Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі»



Дата12.06.2016
өлшемі22.5 Kb.
#130743
ҚАУЛЫНЫҢ ЖОБАСЫ



Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Респуб-ликасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-ба-бының 2-тармағының 4) тармақшасына, 85-бабына сәйкес Қазақстан Респуб-ликасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы-ның 6-тарауына сәйкес, қала әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 6469 «Өскемен қаласы Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылдағы магистраль бойын-дағы аумақтың жоспарлау жобасын бекіту туралы» қаулысын ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақ драма театрын салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мына жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын:

1) 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 51-4-6269 сатып алу-сату шартының негізінде жеке меншік құқығында Нисвельди Кожахановаға тиесілі Ертіс өзенінің сол жағалауы, Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылда, 37/1 орналасқан нысаналы мақсаты – автожуу, автомобильдерді ұсақ жедел жөндеу техникалық қызмет көрсету станциясын және дәмхананы жобалау, салу және орналастыру үшін кадастрлық нөмірі 05-085-092-309 ауданы 0,445 га жер учаскесі;

2) 2007 жылғы 14 мамырдағы № 35-2449сатып алу-сату шартының және әкімдіктің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 1549 қаулысының негізінде жеке меншік құқығында «СЕЛЕНГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі Ертіс өзенінің сол жағалауы, Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылда, 37/2 орналасқан нысаналы мақсаты – спорт-сауықтыру кешенін жобалау, салу және орналастыру үшін кадастрлық нөмірі 05-085-092-310 ауданы 0,14 га жер учаскесі;

3) 2012 жылғы 1 қазандағы № 3721 сатып алу-сату шартының негізінде жеке меншік құқығында Гульмира Болатовна Кожахановаға тиесілі Ертіс өзенінің сол жағалауы, Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылда, 37/3 орналасқан

2

нысаналы мақсаты – дәмхананы жобалау, салу және орналастыру үшін кадастрлық нөмірі 05-085-092-311 ауданы 0,152 га жер учаскесі.



Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару датасы – 2014 жылғы 1 қазан.

2. «Өскемен қаласының жер қатынастыры бөлімі» мемлекеттік мекеме-сі осы қаулы жарияланған күннен соң күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей меншік иелеріне жер учаскелері мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы хабарлама жіберсін және оны мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

3. «Өскемен қаласының жер қатынастыры бөлімі» мемлекеттік мекеме-сі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын басқа да шара-ларды қабылдасын.

4. Келісімдеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің иесі «Өскемен қаласының жер қатынастыры бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келеді.

5. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға бюджеттен қаражат қарастырсын.

6. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.



Өскемен қаласының

әкімі Т. Қасымжанов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет