Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог



бет5/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#125013
1   2   3   4   5   6   7   8
Ескертпелер:

1. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық жүйені қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезінде директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.

2. Осы ұйымдарда бір немесе бірнеше мамандық бойынша кемінде 150 оқушы саны бар болса, әрі мамандық бойынша бөлімше меңгерушісі лауазымының штат бірліктері белгіленеді.

3. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 оқушыға белгіленеді.

4. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының жатақханасында 100 және одан да көп адам тұратын болса, әр ауысымға жатақхана кезекшісі лауазымының штат бірлігі белгіленеді. Көп қабатты, кіретін бірнеше бөлек есіктері бар жатақханаларда кезекшілер саны жеке тәртіппен белгіленеді.

5. Әскери міндеттілер және әскерге шақырушылар саны 500 немесе одан да көп техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді.

6. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 20 және одан көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және т.б.) болған жағдайда механик лауазымының штат бірлігі белгіленеді.

7. Штат бірліктерін белгілеген кезде оқу жылының 1 қаңтарындағы оқушылардың тізімдік құрамдағы саны негізге алынады.

8. Техникалық және кәсіптік (колледждер, училищелер) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу әдістемелік бірлестік болған кезде директордың оқу әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, әдіскер, техник лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.

 

4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен

жасөспірімдерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

 


Лауазымдардың

атауы

Тәрбиеленушілер топтарына қарай

штаттық бірліктер саны

8-ге дейін

9-14

15-30

31 және одан

да көп

Директор

1

1

1

1

Директордың оқу-

тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

1

-

-

-

Директордың оқу

жұмысы жөніндегі орынбасары

-

1

1

1

Директордың тәрбие

жұмысы жөніндегі

орынбасары

-

1

1

1

Директордың шаруа-

шылық жұмысы жө-

ніндегі орынбасары

1

1

1

1

Педагог-психолог

1

1

1,5

2

Аға вожатый

1

1

1

1

Дәрігер

1

1

1

1

Тәулік бойы кезек-

шілік ететін

медбике

4

4

4

4

Кіші медициналық персонал

0,5

0,5

0,5

1

Бас бухгалтер

1

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

1

Іс қағаздарын жүргізуші (хатшы)

1

1

1

1

Кітапхана меңгерушісі

-

1

1

1

Кітапханашы

0,5

-

-

1

Қоймашы

1

1

1

1

Кастелянша

1

1

1

1

Экспедитор

1

1

1

1

Бас аспаз

-

1

1

1

Аспаз

2

2

2

3

Асхана жұмысшысы

1

1

2

3

Кір жуу машинала-

рының операторы

1

2

3

3

Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)

1

1

2

2

Күзетші

3

3

3

3

Вахтер, әр ғимаратқа

1

1

1

1

Жүк тасушы

1

1

1

2

 

Ескертпелер:

1. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған түзеу ұйымдарында тәрбиешілердің саны тәрбиеленушілердің әр тобына 2 штат бірлігі есебінен белгіленеді.

2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары туралы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

3. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы түзеу ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар белгіленеді:

осындай әрбір 25 балаға бірақ әр ұйымға 0,25 бірліктен кем болмайтын тәрбиеші лауазымының 0,25 штат бірлігі

ұйымда кемінде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.

4. Жүріп-тұру мүшелері мен сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында 12-15 балаға 1 штат бірлігі есебінен, кемтарлығы күрделі балаларға арналған балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлігі есебінен логопед мұғалім және дефектолог мұғалім лауазымдары белгіленеді.

5. Бір немесе бірнеше мектепке дейінгі топтары бар арнаулы түзеу ұйымдарында әрбір топқа мынадай лауазымдар белгіленеді:

тәрбиеші - 2 штат бірлігі;

естімейтін, нашар еститін, кейін саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретін, ойлау қабілеті нашар балаларға топтар үшін арналған дефектолог мұғалім 1 штат бірлігі.

6. Арнаулы түзеу ұйымдарының көру қабілеті бұзылған, жүріп-тұру мүшелері бұзылған мектепке дейінгі балалар топтарында 2 штат бірлігі есебінен тәрбиеші көмекшісінің штат лауазымы, сөйлеу қабілеті өте нашар әрбір 10 балаға және фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға логопед-мұғалім лауазымының штат бірлігі белгіленеді. Егер мектепке дейінгі топтардың жатын бөлмелері қатар орналасса, әрбір 2 топқа 2,5 штат бірлігі есебінен тәрбиешінің көмекшісі, 0,5 штат бірлігі есебінен кір жуу машинисі лауазымының штат бірлігі белгіленеді.

7. Арнаулы түзеу ұйымдарында екі немесе одан да көп мектепке дейінгі топтар болған кезде 0,5 бірліктен аспаз және көмекші жұмысшы лауазымдарының штат бірліктері қосымша белгіленеді.

8. Көру қабілеті бұзылған балаларға, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арнаулы 4-тен 9-ға дейін топтары бар түзеу ұйымдарында көмекші жұмысшы лауазымының 1 штат бірлігі, ал 9 және одан да көп топтар болған кезде 2 штат бірлігі қосымша белгіленеді.

9. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында: осы ұйымдарда саны 100-ге дейін тәрбиеленушісі болса 0,5 штат бірлігі және саны 100-ден асатын тәрбиеленуші болса - 1 штат бірлігі ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегі техник лауазымының штат бірлігі белгіленеді.

10. Арнаулы түзеу ұйымдарында көру қабілеті бұзылған балалардың бедерлі қаріптермен жазылған оқулықтары мен әдеби оқулықтарын пайдаланатын саны 4-5 топты болса, кітапханашы лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.

11. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында дыбысты күшейту аппаратына қызмет көрсету жөніндегі техник лауазымы 3-8 сынып болған кезде 1 штат бірлігі, осындай 9-16 сынып болса - 1,5 штат бірлігі белгіленеді. Сыныптардың санында дыбысты күшейту аппаратурасы орнатылған мектепке дейінгі топтар да есепке алынады.

12. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында есту кабинетінің дефектолог мұғалімі лауазымының 1 штат бірлігі белгіленеді.

13. Тәрбиешінің көмекшісі лауазымы әрбір жатын корпусына 2 штат бірлігі есебінен енгізіледі, егер жатын корпусына 100-ден аса тәрбиеленуші орналастырылса, жатын корпустың әрбір қабатына 2 штат бірлігі енгізіледі.

14. Арнаулы түзеу ұйымында жатын корпусынан тыс орналасқан изолятор болған жағдайда, қосымша тәрбиешінің көмекшісі лауазымының 2 штат бірлігі қосымша енгізіледі.

15. Жуылатын бұйымдардың бір бөлігі кір жуатын орындарға тапсырылатын жағдайда 15-ке дейін топ саны бар арнаулы түзеу ұйымдарында кір жуу машиналары операторы лауазымының бір штат бірлігі, ал 15 және одан да аса топтары болса - 2 лауазымдық штат бірлігі белгіленеді.

16. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған түзеу ұйымдарында әрбір топқа массаж жасаушы медбике лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.

17. 150-ден астам тәрбиеленушісі бар арнаулы түзеу ұйымдарында психиатр-дәрігер лауазымының 1 штат бірлігі қосымша енгізіледі.

 

5. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерінің

үлгі штаттары

 


Лауазымдардың атауы

Тәрбиеленушілер топтарының санына

қарай штат бірліктерінің саны

5 топқа дейін

5-9 топтар

10 және одан

да көп топтар

Директор

1

1

1

Директордың оқу

жұмысы жөніндегі орынбасары

0,5

1

1

Директордың тәрбие

жұмысы жөніндегі

орынбасары

0,5

1

1

Директордың шаруа-

шылық жұмысы жө-

ніндегі орынбасары

1

1

1

Әдіскер

0,5

1

1

Педагог-психолог

1

1

1

Әлеуметтік педагог

1

1

1

Бас бухгалтер

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

Кадрлар мәселелері жөніндегі инспектор

-

0,5

1

Хатшы

1

1

1

Дәрігер-педиатр

1

1

1

Тәулік бойы кезекшілік

ететін медбике

4

4

4

Кіші медициналық персонал

0,5

0,5

1

Кітапхана меңгерушісі

-

-

1

Кітапханашы

1

1

-

Қоймашы

1

1

1

Кастелянша

1

1

1

Киім-кешек пен іш киімді жөндейтін тігінші

1

1

1

Экспедитор

0,5

1

1

Бас аспаз

1

1

1

Аспаз

2

4

4

Асхана жұмысшысы

3

3

3

Ыдыс жуушы

1

2

3

Кір жуу машиналарының

операторы

1

2

3

Аяқ киімші

1

1

1

Шаштараз

1

1

1

Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)

1

2

2

Күзетші

3

3

3

Жүк тасушы

1

1

1

Вахтер, әр ғимаратқа

1

1

1

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет