Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы


ic-қимыл туралы заңнамасы



бет6/6
Дата27.06.2016
өлшемі374 Kb.
#159911
1   2   3   4   5   6

            ic-қимыл туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.


 

      2. Eгер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасында экстремистiк
              ұйымдарды құруға тыйым caлу

      Қазақстан Республикасының аумағында мақсаттары немесе iс-әрекеттерi экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған ұйымдарды, шетелдiк және (немесе) халықаралық ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.


      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атауларын құрылатын ұйымдардың атауларында пайдалануға жол берiлмейдi.

      4-бап. Экстремизмге қарсы iс-қимылдың негiзгi


              мiндеттерi мен принциптерi

      1. Экстремизмге қарсы iс-қимылдың негiзгi мiндеттерi:


      экстремизмнiң көрiнiс беру нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасында оны жүзеге асыруға жол бермеу;
      экстремизмдi жүзеге асыру үшiн жағдайлар мен мүмкiндiктер жасауды болғызбау;
      азаматтардың саяси және құқықтық мәдениетiн қалыптастыру;
      Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
 

      2. Экстремизмге қарсы iс-қимыл:


      заңның үстемдiгi;
      нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, қандай әлеуметтiк топқа жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi;
      қоғамдық, соның iшiнде ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм;
      мемлекеттiң және қоғамдық институттардың өзара iс-қимылы;
      жариялылық принциптерiне негiзделедi.

      5-бап. Экстремизмге қарсы iс-қимылдың негiзгi бағыттары

      Экстремизмге қарсы iс-қимыл мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      экстремизмнен сақтандыруға, соның iшiнде оны жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және кейiннен жоюға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау;
      экстремизмдi анықтау және оның жолын кесу;
      экстремизмге қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

      6-бап. Мемлекеттiк органдардың экстремизмнiң алдын


            алу саласындағы құзыретi

      Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде экстремизмнен сақтандыруға бағытталған мынадай алдын алу шараларын iске асырады:


 

      1) дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң және миссионерлердiң қызметiне зерделеу мен талдау жүргiзедi, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихат iс-шараларын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты мәселелердi қарайды, Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын бұзатын дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзедi;


 

      2) бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнде экстремизмдi насихаттауға және ақтауға жол бермеу, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысында оларға мониторинг жүргiзедi, мемлекеттiк тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында ұлтаралық және конфессияаралық келiсiмдi нығайту мәселелерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi;


 

      3) бiлiм саласындағы орталық атқарушы орган бiлiм беру ұйымдарында оқушылардың экстремизм идеяларын қабылдамауын, халықаралық құқық пен iзгiлiктiң көпшiлiк таныған принциптерiн құрметтеуiн қалыптастыруға бағытталған тәрбиелiк бағдарламалардың бекiтiлуiн және iске асырылуын қамтамасыз етедi, оқу орындарының студенттер алмасу мәселелерi бойынша халықаралық шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;


 

      4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдардың дәлелдi қорытындылары бойынша өздерiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiне жол бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;


 

      5) Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары жедел-iздестiру қызметiн, қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде атқарушылық және өкiмдiк функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ өздерiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығарып жiберудi жүзеге асырады;


 

      6) облыстардың (республикалық маңызы бap қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылды жүзеге асырады, тиiстi аумақтарда құрылған дiни бiрлестiктердiң және миссионерлердiң қызметiн зерделеудi жүзеге асырады, олар туралы деректер банкiн жасайды, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша өңiрлiк деңгейде ақпараттық-насихат iс-шараларын жүзеге асырады, өңiрдегi дiни ахуалға зерделеу мен талдау жүргiзедi.


      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).     

      7-бап. Мемлекеттiк органдардың экстремизмдi анықтау


             және оның жолын кесу жөнiндегi құзыретi

      1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органдардың қарауына жатқызылған қылмыстарды анықтайды, оның жолын кеседi, ашады және тергейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


 

      2. Прокурорлар жеке және заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзу фактiлерiн тапқан кезде немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы iс-әрекеттер туралы мәлiметтер болған жағдайда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiретiн экстремистiк материалдар таратылған жағдайда, экстремизмнiң кез келген көрiнiсiн, оны жүзеге асыруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру туралы прокурорлық қадағалау актiлерiн шығарады, ұйымдар экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда олардың қызметiн тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы сотқа өтiнiш бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.


 

      3. Өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде экстремизмдi анықтау мен оның жолын кесуге қатысады.

      8-бап. Ұйымды экстремистiк деп тану тәртiбi

      1. Ұйымды экстремистiк деп тану сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.


      Егер ұйымның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) бiреуi болса да осы ұйымның басшы органдарының бiрiнiң рұқсатымен экстремизмдi жүзеге асыратын болса, ұйым экстремистiк деп танылады.
 

      2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымды экстремистiк деп тану туралы өтiнiштi сотқа Қазақстан Республикасының прокуроры, iшкi iстер органдары немесе азаматтары бередi.


 

      3. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен прокурордың өтiнiшi бойынша Астана қаласының соты экстремистiк деп таниды.


 

      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде прокуратура, iшкi iстер органдарына ұйымды экстремистiк деп тану үшiн қажеттi айғақтық базаны қалыптастыру үшiн материалдар беруге мiндеттi.

      9-бап. Экстремистiк ұйымдарды және экстремизмдi
              жүзеге асырғаны үшiн жауаптылыққа
              тартылған адамдарды есепке алу

      1. Экстремизмнiң алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган сот шешiмдерiнiң негiзiнде экстремистiк ұйымдардың және экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн жауаптылыққа тартылған адамдардың есебiн жүргiзедi.


 

      2. Сот ұйымды экстремистiк деп таныған не ұйым экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда оны тарату арқылы қызметiн тоқтата тұрған немесе оған тыйым салған кезде және адамдарды экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн жауаптылыққа тартқан кезде сот өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жолдауға мiндеттi.

      10-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
               органдарының шет мемлекеттердiң
               органдарымен және халықаралық ұйымдармен
               экстремизмнiң алдын алу, анықтау және
               жолын кесу саласындағы өзара ic-қимылы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары экстремизмнiң алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасып жұмыс iстейдi.


 

      2. Экстремизмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтасып жұмыс iстейдi, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттердiң аумағында жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзедi.


      Осы Заңның 7-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген мемлекеттiк органдар басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдарының, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өтiнiшi бойынша, экстремизмге қатысы бар адамдардың экстремизмдi жүзеге асырған жерiне қарамастан, оларды Қазақстан Республикасының аумағында қудалайды.

      11-бап. Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру

      Қазақстан Республикасында экстремизмге қарсы iс-қимыл бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      12-бап. Байланыс желiлерi мен құралдарын экстремизмдi


              жүзеге асыру үшiн пайдалануға, экстремистiк
              материалдарды басып шығаруға және таратуға
              жол бермеу

      Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желiлерi мен құралдарын экстремизмдi жүзеге асыру үшiн пайдалануға, сондай-ақ экстремистiк материалдарды басып шығаруға және таратуға тыйым салынады.


      Байланыс желiлерi мен құралдары экстремизмдi жүзеге асыру үшiн пайдаланылған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген байланыс желiлерi мен құралдарының қызметiн тоқтата тұруға құқылы.
      Байланыс желiлерi мен құралдарының қызметiне тыйым салуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот жүзеге асырады.
      Прокурордың өтiнiшi негiзiнде ақпараттық материалдарда экстремистiк мақсаттардың бар-жоғын анықтауды осындай материалдарды басып шығаруды жүзеге асырған ұйымның орналасқан жерi бойынша сот жүзеге асырады.
      Соттың ақпараттық материалдарда дiни экстремизм белгiлерiнiң бар-жоғын анықтауы үшiн сот сараптамасының қорытындысы мiндеттi.

      13-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер,


               пикеттер және демонстрациялар өткiзген
               кезде экстремизмдi жүзеге асыруға
               жол бермеу

      Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзген кезде экстремизмдi жүзеге асыруға жол берiлмейдi. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастырушыларға оларды өткiзгенге дейiн жауаптылық туралы жазбаша нысанда ескертедi.


      Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзген кезде оларға қатысу үшiн экстремистiк ұйымдарды тартуға, олардың нышандарын пайдалануға, сондай-ақ экстремистiк материалдарды таратуға жол берiлмейдi.
      Осы бапта көзделген мән-жайлар байқалған жағдайда бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастырушылар немесе оларды өткiзуге жауапты өзге де тұлғалар көрсетiлген бұзушылықтарды жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдануға мiндеттi. Осы мiндеттердiң сақталмауы бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды тоқтатуға әрi оларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жауаптылықта болуына әкелiп соғады.

      14-бап. Экстремизмдi қаржыландыруға жол бермеу

      Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiктерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында экстремизмдi қаржыландыруға бағытталған қызметiне тыйым салынады.
      Осы бапта көзделген мән-жайлар байқалған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының,


               шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
               экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн жауаптылығы

      Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.


      Сот экстремистiк ұйымдардың қатысушысы деп немесе экстремистiк iс-әрекет жасады деп таныған адамдардың мемлекеттiк қызметке, әскери қызметке және құқық қорғау органдарындағы қызметке жiберiлуi шектелуi мүмкiн.

      16-бап. Ұйымдардың экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн


               жауаптылығы

      1. Заңды тұлға, сондай-ақ шетелдiк және (немесе) халықаралық ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда сот олардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен тоқтата тұрады немесе ұйымдарды тарату арқылы оған тыйым салады.


      Бұқаралық ақпарат құралын пайдалана отырып экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда сот осы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнiң немесе таратушысының қызметiн тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады.
      Заңды тұлға экстремизмдi жүзеге асырған кезде сот заңды тұлғаны тарату арқылы оның қызметiне тыйым салу туралы шешiм қабылдаған жағдайда оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) де таратылуға жатады.
 

      2. Жеке тұлғалар бiрлестiгi экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда оның қызметiне осы Заңның 7-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген органдардың өтiнiшi бойынша сот тыйым салады.


      Жеке тұлғалар бiрлестiгi экстремизмдi жүзеге асырған кезде сот оның қызметiне тыйым салу туралы шешiм қабылдаған жағдайда оған жиналыс және басқа да бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге, сондай-ақ насихат және үгiт жүргiзуге тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет