Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»



Дата14.07.2016
өлшемі36.4 Kb.
#198052
түріСабақ
Изтилевова Галя,

№11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы « Бостандық таңы атты»


Сабақтың мақсаты: Жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып,

баланы жан-жақты білімді болуға дағдыландыру. Жеті модул ішінен тақырыпқа қатысты модулдер бағалау, Жаңа тәсілдер, Диалог әдістерін қолдана отырып балаға мағыналы білім беру.

Модулдер: Бағалау, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлау модулдері

Әдіс-тәсілдер: Диалог әдісі




Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1-Диалог әдісі



Оқушыны психологиялық тұрғыдан дайындап алу, көңіл күйлерін білу

Топқа бөлу

4-топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрайды

Қазақстан астанасы қай қала?

Ел рәміздерін ата

Көгілдір түс нені білдіреді?

Қазақстанның Елтаңбасында пырақ бейнеленген.Ол нені білдіреді?




Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Пырақ сөзінің мағынасын біледі.

Рәміздер туралы түсінігін

айтады.Қошқармүйіз өрнегінің қандай белгіні білдіреді.



2 –тапсырма Көшбасшылық модульі арқылы түсіндіріледі

Қазақтың бес арысы туралы түсіндіріліп, бостандық туралы айтылады. Шәкәрім Құдайбердіұлының

Бостандық таңы атты өлеңін өтеміз. Автор өмірбаяны, шығармалары туралы кең түсінік беріледі.

Ш.Құдайбердіұлы 1858жылы Семей Облысы, Абай ауданында дүниеге келді. «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты дастандары, «Тілек-бата», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты әндері бар.

Шәкәрімнің сөзі:

Мейірім, ынсап,ақ пейіл, адал еңбек

Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол.


Күн жадын жазып, тақырыпты жазып алады.

Автор туралы мұғалім тарапынан түсіндірілген тапсырманы тыңдайды.

Өмірбаянын, шығармаларын ұғады.

Шәкәрім туралы кең түсінікке ие болады.

Көшбасшылық модульі арқылы Шәкәрімнің сөздері түсіндіріледі.

Балалар мағынасын ұғады.


3-тапсырма «Ой-толғау» әдісі

Мағынаны тану

Көшбасшылық модульі арқылы түсіндіру


Өлеңді оқу тапсырылады.

Бостандық сөзінің мағынасын түсіндіреді.

Балаларға сұрақ қояды.

Бостандық таңы атты өлеңін Ш.Құдайбердіұлы 1917 жылы патша өкіметі құлайды, сол кезде Бостандық таңы атты өлеңі жарық көреді.




Балалар өлеңді түсініп оқиды. Бостандық сөзінің мағынасын ашады.

Оқушылар ойлана отырып, еркіндік, тәуелсіз сөздері бостандық сөзінің мағынасына жақын екенін ұғынады.

Бостандық сөзіне мағынасы жуық сөздерді топтастырады.


4-тапсырма «миға –шабуыл»

әдісі
Сергіту сәті



Өлеңнен алған әсеріңді әңгімеле

Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек деді?

Нелерден аулақ бол дейді?


Оқушылар өлеңді оқып, алған әсерін әңгімейлейді.

Тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек екенін әңгімелейді.

Сергіту орындайды


5-тапсырма. Жаңа тәсілдер арқылы болады.

«миға –шабуыл» әдісі

эссе жазу

Қорытынды сөз:

Бағалау


Жақсы- жаман қасиеттерін екі бөліп жазу тапсырылады. Сөздерден үш сөйлем құрайды.

« Еркін елдің болашағымын» шығарма жазу тапсырылады.


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан бәсекеге қабілетті әлемнің 50 озық елінің қатарына қосылуды стратегиялық міндет ретінде таңдап отыр. Ол үшін экономикалық асқақ рух қажет. Осы асқақ рухты Шәкәрім шығармалары арқылы бойымызға дарытамыз.

Балалар бүгінгі өткен сабақ бойынша өздері бірін-бірі бағалайды.



Өлеңді оқып, жақсы-жаман қасиеттерін жазады. Сөздерден үш сөйлем құрайды.

Оқушылар оқиды, түсінеді.



Кері байланыс

Екі жұлдыз, бір тілек

Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын жазып білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет