Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы
№ бұйрығына
9-қосымша
«Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
1) Министрлiктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
кеме куәлiгi және кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама - 7 (жеті) жұмыс күні;
кеме куәлiгiнің телнұсқасы - 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20(жиырма) минут.
ХҚО-ға өтініш берген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ХҚО мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: кеме куәлiгi, кеме куәлiгiнің телнұсқасы және кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық / қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен орны көрсетіле отырып, хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
7. Кемелерді тіркеуден шығаруды қоспағанда, мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады, жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Өзен кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, кеме куәлiгiнің телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым мөлшерлемесі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және мыналарды:
1) мемлекеттік тіркеу үшін – алымды төлеу күні қолданыстағы 15 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
2) қайта тіркеу үшін – алымды төлеу күні қолданыстағы 7,5 АЕК;
3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін – алымды төлеу күні қолданыстағы 3,75 АЕК құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесi:
1) ХҚО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
көрсетілетін мемлекеттік қызмет (көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша) жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы брондауға болады.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (егер қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берсе, өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні іске асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ХҚО-ға:
Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) және кеме куәлiгiнің телнұсқасын беруге өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
3) кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін келесі құжаттар көшірмелерінің бірі (түпнұсқасы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады):
мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері;
мұраға құқық туралы куәлігі;
соттың заңды күшiне енген шешімі;
кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар.
4) сыныптаушы куәліктің көшірмесі;
5) өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мына құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариат куәландырған көшірмесі;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.
Жеке тұлға кемені қайта тіркеу кезінде қосымша:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралы салығын төлегенін растайтын құжат немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжат.
кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кеме куәлігінің телнұсқасын беруге өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
3) кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
Ішкі суда жүзетін кемелерді және опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен, конструкциялық жағынан күйреген немесе қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді, сонымен қатар мемлекеттiң, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының меншiгiнен шыққан кемені тіркеуден шығару кезінде Мемлекеттік кеме тізілімінен кемені алып тастау үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы кеменің меншік иесінің өтініші;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
өтініште айтылған фактілерді растайтын құжат;
кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәлігі.
порталға:
Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді тіркеу, қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;
2) кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін келесі құжаттар көшірмесінің бірі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады):
мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері;
мұраға құқық туралы куәлігі;
соттың заңды күшiне енген шешімі;
кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар.
3) сыныптаушы куәліктің электронды көшірмесін;
4) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу, немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мына құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариат куәландырған электрондық көшірмесі;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке тұлға кемені қайта тіркеу кезінде қосымша:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралы салығын төлегенін растайтын құжат немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кеме куәлігінің телнұсқасын беруге көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Ішкі суда жүзетін кемелерді және опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен, конструкциялық жағынан күйреген немесе қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді, сонымен қатар мемлекеттiң, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының меншiгiнен шыққан кемені тіркеуден шығару кезінде Мемлекеттік кеме тізілімінен кемені алып тастау үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы кеменің меншік иесінің көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) өтініште айтылған фактілерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады).
Егер ұсынатын құжаттар шет тілінде жасалса, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы қоса беріледі;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын құжаттың мәліметін ХҚО қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, осыдан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.
ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
ХҚО-да мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) беріледі.
ХҚО мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, осыдан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚО сұрау салғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.
Портал арқылы электрондық өтінім салу кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін өтінімді қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау болып нөмірін, күнін, шағымды қабылдаған адамның тегін, байланыс деректерін, сонымен қатар берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, және шағымды қарастырудың жағдайын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеумен қатар талонды беру (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) табылады.
ХҚО қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 13-тармағында және 14-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың ХҚО-да қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның - атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Заңнамамен белгiленген тәртiппен өзiне-өзi қызмет ету, өз бетiмен жүрiп-тұру, бағдарлар алуды жүзеге асыру мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефонымен жүгіну арқылы ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mid.gov.kz интернет-ресурсында («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер» кіші бөлімінде);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz интернет-ресурсында («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер» кіші бөлімінде);
3) ХҚО- ның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) порталда орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда электронды түрде алуға мүмкіндігі болады.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органына ______________________
Территориальному органу Комитета транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан__________________________
Кеме иесінің толық және қысқартылған атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы, тіркелген жері__________________________
Полное и сокращенное наименование судовладельца, его юридический адрес, телефон, факс, место регистрации ______________________
Кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) және кеме куәлiгiнің телнұсқасын
беруге өтінім
Заявление на государственную регистрацию (перерегистрацию) судна и выдачу дубликата судового свидетельства
______________________ тиесілі, мынадай айырма белгілері бар кемені тіркеуге, қайта тіркеуге алуыңызды, кеме куәлiгiнің телнұсқасын беруіңізді сұраймын (керегін сызу):
Прошу выдать дубликат судового свидетельства, принять к регистрации, перерегистрации (необходимое подчеркнуть) судно, принадлежащее __________, имеющее следующие отличительные признаки:
1. Кеменің атауы немесе оның нөмірі
Название судна или его номер ________
2. Түрі және мақсаты
Тип и назначение _______
3. Жобаның № жасалған жылы және жері
Проект № ___ год и место постройки ______
4. Корпусының материалы
Материал корпуса _________
5. Негізгі машиналары (үлгісі, саны және жалпы қуаты)
Главные машины (тип, число и общая мощность) _______________
6. Кеменің габариттік өлшемдері:
ұзындығы______ м, ені______ м,
Габариты размера судна:
длина ______ м, ширина ______ м,
толық жүкпен шөгу _______ м, жүксіз шөгу _________м,
осадка в полном грузу _______ м, осадка порожним _______ м,
қондырғысымен бірге ең жоғарғы биіктігі (жүксіз, бос шөккен кезде) _____м.
