Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы



бет1/20
Дата15.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#137632
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 336 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 28, 350-құжат; "Егемен Қазақстан" 2011 жыл, 27 тамыз № 395-399 (26793), 3 қыркүйек № 409-413 (26807); "Казахстанская правда" от 27.08.2011 г., № 272-274 (26693-26695); от 31.08.2011 г., № 276-277 (26697-26698); от 03.09.2011 г., № 281-282 (26672-26673);


       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Бiлiм беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы және 1-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және  8) тармақшаларындағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының бiлiм, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын бiлiм туралы құжаттарға апостиль қою» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты, «Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты, «Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты, «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты, «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты, «Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты, «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты және «Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруi» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      2-бағанда:
      реттiк нөмiрi 85-жолдағы «анықтама» деген сөз «анықтамалар» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi;
      реттiк нөмiрi 87-жолдағы «ауыстыруға» және «анықтама» деген сөздер тиiсiнше «айырбастауға» және «анықтамалар» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi;
      реттiк нөмiрi 88-жолдағы «Зейнеткерлiк қорларға» және «анықтама» деген сөздер тиiсiнше «Зейнетақы қорларына» және «анықтамалар» деген деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi;
      реттiк нөмiрi 89-жолдағы «жасау» және «кеңесiнiң шешiмiне  анықтама» деген сөздер тиiсiнше «ресiмдеу» және «органдарының анықтамаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 123-жолда:
      «қамсыздандыруға» деген сөзден кейiн «арналған» деген сөзбен толықтырылсын;
      «құжаттар» деген сөз «құжаттарды» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi;
      реттiк нөмiрi 124-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау»;
      реттiк нөмiрi 127-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру», орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң         
2011 жылғы 31 наурыздағы 
№ 336 қаулысымен     
бекiтiлген        

«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызметтi (бұдан әрi - стандарт) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес кенттiң, ауылдық, (селолық) округтiң жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi - әкiмдiк) көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет тәртiбi туралы толық ақпарат тiзбесi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген әкiмдiктердiң фойелерiнде, сондай-ақ облыстың әкiмдiктердiң, бiлiм басқармаларының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi аяқтау нәтижесi осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама бере отырып, бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керiсiнше үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз етуi немесе қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн жүгiну (өтiнiш түскен мерзiмнен бастап 5 күн iшiнде) 5 жұмыс күнiн құрайды;
      2) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты (тiркеу кезiнде) - 30 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет оқу жылы бойы көрсетiледi:
      1) белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн;
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет тұтынушыларға, оның iшiнде физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген әкiмдiктердiң ғимараттарында көрсетiледi. Күту залдары толтырылған бланктердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлермен жарақталған

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      1) бiлiм алушының /тәрбиеленушiнiң/ ата-анасы немесе заңды өкiлiнiң баланы жалпы бiлiм беру ұйымдарына тегiн тасымалдаумен қамтамасыз етуге арналған осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтiнiшi;
      2) баланың туу туралы куәлiгiнiң түпнұсқасы және көшiрмесi (жеке куәлiгi);
      3) осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес оқу орнының анықтамасы.
      Туу туралы куәлiктiң, жеке куәлiктiң түпнұсқасы көшiрмемен салыстыру үшiн берiледi және кейiн тұтынушыға қайтарылады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алуға арналған өтiнiштiң үлгiсi әкiмдiктiң фойесiнде орналастырылады, сондай-ақ әкiмдiктiң мамандарында болады.
      13. Өтiнiштiң, баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi және/немесе жеке куәлiгi және оқу орнынан алынған анықтама аталған қызметтi көрсетуге жауапты әкiмдiктiң әлеуметтiк мәселеге жетекшiлiк ететiн маманының кабинетiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде тұтынушыға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес қажеттi құжаттарды алуда қызмет көрсетудi алған күнiн көрсете отырып, қолхат берген әкiмдiк маманының өтiнiштi қабылдап алған нөмiрi мен күнiн, тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып қолхат берiледi.
      15. Тұтынушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн жеткiзу тәсiлiн әкiмдiктiң маманы белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес әкiмнiң қолымен және мөрiмен расталған, осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына (бiлiм беру ұйымдарын көрсете отырып) тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету туралы қабылданған анықтама негiзiнде асырады. Тұтынушы жеке өзi жүгiнген кезде өтiнiштiң келiп түскен сәтiнен бастап 5 күн өткен соң әкiмдiктiң маманы бередi.
      Анықтама беру туралы мәлiмет осы стандарттың 7-қосымшасына сәйкес анықтаманы есепке алу кiтабында тiркеледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту үшiн бас тартудың себептерiн жазбаша негiздей отырып, тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық тапсырмауы негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Әкiмдiктiң қызметi:


      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) тұтынушы ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
      4) тұтынушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттiк қызметтi уақтылы ұсыну;
      6) нақтылық және сыпайылық қағидаттарына негiзделедi.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi ұсынудың нәтижелерi осы стандарттың 9-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi

5. Шағымдану тәртiбi

      20. 1-қосымшада көрсетiлген кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiредi және шағымды дайындауға жәрдем көрсетедi.


      21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда не жұмыс күндерi қолма-қол облыстық әкiмдiктiң кеңсесi арқылы аталған стандарттың 8-қосымшасына сәйкес қабылданады.
      Шағым беру кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiне еркiн нысанда жазылған өтiнiшiн және қызмет көрсету үшiн тұтынушы ұсынған құжаттардың көшiрмелерi кiредi.
      Әкiмiнiң жұмыс және қабылдау кестесi белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн айқындалған.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша наразылық болса, қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiне Астана қаласы, «Министрлiк үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс, 945-кабинет мекенжайы бойынша берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Әкiмдiкке шағым беру үшiн тұтынушы өтiнiштi еркiн нысанда өз қолымен жазады.
      25. Қабылданған шағым әкiмдiктiң кiрiс ақпаратын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Тұтынушыға өтiнiштiң күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижесi тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi бойынша қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнде 010000, Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс, 945-каб. мекенжайынан, сондай-ақ. www.bala-kkk.kz сайтынан ала алады.

«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi


бiлiмнiң жалпы бiлiм берi ұйымдарына
және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз
ету» мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша             

Жергiлiктi атқарушы органдарының елдi мекендердiң, ауыл (село), ауылдық (селолық) әкiмдiктердiң тiзбесi

Р/с


Әкiмдiктiң толық атауы

Елдi мекен атауы

Байланыс телефоны

Заңды мекенжайы

Сайттың мекенжайы

1

2

3

4

5

6

Ақмола облысы

1.

«Ақкөл қаласы әкiмiнiң апараты» ММ

Радовка ауылы, Ақкөл орман қожалығы, Ерназар ауылы

8(716)38
21094

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов к-сi, 83 инд.020100

htt:www.akmo.kz

2.

«Ақкөл ауданы  Қарасай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Қарасай ауылы, Қына ауылы, Минское ауылы

8(716)3834190

Ақкөл ауданы,
Қарасай ауылы инд.020110

 
 


3.

«Ақкөл ауданы  Кеңес ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Кеңес ауылы,
Домбыралы ауылы,
Барап ауылы,
Красный горняк ауылы

8(716)38
38294

Ақкөл ауданы,
Кеңес ауылы инд. 020102

 
 


4.

«Ақкөл ауданы  Наумов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Наумов ауылдық округi,

8(716)38
32334

Ақкөл ауданы,
Наумовка ауылы Ақбидай к-сi инд. 020107

 
 


5.

«Ақкөл ауданы Новорьбин ауылдық округi әкiмiнiң апараты» ММ

Новорьбин ауылы, Қара-өзек ауылы Құрылыс ауылы

8(716)38
33294

Ақкөл ауданы,
Новорьбин ауылы инд.020100

 
 


6.

«Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округi әкiмiнiң апараты» ММ

Жалғызқарағай
ауылдық округi, Қайнар ауылы, Тастыадыр ауылы

8(716)3832166
 
 

Ақкөл ауданы,
Жалғызқарағай ауылы инд.020109

 
 


7.

«Ақкөл ауданы
Еңбек ауылдық  округi әкiмiнiң апараты» ММ

Еңбек ауылдық округi, Дмитров ауылы, Рамадан ауылы

8(716)3837101
 
 

Ақкөл ауданы, Еңбек ауылы инд.020111

 
 


8.

«Ақкөл ауданы
Үрпi ауылдық округi әкiмiнiң апараты» ММ

Үрпi ауылы, Амангелдi ауылы, Мало-Александров ауылы, Ерофеевка ауылы

8(716)38
31535

Ақкөл ауданы, Үрпi ауылы инд.020112

 
 


9.

«Ақкөл ауданы Бөгембай ауылдық округi әкiмiнiң апараты» ММ

Бөгембай ауылдық округi

8(716)4549454

Аққөл ауданы,
Бөгембай ауданы,
Бөгембай ауылы инд.020100

 
 


10.

«Ақкөл ауданы Қырық-Құдық ауылдық округi әкiмiнiң апараты» ММ

Қырық-Құдық ауылдық округi Азат ауылы.

8(716)454 5523

Ақкөл ауданы,
Қырық-Құдық ауылы инд.020103

 
 


11.

«Астрахан ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Астрахан
ауылдық округi, Жаңабiрлiк селосы

8(716)4122479

Астрахан ауылы Әл-Фараби к-сi,50 инд.020300

htth//www.astrahan.akmol.kz

12.

«Астрахан ауданы «Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Ұзынкөл ауылдық округi, (Алғабас ауылы)

8(716)4127135

Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылы инд.0203026

htth//www.astrahan.akmol.kz

13.

«Астрахан ауданы Николаев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Николаев ауылдық округi,
Өрнек селосы

8(716)4125510

Астрахан ауданы,
Петровка ауылы инд.020321

htth//www.astrahan.akmol.kz

14.

«Астрахан ауданы Первомай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Первомай ауылдық округi

8(716)4129375

Астрахан ауданы,
Первомай ауылы инд.020320

htth//www.astrahan.akmol.kz

15.

«Астрахан ауданы Староколутон ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Староколутон ауылдық округi

8(716)4124641

Астрахан ауданы,
Старый колутон ауылы инд.020323

htth//www.astrahan.akmol.kz

16

«Атбасар ауданы Макеев  ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Макеев ауылдық округi
Макеев ауылы, Третьяков ауылы

8(716)4399390

Атбасар ауданы, Шүй ауылы инд. 020425

 
 


17.

«Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Сергеевск ауылдық округi
Ащыкөл ауылы

8(716)4391330

Атбасар ауданы, Сергеевка ауылы
инд.020420

 
 


18.

«Атбасар ауданының Полтавск ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Полтавск ауылдық округi Титовка ауылы

8(716)4396335

Атбасар ауданы,
Полтавка ауылы инд.020416

akimpoltawka@mail.ru

19.

«Атбасар ауданының Тельмановск  ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Тельман ауылдық округi

8(716)4395335

Атбасар ауданы, Тельман ауылы инд.0204220

 
 


20.

«Атбасар ауданы Ярослав  ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Ярослав  ауылдық округi

8(716)4394335

Атбасар ауданы, Тимошов ауылы инд.020423

Akim_uaroslawski@mail.ru

21.

«Атбасар ауданы Октябрь  ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Октябрь ауылдық округi

8(716)4324343

Атбасар ауданы,
Новосамарка ауылы инд.020414

Akimat_ok@mail.ru

22.

«Атбасар ауданы  әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Атбасар қаласы

8(716)4324343

Атбасар қаласы,
Ш.Уәлиханов к-сi, 9 инд.020400

Atbasar onlain.кz

23.

«Атбасар ауданы
Покров ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Покровск ауылдық округi

8(716)4324343

Атбасар ауданы,
Покровка ауылы инд.020415

 
 


24.

«Аршалы ауданы
Жiбек Жолы ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Жiбек Жолы ауылдық округi

8(716)4423234

Аршалы ауданы,
Жiбек Жолы ауылы   инд.020202

 
 


25.

«Аршалы ауданы Анар ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Анар ауылдық округi Донецкое ауылы

8(716)4460268

Аршалы ауданы Анар станциясы инд.020206

 
 


26.

«Аршалы ауданы Бiрсуат ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Бiрсуат ауылдық округi

8(716)4425534

Аршалы ауданы,
Бiрсуат ауылы инд020212

 
 


27.

«Аршалы ауданы Волдонов ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Волгодонов ауылдық округi

8(716)4423434

Аршалы ауданы,
Волгодонов ауылы инд.020204

 
 


28.

«Аршалы ауданы Ижевск ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты»

Ижевск ауылдық округi

8(716)4424234

Аршалы ауданы,
Ижевск ауылы инд.020207

 
 


29.

«Аршалы ауданы Түрген ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты»

Түрген ауылдық округi

8(716)4425234

Аршалы ауданы,
Түрген ауылы инд.020207

 
 


30.

«Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округi әкiмдiгiнiң аппараты» ММ

Бұлақсай ауылдық округi Қостұмар ауылы

8(716)4425734

Аршалы ауданы,
Бұлақсай ауылы инд.020211

 
 


31.

«Бурабай ауданы Бурабай  кентiнiң әкiмi аппараты» ММ

Бурабай  кентi
Сарыбұлақ ауылы

8(716)30
71296,
71202

Бурабай ауданы Бурабай кентi инд.021708

 
 


32.

«Бурабай ауданы Веденов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Веденов ауылдық округi Жаңатуған ауылы

8(716)3697431

Бурабай ауданы Веденов ауылы инд.021709

 
 


33.

«Бурабай ауданы
Кенесары ауылдық округi   әкiмi аппараты» ММ

Кенесары ауылдық округi 

8(716)3693233

Бурабай ауданы,
Кенесары ауылы инд.021710

 
 


34.

«Бурабай ауданы
Шучье қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ

Шучье қалалық әкiмдiгi Светлый шипажайы

8(716)3643264

Бурабай ауданы
Шучье қаласы Абылайхан к-сi,34 инд.021700

 
 


35.

«Бурабай ауданы Златополье ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Златопольск ауылдық округi,
Златополье ауылы, Сотниковка ауылы

8(716)3643264

Бурабай ауданы Златополье ауылы инд.021715

 
 


36.

«Бурабай ауданы Успенюрьев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Успенюрьев ауылдық округi Үлгi алған ауылы, Радгородок ауылы

8(716)3692125

Бурабай ауданы,
Успенюрьев ауылы инд.021716

 
 


37.

«Бурабай ауданы
Қатаркөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Қатаркөл ауылдық округi Приозерное ауылы, Ключевое ауылы, Вишневое ауылы  

8(716)3691260

Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы инд.021716

 
 


38.

«Бурабай ауданы Үрiмқай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Үрiмқай ауылдық округi
Ынталы ауылы, Күлстан ауылы

8(716)3643264

Бурабай ауданы Үрiмқай ауылы инд.021725

 
 


39.

«Бурабай ауданы Зеленый ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Зеленоборск ауылдық округi, Молбаза ауылы, Қымызнай ауылы

8(716)3674346

Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылы инд.021714

 
 


40.

«Бурабай ауданы Атамекен ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Атамекен ауылдық округi Қаражар ауылы

8(716)3696118

Бурабай ауданы Атамекен ауыл инд.021718

 
 


41.

«Бұланды ауданы Айнакөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Айнакөл ауылдық округi Острогорка ауылы

8(716)4631433

Бұланды ауданы, Айнакөл ауылы Жастар к-сi, 18 инд. 020508

ainakol_@mail.ru

42.

«Бұланды ауданы Амангелдi ауыллдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Амангелдi ауылдық округi, Амангелдi ауылы

8(716)46 35383

Бұланды ауданы, Партизанка ауылы
Ленина к-сi, 22 инд.020513

Рагtizаnkа_аkimаt@mаi1ru

43.

«Бұланды ауданды Вознесенск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Вознесенск ауылдық округi, Старый Вознесенка ауылы

8(716)4634111

Бұланды ауданы, Вознесенка ауылы инд.020501

wzinter@уаndex.ru

44.

«Бұланды ауданы Журавлевск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Журавлевск ауылдық округi, Ярославка ауылы

8(716)4637321

Бұланды ауданы, Журавлевка ауылы
инд. 020504

gurаvlеvkа@mаil.ru

45.

«Бұланды ауданы Капитонск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Капитоновск ауылы Пушкинка ауылы

8(716)4632137

Бұланды ауданы, Капитоновка ауылы
Ленина к-сi, 50
инд. 020505

 
 


46.

«Бұланды ауданы
Қараөзек ауылдық   округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Қараөзек ауылдық округi, Аққайың   ауылы, Байсуат ауылы

8(716)46384 83

Бұланды ауданы,
Қараөзек  ауылы, Балуан-Шолақ к-сi
инд. 020507

 
 


47.

«Бұланды ауданы Никольск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Никольск ауылдық округi Ұлтуған ауылы

8 (716)46 34423

Бұланды ауданы, Никольск ауылы
инд. 020510

Nikоlsk581 @rambler.гu

48.

«Бұланды ауданы Новобрат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Новобратск ауылдық округi, Добровольная ауылы

8(716)46 36735

Бұланды ауданы, Новобратск ауылы инд.020511

novobratsk@mail.ru

49.

«Егiндiкөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Жалмақұлақ ауылдық округi Жұлдыз ауылы,  Қоңыртүбек ауылы

8 (716)42 21307

Егiндiкөл ауданы Жалманқұлақ ауылы
инд. 020604

 
 


50.

«Егiндiкөл ауданы Буревестник ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Буревестник ауылдық округi, Буревестник ауылы

8(716)42 22032

Егiндiкөл ауданы,
Буревестник ауылы
инд. 020603

 
 


51.

«Еңбекшiлдер ауданы
Абай ауылдық округi әкiмiнiң  аппараты» ММ

Еңбекшiлдер ауылдық округi, Трудовое селосы

8(716)49 23010

Егiндiкөл ауданы, Еңбекшiлдер ауылы
инд. 020074

 
 


52.

«Еңбекшiлдер ауданы Еңбекшiлдер ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Үлгi ауылды  округi
Жүкей ауылы, Трамбовка ауылы

8(716)39 20469

Егiндiкөл ауданы Үлгi ауылы инд. 020707

 
 


53.

«Еңбекшiлдер ауданы Үлгi ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Макин ауылдық округi Сосновка ауылы

8(716)39 28161

Егiндiкөл ауданы, Макин ауылы инд.020708

 
 


54.

«Еңбекшiлдер ауданы
Макин ауылдық  округi әкiмiнiң  аппараты» ММ

Макин ауылдық округi Сосновка ауылы

8(716)39 28161

Егiндiкөл ауданы, Макин ауылы инд.020708

 
 


55.

«Еңбекшiлдер ауданы Краснофлот ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Краснофлот ауылдық округi
Белағаш ауылы

8(716)39 23305

Егiндiкөл ауданы, Краснофлот ауылы инд.020700

 
 


56.

«Еңбекшiлдер ауданы Степняк  қаласы әкiмiнiң  аппараты» ММ

Пригорхоз ауылы

8(716)39 21653

Егiндiкөл ауданы, Степняк қаласы Антаев к-сi, 22 инд.020700

 
 


57.

«Ерейментау ауданы Бестоғай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Қызыл ту ауылы, Байсары ауылы

8(716)39 21653

Ерейментау ауданы,
Бестоғай к-сi
инд.020804

 
 


58.

«Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Күншалған ауылдық
округi Шәкей ауылы, Қаратал ауылы

8(716)4937291

Ерейментау ауданы,
Күншалған ауылы
инд. 020805

 
 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет