Жалпытеориялық және жалпы тарихи ғылымдар. Оған мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы жатады.
Салалық заң ғылымдары. Бұл заң ғылымына конституциялық құқық,мемлекеттік құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы, сауда құқығы, салық құқығы т.б. жатады.
Органдар туралы заң ғылымы. Бұл ғылым саласы мемлекеттік органдардың құрылымын, құқықтық-ұйымдастырылуын, қызмет тәртібін зерттейді. Мысалы, соттың және прокуратураның ұйымдастырылуын, прокуратуралық бақылау т.б.
Салааралық заң ғылымы. Бұған халықаралық құқық, жер құқығы, экологиялық құқық, космостық құқық т.б. кіреді.
Іс жүзінде қолданылатын заң ғылымы. Оған сот статистикасы, сот медицинасы, сот психиатриясы, криминалогия т.б. жатады.
Заң ғылымдары жүйесі қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Заң ғылымдарының жалпы теориялық бөліміне жататын мемлекет және құқық теориясының орны ерекше. Мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет істеу бағыттарының жалпы заңдылығын зерттейтін ғылым.
Мемлекет және құқық теориясының негізгі ерекшелігі мынада:
қоғамдық ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясы қоғамдық құбылыстарды құрайтын пән болып табылады. Осы ерекшілігіне байланысты басқа ғылымдар саласы ажыратылады.
саяси қоғамдық ғылым ретінде мемлекеттің саясат саласын мемлекеттің билік қызметіне байланысты қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік – құқықтық қондырманы зерттейтін басқа ғылымдардан ажыратылады.
жалпы теориялық ғылым ретінде мемлекет және құқықтың ерекше және жалпы заңдылығын және белгілерін зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты арнаулы заң ғылымдарынан ажыратылады.
жалпы методологиялық ғылым ретінде мемлекеттік - құқықтық қондырманың жалпы заңдылығын түсіндіреді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу мәселелерін дайындайды.
мемлекет және құқық теориясы басқа заң ғылымдары үшін базалық ғылым болып саналады. Міне, осы езгешілігіне байланысты мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы мемлекет пен құқықтың пайда болуын, дамуы және қызмет атқару заңдылықтарын, олардың мәні мен құрылымын, негізгі бөлшектері мен принциптерін, заңдылықтарын зерттейтін ғылым жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |