Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу бөлімі 2015 жылы I қазанға 18 жасқа дейінгі 1053



Дата22.02.2016
өлшемі55 Kb.
#2070
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу бөлімі
2015 жылы I қазанға 18 жасқа дейінгі 1053 балаға жәрдемақы тағайындалған 13660,0 мың теңге төленген.

18 жасқа дейінгі жәрдемақы, отбасының орташа жан басына шаққандағы табысы, облыста белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда тағайындалады.

Жәрдемақы тағайындау үшін қажет құжаттар:


  1. белгіленген үлгідегі өтініш;

  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  3. өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

  4. отбасы мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы);

  5. белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;

  6. өтініш берушінің отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер.

  7. қосалқы шаруашылығы туралы мәліметтер.

ҚР 2014 жылғы 31 наурыздағы №180-V «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес 2014 жылғы 01 сәуірден бастап 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақының мөлшері айлық көрсеткіштің 1,05 (2082 теңге) ұлғайтылған.



Назар аударыңыз!


  • күндізгі оқудағы оқушылардан;

І-ші және ІІ-ші топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, 3 жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтардан басқа, жәрдемақы алуға үміткер жұмыссыз ата-аналар (бала асырап алушылар) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органда тіркелген болу тиіс.

Назар аударыңыз!

Жиынтық табысты есептегенде жәрдемақы алуға үміткер отбасы құрамында тек қана ата-аналар (бала асырап алушылар) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі.

Сонымен, балаларға жәрдемақы алуға үміткер отбасы құрамында отбасының туыстары (әжесі, атасы, апа-сіңлілері мен аға-інілері, олардыњ әпке, ағалары және басқалар) ескерілмейді.

2015 жығы 838 алушыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, 23407,0 мың теңге төленген. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2327,7 теңге.

Облыста белгіленген, кедейлік шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысы бар азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Жәрдемақы тағайындау үшін қажет құжаттар:



  1. белгіленген үлгідегі өтініш;

  2. белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3. отбасы мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың

көшірмесі (мекенжай анықтамасы);



  1. өтініш берушінің отбасы мүшелері алған табыстары туралы

мәліметтер;

  1. қосалқы шаруашылығы туралы мәліметтер.


Назар аударыңыз!


  • мүгедектерден, бір айдан астам стационарлық емделіп жатқан адамдардан;

  • оқушылардан, студенттерден, күндізгі оқудағы, магистратураны және аспирантураны қоса алғанда, тыңдаушылар мен курсанттардан,;

  • І-ші және ІІ-ші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, 7 жастағы баланы күтумен айналысатын азаматтардан басқа, АӘК алуға үміткер жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органда тіркелген болу тиіс.



Анықтама
АӘК мөлшері отбасының орташа жан басына шаққандағы табысы мен әр отбасы мүшесіне кедейлік шегі арасындағы айырым ретінде есептеледі:

Кедейлік шегі – орташа жан басына шаққандағы табыс  АӘК мөлшері

Мысалы: 4 адамға орташа жан басына шаққандағы табысы әр адамға 2000 теңгені құрайды, кедейлік шегі көлемі 4685 теңге. Бір адамға АӘК мөлшері (4685 теңге – 2000 теңге) 2685 теңгені құрайды. Айына отбасына АӘК жалпы сомасы 10740 теңге болады (2685 4 адамға).

2015 жылғы I -тоқсанда күнкөріс деңгейі – 18557 теңге;

азық-түлік себеті - 11134 теңге;

кедейлік шегі - 7423 теңге.



«Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру туралы анықтама
Қостанай қаласында 2015 жылғы 30 шілдеден бері келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті енгізу бойынша «Өрлеу» жобасы пилоттық режимде іске асырылуда.

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізілген және 2015 жылғы 23 маусымдағы №330 бекітілген, а.ж. 21 шілдеде басылып шыққан, жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң 2015ж. 23 шілдеде қолданысқа енгізілді.

11.11.2015ж. келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек 13 отбасыға, 37 алушыға жалпы сомасы 1828,2 мың теңгеге (6 ай үшін) тағайындалды. Бір адамға көмектің орташа мөлшері 8235,24 теңгені құрады. А.ж. тамыз-қарашада тағайындалған сома 1277,5 мың теңге болды.


АӘК алушылар қатарынан 15 адамға, МБЖ алушылар қатарынан 10 адамға көмек тағайындалды, 12 адам алғаш рет өтініш еткен. 13 адам тұрақты жұмыс орындарына, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алушылар құрылымында ең көп үлесі балалар 62,2% құрады.

Әлеуметтік келісімшарт жасалғанға дейін жан басына шаққандағы табысының мөлшері 2342 теңгені құрайды, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша қолданылатын шараларды (жалақыны есепке ала отырып) есепке ала отырып 15691 теңгені құрады, б.а. 13349 теңгеге өсті.

«Өрлеу» жобасы бойынша, жалпы білім беру мектептері бойынша, «Қостанай перинаталдық орталығы» МКК (роддом), №3 емхана, қалалық аурухана, онкологиялық диспансер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі, хабарландырулар таратылды, АӘК пен МБЖ тағайындауға құжаттар қабылданған кезде түсіндіру жұмысы жүргізіледі.



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру және «Өрлеу» жобасына қатысу механизмдерін түсіндіру бойынша ұтқыр тобының жұмыс кестесіне сәйкес қаланың шағын аудандарына барып, буклеттер таратылды.

3 баннер жасалды, Бөлімде келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша түсіндірілетін стенд орналастырылды.


«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын алға тарту Қазақстан Республикасы Президентінің «100 қадам; барлығы үшін қазіргі заманғы мемлекет» Ел жоспарында (бұдан әрі – Ел жоспары) қойылған міндеттерде көрсетілген.

Ұлт жоспарының «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейту арқылы оңтайландыру. Әлеуметтік көмек нақты көмекке мұқтаж азаматтарға ғана көрсетілетін болады. Табысы төмен еңбекке қабілетті азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысатын жағдайда ғана мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі» 84 қадамын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V Заңы қабылданды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлігінде жоғарыда көрсетілген ҚР Заңын қабылдау мақсаты - жұмысқа орналасуға ынталандыруға бағытталған, табысы аз азаматтарды қолдаудың мемлекеттік жүйесін реформалау – жұмыспен қамтудың уәкілетті органдары мен төлемдерді алушылар арасындағы қатынастарды реттеу арқылы әлеуметтік көмек алушылар арасында тәуелділік көңіл күйді болдырмайтын жаңа механизмдерді енгізу, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік төлемдерді түбегейлі өзгерту және оңтайландыру болып табылады.

Қазақстанның экономикасы сыртқы қолайсыз жағдайларда дамуына байланысты, экономикалық жағдай және республикалық және жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіндегі мүмкіндіктер нашарлауына байланысты, ҚР 2015 жылғы 28 қазандағы №369 Заңында шартсыз ақшалай көмек (жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы төлемдер) және шартты ақшалай көмек (жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы немесе біржолғы төлем) арқылы табысы аз азаматтарды қолдаудың мемлекеттік жүйесін реформалау 2018 жылғы 1 қаңтардан басталады деп белгіленген (2015 жылғы шілдеде жоғарыда аталған Заңның жобасы, 2016 ж. 1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмек бөлігіндегі өзгерістер қолданысқа енгізілетінін есепке ала отырып, жергілікті атқарушы органдарға келісімдеу үшін берілді).



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет