Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет64/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Қарлыға 
Егер жырда Құртқа ақылды, білгір, дана адам 
бейнесінде суреттелсе, Қарлыға көк сауытты киінген, көк 
сүңгіні ұстаған батыр тұлғасында алынады. Оның істеріне 
батырлық сипат береді. 
Жыршылардың қайсысы болса да (Нұрпейіс пен 
Мұрын жырында Қарлыға кездеспейді) Қарлығаны батыр, 
өжет қыз етіп суреттейді. Олар Қарлығаның батырлық 
істері ел қорғау тілегіне байланысты еместігін, оны бұған 
бастап жүрген махаббат күші, қыз намысы екендігін 
көрсетеді. Мұны әр ақын өзінше дәлелдейді. Марабай, 
Біржан, Айса жырларында Қарлыға Көбіктіден туған 
батыр қыз, оның бар мақсаты, арманы өзі секілді батырға 
қосылу – деп дәлелденеді. Бұл мақсатына жету жолында 
бөгеттердің көп екендігін Қарлыға жақсы түсінген болады. 
Ең бірінші бөгет өз әкесі Көбікті деп біледі. «Егер әкем 


Көбікті менің өзім сүйген жігітіме бермейтін болса, онда 
мен әкемді өлтірмекке бел байлап едім, сол үшін оның 
үстіндегі көк сауыттың кіндік тұсындағы үш көзін кем 
тоқып едім, сол жерінен аттырамын деп едім», – дейді 
Қарлыға.
Мергенбай жырында Қарлығаның анасы мұсылман 
қызы еді, оны Көбікті жаугершілік кезінде тартып әкелген 
еді делінеді. Сол ана өлер алдында Қарлығаға бір үлкен 
аманат тапсырады: «Мені Көбікті зорлықпен алды, жас 
өмірім қорлықпен өтті. Енді сен сүйгеніңе қосыл, егер бір 
мұсылманға кез болсаң, одан айрылма, етегінен ұста», – 
дейді. Анасының осы аманатын есіне сақтаған Қарлыға, 
өзіне тең жар-жолдасты мұсылманнан іздейді. Бұл жолда 
қандай бөгет болса да, оған қарсы тұруға, жеңуге бел 
байлайды. Сөйтіп, жыршы-ақындар Қарлығаның ерлік 
істер жасауы, батыр қыз атануы – оның бас бостандығы 
үшін күресуінен, сүйген жігітіне қосылу арманына жету 
мақсатынан туған деп суреттейді. Осындай мақсатты 
алдына қойған Қарлыға ойламаған жерден Қобыландыға 
кездеседі, оны бірден-ақ ұнатады, өзіне тең тұтады, ғашық 
болады, Қобыланды жағына шығады. Сондықтан да ол:
Арманым жоқ дүниеден 
Қобыландымен бас қосып, 
Бірге жүріп өлсем деп, (Сонда), –
деп ант етеді. Оның бар арманы да, тілегі де Қобыланды 
болады. Қайткен күнде де батырдың көзіне түсіп, оны шын 
жүрекпен сүйетіндігін сөзімен емес, ісімен көрсетуге 
тырысады. Ол Қобыланды үшін қолынан келген жәрдем-
көмегін аямайды, «шыбындай жанын шүберекке» түйеді. 
Өйткені:
Қарлыға сынды сұлудың 
Көңілі қатты сүйеді, 
Қобыландыдай баланы. (Сонда), –


Қобыландыға ғашық болған Қарлыға, осы жолда 
жанқиярлық істер істейді. Ел-жұртын тастап Қобыландыға 
ереді, өз әкесі Көбіктіні өлтірісуге көмектеседі, туған інісі 
Быршымбайды өлтіреді. Мұның бәрін ол өз намысын 
қорғау үшін, сүйген адамына қосылу үшін жасаған болады. 
Осындай жанқиярлық істер жасаған Қарлығаны халық 
жыры батыр бейнесінде жырлайды. 
Қарлығаның күшті адам екендігі жырда мол көрініп 
отырады. Мәселен, Көбікті Қобыланды мен Қараманды 
ұстап әкеліп, оларды зынданға салуды Қарлығаға 
тапсырады. Сонда Қарлыға Қобыланды мен Қараманды екі 
қолтығына: 
Боғжамаша қысып ап 
Ақырын алып жөнелді. – 
Бұдан оның алып күшті батыр екендігі көрінеді. 
Алшағырдан Қобыландының ел-жұртын босатып алу 
жолында Қарлыға бірсыпыра ерліктер жасайды, жау 
батырларын найзамен іліп тастап отырады. Кейіннен ол 
Қобыландының өзін де ат үстінен түсіріп кеткен болады. 
Мұның бәрі жырда Қарлығаның батырлық образын жасау 
үшін алынады. 
Қарлыға тек батыр ғана емес, ол өзінің ақылы, 
адамгершілік мінездерімен де сүйкімді. Қобыландылар 
Көбіктіні жеңеді де, оның құрметіне Қараман той жасайды. 
Бірақ Қараман бұл тойға Қобыландыны шақырмай, 
айдалада 
жалғыз 
қалдырады. 
Бұған 
Қобыланды 
қапаланады, қамығады, сол кезде бұл жайды біліп:
«Қобыланды жалғыз қалған соң, 
Қарамандай жаманға, 
Толып жатқан көп қият 
Артықша құрмет қылған соң, 
Қыз да болса Қарлыға.- » (Сонда) 
Қобыланды Қарлығаның адамгершілігі Қараманнан 
артық екенін біліп, оған өзінің түсін, елінің шабылып 


қалғанын, бұл жанына қатты батып тұрғанын айтады. 
Сонда Қарлыға Қобыландының қайғысына ортақ екенін 
білдіреді, қайғыланған батырды жұбатып:
Ер де сасар болар ма, 
Етегін басар болар ма. 
Мұндай іске қуанбай 
Батыр қашар болар ма. 
Бүлінген елге жете көр, 
Шабылған елге жете көр. 
Мен де артыңнан барайын. –
дейді де, Қобыландыға рух береді, Қобыландыны шын 
сүйгендіктен оған сөзімен де, ерлік ісімен де көмектеседі. 
Осы тұста халық жыры Қараман мен Қарлығаны 
салыстырып 
өтеді 
де, 
Қарлығаның 
жолдастығы, 
адамгершілігі, Қараманнан әлдеқайда жоғары екендігін 
аңғартады. Қобыландыға көмек беруге Қараман жарамаса, 
Қарлыға сөзінде тұрып, Қараманнан ерлігін асырады. 
Қобыландының Алшағырдан ел-жұртын құтқарып алуына 
болысады. Сондықтан да халық жыры Қарлығаны «Қыз да 
болса ер еді» деп Қобыландылардың қатарына қояды. 
Қобыландыға ғашық болған Қарлыға қаншама 
ерліктер жасаса да, мақсатына жете алмайды. Оған 
Қобыланды көңіл аудармайды. Ол өзінің ел-жұртына 
Алшағырдан босатып алғаннан кейін Қарлығаны ұмытып 
та кетеді. Қарлығамен ешкімнің жұмысы да болмайды. 
Бұған ызаланған Қарлыға Қараспан тауын жалғыз 
мекендеп жата береді, Қобыланды үшін тағы да қайғы-
қасірет тартады, бір кездегі қуанышы күйінішке айналады, 
ғашықтық отымен айдалада қалып қойған намысы тұла 
бойын меңдете береді. Осы тұста ол Шошай ханның 
Қобыландыға жасаған шабуылын пайдаланады. Жау 
әскеріне қосылып, Қобыландыға қарсы аттанады. Қан 
майдан үстінде батырға найза салып, аттан түсіріп кетеді. 
Бір кезде Қобыландыға деген сүйіспеншілік, ғашықтық, 


махаббат сезімі енді кекке айналады. Қарлыға ғашықтық 
жолында өзінің туған-туысқандарын ғана емес, енді сол 
ғашықтықты бағаламаған Қобыландыны найзалауға дейін 
барады. Бұдан махаббат, ғашықтық сезімі ерлік істерге, 
өжеттілікке бастайды, қандай іске болса да бел 
байлаттырады, бәрінен де махаббат сезімі күшті деп 
жыршы-ақындар қорытынды шығарады. Осы негізде олар 
Қарлыға образын жасайды. Қарлығаға аяушылық білдіріп, 
ақырында, оны Қобландыға қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет