Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет25/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
МҚТ КІТАПША

Басқарушы нормалар қоғамдық қатынастарға түсуші субъектіге қандай да болсын іс-әрекет жасауға құқық беретін нормалар.
Тиым салушы нормалар бұл нормалар субъектінің қандай іс-әрекетке өзін- өзі тоқтату қажет екендігін көрсетеді.
Міндеттеуші нормалар – бұл нормалар субъектінің іс-әрекетіндегі іске асыруды қажет ететін міндетін көрсетеді.
Императивті нормалар – бұл қатаң талаптармен жазылған жазбаларда көрсетілген және құқық субъектілерінің мүддесіне тәуелсіз іс-әрекет ететін нормалар.
Диспозитивтік нормалар – бұл әр–түрлі тұлғалардың осы норма реттейтін қатынастардағы мәселелерді өз еріктерімен реттеуі.
Құқық нормаларының әрекет ету мерзімі оның заңды күшіне енумен анықталады. Оның заңды күшіне ену мерзімі нормативті актіде,не болмаса жарияланғаннан кейінгі он күннен кейін енуге тиіс.
Құқық нормалары өз әрекетін жойғанда, оны алмастырғанда немесе әрекет ету мерзімі біткенде тоқтатылады. Құқық нормаларын нақты тұлғаларға, ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге қатысты қолдана отырып, өмірге енгізуге және тәжірибелік мәнге келтіру құқық нормаларын іске асыру тетіктерінің көмегімен атқарылады. Бұлар мыналар:
а) сақтану – рұқсат етілмейтін әрекеттерді істеуден тартыну;
ә) арқару – құқық нормасы жазбасында келтірілген міндеттерді атқаруға бағытталған белсенді әрекет;
б) пайдалану – құқық нормасында берілген құқықтарды пайдалану:
в) қолдану – мемлекеттің құдіретті органдарының нақты тәжірибелік қызметі.
Оның субъектісі нормативті акті шығаруға арнайы өкілеттігі бар орган немесе лауазымды тұлға. Құқық нормасын қолдану актісі нақты бір жеке немесе заңды тұлғаға бағытталады.

Құқық нормаларының топтастырылуы:


  • құқықтық реттеу пәні бойынша (қылмыстық құқық нормалары, азаматтық құқық нормалары т.б.);

  • заңды күші бойынша (заң нормалары және заң негізіндегі актілер нормалары);

  • жазбалардың мазмұнының мәні бойынша немесе диспозицияның мәні бойынша (міндеттеуші, тиым салушы, және уәкілетті);

  • жазба түрлеріне байланысты (императивті және диспозитивті);

  • құқық нормалары қолданылатын субъектілер бойынша (жалпы, арнайы, ерекше);

  • құқық нормаларының уақытқа байланысты іс-әрекет етуі (тұрақты, уақытша және төтенше);

  • құқық нормаларының кеңістіктегі әрекет ету бойынша (жоғарғы билік органдарының актілеріндегі және жергілікті өзін-өзі басқару актілеріндегі құқықтық нормалар);

  • жиынтығы бойынша материалдық және іс-жүргізу құқығы нормалары болып бөлінеді.

Құқық нормасының құрылымы үш бөліктен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза (болжам) – құқық нормалары қолданылатын анықталған жағдай, құқықтық нормада көрсетілген мінез –құлық ережелерінің күшіне енетін мезгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет