Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 113 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 234-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 41 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ережесінің 16-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмринге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті төрағасының
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 113 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 1-тармағына, «Кедендік құжаттардың нысандары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешіміне сәйкес әзірленді және кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымдарда кедендік сараптаманы жүргізу мақсатында кедендік тексеру мен кедендік декларациялау жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алудың тәртібін айқындайды.
2. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алудың тәртібі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады, ол жоқ болған кезде сынамаларды іріктеп алудың жалпы тәртібі пайдаланылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тауар партиясы - бір уақытта бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына жолданатын және органға бір немесе бірнеше көлік құжаттары бойынша табыс етілетін тауарлар, сондай-ақ бір пошта жүкқұжатымен жөнелтілетін не бір адамның багажы ретінде орналастырылатын тауарлар;
2) сынама - оңтайлы қажетті, стандарттау жөніндегі құжаттамамен белгіленген, ұсынылып отырған және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын және қасиетін сипаттайтын тауар немесе тауардың бір бөлігі;
3) үлгі - тауардың (өнімнің) барлық партиясының, сериясының құрылымына, құрамына және қасиеттеріне сәйкес келетін тауар (өнім) бірлігі не одан әрі зерттеу мақсатында іріктеп алынуы белгіленген тәртіппен тіркелетін, жазбаша және өзге де көріну нысандарында ұсынылатын жалғыз дара объект;
4) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар - стандарттау немесе оның нәтижесі бойынша әртүрлі қызмет түрлеріне қатысты нормаларды, қағиданы, сипаттамаларды, қағидаттарды белгілейтін құжат.
2. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібі
4. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары декларанттың не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамның, немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
5. Декларанттар не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кезінде қатысады және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына жәрдем көрсетеді, оның ішінде өз есебінен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу үшін қажетті жүк операцияларын жүзеге асырады.
6. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері тауарлар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдырылмайтын мән-жайлар кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары іріктеп алады. Мұндай жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу, екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы актіні жасай отырып жүзеге асырылады.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адамдар, немесе олардың өкілдері болмағанда Кодекстің 205-бабының 5-тармағымен көзделген жағдайларда мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары іріктеп алады. Мұндай жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
7. Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажеттілігі кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізіледі.
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымға қолдаухаты кедендік сарапшының (сарапшының) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қатысуы үшін негіз болып табылады.
8. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу алдында тауардың атауына және таңбалануына, жүктің қауіптілік белгісінің барына тексеру жүргізу қажет.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне іріктеу стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес қауіпсіздік техникасын сақтаумен жүзеге асырылады.
9. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері олардың зерттеу мүмкіндігін осы Қағидаларға 1-қосымшасында көрсетілген тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нормаларына сәйкес қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде іріктеледі.
10. Егер стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамада сапаны бағалаудағы келіспеушіліктер жағдайында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін сақтау көзделген болса, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы олардың саны стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған тең бөліктерге бөледі.
Тауар сынамасының бір бөлігін және бір үлгісін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға жолдайды, ал тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің басқа бөліктері мөр басылған түрде тауардың сынамасы мен үлгісін іріктеп алған мемлекеттік кірістер органдарында тауардың белгілі бір түрі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтау мерзімі аяқталғанға дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін сақтау шартын сақтай отырып сақталады.
11. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу кезінде «Кедендік құжаттар нысаны туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы шешімімен бекітілген нысан бойынша тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі жасалады.
12. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі үш данада жасалады:
бірінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады;
екінші данасы тауарлардың іріктелген сынамалары және үлгілерімен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберіледі;
үшінші данасы декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адамға немесе олар белгіленген болса, олардың өкілдеріне тапсыруға (жіберуге) жатады.
13. Декларант не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адам, немесе олардың өкілдері келмеген жағдайда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі декларантқа, не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамға, немесе олардың өкілдеріне тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкес екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
14. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің құрамы мен қасиеттері туралы, тасымалдау, пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтері бар тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерімен бірге жүруі қажет.
15. Кедендік сараптамаға жіберілетін тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарлардың қасиеттеріне сәйкес оралады және мөрленеді. Орамада түсіндірме жазулары болады (затбелгілерін).
Түсіндірме жазуларда мыналар көрсетіледі:
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алған күні;
іріктелген тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің реттік нөмірі және олардың саны;
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісінің нөмірі және күні;
тауарға ілеспе құжаттар бойынша тауардың атауы;
тауарға арналған декларацияның нөмірі;
тауарлардың сынамалары мен үлгілері іріктеліп алынған партиядағы тауар саны;
тауарлардың сынамалары мен үлгілері іріктеліп алынған көлік құралдарының нөмірі;
тауарлардың сынамалары мен үлгілері іріктеліп алған лауазымды тұлғаның аты-жөні және қолы.
Түсіндірме жазу лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөр бедерімен не мемлекеттік кірістер органының мөр бедерімен куәландырылады.
Кедендік сараптамаға жіберілетін тауарлардың сынамалары мен үлгілері, мемлекеттік кірістер органдарының сәйкестендіру құралдарын пайдаланумен орамның тұтастығын бұзбай алуға болатындай оралады.
16. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу аяқталғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы тауарлар орналасқан көлік құралдарына, контейнерлерге, орамалар мен ыдыстарға пломба салады.
17. Мемлекеттік кірістер органдары декларантқа не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға немесе олардың өкілдеріне тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға байланысты шығыстарды өтемейді.
Кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберілген материалдар (тауарлардың сынамалары, үлгілері және тауарларға ілеспе құжаттар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу журналында тіркеледі.
Журнал нөмірленеді, тігіледі және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітіледі.
18. Мемлекеттік кірістер органы тауардың сақталу мерзімін және оларды сақтау шартының сақталуын ескере отырып, іріктелген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей іріктелген сынамалар мен үлгілерді кедендік сараптамаға жөнелтуі тиіс. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін жөнелту сәтіне дейінгі сақталу шарты осы тауарды стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкес болуы қажет. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің сақталуы оларға бөгде адамдардың қолжеткізу мүмкіндігін болдырмау тиіс.
19. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін тауарлардың сынамалары мен үлгілері:
тауарлардың сынамалары мен үлгілері зерттеу процесінде жұмсалған не зерттеу және (немесе) сынақ нәтижесінде жойылған;
тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауар құрамының кедендік сараптаманы жүргізу барысында алынған тауардың құрамына сәйкессіздігі анықталған, оның нәтижесінде мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілері мерзімі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтауға қалдырылған;
тауарлардың сынамалары мен үлгілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоюға немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына қайтарылады.
20. Өндіріс процесінде шығындалған (жойылған) тауарлардың материалдары, сынамалары және үлгілері бойынша мәліметтер кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына ілеспе хатта көрсетіледі.
Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының тауарлардың
сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу
қағидаларына 1-қосымша
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктен алу нормалары
Үлгінің атауы
|
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің саны (көлемі)
|
Стандарттың белгіленуі
|
Стандарт атауы
|
Көкөніс және жемісті қайта өңдеу өнімдері
|
0,5 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТ 26313-84
|
Көкөніс және жемісті қайта өңдеу өнімдері. Қабылдау ережесі, сынаманы іріктеу әдістері.
|
Кәмпиттер, мармелад, зефир, желейлік өнімдер
|
0,4 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТ 5904-82
|
Кондитерлік өнімдер. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынама дайындау.
|
Қант
|
2 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТ 12569-99
|
Қант. Қабылдау ережесі, сынаманы іріктеу әдістері.
|
Сыра
|
4 бөтелке
|
ГОСТ 30060-93
|
Сыра. Өнім көлемін және органолептикалық көрсеткіштерін анықтау әдістері.