наибольшая высота с надстройками (от осадки порожнем)_____м.
7. Белгіленген жүккөтергіштігі ______ т. жолаушы сыйымдылығы (адам)____
Установленная грузоподъемность ____т. пассажировместимость (чел) ____
8. Жүзу разряды_________________
Разряд плавания _____________________
9. Қозғаушыларының түрі_________
Род движителей ______________
10. Руль құрылғысы (қол, механикалық, электрлік және т.с.с)_________
Рулевое устройство (ручное, механическое, электрическое и т.п.) _____
11. Су өткізбейтін аралықтардың саны_____________________________
Число водонепроницаемых переборок _____________________________
12. Құтқару қайықтары (саны, жалпы сыйымдылығы)_________________
Спасательные шлюпки (кол-во, общая вместимость) __________________
13. Жүру жылдамдығы (ең жоғарғы) (км/сағ)_________________________
Скорость хода (максимальная) (км/час)______________________________
14. Зәкірлер саны және олардың салмағы_____________________________
Количество якорей и их вес _______________________________________
15. Радионавигациялық жабдық (атауы, үлгісі, саны)___________________
Радионавигационное оборудование (наименование, тип, число) __________
16. Су төкпе құралдары (жүйесі, өнімділігі)___________________________
Водоотливные средства (система, производительность) ________________
17. Өрт сөндіргіш жүйесі (үлгісі, өнімділігі)___________________________
Пожарная система (тип, производительность) _________________________
18. Тіркеу үшін қоса берілген құжаттар _____________________________
Прилагаемые для регистрации документы: __________________________
19. Кеменің меншік иесінің немесе уәкілетті тұлғаның қолы
Подпись собственника судна или уполномоченного лица _________________ (өтінімге кім және қандай лауазымында қол қояды, ___________________________________________________________________________________________________________________ өтінімге қол қоюшы тұлғаның өкілеттік негіздемесі, Т.А.Ә., паспорттық деректері / кто и в каком качестве подписывает заявление, основание полномочий лица, подписывающего заявление, Ф.И.О., (паспортные данные)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін / Согласен на использования сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.
«____»__________20__ ж/г __________________
(қолы /подпись)
Күні М.О. (заңды тұлға үшін)
Дата ____________ М.П. (для юридического лица)
«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органына ______________________
Территориальному органу Комитета транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Республики Казахстан__________________
Кеме иесінің толық және қысқартылған атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы, тіркелген жері__________________________
Полное и сокращенное наименование судовладельца, его юридический адрес, телефон, факс, место регистрации ______________________
Кемені тіркеуден шығаруға
өтінім
Заявление
на снятие с регистрации судна
_________________________________________ (кемені мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен шығарудың негіздемесін көрсету керек: кеме опат болуына немесе хабарсыз жоғалып кетуіне, конструкциялық жағынан күйреуіне, қайта жасауына немесе басқа өзгерістер нәтижесінде кеменің сапасын жоғалтуына, кеменің «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуіне) байланысты
В связи ___________________________________________________________________ (указать основание исключения судна из государственного судового реестра: гибель или пропажа без вести судна, конструктивная гибель судна, утрата качеств судна в результате перестройки или других изменений, несоответствие судна требованиям, предусмотренным пунктом 3 статьи 24 Закона Республики Казахстан «О внутреннем водном транспорте»)
_____________________________ тиесілі, мынадай айырма белгілері бар кемені тіркеуден алып тастауды сұраймын:
Прошу снять с регистрации судно, принадлежащее __________, имеющее следующие отличительные признаки:
1. Атауы
Название _____________________________________________________
2. Мемлекеттік тіркеу орны
Место государственной регистрации _____________________________
3. Tipкey нөмipi
Регистрационный номер ________________________________________
4. Мемлекеттік тіркелген күні
Дата государственной регистрации ______________________________
5. Кеменің түрі
Тип судна ____________________________________________________
6. Жасалған орны мен уақыты
Место и время постройки _______________________________________
7. Ұзындығы
Длина _______________________________________________________
8. Ені
Ширина ______________________________________________________
9. Биіктігі
Высота _______________________________________________________
10. Меншік иесі және оның мекенжайы
Собственник и его адрес ________________________________________
Күні
Дата
Қолы
Подпись
«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына
3-қосымша
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ....
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚО қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә.
Телефон.
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы
«__» _________ 20__ж.
Достарыңызбен бөлісу: |