Мемлекеттік бағдарламасы



бет1/5
Дата12.06.2016
өлшемі337.5 Kb.
#129747
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 8 қаңтардағы

464 Жарлығымен



БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Ақпаратты Қазақстан - 2020»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

I. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары

Бағдарламаның мақсаты

Ақпаратты қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау

Міндеттері

 1) Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.

 2) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.

 3) Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру.

 4) Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Іске асыру мерзімі

1-кезең: 2013 - 2017 жылдар

 2-кезең: 2018 - 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

1) 2020 жылы Қазақстан Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 елдің тізімінде болуға тиіс;

 2) «электрондық үкімет» индексі (БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылы алғашқы 25 елдің қатарында болуға тиіс;

 3) Қазақстан Республикасы үй қожалықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі - 100 %;

 4) 2020 жылы Интернет желісін пайдаланушылар саны - 75 %;

 5) Қазақстан тұрғындарын эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту — 95%;

 6) елдің ЖІӨ-не ақпараттық коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) секторының үлесі - 4 %;

 7) денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі - 100%;

 8) бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі - 100 %;

 9) компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;

 10) Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдардың (бұдан әрі - БАҚ) жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі - 100%;

 11) электрондық түрде ақы төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендер айналымының үлесі - 40 %;

 12) электрондық форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50 %;

 13) дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қарағанда көрсетілген

 электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі - 80 %.

Қаржыландыру көлемі мен көздері

Мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар менұйымдардың қаражатын қоса алғанда, мемлекеттік бюджет және кәсіпорындардың, ұйымдардың қаражаты.

 Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады.

 

 

II. Кіріспе



 

Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық төңкерістің кезекті кезеңі - АКТ-ларды өмірдің барлық салаларына енгізумен сипатталады, бұл технологиялар адам өмірінің салтын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жоғары қоғамға көшу үшін іргетас әрі материалдық база болады.

Әлемде жаппай мынадай үрдістер байқалуда:

1) АКТ-ның ықпалымен барлық қоғамдық институттар мен адамның қызмет ету салаларының өзгеруі;

2) қазіргі заманғы технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің барлық салаларының ілгерілеуі;

3) елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың міндеттеріне барабар дамыған ақпараттық орта қалыптастыруға ұмтылу;

4) тұрғындардың ақпараттық ресурстарға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз ету;

5) азаматтарды, қоғамдық институттарды, бизнес пен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдарын ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау.

Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде тұтас қоғамда да, қызметтің жекелеген салаларында да ақпараттық даму стратегиялары немесе кешенді бағдарламалары әзірленген және іске асырылуда.

Бұрынғы кеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мысалы, Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне - ақпараттық қоғамды құруға және әлемдік ақпараттық қоғамдастыққа кіруге көшу болып табылады.

Жоғарыда аталған стратегиялар мен бағдарламаларды талдау ақпараттық дамудың ұлттық стратегиясын қалыптастырудағы, ақпараттық және инновациялық дамудың алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін қоғамның барлық топтарын шоғырландырудағы, ұлттық стратегияны іске асыру бойынша бизнесті, барлық қоғамдық институттар мен азаматтарды үйлестірудегі жетекші рөл мемлекетке берілгенін көрсетті.

Біздің елімізде ақпараттық қоғамның құрамдас бөліктерінің біреуіне ғана - «электрондық үкіметті» қалыптастыру мен дамытуға баса назар аударылып, сәтті іске асырылды, халықаралық рейтингтердің жоғары болуы осының айғағы. Алайда ақпараттық қоғамды қалыптастыру міндеті тек «электрондық үкімет» пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда ауқымды екені сөзсіз.

Сондықтан, ақпараттық қоғамға көшуге ықпал ететін барлық қажетті жағдайларды жасау үшін және «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты 2012 жылғы 10 шілдедегі мақалада берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленді.

Бағдарламаны әзірлеу кезінде Жаһандық ақпаратты қоғамның Окинава хартиясының (Окинава қ., Жапония, 2000 жыл), Ақпараттық қоғам құру қағидаттары декларациясының (Женева қ., Швейцария, 2003 жыл), Тунис міндеттемесі іс-қимыл жоспарының (Тунис қ., Тунис Республикасы, 2005 жыл), басқа да халықаралық құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі ережелері ескерілді.



Ақпараттық қоғам құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отырып, Бағдарламада төрт түйінді бағыт айқындалған:

1) мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;

4) отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Осы бағыттардың шеңберінде АКТ-ны жаппай енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және «ұтқыр үкімет» құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту жөніндегі міндеттер шешіледі. Ақпараттық қоғамды дамыту адами ресурстарды дамытумен сүйемелденуге тиіс екенін ескере отырып, Бағдарламада азаматтарға электрондық білім алу арқылы ақпараттық технологияларды игеруге және олармен жұмыс істеу дағдыларын алуға, өмір бойы оқуға және дайындалуға, қашықтан жұмыс істеуге, қолжетімді электрондық денсаулық сақтау қызметтерін алуға мүмкіндік беру үшін жағдайлар көзделген. Сондай-ақ, еліміздің неғұрлым ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру үшін Бағдарламада экономиканың негіз қалаушы салаларына зияткерлік жүйелерді барынша енгізу көзделген.

Ақпараттық қоғамға көшу саясатының тиімділігі АКТ кеңінен қолдану және электрондық қызметтер көрсету бойынша бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыруға байланысты болады.

«Ақпаратты Қазақстан - 2030» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның ақпараттық қоғамға көшуін іске асырудың қорытындылаушы кезеңіне айналады деп болжанады.

 

 

III. Ағымдағы жағдайды талдау



 

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында АКТ-ны қарқынды дамыту және бейімдеу экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, адамдардың өмір сүру салтына да әсерін тигізіп, қоғамды жаңғыртудың маңызды факторына айнала бастағаны атап өтілген, бұл қазіргі заманғы Қазақстанның экономикасы мен азаматтарының өмірі үшін АКТ-ны дамытудың маңызды екенін сипаттайды.

Соңғы жылдары Қазақстанның АКТ секторында маңызды жетістіктер байқалады.

2012 жылғы наурыздың басында жарияланған БҰҰ E-Government Survey-2012 «Электрондық үкімет адамдар үшін» рейтингінде Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 8 тұғырға көтеріліп, 38-орынды иеленді. Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен 2-орынды бөлісті.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2012 - 2013 жылдардағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік бойынша есебінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингі 21 тұғырға көтеріліп, 51-орынға жетті.

Халықаралық электр байланысы одағының рейтингінде Қазақстан соңғы жылы АКТ дамыту индексі бойынша 72-орыннан 68-орынға көтерілді.

Пошта байланысы саласында ұлттық оператор болып табылатын «Қазпошта» акционерлік қоғамы қызметтер нарығының негізгі жеткізушісі болып қалады. Қызмет көрсетуді еліміздің бүкіл аумағын қамтитын 3000-нан астам өндірістік объектілер жүзеге асырады. Бұдан басқа, пошталық, курьерлік қызметтерді «DHL International Kazakhstan» ЖШС, «ЯНЦЕН-ЭКСПРЕСС» ЖШС және басқалары да көрсетеді.

Телекоммуникация саласының негізгі үрдістері жоғары жылдамдықты оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, тұрғындар мен ұйымдарға мультимедиялық қызметтер көрсету, телерадио хабарларын таратудың цифрлық технологияларын енгізу және дамыту, сондай-ақ жергілікті телефон байланысын цифрландыру деңгейін көтеру болып табылады.

Интернет желісіне қолжетімдікті қамтамасыз ету бойынша байланыс желілерін дамыту озыңқы қарқынмен жүруде. Қазақстан халқының 53,5 %-ы Интернет желісін пайдаланушылар болып табылады (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылғы 2 тоқсандағы шұғыл деректеріне сәйкес).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 4G технологиясы енгізілуде, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік (бұдан әрі - КЖҚ) жүйесін дамыту ADSL, CDMA/EVDO, 3G, FTTH сияқты технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

ADSL технологиясы.

ADSL технологиясы (Asymmetric Digital Subscriber Line) - асимметриялық цифрлық абоненттік желі - интерактивті бейнеқызметтерге (сұраныс бойынша бейне, бейнеойындар және т.б.) және деректерді жылдам жіберуге жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін (Интернетке қол жеткізу, жоғары вольтты байланыс желілерімен басқа желілерге қашықтан қол жеткізу) үшін әзірленген.

ADSL технологиясы Интернет желісіне қол жеткізу жылдамдығына жоғары талап қоймайтын абоненттерге КЖҚ қызметтерін көрсетудің неғұрлым бұқаралық және арзан тәсілі болып табылады. Қол жеткізудің мыс желісі пайдаланылатын байланыс желісінің кез келген дерлік учаскесінде ADSL технологиясы бойынша КЖҚ желісін ерістетуге болады.

Абонентке қарай ақпарат беру жылдамдығы 7 Мбит/с дейін (ADSL2+ үшін 24 Мбит/с дейін) құрайды, ал абоненттен - 1 Мбит/с дейін. Қол жеткізу жылдамдығы тарату желісінің мыс кәбілінің жағдайына, АТС-тан абонентке дейінгі қашықтыққа, кәбілдегі абоненттер санына және т.б. тәуелді.

Бүгінгі күні ADSL технологиясын пайдаланатын абоненттер саны - 1 017 486 адамды құрайды.

FTTH технологиясы.

FTTH (Fiber To The Home) - үйге (жеке/жеке меншік үй, пәтер деп түсініледі) орнатылатын оптикалық-талшықты кәбіл.

Жоғары жылдамдықты КЖҚ қызметтеріне деген ұлғайып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту мақсатында 2011 жылы (FTTH) Fiber to the Home әмбебап талшықты-оптикалық қол жеткізу желісінің құрылысы басталды. Жоба Астана, Алматы қалаларындағы және Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарындағы көппәтерлі үйлерді және коттедждік құрылыстарды 100 % қамтуды көздейді.

Жобаның 1-кезеңін іске асыру нәтижесінде 2011 жылы Астана, Алматы, Семей, Жаңаөзен қалаларындағы және облыс орталықтарындағы 146 объектіде көппәтерлі 3 718 үйді, 2 755 коттедждік құрылысты қамтитын талшықты-оптикалық абоненттік қол жеткізу желілері салынды. Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында 170 962 абоненттік портқа есептелген гигабитті пассивті оптикалық желіні монтаждау аяқталып, пайдалануға қабылданды.

CDMA/EVDO технологиясы.

CDMA/EVDO (Evolution Data Optimized) - CDMA стандартындағы ұтқыр байланыс желілерінде пайдаланылатын деректерді жоғары жылдамдықпен беру технологиясы.

Бүгінгі күні перспективалы және электр энергиясымен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің бірі жеке және/немесе ұжымдық қолжетімділік арқылы 100 % телефондандырылған.

2011 жылдан бастап CDMA 450 стандартындағы ауылдық байланыс CDMA 450 технологиясының EVDO платаларымен жете жабдықталуы арқылы EVDO технологиясы пайдаланыла отырып дамуда, бұл Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарына Интернет жүйесіне КЖҚ қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.

CDMA 450/EVDO технологиясы абоненттердің орналасқан жеріне қарамастан, желінің әрекет ету шегінде, сондай-ақ қозғалыс кезінде деректерді жоғары жылдамдықта пакетпен беру қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Ауылдық жерде CDMA 450/EVDO технологиясы бойынша деректерді берудің жоғары жылдамдығына цифрлық деректерді тығыздаудың жаңа алгоритмін қолдану есебінен қол жеткізіледі, бұл CDMA 450 желісі қамтитын аймақтың кез келген нүктесінде Интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының ауылдық елді мекендері тұрғындарының Интернет желісіне сымсыз КЖҚ алу мүмкіндігі бар.

Бүгінгі күні CDMA/EVDO технологиясын пайдаланатын абоненттер саны - 7 737 құрайды.

3G технологиясы - бұл үшінші буынның ұтқыр байланысы. Оның басты артықшылығы - деректерді берудің, Интернетке қол жеткізудің жоғары жылдамдығы.

3G үшінші буынының желілері бейнетелефондық байланысты ұйымдастыруға, ұтқыр телефонда ағынды бейнені көруге және т.б мүмкіндік береді.

2011 жылы ұялы байланыс операторлары Астана, Алматы қалаларында және Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында (3G) үшінші буын желілерін пайдалануға енгізді.

4G (LTE) технологиясы (Long Term Evolution) - деректерді 300 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен (базалық станциядан пайдаланушыға) және 75 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен (пайдаланушыдан базалық станцияға) пакеттік беру үшін оңтайландырылған, жоғары жылдамдықты ұтқыр байланыс жүйелерін құру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, деректер берудің ұтқыр хаттамасы.

4G технологиясы қол жеткізу қызметтерінің Интернет жүйесіне енуін дамытуға, оның ішінде ілеспе қызметтер спектрін кеңейтуге (ұтқыр ТВ, сұраныс бойынша бейне және т.б.), сапа деңгейін арттыруға және тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді.

2012 жылдан бастап телекоммуникациялар желілерінде төртінші буынның (4G стандарттағы) желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыру басталды.

Цифрлық телерадио хабарларын тарату.

Бүгінде Қазақстан Республикасының алдында тұрған өзекті міндет цифрлық технологияларға көшу жолымен телерадио хабарларын таратудың барлық ұлттық желілерін жаңғырту болып табылады.

Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасында АКТ-ларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны үшін қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.



Жоғарыда көрсетілген Бағдарламаларға сәйкес 2015 жылға қарай эфирлік цифрлық телевизиямен халықтың 95%-ын қамтуды қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді:

1) жиілік-аумақтық жоспар бекітілді;

2) хабар таратудың - DVB Т2 стандарты қабылданды;

3) 2012 жылғы 3 шілдеде Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қалаларында телехабар таратудың цифрлық эфирлік желісі тестілік режимде пайдалануға енгізілді.

Бұдан басқа, Интернеттің қазақстандық сегментін дамыту үшін КЖҚ қызметтерін көрсету үшін телекоммуникация желілерінің дайындығы, дата-орталықтарды құру, «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту, мемлекеттік органдардың порталдарын дамыту, әлеуметтік маңызы бар интернет-ресурстар құру және электрондық коммерция бойынша жобалардың санын ұлғайту қажет.

Халыққа және бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі - ХҚКО) қызметін жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Қажетті нормативтік құқықтық база құрылды, халыққа және бизнеске қызмет көрсету рәсімдері оңайлатылды, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуінің оң үрдісі байқалады.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуалды қабылдау бөлмелері, интернет-конференциялар арқылы мемлекеттің халықпен және бизнеспен диалогы мен кері байланысының тетіктері іске асырылды.

Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» құрылды.

«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ақпарат пен қызметтерді ұсыну міндеттері  ойдағыдай шешілді.

Ақпараттық технологияларды қолдану және электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жыл сайын бағалау жүргізіледі.

Ғылымды, технологиялардың трансфертін, бизнес пен университеттер ынтымақтастығының қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестицияның көлемі  артуда, ғылымды көп қажет ететін АКТ өндіріске енгізілуде.

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы инфокоммуникация саласында білім беруді дамыту бойынша АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен тығыз ынтымақтастық жүргізуде.

2011 жылы «еркін бағдарламалық қамтамасыз ету (opensource)» және «ақпараттық технологиялар» бағыттары бойынша екі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зертхана құрылды.

АКТ салалық ғылыми-зерттеу институты құрылды.

Алматы қаласында орналасқан «Ақпараттық технологиялар паркі» аумағында оқу-зерттеу кешенін, бизнес орталығын, дата орталығын, бизнес-инкубациялау функциялары бар егіз қорын және АКТ-кластерінің жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да даму институттарын салуды көздейтін АКТ-кластерді құру жобасына бастама жасалды.

БАҚ саласындағы процестерді жетілдіру және ойын-сауық және ақпараттық контент өндірісінің отандық индустриясын дамыту бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Осылайша, ағымдағы ахуалды талдау Қазақстанның ақпараттық дамуының және мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудың ірі көлемді және кешенді мемлекеттік стратегияларын іске асыруға дайын екенін айғақтайды.

 

 

IV. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы


индикаторлары және нәтижелі көрсеткіштері

 

Бағдарламаның негізгі мақсаты: ақпаратты қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау.

Бағдарламалық міндеттері:

1) мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;

4) отандық ақпаратты кеңістікті дамыту.

Нысаналы индикаторлар:

1) 2020 жылы Қазақстан Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 елдің тізімінде болуға тиіс;

2) «электрондық үкімет» индексі (БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылы алғашқы 25 елдің қатарында болуға тиіс;

3) Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі - 100 %;

4) 2020 жылы Интернет желісін пайдаланушылар саны - 75 %;

5) Қазақстан тұрғындарын эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту - 95 %;

6) елдің ЖІӨ-не ақпараттық коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) секторының үлесі - 4 %;

7) денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі - 100 %;

8) бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі - 100 %;

9) компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;

10) Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдардың (бұдан әрі - БАҚ) жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі - 100 %;

11) электрондық түрде ақы төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендер айналымының үлесі - 40 %;

12) электрондық форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі -50 %;

13) дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қарағанда көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі - 80 %.

 

 

V. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарына


қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет