Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата23.01.2023
өлшемі465.2 Kb.
#468626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
57-бұйрық.-Мемлекеттік-білім-беру-ұйымдарының-бірінші-басшылары-мен-педагогтерін-лауазымға-тағайындау

 3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға 
тағайындау, лауазымнан босату тәртібі 
 1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін 
лауазымға тағайындауға конкурс ӛткізу тәртібі 
88. Республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогінің бос 
және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын тиісінше 
республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары ұйымдастырады. 
89. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) 
уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын облыстардың, республикалық 
маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының 
қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымы ұйымдастырады. 
90. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, барлық бос және (немесе) 
уақытша бос лауазымға мемлекеттік білім беру ұйымы конкурс ӛткізеді. 
91. Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес 
келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында кӛрсетілген тізім бойынша 
құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады. 
92. Конкурс аптасына 16 сағат және одан да кӛп сағат оқу жүктемесі бар 
педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына ӛткізіледі. 
93. Бос лауазымдар болған жағдайда әрбір педагогке сағат саны педагогтің 
бір жарым ставкасынан аспауы тиіс. 
94. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды: 
1) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарының және (немесе) білім беруді 
басқару органының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің 
ресми аккаунттарында конкурс ӛткізу туралы хабарландыруды жариялау; 
2) конкурсты ӛткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны 
қалыптастыру; 
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау; 
4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік 
сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау; 
5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы. 
95. Конкурс ӛткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды: 
1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нӛмірлері, электрондық 
пошта мекенжайы кӛрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы 
(сағаты) бар білім беру ұйымының атауы; 
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы тӛлеу мӛлшері мен 
шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы; 


3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа 
қойылатын біліктілік талаптары
4) құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс ӛткізу туралы хабарландыру соңғы 
жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі; 
5) қажетті құжаттар тізбесі; 
6) уақытша бос лауазымға конкурс ӛткізу кезінде педагогтің уақытша бос 
лауазымының мерзімі. 
96. Конкурсты ӛткізу мерзімі және конкурстық комиссияның құрамы 
мемлекеттік білім беру ұйымының бұйрығымен айқындалады. 
97. Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде 
комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын тӛрағадан тұратын алқалы орган 
болып табылады. Конкурстық комиссия құрамына білім беру ұйымы 
әкімшілігінің 
ӛкілдері, 
тиісті 
деңгейдегі 
әдістемелік 
кабинеттердің 
(орталықтардың) немесе білім беру ұйымының, азаматтық қоғамның 
әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бӛлімінің мамандары, педагогтер кіреді. 
98. Конкурстық комиссияның құрамына олармен келісім бойынша басқа 
білім беру ұйымдарының ӛкілдерін енгізуге рұқсат етіледі. 
99. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын 
ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды. 
100. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол 
берілмейді. 
101. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған 
жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады. 
102. Конкурстық комиссияның құрамын ӛзгерту білім беру ұйымы 
басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады. 
103. Конкурстық комиссияның отырыстары тӛраға, отырысқа қатысқан 
комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді. 
104. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы 
құрамының кемінде үштен екісі қатысса, ӛтті деп, ал оның шешімі заңды деп 
есептеледі. 
105. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен 
сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс 
ӛткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады. 
106. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс ӛткізу туралы 
хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде 
жүргізіледі. 
107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда кӛрсетілген 
құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз 
түрінде жолдайды: 
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін 
құжаттардың тізбесін кӛрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы ӛтініш; 
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен 
алынған электронды құжат (идентификация үшін); 


3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты 
тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары кӛрсетілген – бар болса); 
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға 
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың 
кӛшірмелері; 
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың кӛшірмесі (бар болса); 
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын 
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 
атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен 
бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 
8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-
модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің 
біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос 
лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. 
108. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс 
тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін 
арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе 
әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың 
кӛшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. 
109. Осы Қағидалардың 107-тармағында кӛрсетілген құжаттардың біреуінің 
болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. 
110. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш 
жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жӛніндегі 
уәкілетті органға немесе оның аумақтық бӛлімшелеріне сыбайлас жемқорлық 
қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы 
мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің 
бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету 
комитетіне жібереді. 
111. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 
жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе 
қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын 
бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген 
кезеңінде шеттетіледі. 
112. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні 
ішінде 
кандидаттар 
құжаттарының 
Педагогтердің 
үлгілік 
біліктілік 
сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды 
жүргізеді. 


113. Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға 
сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-
қосымшаға сәйкес Бағалау парағында кӛрсетілген балдарды есептеуді жүзеге 
асырады. 
114. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия 
жинаған балл негізінде қабылдайды. 
115. Ең кӛп балл жинаған кандидат конкурстан ӛтті деп есептеледі және 
мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға 
ұсынылады. 
116. Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия 
әңгімелесу ӛткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке 
тағайындауға кандидат айқындалады. 
117. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның 
кез келген мүшесі ӛз пікірін баяндайды, комиссия отырысының хаттамасына 
қоса беріледі. 
118. Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия 
тӛрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол 
қояды. 
119. Әңгiмелесуге қатысқан, бiрақ тағайындауға ұсынылмаған кандидаттарды 
конкурстық комиссия кадр резервiне қоюды ұсынады. 
120. Кадр резервінде болу мерзімі кадр резервіне алынған күннен бастап бір 
жылды құрайды. 
121. Кадр резервіне енгізілген кандидаттар конкурс жарияланған кезде 
конкурстық комиссиямен әңгімелесу кезеңінен ӛтеді. 
122. Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-
ресурсында, конкурстың соңғы отырысы ӛткізілген күні ұйымның әлеуметтік 
желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады. 
123. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік 
талаптарына сәйкес келетін немесе комиссияның оң қорытындысын алған 
кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және 
жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. 
124. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидат еңбек 
шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, білім беру ұйымының басшысы 
конкурстық комиссия кадр резервіне ұсынған немесе қабылдауға ұсынылған 
педагогтен кейін ең жоғары балл жинаған кандидатпен еңбек шартын жасасады. 
125. Егер конкурс нәтижесінде комиссия бос лауазымға орналасуға 
кандидаттарды анықтамаса, конкурс ӛткізілмеді деп танылады. 
126. Кандидаттар ӛздеріне қатысты бӛлігінде конкурстық құжаттармен және 
комиссия шешімімен танысады. 
127. Қос қызмет атқаратын педагогтерді конкурссыз жұмысқа қабылдау бір 
пән бойынша 8 сағаттан аспайтын уақытқа рұқсат етіледі. 
128. Шағын жинақталған мектепті қоспағанда, қос қызмет атқаратын 
педагогтің бос жүктемесі педагогтердің арасында бӛлінбейді 


129. Оқу жылының басында бос лауазымға тиісті кандидат айқындалмаған 
жағдайда, оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері 
арасында бӛлінеді және (немесе) уақытша педагог және (немесе) қос қызмет 
атқаратын педагог қабылданады. 
130. Кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда 
Қазақстан 
Республикасының 
Әкімшілік 
рәсімдік-процестік 
кодексінің 
нормаларына сәйкес шағым береді. 
131. Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссия шешіміне жоғары тұрған 
органның апелляциялық комиссиясына немесе сот тәртібімен шағым жасайды. 
132. Педагогті лауазымынан босату Қазақстан Республикасының Еңбек 
кодексінің 49-бабында кӛрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады. 
133. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін босатуды білім беру 
ұйымы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бӛлімімен келісе 
отырып жүзеге асырады. 
Мемлекеттік білім беру 
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау, 
лауазымнан босату
қағидаларына 
1-қосымша 
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау 
конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік кӛрсетілетін қызмет 
стандарты 

Кӛрсетілетін 
қызметті берушінің 
атауы 
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрлігі және (немесе) облыстардың, 
Нұр-Сұлтан, 
Алматы, 
Шымкент 
қалаларының, 
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім 
басқармалары (бұдан әрі – кӛрсетілетін қызметті 
беруші) кӛрсетеді 

Мемлекеттік
қызметті 
ұсыну 
тәсілдері 
Мемлекеттік қызметті кӛрсету үшін құжаттарды 
қабылдау және нәтижесін беру: 
1) кӛрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік 
корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы 
(бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - 
портал) арқылы жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қызмет 
кӛрсету мерзімі 
Мемлекеттік қызмет кӛрсетудің мерзімдері: 1) 
кӛрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 
20 минут; 
2) кӛрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері 


бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 2 
(екі) жұмыс күні; 
3) Мемлекеттік корпорацияға кӛрсетілетін қызметті 
берушінің орналасқан жері бойынша емес – 7 (жеті) 
жұмыс күні. 
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау 
күні мемлекеттік қызмет кӛрсету мерзіміне кірмейді; 
4) портал арқылы жүгінген кезде – бір жұмыс күні. 
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет кӛрсету мерзіміне 
кірмейді; 
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын 
тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 
20 (жиырма) минут; 
2) кӛрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік 
корпорацияда қызмет кӛрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ 
уақыты – 20 (жиырма) минут. 

Мемлекеттік қызмет 
кӛрсету нысаны 
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) 
/қағаз түрінде 

Мемлекеттік 
қызметті 
кӛрсету 
нәтижесі 
Мемлекеттік қызмет кӛрсету кезінде қағаз түрінде - 
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы 
қолхат беру не мемлекеттік қызмет кӛрсетуден дәлелді 
бас тарту.
Электрондық түрде жүгінген кезде кӛрсетілетін 
қызметті алушының "жеке кабинетіне" кӛрсетілетін 
қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол 
қойылған электрондық құжат нысанында конкурсқа 
қатысуға 
құжаттардың 
қабылданғаны 
туралы 
хабарлама не дәлелді бас тарту келеді 

Мемлекеттік 
қызметті 
кӛрсету 
кезінде кӛрсетілетін 
қызметті алушыдан 
алынатын 
тӛлем 
мӛлшері 
және 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
кӛзделген 
жағдайларда 
оны 
алу тәсілдері 
тегін 
7 Жұмыс кестесі 
1) кӛрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан 


Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс 
және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма 
аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 
сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. 
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті 
кӛрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі 
түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге 
асырылады. 
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және 
жеделдетілген қызмет кӛрсетусіз кезек күту тәртібімен 
кӛрсетіледі. 
2) 
Мемлекеттік 
корпорация 
– 
Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі 
және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап 
сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне 
сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. 
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, кӛрсетілетін 
қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген 
қызмет кӛрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық 
кезекті портал арқылы броньдауға болады. 
3) портал – жӛндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 
техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы 
(кӛрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне сәйкес 
жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және 
мереке күндері жүгінген кезде ӛтініштерді қабылдау 
және Мемлекеттік қызмет кӛрсету нәтижелерін беру 
келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік 
қызмет 
кӛрсету 
орындарының 
мекенжайлары: 
1) 
кӛрсетілетін 
қызметті 
берушінің 
интернет-
ресурсында, 
әлеуметтік 
желілердің 
ресми 
аккаунттарында; 
2) www.egov.kz порталында. 

Мемлекеттік 
қызметті 
кӛрсету 
үшін 
қажетті 
құжаттар тізбесі 
Кӛрсетілетін қызметті алушы кӛрсетілетін қызметті 
берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не 
порталға мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан 
бойынша ӛтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық 
құжаттар сервисінен электрондық құжаттың кӛшірмесі 
(сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу 
жӛніндегі жеке іс парағы және фото; 
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың 


кӛшірмесі; 
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың кӛшірмесі; 
6) 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 
министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 
қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау 
саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын 
бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша 
денсаулық жағдайы туралы анықтама; 
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 
8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 
9) біліктілік тестілеу сертификаты; 
10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық 
жоспары; 
11) түйіндеме. 
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған 
мемлекеттік 
органның 
қарауына 
оның 
кәсіби 
жетістіктері, 
біліктілігін 
арттыруы, 
ғылыми 
зерттеулері, 
ӛзінің 
педагогикалық 
тәжірибесін 
жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, 
тиімділік кӛрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол 
жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 
7), 8) 9) тармақшаларда кӛрсетілген құжаттарды ұсыну 
кӛрсетілетін 
қызметті 
берушіде 
оларды 
тиісті 
ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда 
талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда кӛрсетілген 
құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару 
қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының 
жауапты қызметкері куәландырады және мӛрмен 
расталады. 
Егер 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында ӛзгеше кӛзделмесе, кӛрсетілетін қызметті 
беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 
мемлекеттік қызметтер кӛрсету кезінде ақпараттық 
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны 
құрайтын мәліметтерді пайдалануға кӛрсетілетін 
қызметті алушының келісімін алады. 

Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
белгіленген 
мемлекеттік қызмет 
кӛрсетуден бас тарту 
үшін негіздер 
Кӛрсетілетін қызметті беруші келесі негіздер бойынша 
мемлекеттік қызмет кӛрсетуден бас тартады:
1)мемлекеттік қызметті алу үшін кӛрсетілетін қызметті 
алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы 
деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған 
жағдайда; 
2)кӛрсетілетін қызметті алушының және (немесе) 
ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер 


мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді кӛрсету үшін 
қажетті мәліметтердің, Қазақстан Республикасының 
нормативтік 
құқықтық 
актілерінде 
белгіленген 
талаптардың сәйкес келмеуі. 
10 
Мемлекеттік, оның 
ішінде электрондық 
нысанда 
және 
Мемлекеттік 
корпорация арқылы 
кӛрсетілетін 
қызметті 
кӛрсету 
ерекшеліктері 
ескеріле 
отырып 
қойылатын ӛзге де 
талаптар 
Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, ӛзіне-
ӛзі қызмет кӛрсету, ӛздігінен қозғалу, құжаттарды 
қабылдауға 
бағдарлану 
қабілетінен 
немесе 
мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған 
кӛрсетілетін 
қызметті 
алушыларға 
мемлекеттік 
қызметті кӛрсетуді Мемлекеттік корпорацияның 
қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс 
орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне 
барып жүзеге асырады. 
Кӛрсетілетін 
қызметті алушының ЭЦҚ болған 
жағдайда порталдағы "жеке кабинеті" арқылы 
қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік 
қызмет кӛрсету тәртібі мен мәртебесі туралы 
ақпаратты, сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығын 
алу мүмкіндігі бар:
1414, 8 800 080 77777. 
Мемлекеттік 
қызмет 
кӛрсету 
орындарының 
мекенжайлары: 
1) 
Министрліктің 
Интернет-ресурсында: 
www.edu.gov.kz; 
2) Мемлекеттік корпорацияның Интернет-ресурсында: 
www.gov4c.kz 
Кӛрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет 
кӛрсету мәселелері жӛніндегі анықтама қызметтерінің 
байланыс телефондары Министрліктің интернет-
ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz 
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада 
авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. 
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-
цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді 
пайдалана 
отырып, 
мобильді 
қосымшада 
авторландырудан ӛту, одан әрі "цифрлық құжаттар" 
бӛліміне ӛтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. 
Мемлекеттік білім беру 
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау, 
лауазымнан босату
қағидаларына 


2-қосымша 
Нысан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет