«Мемлекеттік қызмет көрсету» пәнінен тест (7-тақырып)
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның құзыреті:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру
Жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіру
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын тәртіп
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нұсқаулық
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт
Мемлекеттік қызметтер қандай қағидаттар негізінде көрсетіледі?
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ашықтық және заңдылық қағидаты негізінде
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі қағидаты негізінде
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және сенімділік қағидаты негізінде
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі жариялылық және өзектілік қағидаты негізінде
Достарыңызбен бөлісу: |