|
Алкогольді өнімдер
|
4 бөтелке
|
ГОСТ 5363-93
|
Арақ. Қабылдау ережесі және талдау әдістері.
|
Алкогольсіз сусындар
|
4 бөтелке
|
ГОСТ 6687.7- 88
|
Алкогольсіз сусындар және квастар.
|
Ұн және кебек
|
2 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТ 27668-88
|
Ұн және кебек. Қабылдау және сынаманы іріктеу әдісі.
|
Сүт, сүт өнімдері
|
0,5 л-ден 3 сынама
|
ГОСТ 26809-86
|
Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынаманы талдауға дайындау.
|
Қаймақ
|
0,1 л-ден 3 сынама
|
ГОСТ 26809-86
|
Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынаманы талдауға дайындау.
|
Сұйық, қышқыл өнімдер
|
0,1 л-ден 3 сынама
|
ГОСТ 26809-86
|
Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынаманы талдауға дайындау.
|
Алғашқы үлгідегі полиэтилентерефталат
|
0,5 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТР 51695- 2000
|
Полиэтилентерефталат
|
Алғашқы үлгідегі жоғары қысымды полиэтилен
|
1 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТ 16337-77
|
Жоғарғы қысымды полиэтилен
|
Алғашқы үлгідегі төмен қысымды полиэитен
|
1 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТ 16338-85
|
Төмен қысымды полиэтилен
|
Алғашқы үлгідегі полипропилен
|
0,5 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТ 26996-86
|
Полипропилен және сополимерлер. Техникалық шарттары.
|
Алғашқы үлгідегі поливинилхлорид
|
0,5 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТ 14039-78
|
Поливинилхлорид
|
Кептірілген жемістер
|
1 кг-нан 3 сынама
|
ГОСТ 1750-86
|
Кептірілген жемістер. Қабылдау ережесі. Сынақ әдістері
|
Маталар
|
0,5 м-ден 4 нүктелі сынама немесе матаның жалпы енінен 2м
|
ГОСТ 20566
|
Маталар немесе дана тоқыма бұйымдары. Қабылдау ережесі және сынаманы іріктеу әдістері.
|
Жіптер
|
1 өнімнен 3 сынама, кесілген жіптер ұзындығы:
200 м - жіп үшін сызықтық тығыздығы 12,5 текс кем емес;
100 м - жіп үшін сызықтық тығыздығы 12,5-тен 100 текс кем емес;
50 м - иірілген жіп үшін сызықтық тығыздығы 100 текс көбірек;
10 м - кешенді жіп үшін сызықтық тығыздығы 100 текс артық.
|
ГОСТ 66 11.1
|
Тоқыма жіптері. Сызықтық тығыздығын анықтау әдістері.
|
Тоқыма және тоқымалы емес материалдар.
|
0,5 м-ден 4 нүктелі сынама немесе орама кенебінің енінен 2м.
|
ГОСТ 13587
ГОСТ 8844
|
Тоқымалы емес кенегітер және дана тоқымалы емес бұйымдар. Қабылдау ережесі және сынаманы іріктеу әдістері.
Тоқыма кенептері. Қабылдау ережесі және сынаманы іріктеу әдістері
|
Тоқыма материалдарынан ер, әйел және балалар киімдері
|
Әр атаудан 2 бұйым, артикула
|
ГОСТ 20566
|
Маталар және дана тоқыма бұйымдары. Қабылдау ережесі және сынаманы іріктеу әдістері.
|
Аяқ киім
|
Әр атаудан 2 жұп, артикула
|
ГОСТ 9289
|
Аяқ киім. Қабылдау ережесі.
|
Бас киімдер
|
Әр атаудан 2 бұйым, артикула
|
ГОСТ 10325
|
Аң терісінен бас киімдер. Жалпы техникалық шарттары.
|
Бағалы аң терісінен бас киімдер.
|
Әр атаудан 2 бұйым, артикула
|
ГОСТ 10231 ГОСТ 10322 ГОСТ 11287
|
Елтіріден жасалған. Техникалық шарттары.
Қара күзең терісінен жасалған. Техникалық шарттары. Аң терісінен кеудеше. Жалы техникалық шарттары.
|
Полимерлі материалдар және резеңке
|
- полиэлитенді пленка ауданы 1-4м2, ұзындығы 0,4 м-ден 3 сынама полиэтиленді қағазға, қапқа оралынады.
- полистирольді пленка ұзындығы 1-3 м-ден 3 сынама, полиэтиленді қағазға, қапқа оралынады.
- поливинилхлоридті пленка ұзындығы 2 м-ден 3 сынама, орауыш қағазға оралынады.
- полиэтилентерефталатты пленка ұзындығы 3м-ден 3 сынама, орауыш қағазға оралынады.
- поливинилхлорида парақтары 6 нүктелік 500x500 мм кем емес өлшемді сынамадан тұрады. Ағаш жәшікке немесе қораптарға салынады.
- поливинилхлоридті пластикатты лента ұзындығы 5м-ден 3 сынамадан, орауыш қағазға оралынады.
- винипластикалы пленка ұзындығы 1 м-ден 3 сынама, орауыш қағазға оралынады.
- салмағы 3 кг-нан 3 сынама полистирол. Қаптарға салынады.
- 0,8 кг-нан 3 сынама полипропилен, - 2 кг-нан 3 сынама сополимер. Қаптарға салады.
- жоғарғы қысымды полиэтилен 700гр-нан 3 сынама, төмен қысымды полиэтилен 1000 гр 3 сынамадан. Қаптарға салады. Каучук - 1500г-нан 3 сынама. Полиэтиленді пакеттерге салынады.
|
ГОСТ 10354 ГОСТ 12998 ГОСТ 16398 ГОСТ 1795-96
ГОСТ 27109-86 ГОСТ 16338 ГОСТ 16337 ГОСТ 17617
ГОСТ 16398 ГОСТ 20282 ГОСТ 24234
|
Полиэтиленді пленка. Техникалық шарттары. Полистирольді пленка. Техникалық шарттары Винипластты пленка. Техникалық шарттары. Синтетикалық және табиғи каучук. Сынаманы іріктеу және одан әрі дайындау рәсімдері.
Синтетикалық каучуктар. Іріктеу әдістері және сынамаларды дайындау. Төменгі қысымды полиэтилен. Техникалық талаптар.
Жоғарғы қысымды полиэтилен. Техникалық талаптар.
Поливинилхлоридті пластикатты лента. Техникалық шарттары.
Винипластикалы каландрировапленкасы. Техникалық шарттары. Полистиролдың жалпы тағайындалуы. Полиэтилентерефталатты пленка. Техникалық шарттары.
|
Балалар ойыншығы
|
Әр атаудан 2 бұйым, артикула
|
ГОСТ 25779
|
Ойыншықтар. Жалпы қауіпсіздік талаптары және бақылау әдістері.
|
Қағаз және картон
|
Картон және қағаз - өлшемі 300x450 мм кем емес 5 парақтан 3 сынама. Орауыш қағазға оралынады.
Түсқағаз - 0,6м-ден 3 сынама, үлгі ораманың шетінен 0,5 м арақашықтықтан алынады.
|
ГОСТ 8047
ГОСТ 6810
|
Картон және қағаз. Орташа сапасын анықтау үшін сынаманы іріктеу.
