң сәріден тигізбесем.
Көтібар менің атым жерге кірсін, –
Айманды жайдақ нарға мінгізбесем
(Сонда, 664-бет) –
деп, ант етеді. Ол артынша-ақ осы антын орындайды да,
Маманды шауып алады, оның екі қызы Айман мен
Шолпанды жайдақ нарға мінгізіп әкетеді.
Белгілі мөлшерде жыр Көтібарға батырлық сипат та
береді. Оның «батырлық» қимылы тік мінезді дөкірлігі,
морттығы, намыстанып ел шабуымен көрінгендей болады.
Ол ескі әдеттерін қолдайды, халыққа қамшы үйірген
салтына тартады, жұрттың бәрін ызғармен ықтырам деп
ойлайды. Ат жарысына үш жүздей сәйгүліктер
қосылғанын біле тұрып: «Бас бәйгемді шаппай бер», – деп
менмендік мінез білдіреді. Көтібардың осы сияқты
мінездерін, іс-әрекеттерін халық жыры дәріптеу ретінде
емес, күні өткен батырды мазақ, күлкі ету түрінде
суреттейді.
Көтібар өзін-өзі жоғары бағалап, «мықтысынып»
жүрсе де, оның әлі Теңгеге де жетпей қалады. Аймандарды
алып келе жатып: «Мен барып, үйдің ішін қуантам», – деп
аулына қарай тарта жөнеледі. Бірақ Көтібар үй ішін қуанта
алмайды. Теңгенің қаһарына ұшырайды. «Айманды алса,
тұрмаймын, кетемін», – деп айқай салған, ашу шығарған
Теңге Көтібарды қыңқ еткізбейді. Сөйтіп, «батырсынған»
Көтібар, ақырында, жұрт алдында күлкіге айналады.
Жыр Көтібар мен Маманды дәурені өтіп бара жатқан
феодалдық құрылыстың ескі көзі етіп суреттейді. Олардың
заманы ескіргені сияқты, өздері де ескірген, тозған адам
екендігін аңғартады. Солай бола тұрса да, олар тозып,
ескіргендігін мойындамайтын, бұрынғы күндерін жоқтап,
соны көксейтіндігін, тартысып, таласып өтетіндігін
білдіреді, соған әрекет жасайды. Олардың мұнысын халық
жыры «Әурешілік, болмайтын іс», – деп бағалайды және
күлкі етеді. Бұл тек Көтібар мен Маманды ғана мазақтау
емес. Сонымен қатар, олардың күні өтіп бара жатқан
заманын, ескі салтын, жаңа дәуірге үйлесі жоқ мінездері
мен іс-әрекеттерін келеке, сықақ етеді. Жыр бұлардың
қазақ халқының алға басуына шырмау болатындығын,
жаңа заман жағдайына керегі жоқ адамдар екендігін
аңғартады. Жаңа тілек, жаңа жағдайлар тұрғысынан
қараған жыр Көтібар мен Маманды, солар арқылы ескі
өмірді, оның халыққа жат салттарын сынайды.
Көтібар мен Маманды ескі феодалдық дүниенің
кертартпа өкілдері деп көрсеткен және олардың бұдан
былай өмір жасай алмасын тарихи шындық тұрғысынан
суреттелген жыр ендігі жерде жаңа заманның адамдарын
көрсетеді. Олар – жастар. Жыр халықтың жаңа дәуірдегі
үмітін ақтайтын жастар екендігін көрсетеді. Олардың
мінезін, ісін ұнамды түрде суреттейді. Бұл ретте жырдың
айрықша көңіл бөлгені – Айман.
Айман – реформа дәуірінен кейінгі жерде қазақ
қоғамына енген өзгерістер мен жаңалықтарға сәйкес
әлеумет сахнасына шыққан жаңа адамдардың өкілі ретінде
жырға қосылады. Ол жаңа дәуірдің жаршысы бейнесінде
алынады және оның ақылы, мінезі, ісі Көтібар мен
Маманға қарсы қойыла жырланады. Жаңа заманның жаңа
адамы болған Айманды халықтың ендігі панасы,
қамқоршысы, ақылгөйі деп көрсетеді, «Айман болар,
өлгенде паналарың» – дейді жыр.
Айман – өз кезіндегі қазақ әдебиетіне енген жаңа
кейіпкер. Бұдан қазақ әдебиетінде Айманға дейін жыр
болған қыздар жоқ деген ұғым тумау керек. Ондай қыздар
(Құртқа, Назым, Ақжүніс, Қыз Жібек т.б.) болған. Бірақ
олардан Айманның айырмасы – әлеуметтік мәселелерге
араласуында, жаңа заманда ел басқару ісіне ерлермен қатар
әйелдердің де қатысқанын, ел арасын шабуылдан
құтқарушы,
арашашы,
татулық
орнатушы
екенін
көрсетуінде.
Айман – ақылды, білгір, болашақты болжағыш қыз.
Көтібардың елге шабуыл жасауы оған қатты батса да,
қайғысын сыртқа шығармайды, дәрменсіздік білдірмейді.
Қайта қара күштің иесі болған Көтібарға қарсы шығып,
оны ақыл-айламен жеңу жағын қарастырады. Бұл ретте
Айманның бірінші жеңісі Көтібардан жорға сұрап алуы,
оған жайдақ нардың үстінде келе жатқан Шолпанды
мінгізуі болады. Бірақ Айманның өзі де аянышты күйде,
нарға жайдақ мініп келе жатқан-ды. Енді ол тағы бір
жорғаны сұрайды, Көтібар бермейді. Сонда Айман:
Қу түйе ел шапқанға обалың деп,
Ақ Айман қамшы менен басқа ұрады
(Сонда, 672-бет). –
Айманның бұл әрекеті тек түйені ғана емес, сонымен
қатар Көтібарды да басқа ұрғанға тең еді. Осыдан былай
Айман Көтібармен тартысқа түседі, сөзге келіп еркін
сөйлесе, ақылын асыра бастайды. Есебін тауып ол
Шолпанды еліне қайырады. Бұл оның екінші бір жеңісіне
айналады.
Айман Шолпанды еліне аттандыра отырып, өзінің
сүйген жары Әлібекке хабар салады. «Алпыс күннен
қалмай келіп жетсін», – дейді және Көтібардың ырқына
бой бермейтіндігін, сүйген жарына адал екендігін айтады.
Мұны ол өзінің ақыл-айласына сенгендіктен, соған сүйеніп
іс жасай алатындығын білгендіктен айтады.
Көтібарды жеңу жайын қарастырған Айман
мақсатына жету үшін Теңгені пайдаланады. Батырдың
Теңгеден асып кете алмасын біліп, оған қарсы Теңгені
салады, Теңгемен кездескенде:
Базарда Теңге болсаң, пұл боларсың,
Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың.
Батырдың айтқан сөзі рас болса,
Қолыма су құятын күң боларсың
(Сонда, 683-бет), –
дейді. Айман қулық жасап, Теңгенің намысына тиеді.
Теңге арқылы Көтібарды қыңқ еткізбеу жайын көздейді.
Айманның бұл ойы жүзеге асады, Көтібар Теңгенің
тегеуірінінен шыға алмай қалады. Сөйтіп ол тағы бір
қауіптен құтылған болады.
Бірақ Көтібардың: «Айманды тоқалдыққа алмаса,
Көтібар атым құрысын», – деген сөзін есінде ұстаған
Айман, Көтібар бұл антынан танбайды деп түсінеді.
Сондықтан Айман тағы бір амал жасайды. Бұл жолы Есетті
пайдаланады.
Айман жырда болашақты болжағыш қыз болып та
суреттеледі. Көтібардың Маманды шауып алмақ болып
айтқан сертін Айман естіген-ді. Оның бұл сертіне жетпей
қоймасын білген Айман алдын ала қам жасап, мал-
мүліктерін жан-жаққа жасырған болатын. Бұл сырын ол
Шолпанға айтады:
Қызыл құм есік алды беткей бар-ды,
Құдайым салды басқа қайғы-зарды.
Ішінде үш жүз ішік санап салған,
Жалғыз шыбық түбінде төрт тең бар-ды.
Көтібар серт қып кетті деген күні
Аралға айдап тастап ем бес жүз атты
(Сонда, 674-675 бет), –
дейді. Айманның мұнысы да ақылмен істелген іс болады.
Және де Көтібар Маманнан айдап алған малдарды
қасындағы жігіттеріне үлестіре бастағанда, Айман да олжа
сұрайды.
«Өздеріңмен бірігіп Маманды мен де
шабыстым», – деп, олжаға жүз нар алады. Ондағы ойы
айдауға түскен малынан аз да болса үлес алып қалу
болады.
Жыршы-ақын белгілі мөлшерде Айманға ерлік сипат
береді. Ол Әлібектің келер мерзімі жақындаған кезде
Көтібардың күрең тұлпарын, қару-жарағын қолына
түсіреді де, сүйген жарының алдынан шығады. Жыр
мұнымен Айман өз намысын ақыл-айласымен ғана емес,
керек болған жерде қару-жарақпен де қорғап алуға
жарайтын қыз екендігін аңғартпақ және ақылына ерлік
мінезі сай демек болады.
Айманның бойындағы сүйкімді қасиеттің бірі – оның
Әлібекке адалдығы, қыз махаббатының беріктігімен де
көрсетіледі. Көтібардай қара күштің қолына түсіп тұтқын
болған, одан құтылып кетуі екі талай жағдайға ұшыраған
Айман артында қалған асыл жары Әлібектен күдер
үзбейді. Қандай халге түссе де, есінен Әлібек шықпайды,
қайткен күнде де оған қосыламын деп өзіне-өзі ант етеді.
Сол үшін күреседі. Бұл ойын ол Шолпан арқылы Әлібектің
өзіне де жеткізеді:
Көңліме ғашық оты болды уайым,
Пенденің қадір алла білер жайын.
Ешкімге басым кеспей мен тимеспін,
Қазаны жеткізбесе бір құдайым
(Сонда, 676 - бет), –
дейді.
Асыл жар, адал дос, тұрақты махаббат иесі екендігін
білдіреді. Қалың қолмен Әлібек келіп, Көтібардың еліне
шабуыл жасаған шақта Айман үлкен адамгершілік іс
жасайды. Ол ел арасына араздық отын салмай, екі жақтың
ашуын басушы, келістіріп татуластырушы болады. Бір
кезде қара басының намысы үшін Көтібар ел шауып ерегіс
бастаған еді. Енді сол кекті қайырмақ болып Әлібек
аттанды. Екі елдің арасында үлкен дау, жанжал туды.
Мұның арты жақсылыққа соқпайтынын, қайта ерегістен
туған араздық үдей беретінін, одан елдің зықы кететінін
аңғарған Айман осы тұста билік айтады. Ол Көтібар мен
Әлібекке:
Алыстың да, жығыстың, екі батыр,
Сіздерді бітірейін төре беріп
(Сонда, 694-бет), –
дейді де, екі жақты жарастырып, татуластырады.
Шолпанды Арыстанға қосады, өзі Әлібекке барады,
Көтібарды әрі құда, әрі өкіл ата етіп кетеді. Осындай
ақылды төрелік айтқан, ел арасын бүліндірмей келісімге
келтірген Айманға жұрт разы болады.
Сондықтан да халық жыры Айманды жаңа заманның
сүйікті қызы етіп көтере жырлайды, Көтібар мен Маман
бай ел арасын бүлдіруге бар болса да, татуластыруға
жоқтығын айта отырып, бұл жөнінде жыр Айманды үлгі
етеді. Оның адамгершілігін, ақылын, мінезін, ел үшін
жасаған істерін артық бағалап, халықтың ендігі сенері де,
сүйенері де Айман секілді жаңа адамдар, жастар екендігін
көрсетеді.
Жырдың жағымды бейнеде алған адамының бірі –
Арыстан. Ол мінезі салмақты, ақылды жігіт кейпінде
суреттеледі. Бұл ретте Арыстанды өз ағасы Көтібарға
қарама-қарсы қойылған кейіпкер деуге болады. Арыстан
ағасының ісін де, дөрекі мінезін де ұнатпайды, оған ақыл
айтып, дұрыстық жолға салуды да қарастырады. Көтібар
Маманды шауып аламын деп ант берген шақта, Арыстан:
Дәулеті әр пенденің бөлек-бөлек,
Көтеке, ашуды қой, ақыл керек.
Қымыздың қызуына желік қылған,
Шайтан сөз топ ішінде неге керек
(Сонда, 666-бет), –
деп, ағасына ақыл айтады. «Маманмен ерегісіп елді
бүлдірме, ондай әрекет жасама», – дейді.
Көтібар қалың қол жиып, Маманды шабуға
аттанғалы тұрған кезде де, ағасының бұл ісін Арыстан
қостамайды, оны теріс деп біледі. Сондықтан да ол
Маманның елін шабысуға бармайтындығын айтады:
«Елдің обалына қалмаймын», – дейді. Бірақ Көтібардың
бірбеттілігін айтқан сөзінен танбайтындығын білетін
Арыстанды жырда былай дейді:
Лебізін ағасының қайыра алмай,
Арыстан амалсыздан о да жүрді
(Сонда, 667-бет). –
Басында ел шабуға бармаймын деген және ағасының
бұл жорығын ұнатпаған Арыстан амалсыздан қалың қолға
қосылып Маманның еліне аттанады. Ол осы шабуылда
Көтібар тағы бір нәрсені бүлдіріп алар деген оймен
шығады. Арыстанның бұл қаупі шындыққа келеді.
Аяушылық сезімі жоқ Көтібар екі қызды жайдақ нарға
мінгізеді және халдерінің мүшкілдігін айтып ат сұраған
Айманның сөзіне құлақ аспайды. Ағасының мұндай
қаталдық мінезін жек көрген Арыстан адамгершілік
жасайды:
«Бақ таласың Маман болғанымен, екі қыздың жазығы
жоқ», – деп оларға екі ат алып береді.
Көтібардың ерегіспен жасаған бұл шабуылының арты
үлкен дауға, ұрыс-жанжалға әкеп соғатынын, Айман
сияқты, Арыстан да түсінеді. Сондықтан ол алдағы күнде
ел-жұрттың ылаңға түспеуін көздейді. Болашақта бітісер
істің белгісін іздейді. Ол үшін Айманның тілегін қабылдап,
Шолпанды еліне қайыру керек деп ұйғарады және бұған
қарсы болған Көтібарды көндіріп алады. Осыдан былай
Арыстан мен Айман ел қамын ойлаған адамдар болып
шығады. Ол Айманның ақылмен жасаған әрбір ісін қолдап
та отырады. Есеттің байғазы деп сұраған тілегін
Көтібардың ырқына қоймай орындатады. Ондағы ойы
Айманды ел-жұртынан, сүйген жарынан айырмау,
Көтібардың: «Айманды тоқалдыққа аламын», – дегенін
болдырмау еді. Егер Көтібар тағы бір пәле бастап,
Айманды тоқал етіп алатын болса, онда ел арасы
татулыққа келмей, қырғын ұрысқа айналады деп түсінген
Арыстан істің насырға шаппау жағын қарастырады.
Шолпанның еліне қайтарылуы, Есеттің байғазы алуы
Арыстан мен Айманның ел қамын көздеген ойынан туған
еді.
Екі елдің келісімге келіп, татуласуына Айман сияқты
Арыстан да себепкер болады. Ол осы табысып,
татуласудың берік белгісі ретінде Шолпанға үйленеді.
Шолпанды өзіне тең жар-жолдас деп түсінген Арыстан
оны ақ көңіл, адал ниетімен, барлық махаббатымен сүйіп
қосылады.
Олардың
арасындағы
сүйіспеншілік,
Арыстанның Шолпанға көңілі түсуі, танысуы екі елдің
бітісер кезінен бұрынырақ басталған еді. Шолпанды еліне
әкеп салған кезде-ақ Арыстан бұл қызды қатты ұнатып
қалғанды, Шолпанға деген махаббат сезімі ұялаған-ды.
Шолпанды асыл жар деп, оған қосылуды арман еткен еді.
«Маманның Көтібар айдап алған малдарын иесіне
қайыртып берем, ел арасын келістіріп туыс болып
табысармын», – дегенді Арыстан Шолпанға қосылам деп
үміттенгендіктен айтқан еді. Ол:
Басына Қызыл құмның шығып тұрды,
Қайғымен қарап көрді талай қырды.
Бұл малды тірі болсам, қайтарам деп,
Арыстан уәде қылып, қайта жүрді
(Сонда, 677-бет). –
Арыстан осы уәдесіне жетеді, Айманның төрелігін
қабыл алып, Шолпанға қосылады. Ел арасының бітісуіне,
табысып татуласуына басты себепкердің бірі болады.
Сонымен халық жыры Арыстан образын жағымды
бейнеде суреттей отырып, оны өз тұсының жастарына үлгі
етеді. Елдің ендігі тілегі де, үміті де жастар екендігін,
бұлар жаңа заманның бастаушысы болатынын аңғартады.
Жырда Әлібек пен Шолпан образы айқын түрде
суреттелмесе де, олардың да жаңа заманның жемісі
екендігін сезінгендей боламыз. Бұл ретте олар Айман мен
Арыстан бейнесін толықтыра түскен образ секілді.
Әйткенмен Әлібек образына жырда азғантай болса да
көңіл бөлінеді. Ол сауда-саттық ісіне араласады, қазақ
арасына жаңада кіріп келе жатқан капиталистік
элементтерді құптаған кісі болып көрінеді. Әлібек
образының бір қыдыру көзге түсетін жері – оның қасына
1400 жігіт алып, Көтібарға шабуыл жасауы. Бұл шабуыл
Көтібардан кек қайыру ғана емес, сонымен қатар, оны ескі
салтқа,
барымтаға,
ел
талауға
және
бұларды
қолдаушыларға қарсы көтерілген халық күші деуге
болады.
«Айман-Шолпан» – композициялық құрылысы,
оқиғаны баяндауы жағынан өзіндік ерекшелігі бар жырдың
бірі. Жырдың басты ерекшелігі – оқиғаны шиеленіскен
тартысқа құруында. Оның қандай әңгімесін алсақ та үлкен
тартысты көреміз. Мұның өзі жыр оқиғасын әрі қызықты,
әрі әсерлі етеді. Көтібар мен Маман, Айман мен Көтібар,
Теңге мен Айман арасындағы тартыс, қақтығысуларды
суреттеу арқылы жыр оқиғасы дами түседі.
Екіншіден, жыршы ақын жағымсыз кейіпкерлерді
суреттегенде, олардың мінездерін, іс-әрекеттерін күлкі-
мазақ ете, сықақтай сипаттайды. Маманның байлығын
айтып шіренуі, Көтібардың «батырмын» деп кеудесін
соғуы – жырда ащы мысқыл, келекеге айналады.
Қорыта келгенде, «Айман-Шолпан» – реформа
дәуірінен кейінгі кезде қазақ қоғамына енген жаңалық,
өзгерістерді шындық тұрғыдан бейнелеген халықтық жыр.
Бұл жыр жаңа жағдайға байланысты қоғам өмірінен орын
алған
талас-тартысты,
ескінің
жеңіліп,
жаңаның
жеңетіндігін
бейнелейді,
әлеумет
сахнасынан
ығыстырылып бара жатқан және ескілікті қолдаушы
адамдарға жаңа заманның жаңа адамдарын, жастарды
қарсы қоя отырып, соңғыларын ардақтай жырлайды, үлгі
етеді.
|