Мәлімдеушіге қойылатын талаптар
-
Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызмет атқаруға өтініш
білдірген мәлімдеуші, тиiстi техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес көлемде, айналымнан алынбаған ақшалай қаражатқа, не болмаса басқа да мүлікке ие болуы тиіс.
Бұл талап қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде өтініш білдірген мәлімдеушіге қолданылмайды.
Мәлімдеушінің қызметі арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асырылатын қызметтің мақсаты мен түрлеріне сәйкес келуі тиіс.
2. Мәлімдеушіге жатпайтындар:
-
жерпайдаланушылар;
-
Қазақстан Республикасының «салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексі 279 бабының 6) тармақшасымен қарастырылған акциздік тауарларды шығарып, құрастыратын ұйымдарды қоспағанда, акциздік тауарларды шығаратын ұйымдар;
-
арнайы салық режимін қолданатын ұйым;
-
ойын кәсіпкерлігін ұйымдастырушылар.
Арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға берілген өтінішті қарау рәсімдері
-
Мәлімдеуші өтініш білдерген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы;
-
өтініштерді тіркеу журналына өтініш ұсынылған күні тіркейді;
-
ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексереді;
-
ұсынылған құжаттар бекітілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда өтініш қаралмастан ұсынылған күні кері қайтарылады. Өтінішті кері қайтару мәлімдеушінің жіберілген олқылықтардың орны толтырылғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың басқару органына қайта өтініш білдіру құқығынан айырмайды.
-
Егер ұсынылған қызмет қызметтің басты түрлеріне жатпаса арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мәлімдеушімен қызметті жүзеге асыру туралы шартын жасасудан бас тартады.
-
Ұсынылған қызмет қызметтің басты түрлеріне сәйкес келген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы он жұмыс күнінің ішінде қызметті жүзеге асыру шартын жасасады.
-
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде бұл туралы уәкілетті органға қызметті жүзеге асыру шартының көшірмесін жібере отырып, хабардар етеді.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан қызметті жүзеге асыру шартын жасасқаны туралы хабарлама алғаннан кейін, уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізбесіне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді енгізеді.
-
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру шартын жасасқаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде бұл туралы салық қызметі органдарына және кеден органдарына хабарлайды.
-
Салық қызметі органдар және кеден органдары арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан қызметті жүзеге асыру шартын жасасқаны туралы хабарламаны алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын тіркеуді жүзеге асырады.
-
Қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарттың негізінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арнайы экономикалық аймақтан тысқары жерлердегі өзінің оқшауланған құрылымдарының қызметін тоқтатады.
-
Қызметті жүзеге асыру шартының қызметі келесі жағдайларда тоқтатылады:
-
арнайы экономикалық аймақтың таратылуы;
-
қызметті жүзеге асыру шартының мерзімі аяқталған немесе мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда;
-
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен немесе қызметті жүзеге асыру шартымен қарастырылған басқа да жағдайларда.
-
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы салық қызметі және кеден органдарына қызметті жүзеге асыру шартының тоқтатылғаныдығы туралы хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |