3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі 1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі 88. Республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын тиісінше республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары ұйымдастырады. 89. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымы ұйымдастырады. 90. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, барлық бос және (немесе) уақытша бос лауазымға мемлекеттік білім беру ұйымы конкурс өткізеді. 91. Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады. 92. Конкурс аптасына 16 сағат және одан да көп сағат оқу жүктемесі бар педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына өткізіледі. 93. Бос лауазымдар болған жағдайда әрбір педагогке сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы тиіс. 94. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарының және (немесе) білім беруді басқару органының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау; 2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру; 3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау; 4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау; 5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы. 95. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды: 1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы; 2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы; 3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары; 4) құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі; 5) қажетті құжаттар тізбесі; 6) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі. 96. Конкурсты өткізу мерзімі және конкурстық комиссияның құрамы мемлекеттік білім беру ұйымының бұйрығымен айқындалады. 97. Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының, азаматтық қоғамның әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер кіреді. 98. Конкурстық комиссияның құрамына олармен келісім бойынша басқа білім беру ұйымдарының өкілдерін енгізуге рұқсат етіледі. 99. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды. 100. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. 101. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады. 102. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады. 103. Конкурстық комиссияның отырыстары төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді. 104. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі. 105. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады. 106. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. 108. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. 109. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. 110. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді. 111. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі. 112. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді. 113. Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады. 114. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды. 115. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өтті деп есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады. 116. Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады. 117. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін баяндайды, комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. 118. Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды. 119. Әңгiмелесуге қатысқан, бiрақ тағайындауға ұсынылмаған кандидаттарды конкурстық комиссия кадр резервiне қоюды ұсынады. 120. Кадр резервінде болу мерзімі кадр резервіне алынған күннен бастап бір жылды құрайды. 121. Кадр резервіне енгізілген кандидаттар конкурс жарияланған кезде конкурстық комиссиямен әңгімелесу кезеңінен өтеді. 122. Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстың соңғы отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады. 123. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін немесе комиссияның оң қорытындысын алған кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. 124. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидат еңбек шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, білім беру ұйымының басшысы конкурстық комиссия кадр резервіне ұсынған немесе қабылдауға ұсынылған педагогтен кейін ең жоғары балл жинаған кандидатпен еңбек шартын жасасады. 125. Егер конкурс нәтижесінде комиссия бос лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаса, конкурс өткізілмеді деп танылады. 126. Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен танысады. 127. Қос қызмет атқаратын педагогтерді конкурссыз жұмысқа қабылдау бір пән бойынша 8 сағаттан аспайтын уақытқа рұқсат етіледі. 128. Шағын жинақталған мектепті қоспағанда, қос қызмет атқаратын педагогтің бос жүктемесі педагогтердің арасында бөлінбейді 129. Оқу жылының басында бос лауазымға тиісті кандидат айқындалмаған жағдайда, оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері арасында бөлінеді және (немесе) уақытша педагог және (немесе) қос қызмет атқаратын педагог қабылданады. 130. Кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шағым береді. 131. Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссия шешіміне жоғары тұрған органның апелляциялық комиссиясына немесе сот тәртібімен шағым жасайды. 132. Педагогті лауазымынан босату Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 49-бабында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады. 133. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін босатуды білім беру ұйымы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімімен келісе отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және (немесе) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні; 3) Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес – 7 (жеті) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 4) портал арқылы жүгінген кезде – бір жұмыс күні. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қағаз түрінде - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында конкурсқа қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не дәлелді бас тарту келеді
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
тегін
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады. 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында; 2) www.egov.kz порталында.
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото; 4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) біліктілік тестілеу сертификаты (бар болса); 10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары; 11) түйіндеме; 12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі. Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
10
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығын алу мүмкіндігі бар: 1414, 8 800 080 77777. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің Интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz; 2) Мемлекеттік корпорацияның Интернет-ресурсында: www.gov4c.kz Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 2-қосымша