Түсқағаз. Техникалық шарттары.
|
Ағаштан жасалған бұйымдар
|
Ағаш талшықты тақта- өлшемі 100х100 мм кем емес 3 сынама, пакеттерге оралынады. Бөлшек және бұйым - 3 дана. Артикула, әр атаудан өлшемі 300х300мм кем емес.
|
ГОСТ 19592
|
Ағаш талшықты тақталар. Сынақ әдістері.
|
Лак бояу өнеркәсібінің өнімдері
|
Орташа сұйық сынама салмағы, қоймалжың және қатты материалдар 0,5 кг-нан 3 сынама. Орау бойынша ГОСТ-ы 9980.3-86.
|
ГОСТ 9980.2
|
Лак бояу материалдары. Сынақ үшін сынамаларды іріктеу.
|
Керамикалық бұйымдар
|
5 данадан 3 сынама, артикула әр атаудан. Картон қораптарға немесе полиэтиленді пленкаға оралады.
|
ГОСТ 4.210
ГОСТ 28390
|
Керамикалық әрлеу және қаптау материалдары. Көрсеткіш атаулары. Фарфор бұйымдары. Техникалық шарттары.
|
Кірпіш және отқа төзімді бұйымдар
|
Әр атаудан 3 дана. Артикула
|
ГОСТ 8179
|
Отқа төзімді бұйымдар. Үлгілерді іріктеу және қабылдау сынақтары.
|
Металдар. Қорытпалар және одан жасалған бұйымдар (соның ішінде зергерлік бұйымдар)
|
Илем - ені 600-1000 мм 3 сынама, бұйымның соңынан ең аз арақашықтығы:
Орамдағы илем -150 мм- ден 3 сынама;
домаланған илем орамы-1 орам, сытрқы орам шетінен 2 орам кем емес;
- Босатылған және бекітілген орамдағы илем шеттері-орам диаметрі 0,5 м-ден 3 сынама, 160 мм кем емес.
- Металлдан жасалынған бұйым- артикула, 3 әр атаудан 3 сынама.
|
ГОСТ 16523
ГОСТ 7565
ГОСТ 5781
|
Сапалы және қарапайым сапалы көміртекті болаттан жасалған жұқа қабатты илем. Техникалық шарттары.
Шойын, болат және қорытпалар. Химикалық құрамын анықтау үшін сынаманы іріктеу әдістері.Темір-бетон құрылымдар армирлау үшін ыстықтай жұқартылған болат. Техникалық шарттары.
|
Тұтқыр материалдар.
|
- гипстік - салмағы 1 кг-нан 3 сынама, тігілген немесе желімделген қағазды қаптарға оралынады.
- цемент - салмағы 1 кг-нан 3 сынама, қағаз қаптарға оралынады.
|
ГОСТ 23789
|
Тұтқыр гипстік. Сынақ әдістері.
|
Шыны
|
Табиғи шыны - өлшемі 300х300мм 3 сынама, екі жағынан орауыш қағазбен қапталады.
Шыны өнімдері - артикула, әр атаудан 3м сынама
|
ГОСТ 17622
|
Табиғи техникалық шыны. Техникалық шарттары.
|
Мақта
|
Медициналық гидорскопиялық мақта - 1 кг - нан 3 сынама.
|
ГОСТ 5556
|
Медициналық гидорскопиялық мақта. Техникалық шарттары.
|
Мұнай және мұнай өнімдері
|
Біріккен сынама көлемі 4 литрдан кем емес, 1,0 литрден 4 сынама.
|
ГОСТ 2517-2012
|
Мұнай және мұнай өнімдері.
Сынаманы іріктеу әдістері.
|
Дана шағын габаритті бұйымдар
|
3 дана
|
|
|
Ескертпе: Сарапшылық зерттеу процесінде бұзылмайтын тауарлар (мысалға: теледидар, комтьютер, тоңазытқыш) бір данада іріктеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының тауарлардың
сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу
қағидаларына 2-қосымша
нысан
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу
журналы
Реттік нөмір
|
Сынамалар мен үлгілерді іріктеу күні
|
Сынамалар мен үлгілердің тіркелген нөмірі
|
Тауар атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалғасы
Іріктелген сынамалар мен үлгілердің саны
|
Сынамалар мен үлгілерді іріктеу актісінің ресімделген күні және нөмірі
|
Орамды сақтаудың сәйкестендіру құралы
|
Сынамалар мен үлгілерді қайтару/шығындау туралы белгі
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |